Өзбек филологиясы факультеті түркi филологиясы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата14.02.2017
өлшемі0,83 Mb.
#4135
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ ЖƏНЕ ОРТА БІЛІМ 
МИНИСТРЛІГІ 
БЕРДАҚ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҚАЛПАҚ МЕМЛЕКЕТТІК 
УНИВЕРСИТЕТІ 
ӨЗБЕК ФИЛОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ 
 
ТҮРКI ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ 
 
 
 
 
Ұ
Ұ
Л
Л
Т
Т
Т
Т
Ы
Ы
Қ
Қ
 
 
О
О
Я
Я
Н
Н
У
У
 
 
Д
Д
Ə
Ə
У
У
І
І
Р
Р
І
І
 
 
Ə
Ə
Д
Д
Е
Е
Б
Б
И
И
Е
Е
Т
Т
І
І
 
 
(ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІ) 
 
 
 
 
 
Дайындаған- ф.ғ.к. Аралбаев Қ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
НӨКІС -2008 

Қ.Аралбаев Əдебиеттануға кіріспе.  
 
Пікір білдіргендер: ф.и.к. И.Дилманов (НМПИ) 
   
 
 
Ф.и.к. Ж.Низаматдинов (ҚМУ) 
 
 
 
 
 
 
 
Бұл  лекция  курсы  филология  факультеті  қазақ  бөлімі 
студенттері  үшін  əдебиеттану  негіздері  бойынша  үлгі 
бағдарламаны  басшылыққа  алып  жазылған.  Лекциялық  курста 
қазақ  тілінде  соңғы  жылдарда  жарық  көрген  əдебиеттердің  де 
материалдары қысқаша қамтылған. Еңбек студенттерге, мектеп 
оқушыларына жəне өзге де ХХ ғасыр басындағы əдебиет пəніне  
қызығушыларға бірқыдыру мəлімет береді. 

 
3
XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОҚУ-АҒАРТУ ЖҮЙЕСІ. 
ЖƏДИД ƏДІСІ 
 
Жоспары: 
1.  XX ғасыр басындағы оқу жүйесінің сипаты. 
2.  Мұсылманша оқытатын мектептер, олардың методикасы. 
3.  Жəдид оқу жүйесі, оның сипаты. 
4.  Орысша мектептер, олардың жұмыс сипаты мен түрлері. 
5.  XX  ғасыр  басындағы  оқу-білім  жүйесінің  əдебиет  пен 
мəдениетті өркендетудегі орны.  
Əдебиеттер: 
1.  Қазақ əдебиетінің тарихы, II том, 2 кітап, Алматы, 1991ж. 
2.  Б.Кенжебаев. XX ғасырдағы қазақ əдебиеті. Алматы, 1993ж 
3.  Ə.Дербісалин. XX ғасыр  басындағы  қазақтың  демократияшыл 
əдебиеті.Алматы,1995. 
4.  Қ. Бержанов. Қазақ мектептерінің тарихынан. 1993ж. 
5.  Ə.  Сембаев. XIX-XX ғасырлардағы  Қазақстандағы  оқу-ағарту 
жүйесі. Алматы, 1990ж. 
6.  Х1Х  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасыр  басында  елімізде  орын 
тепкен  саяси  құбылыстармен  қатар  еліміздің  күнделікті  тіршілігі  мен 
мəдени өмірінде де көптеген түбегейлі өзгерістер бой көрсете бастады. 
Расында да, Қазақстанда көптеген қалалар салынды, басқа да мəдениет 
ошақтары  ашылып,  қызмет  істей  бастады.  Егер  бұрынғы  қазақ 
арасында  мектеп  дегеніміз  мүлде  аз  болса,  кейбір  шамасы  жеткен 
байлар  ғана  молда  жалдап  балаларын  оқытып  келсе,  ендігіден  былай 
ескіше  оқу,  оқыту,  жастарға  тиісті  дəрежеде  білім  беру  қиын  бола 
бастады..  Қалалар  мен  ірі  елді  мекендерде  орыс-қазақ  школдары 
ашылды, 
қазақ 
ауылдарында 
жаңа 
типтегі 
мектептер 
ұйымдастырылды.  Егер  бұрын  оқыған  жастар  көбінесе  патша 
үкіметінің əкімшілік аппаратының қызметінде болыс, ауылнай, тілмаш  
дəрежесінен  аса  алмай  келсе,  енді  жаңа  типтегі  мектептерде  жалпыға 
бірдей  білім  беру  мақсаты  алға  қойылды..  Оқу  жүйелерінің  негізі 
өзгеріп,  басқаша  түрге  көше  бастады.  Оларда  адам  баласының 
тіршілігіне қажетті ғылымдарды үйрететін пəндер өтілетін болды. 
ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  оқу-ағарту  жұмысы  жандана  түсіп, 
мектептер  саны  анағұрлым  көбейді.  Егер  Х1Х  ғасырдың  аяқ  шенінде 
ондаған  орыс-қазақ  школы,  солар  шамасында  ауылдық  мектептер 
болса,  жаңа  ғасырдың  басында  орыс-қазақ  школы  екі  жүзге  тарта,  ал 
ауылдық  мектептер  саны  үш  жүзден  асты.  Əрине,  бұлар  да  мəдениет 
аңсаған елдің мұқтажын өтеуге əлі жеткіліксіз еді. 
Бұл жерде оқу орындарының саны мен сапасы өскендігін айтумен 
қатар, сол мектептердің қаншама қиыншылықтарды, мұқтаждықтарды 
жеңе  отырып,  халықты  ағарту  жолындағы    күреске  белсене 
ұмтылғанын  да  есте  ұстауымыз  қажет.  Өйткені  осы  оқу  орындарын 

 
4
бітірген жастар енді шен мен шекпенге қызығудан гөрі халқына еңбек 
етуді  бірден  бір  борышым  деп  білді.  Олардың  бірқатары  алыстағы 
ауылдарға  барып,  жаңа  əдіспен  балаларды  оқытса,  екінші  бір  тобы 
алдыңғы  қатарлы  мəдениетті  насихаттады,  орыс  классиктерінің 
шығармаларын  қазақ  тіліне  аударды,  қазақтың  ұлт  əдебиетін 
өркендетуге  ат  салысып,  əңгіме,  роман,  пьесалар  жазды,  ана  тілінде 
газет, журналдар шығару істерімен шұғылданды. Мұндай игілікті іске 
кедергілер  де  көп  болды.  Осыған  сəйкес  əдебиеттің  дамуында  да 
идеялық  күрестер,  бір-біріне  қарама  қарсы  көзқарастар,  бітіспес 
қарсылықтар болып отырды. 
XX  ғасырдың  басында  қазақ  арасындағы  оқу-ағарту  жүйесі  екі 
түрлі болды: бірі-мұсылманша, екіншісі-орысша. 
Қазақ  арасындағы  діни-мұсылманша  оқу  Қазақстан  Россияға 
қосылмай тұрып та бар еді. Ол кезде қазақтар бір ауыл болып, немесе 
бірнеше ауыл болып бірігіп, ортадан молда жалдайтын да, балаларды 
сонда  оқытатын.  Мұндай  жағдай  Россияға  Қазақстан  бағынғаннан 
кейін де көпке дейін осылай жалғасып келді. 
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басынан бастап, жаңа, төте 
оқу  (ұсылы  жəдид)  шығуына  байланысты  қазақ  арасындағы  ескіше 
оқу-Бұқара,  Қазан  жағындағы  мұсылманша  оқудың  үлгісі,  тəртібі 
бойынша жүргізіліп келді. Бірақ қазақ арасындағы мектеп-медреселер 
материалдық  қоры  жағынан  да,  оқу-тəрбиелік  маңызы  жағынан  да 
төмен  дəрежеде,  нашар  халде  болды.  Мектептер  ауыл,  қыстақтарда 
орналасты. Бірақ  оларға үйлер салынбайтын, балалар  кез-келген  үйде 
оқитын. Оқу тек жазда екі-үш ай бойы ғана өткізілетін. 
Медреселер көбінесе қалаларда, үлкен елді мекендерде-мешіті бар 
жерлерде ғана болған. Бірақ, медресе ешқайдан қаржы алмайтын, тек 
халықтың  құдайы  етіп  берген  зəкет  қаржысымен  күн  көретін. 
Медреседе  сабақты  өкімет  тарапынан  қойылған  молдалар-  яғни 
указной молдалар оқытатын. 
Мектепке  де,  медресеге  де  ер  балалар-байлардың,  би-
болыстардың.  əлді-ауқатты  адамдардың  балалары  ғана  қабылданып, 
кедей,  жарлы  балалары  мен  қыз  балалар  алынбаған.  Осының 
салдарынан  халықтың  басым  көпшілігі-еңбекші  бұқара  хат 
танымайтын сауатсыз болып қала беретін. 
Балаларды  оқытатындардың  көпшілігі  Бұқара,  Самарқанд, 
Ташкент,  Уфа,  Орынбор,  Троицк  сияқты  қалалардағы  медреселерде 
оқып  келген  татар,башқұрт,  ал  біразы  жергілікті  жерлердегі  мектеп-
медреселерде  окып  шыққан  қазақ  молдалары  еді.  Мектеп, 
медреселерде ешқандай дүниелік ғылым-білім, ана тілі, қазақ əдебиеті 
сияқты пəндер оқытылмай, тек дін сабақтары: араб тілі, ислам дінінің 
фарыз-қағидаларын  өткен.  Бұлардың  бəрінде  əуелі  иман-шарт  кітабы 
оқытылып, онда балалар араб тіліндегі 29 харіптің сүресін,  ережесін
араб  тіліндегі  барлық  харіптен  құралған,  мағынасы  жоқ  белгілі  ғана 
сөздерді,  түрлі  аят-мүнажат,  дұғаларды  жаттайтын.  Иман-шартты 

 
5
шала-шарпы  жаттаған  соң,  арабша  аят,  дұға,  насихат  өлең  түрлерін, 
əптиекті жаттап, құранның өзіне көшетін-ді. 
Ол кезде он-он бес жыл бойы оқыса да, балаларды біліміне қарап, 
класқа  бөлу  болған  емес.  Шəкірттердің  алған  білімі  олардың  оқып 
жүрген кітабымен шамаланатын: бастауыш оқу иман-шарт, əптиектен 
басталса,  одан  əрі  түркі  оқылып,  кейін  қырық  хадис,  арабша  оқу 
басталған. 
Олар:  Турутыссалат,  Фиккаккайдини,  Тағлимусалат,  Наху-сарф, 
Мұхтасар,  Кафия,  Мантық  ең  ақырында  Шарх  Ғабдулла  сияқты 
кітаптар болатын. 
Осыған  орай,  ол  кезде  шəкірттер  «оқуы  қандай?»  дегенде 
«Мұхтасар  оқыдым,  қафия  оқыдым»,  деген  сиякты  жауаптар  беретін, 
жұрт  оның  білім  дəрежесін  соған  қарап  аңғаратын  болған. XIX 
ғасырдың  соңы  мен XX ғасырдың  басынан  былай  қазақ  арасындағы 
мектеп,  медреселердің  көпшілігі  жаңа,  төте,  оқу  «ұсылы  жəдид» 
тəртібіне  көшті:  мектеп,  медреселерде  діни  сабақтарымен  қатар  ана 
тілі,  есеп,  география,  тарих  оқылатын  болды.  Кейбір  медреселерде 
орыс тілі де жүрді. 
.Балалар аз уақыт ішінде хат танып, бастауыш көлемде білім алып 
шығатын-ды. Бұл мектеп, медреселер қазақ арасынан сауатты, оқыған 
адамдардың,  қазақтың  жаңаша  оқыған  интеллигенттерінің  шығуына, 
халықтың оянуына белгілі дəрежеде себепкер болды. 
Осыдан  бұл  кезде  қазақ  арасында  ұсыли-жəдид  ағымы  пайда 
болды  да,  діни  ескі  оқуға  қарсы , қазақ  арасындағы  орта  ғасырлық 
мешеулікке  қарсы  күресуде  прогресшіл  бағыт  ұстанды.  Кейін 
жəдидшілдердің  көпшілігі  ұлт  қамы  үшін,  орыс  шовинизміне  қарсы 
батыр  күрестерге  шықты.  Оларды  патша  Үкіметі  пантюркистер. 
Панисламистер деп атап, барынша қудалау жолына түсті. Кейін Кеңес 
үкіметі  жəдидшілдерді  біржолата  тарих  сахнасынан  аластауға  жан-
тəнімен  ерісіп,  олардың  көпшілігі  коммунистік  партия  тарапынан 
репрессияға ұшырады. 
Қазақстан Россияға бағынғаннан кейін қазақ арасына орысша оқу 
кеңірек  жайылды.  Патша  үкіметі  ең  алдымен  хан-сұлтандардың,  ру 
басы, феодалдардың балаларынан өзіне сенімді қызметкерлер даярлап 
шығару  жұмысын  қолға  алды.  Осы  мақсатпен 1789-жылы  Омбы 
қаласында  «Азия  мектебі»  ашылды.  Кейін  қазақ  балалары  Омбының 
Кадет  корпусында (1847), училищесінде (1857),  оқыды. 1850 жылы 
Орынбор қаласында арнаулы жеті жылдық қазақ школасы да ашылды. 
Патша  үкіметі XIX  ғасырдың  соңынан  бастап,  Қазақстанның  əр 
жерінде  жүйелі  оқу  орындарын  ашуды  қолға  алды. 1860 жылдан 
бастап  орыс-қазақ  школдары  Торғайда,  Қостанайда,  Оралда,  Ордада, 
Қызылжарда, Ақмолада, Семейде, Алматыда, Түркістанда, Ақмешітте, 
Қазалыда т.б. жерлерде ашылып жатты. 
Орыс-қазақ  школдары  алты  жылдық  еді.  Оларда  орыс  тілі,  есеп, 
табиғаттану, сүрет  салу пəндері оқытылатын, географиядан, тарихтан 

 
6
шамалы ұғым, мəлімет берілетін.  Оны бітіргендердің көбі сотқа, уезге 
тілмаш немесе болысқа хатшы болып кететін, кейбіреулері басқа оқуға 
орналасатын.  
Қалалардағы  орыс-қазақ  школдарынан  басқа  қазақ  арасының 
өзінде  де  болыстық,  ауылдық  школдар  болды.  Олар  да  екі  жылдық 
бастауыш    школа  саналатын.  Онда  көбінесе,  алғашқы  сауат  ашу 
сабақтары ғана жүргізілетін-еді.  
ХІХ  ғасырдың  ақырында  орыс-қазақ  школдарының  көбейгені 
сонша,  оларға  оқытушылар  жетіспеді.  Сондықтан  да  оларға 
оқытушылар  дайындау  үшін  арнаулы  оқу  орындарын  ашу  керек 
болды. 1883 жылы Омскіде қазақтың учительдік мектебі ашылды.  
Мұнан  кейінгі  жылдарда  қазақ  арасындағы  ауылдық  школдарға 
учительдер  даярлау  жұмысы  Оралда,  Ақтөбеде,  Ақмола,  Алматыда 
жүргізілді. 1902 жылы Семейде учительдер семинариясы ашылды. 
Патша  өкіметі  түрлі  мектептер  ашуда  жергілікті  халықтан 
қызметкерлер əзірлеп, өлкені отарлау мақсаттарын  көздегенімен, бұл 
шаралардың  іс  жүзінде  кейбір  прогрестік  жақтары  да  болды.  Қазақ 
халқының орыс халқымен жуықтасуына, достығының нығаюына, орыс 
халқының  азат,  прогресшіл  мəдениетінің  қазақ  арасына  кең 
жайылуына, қазақ халқы мəдениетінің өркендеуіне септесті. Қазақтың 
тұңғыш  демократ-ағартушылары  Шоқан,  Абай,  Ыбырайларды 
шығарды, қазақтың орысша оқыған интеллигенттері көріне бастады. 
Сонымен,  қазақ  жастары  екі  түрлі  мектептен  əзірленіп  шықты. 
Анығырақ  айтқанда,  мұсылманша  мектеп-медреселерде  жəне  орыс 
школдарында, екі түрлі үлгі көрді, екі түрлі мəдениеттің, дəмін татты. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.  Оқу жүйесі қандай түрде жүргізілді? 
2.  Жəдид  оқуы  туралы  не  білесің,  оның  қадимше  (ескі)  оқудан 
ерекшелігі неде? 
3.  Орысша-қазақша  оқытатын  мектептердің  оқу  тəртібі  қандай 
болды? 
4.  Мұсылманша,  орысша  оқудың  бір-біріне  қайшы  келетін 
жақтары бар ма? 
5.   XX  ғасыр  басындағы  оқу-ағарту  жүйесінің  əдебиетті, 
мəдениетті дамытудағы орны қандай? 
 
 
 
 
 

 
7
XX  ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ ЖƏНЕ 
КІТАП БАСТЫРУ ƏДІСІ 
 
 
Жоспары: 
1.  Қазақ тіліндегі газеттер, олардың сипаты. 
2.  «Айқап» журналы, оның ролі. 
3.  «Қазақ» газеті оның мазмұны, мақсаты. 
4.  Қазақ  тіліндегі  кітаптар,  олардың    мазмұны,  жариялану 
жағдайлары.  
5.  XX ғ қазақ баспасөзінің əдебиетті дамытудағы орны. 
 
Əдебиеттер: 
1.  Қ. Бекхожин .Қазақ баспасөзінің тарихы. 1991ж. 
2.  Ə.Жиреншин .Қазақ кітаптары тарихынан. 1990ж. 
3.  Б.Кенжебаев XX ғасыр басындағы қазақ əдебиеті. 
 
Бұрын  Қазақстан  Россияға  бағынбай  тұрған  кезінде,  қазақ 
арасында  кітап  өте  аз  тарады.  Тек  араб,  парсы,  шағатай  тілдерінде 
ертеде шыққан бірді-екілі кітаптар ғана болды. 
Қазақ  тілінде  кітап  бастырып  шығару  жұмысы XIX  ғасырдың 
басынан  басталды,  онда  да  қазақ  кітаптары  Қазақстанның  өз  жерінде 
басылмай,  Петербург,  Қазан,  Уфа,  Орынбор,  Омбы,  Ташкент  сияқты 
қалаларда  басылды.  Əсіресе  Қазан  университетінің  баспаханасында, 
Каримовтар мен Хұсайыновтар баспаларында шықты. 
Қазақ  тілінде  кітап  бастыру  жұмысы XIX ғасырдың  басынан 
басталса  да,  Х1Х  ғасырдың  екінші  жартысына  дейін  бұл  жұмыс  аса 
мардымды  болмады,  санаулы  ғана  кітаптар  басылып  шықты.  Қазақ 
тілінде кітап шығару жұмысы XIX ғасырдың соңынан бастап күшейді. 
Оған  алдымен  өлкенің  осы  кездегі    шаруашылық,  мəдениет  жағынан 
ілгері дамуы əсер етсе, сонымен қатар қазақ даласын зерттеу жұмысы 
да көп септесті,  орыс зиялы қауымының өздері де орыс əрпімен қазақ 
тілінде 
кітаптар 
шығарды.В.В.Радлов, 
Г.Н.Потанин, 
П.М.Мелиоранский  секілді  орыс  ғалымдары  қазақтың  этнографиясы, 
тарихын,  тілін,  əдебиетін  зерттей  бастады;  қазақтың  өз  арасынан 
орысша  оқығандар  шықты.  Бұлардың  ішінде  Ш.Уəлиханов,  Ыбырай 
Алтынсарин,  Əбубəкір  Диваев,  Мұхамедсалық  Бабажанов  т.б. 
еңбектерін ерекше атап көрсетуге болады. 
 XIX   ғасырдың ортасынан бастап, дін басылары қазақ арасында 
діни  үгітті  күшейте  түсті.  Осы  мақсатпен  түрлі  муфтияттар  қазақ 
даласына  Бұхара,  Самарқанд,  Қазан,  Уфада  оқыған  татар  башқұрт 
молдаларын көптеп жіберді. 
Дін  басыларының  бұл  іс-əрекеттерін  патша  Үкіметі  де  қолдады, 
патша Үкіметі молдаларды указбен тағайындады, ол «указной молда» 
деп аталды. 

 
8
Қазақ  арасына  келген  осы  молдалар  да,  оларға  еліктеуші  қазақ 
молдаларының  кейбіреулері  де  араб,  парсы,  шағатай  ертегілерін, 
көбінше арабтың əулие, əнбиелері, пайғамбарлар,олардың сахабалары 
туралы  қиссалар  мен  аңыздарды  оқып,  олардың  бірқатарларын  қазақ 
тіліне  аударып,  қазақша  қисса,  дастан  етіп  бастырады,  сол  сияқты 
қазақтың  өз  өмірінен  де,  аңыздарынан  да  қисса-дастандар,  өлеңдер 
шығарып  отырды.  Бұл  жөнінде  Ақмолланың,  Кəшафатдин 
Шахмардановтың,  Ғали  Махмудовтың,  Мəулікей  Жұмашевтың  т.б 
молдалардың бастырған, шығарған кітаптарын атауға болады.   
XIX  ғасырда  қазақ  тілінде  саясат,  шаруашылық,  мəдениет, 
дүниелік ғылым, өнер туралы алғашқы түсінік, алғашқы білім беретін 
кітаптар өте аз болып, көбінше діни сарындағы əдебиеттер басылды. 
XIX  ғасыр  мен XX ғасыр  басында  шыққан  сол  қазақша 
кітаптардың  тіліне  келсек,  олардың  көпшілігі  араб,  парсы,  шағатай, 
татар,  башқұрт,  өзбек  сөздерімен  шұбарланған,  жалпы  «түркі»  деп 
аталған  тіл  көп  араласады.  Оларды  қалың  бұқара  түгіл  қазақтың 
мұсылманша оқыған, хат білген адамдары да жөнді түсінбейтін. 
Араб,  парсы,  шағатай  тілдерінен  аударылған,  көшірілген  кітап, 
қиссалардың  тілі  шұбар,  қазаққа  түсініксіз  болуы  былай  тұрсын, 
қазақтың  өз  ақын,  жырау-жыршыларының,  сауатты  адамдарының
молдаларының, қазақ тілінде жазған өлең кітаптарының тілі де шұбар, 
түсініксіз еді. 
Қазақ  тілінде  басылып  шыққан  кітаптардың  тілі  тек  авторлары 
татар, башқұрт, қожа-молда болғандықтан ғана емес, бастырушылары 
татар,  башқұрт  болғандықтан  да  шұбар  болды.  Татар  кітап 
бастырушылары,  татар  корректорлары  қазақша  жазылған  кітапты  да 
татарша, түрікше етіп шығарады. 
Бұл  кездегі  кітап  жазушылардың  көбі  жеке  кітап  бастырушылар 
татар-қазақ,  башқұрт,  өзбек  т.б.  халықтардың  сөздері  араласа  берсе, 
діни  сөздер  көп  қолданылса,  кітап,  газет  түрк  тектес  ортақ  тіл 
жасалады  деп  ойлайды.  Бұл  сол  кездегі  пантюркистер  мен 
панисламистердің  жəне  солардың  тілі  болған  «таржиман»  газетінің 
ұстаған жолы еді. 
XIX  ғасырда 70-80 жыл  бойы  не  бары 70 шамалы  ғана  қазақ 
тілінде  кітап  басылған  болса, 1900 жыл  мен 1917 жыл  арасында 200 
кітап басылып шықты. Солардың ішінде 70 шамалы кітап-қазақ ақын-
жазушыларының  жинақтары  еді,  олар  дастан,  поэма,  əңгіме,  роман 
түрінде  жазылды.  Бұлардың  ішінде  тақырыбы,  мазмұны,  көлемі 
жағынан айтуға тұрақтықтары мыналар деуге болады: 
«Насихат 
қазақия», 
өлеңдер 
жинағы 
авторы 
Орынтай 
Құрымбайұлы, Қазан, Каримовтар баспаханасы.1900ж. 
«Топ жарған», поэма авторы М.Сералин, Тройцк, Ф. Селякин мен 
Х. Сосновский баспаханасы 1900ж. 
«Əдебиет  қазақия»  өлеңдер  жинағы,  бірінші  кітабы  авторы 
Кердері. Қазан, Каримовтар баспаханасы, 1903ж. 

 
9
«Гулкəшима»  поэма  авторы  М.Сералин,  Орынбор,  Каримовтар 
баспаханасы, 1902ж. 
«Манзимут  казакия»,  өлеңдер  жинағы,  авторы  Н.  Наушабаев, 
Қазан, Каримовтар баспаханасы. 1903ж. 
«Ақмолда  апендінің  манзуматы»  өлеңдер  жинағы.  Қазан. 
Харитонов баспаханасы, 1904ж. 
«Хал-акуал»  өлеңдер  жинағы.  Авторы  Машһүр  Жүсіп  Көпеев. 
Қазан, Университет баспаханасы, 1907ж. 
«Сарыарқаның 
кімдікі 
екендігі» 
өлеңдер, 
əңгімелер  
жинағы.авторы М.Ж.Көпеев, Қазан, Шарін баспаханасы, 1907ж. 
«Тірілікте  көп  жасағандықтан  көрген  бір  тамашамыз».  Өлеңдер 
жинағы, авторы М.Ж.Көпеев, Қазан, Шарін баспаханасы, 1907ж. 
«Əдебиет  қазақия  һəм  үгіт-насихат»,  өлеңдер  жинағы,  авторы 
Абубəкір Орсығалиев. Қазан, Каримовтар баспаханасы, 1908ж. 
 «Бар  оқиға».  Өлеңдер  жинагы,  авторы  М.Қалтаев.  Қазан, 
Добровский баспаханасы, 1917ж. 
«Тура  жол»,  өлеңдер  жинағы,  авторы  М.Қалтаев.  Қазан, 
Добровский баспаханасы, 1917ж. 
«Надандық құрбаны», үш перделі драма, авторы Қ. Тоғысов.Уфа, 
«Турмыш» баспаханасы, 1915ж. 
Бұл келтірілген ақын, жазушылар мен олардың XX ғасыр басында 
қазақтың  ақын-жазушыларында  тақырыптық  ұқсастық  болды. 
Олардың  сөз  еткен  мəселелері  жан-жақты  емес  еді:  бірінің  идеясын 
бірі қайталап отырды ұқсас тақырыптарды ғана сөз етеді. 
Қазақтың XX ғасыр  басындағы  ақын,  жазушыларының  көпшілігі 
өздерінің шығармаларында ерікті, бақытты тұрмысты аңсап сөз етеді. 
Бірақ  кейбір  ақын,  жазушылар  ерікті,  бақытты  тұрмыс  қазақтың 
бұрынғы  заманында  хандық  заманында  еді  деп  түсінеді.  Келе  жатқан 
жаңалыққа  шошына  қарады,  өткенді  ойлап  күңіренуі,  сөйтіп  олар 
прогресс жолын ұға алмай, үлкен қиыншылықтарға ұрынды. Прогресс 
жолындағы  жаңашыл  ақын,  жазушылар,  нағыз  ерікті  бақытты 
тұрмысты  алдағы  күннен  күтті:  мəдениеттілікке  жету,  тең  праволы 
болу, еңбек ету арқылы халықтың оған қолы жететінін дұрыс ұқты да, 
халықты жаңалық жолына шақырды. 
Қазақ халкының тарихындағы алғашқы қазақша газеталардың бірі 
«Түркістан уалаятының газеті» деп аталады. Газеттің редакторы Ш.М. 
Ибрагимов дейтін кісі болоды. 
«Дала  уалаятының  газеті» 1888 жылдан  бастап  Омбы  қаласында 
шықты. «Дала  уалаятының  газеті»  патша  өкіметінің  ресми  істерін, 
отаршылдық  саясатын  үгіттеді.Газет 1902 жылы  жабылады.»Дала 
уалаяты»  газетінде  қазақтың  сол  кездегі  ақындары,  хат  білетін 
адамдары,  оқытушылар,  молдалар,  қазақтың  тарихын,  тұрмысын, 
əдебиетін  зерттеп  жүрген  орыс  ғалымдары  да  қатынасып,  əр  түрлі 
хабарлар,  мақалалар,  өлеңдер,  ауыз  əдебиеті  материалдарын  жіберіп 
тұрған.  Атап  айтқанда:  қазақтан  Мəшһүр  Жүсіп  Көпеев,  Көкбай 

 
10
Жанатаев,  Абдулла  Шонаев,  Бəкен  Əбдіков,  Көкбай  Жанатаев, 
Қорабай  Жапанов,  орыс  ғалымдарынан  В.Радлов,  Г.Потанин, 
А.Ивановский, Вельяминов-Зернов т.б. 
«Дала уалаяты» газетінде Абайдың да өлең, хабар жазып қатыспақ 
ойы  болған  сияқты..  Абай  газетке  «Жазды  күн  шілде  болғанда», 
«Болыс  болдым,  мінеки»  деген  екі  өлеңін  бастырған.  Бірақ  бұл 
өлеңдердің ешқайсысына да автор ретінде Абайдың қолы қойылмаған, 
аты  көрсетілмеген. «Кісіден  үйрендім,  Көкбай  Жанатаев»  деп  қол  
қойылған. 
«Дала уалаяты» ресми газет болса да қазақ халқының сол кездегі 
саяси-əлеуметтік, 
мəдени-шаруашылық 
хал-жайына, 
өткендегі 
тарихына, əдебиетіне, тарихи адамдары (Əбілқайыр, Шоқан, Ыбырай), 
қазақтың  ауызша,  жазба  əдебиеті,  жеке  ақындары  (Бұқар,  Орынбай, 
Үлкенбай,Ноғайбай),  қазақ  арасындағы  оқу-ағарту  істері,  қазақ 
шаруашылығының  түрлі  мəселелері,  Қазақстанның  жері,  оның 
жаратылысы туралы бірқатар материалдар басылған. 
1905  жылы  революциядан  кейін  қазақ  даласында  да  мектеп-
медреселер  көбейіп,  мол  сияқты  қазақ  тілінде  шығатын  газет-
журналдар саны да арта бастады. 
«Серке».  Бұл  газет  Петербургта  татар  тілінде  шығатын  «Улфат» 
газетіне қосымша ретінде 1907 жылдары шығып, бір номерінен кейін 
тоқтап  қалған.  Редакторы  Хажы  Ибрагимов  деген  кісі.  Соңғы 
мəліметтерге  қарағанда  «Серке»  газетін  Петербургке  барғанда 
Міржақып Дулатов шығарғандығы мəлім болып отыр. «Серке» туралы 
«Нажат» атты жинақта былай деп жазылған: «1906 жылдың ақырында 
«Үлфаттың» қазақ оқушыларына арнап, қазақ тілінде екі жетілік газет 
шығаруға қарар болды. Келесі жылы март айында газеттің жариялауы 
шықты. Артынша 28 мартта бірінші саны шықты… Газет шыққāн соң 
бірер  күн  өткенде  полиция  келіп,  қала  начальнигінің  «Серке», 
«Үлфат» газеттерінің ұсталғаны туралы əмірін оқып, баспаханада бар 
даналарын  жинап,  құлыптап  кетті.  Екінші  күні  тиісті  орындардан 
себебін  сұрағанымызда  олар: «Серке»  газетіндегі  кейбір  мақалаларда 
қазақ  халқын  орыс  халқына  қарсы  үгіттеу  бар»,-  деп  жауап  берді 
делінген. 
«Қазақ»  газеті. 1907 жыл  март  айында  Тройцк  қаласында  бір 
номері  ғана  шыққаннан  кейін  жабылган  газет.  Шығарушы  Хайм 
Шумлих 
Сосновский, 
басқарушылар: 
Жетпісбай 
Андреев, 
Ишмухамбет  Иманбаев  деген  кісілер.  Газетті  ресми  мекемелердің 
кісілері шығарғанмен жартылай ресми еді. 
«Қазақстан»  газеті. 1911 жылы 16-марттан  бастап  Ордада,  екі 
тілде басылып шығып көлемді 6 бет болып шыққан. Бірақ 1911 жылы 
газет 4-санынан тоқтап қалды да, 1913 жылы 27-январьдан қайта шыға 
бастайды.  Барлығы 13-14 саны  шыққан.  Осыдан  кейін  бұтіндей 
тоқтайды. Оның шығарушысы, редакторы Елеусін Буйрин деген кісі. 

 
11
Газеттің бағыты оның бірінші бетіне жазылып отырған: «Газеттің 
асыл  мақсаты:  кəсіп  ету,  ғылым  үйрену  туралы» -делінген.  Осыған 
лайықты  газеттің  əр  санында,  əрбір  мақсатында  заман  жайы,  қазақ 
халқының хал-жайы, өнер-гылым үйрену, орыс халқының мəдениетін, 
өнерін үйрену туралы үзбей сөз болып отырған. 
«Қазақстан»  газеті 1911 жылғы  бірінші  санындағы  «Хал 
жайымыз»  деген  мақала  беріп,  онда: «Шаруа,  кəсіп  жайын  кеңесті» 
деген  мəселелер  қояды.  Екінші  санында  басылған  «Еңбек  етсең 
емерсің» (бас  мақала), «Тірішілік  тартысы»  деген  мақалаларында 
тағыда  күн  көру  мəселесін,  шаруашылықты  заманға  қарай  ыңғайлау, 
өнер үйрену жайын сөз қылады». Заман,шаруа адамды өзгертеді. Оған 
ыңғайланбаса  адам  кейін  қалады. «Заманымыз  өзгеріп  отыр,  біз  де 
өзгерейік»  дегенді  айтады. «Ұйықтай  берсек,  надан  боп  қала  берсек, 
жойыламыз. Дүние жүзінде қалғымыз келсе, адам баласын, «айры жан 
иесін,  бір  адамды  бір  адамнан  артық  еткен  ғылым,  өнер  үйреніп, 
өзімізден ілгері кеткен халықтармен қатарласуға талап етелік» -дейді. 
Тағы сол жылы үшінші санында басылған «əдебиет жайлы» деген 
мақаласында  қазақ  əдебиетінің  сол  кездегі  хал-жайын,  түйінді 
мəселелерін сөз етеді. Абай шығармаларына тоқталып, Абайдың: 
       Əсемпаз болма, əрнеге, 
       Өнерпаз болсаң арқалан. 
       Сен де бір кірпіш дүниеге, 
        Кетігін  тап  та,  бар,  қалан,-  деген  өлеңін  келтіреді.  Абайды 
əдебиетіміздің таңы деп бағалайды. 
  Газетті нағыз прогресшіл, демократияшыл бағыттағы газет деуге 
болады. 
«Айқап»  журналы 1911 жылдың  январынан 1915 жылдың 
августына дейін Тройцк қаласында шықкан. Алғашқы жылы айына бір 
рет,  басқа  жылдары  айына  екі  рет,  барлығы 89 саны  шықкан.  Көлемі 
бір жарым, екі, екі жарым баспа табақ. 
«Айқаптың» тиражы жөнінде дерек жоқ. Бірақ қазақ даласына көп 
тарқалған əйгілі, беделді журнал екені сөзсіз. 
Журналдың шығарушысы да, редакторы да белгілі ақын, жазушы 
Мұхаметжан  Сералин  болған.  Ол  журналдың  əуелгі  сандарын 
əркімнен  пұл  жинау,  қарызға  ақша  алу  жолымен  шығарады.  Мұндай 
қаржы  журналдың  қалыпты  көлеммен  үнемі  шығуын  қамтамасыз  ете 
алмайды.  Сондықтан  журнал  кейде  шағын  көлеммен  де  шығады, 
ақырында қаржының жоқтығынан журнал жабылады. 
Журнал өзінің аты, мақсаты туралы 1911 жылгы бірінші санында 
былай  деп  түсінік  береді: «Айқап»  журналының  əр  кезде  хатшы, 
қызметкер,  хабаршы  болып  Спандияр  Көбеев,  Сұлтанмахмұт 
Торайғыров,  Жиһанша  Сейдалин,  Əкірам  Ғалымов  істеген.  Журналға 
қазақтың  сол  кездегі  ақындары,  түрлі  оқу  орындарындағы 
оқытушылары  мен  оқушы  жастары,  хат  білген  адамдары  қатысқан. 
«Айқап»  казақ  халқының  саяси-əлеуметтік,  мəдени-шаруашылық 

 
12
өмірінің  көптеген  түйінді,  көкейтесті  мəселелерін  сөз  етті.  Соның 
бəрінде  азаттық,  шаруашылық  пен  мəдениетін  өркендету  тұрғысынан 
алып  жазды.  Ол  үнемі  «бізге  не  істеу  керек», «қайтсек  біз  тез  ілгері 
басып,  ел  қатарына  қосыла  аламыз»  деген  сұраулар  қойып,  солардың 
шешуін, жауабын табуға тырысты. 
Бұл  сұраулардың  жауабын,  журналдың  негізгі  программасын 
«Айқап» 1911 жылғы 6-санындағы  «Бізге  не  істеу  керек?»  деген  бас 
мақаласында  ашық  айтты:  Онда: 1. Отырықшы  болып  кала  салу, 
жерден қол үзіп қалмау,  
2. Мектеп, медресе салып, оқу, мəдениетке жетілу,  
3. Дін жұмысын өз қолымызға алу, муфти сайлау, 
4.  Мемлекет  думасында  мүддемізді  айтып,  сөзімізді  үкіметке 
жеткізіп отыратын депуттаттар сайлау,  
5. Петербургта өкіл ұстау керек деді. 
Осы  ретпен  «Айқап»  журналы  əйелдерінің  бас  бостандыгын, 
теңдік  мəселесін  көп  жазды.  Мысалы:  «Қалың  мал  құрысын», 
«Аналарымызға», «Аталарымызға» , «Қазақ  қыздарының  аталарына» 
деген үндеулер де, басқа көптеген өлең, мақалалар да басты. «Айқап» 
журналы  қазақтың  ана  тілі  мəселесін,  оның  əліппе,  грамматика 
мəселесін  кең  талқылап,  өз  тұсында  бір  қыдыру  дұрыс  шешті. 
Қазактың  Абай  негізін  салған  əдеби  тілінің  өркендеуіне  себепші 
болды. «Айқап»  журналының  қате-кемшіліктері  де  жоқ  емес.  Бірақ, 
жалпы  алғанда,  ол  демократияшыл,  ағартушы  бағыттағы  журнал 
болды. 
«Ешім  даласы».  Бұл  газет 1913 жылдың  сентябрь  айынан 
Петропавлда  екі  тілде  (қазақ,  татар  тілдерінде)  шыға  бастап,  жыл 
аяғында  жабылған.  Шағын  көлемде,  жетісіне  үш  рет, «Ишимский 
край» газетінің баспаханасында басылып шыққан. 
«Ешім  даласы»  жөнінде  Исмагул  Рамиев  былай  деп  жазған:  Бұл 
газет  қазақтын  жерін  өзіне  қалдыру,  қазақтарды  отырықшыландыру 
мақсатын  көздеді.  Жыл  ақырында  газет  жабылды.  Шығарушылары 
жазаға бұйырылды». 
«Қазақ»  газеті.  Орынборда 1913 жылы 2-февральдан  шыға 
бастады. 1918 жылдың  аяқ  кезіне  дейін  шығып  тұрды.  Қалыпты 
көлемде,  алғашқы  кезде  жетісіне  бір  рет,  кейін  жетісіне  үш  рет 
шыққан.  Қазақ  арасына  көп  тарады. «Қазақ»  газетін  халқымыздың 
даңқты  перзенті,  белгілі  қоғам  қайраткері,  ақын,  аудармашы, «алым 
Ахмет Байтұрсынов ұйымдастырды. Өзі газеттің бас редакторы болып 
көп  жылдар  қызмет  істеді..Сондай-ақ  бұл  газетте  белгілі  қоғам 
қайраткерлері,  ақын-жазушылар:  Əлихан  Бөкейханов,  Міржақып 
Дулатов, Мағжан Жұмабаевтар да қызмет істейді. «Қазақ» газеті өзінің 
мақсатын  былай  түсіндіреді:  газеттің  мақсаты – жұрт  пайдасына  сөз 
болу;  қазақ  арасына  ғылым,  өнер  жайылуына  басшылық  ету;  басқа 
жұрттардың халінен хабар беріп таныстыру. Сол мақсаттарды орнына 
келтіру  үшін  закондарды,  хакімдердің  бұйрық-жарлықтарын  білдіріп 

 
13
тұру. Государственная Дума һəм государственный совет жайында жете 
хабар  беру,  ішкі-сыртқы  хабарларды  жазып  тұру,  қазақтың  бұрынғы 
жəне  бүгінгі  жайын  жазу,  күнелту,  сауда,  кəсіп,  жер,  су,  егіншілік, 
малшаруасы  жайынан  кеңесу,  оқу,  оқыту,  мектеп.  Медресе,  школа, 
ғылым,  өнер,  тіл-əдебиет  турасында  жөн  көрсету,  Адам  һəм  мал 
дəрігерлігі жайынан жазу. Төңкеріс жылдарында «Қазақ» газеті Алаш 
партиясын    құруға,  Алашорда  үкіметін  жасақтауға  қызмет  етті. 
Қазақты  жеке  автономия  дəрежесіне  көтеруге  жолбасшылық  етті. 
Бірақ  Кеңестік-коммунистік  саясат  газетті  мүлде  жауып,  оның 
шығарушыларын қудалауға ұшыратты. 
Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ газет-журналдары 
прогресшіл, демократ бағыт ұстанды деуге толық негіз бар. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет