Өзектілігі / Актуальность



Дата30.04.2022
өлшемі15,85 Kb.
#32938
Байланысты:
1 өзектилиги ИПМ.Амановой А


Өзектілігі / Актуальность: Бүгінгі таңда оқушылардың сөйлеу және жазу тілін дамыту – қазіргі уақыт талабы тудырып отырған қажеттілік. Ал оқушының шешен сөйлеу және сауатты жаза білу дағдылары өз кезегінде әлемдік білім кеңістігіне шығуға жол ашады. Осы тұрғыдан келгенде, бұл жеке тұлғаның коммуникативтік қабілетін қалыптастыру мектептегі тіл дамыту теориясын жетілдіруді, оның әдістемелік негізін дамытуды талап етеді. Бұл орайда жеке тұлғаның сөздік қорын байытып, ауызша сөйлеу тілін тұрақты сөз тіркестері арқылы дамытудың маңызы зор. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу қабілетін мәтіндегі фразеологизмдер арқылы ашып, дамыту жолдары мен тиімді әдістерін көрсету магистрлік жұмыстың өзектілігін айқындайды.

Ғылыми жаңалығы / Научная новизна:

  • 7-сынып оқушыларының тілін фразеологизмдерді меңгерту арқылы дамытудың дидактикалық ұстанымдары ғылыми тұрғыдан негізделеді;

  • 7-сынып оқушыларының тілін фразеологизмдер арқылы дамытудың әдістемелік жүйесі жасалынады, соған сай кешенді жазбаша жұмыс түрлері ұсынылады;

  • оқушылардың сөйлеу және жазу әрекетін фразеологизмдер арқылы дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер нақтыланып, жүргізілетін жұмыс түрлерінің қолданылу жолдары белгіленеді;

- 7-сынып оқушыларының тілін фразеологизмдер арқылы дамытудың ғылыми-әдістемелік жүйесі эксперимент негізінде тексеріліп, дәлелденеді.
Мақсаты / Цель: Жалпы білім беретін орта мектептегі 7-сынып оқушыларының тілін фразеологизмдерді меңгерту арқылы дамыту әдістемесінің жүйесін ұсыну.



Негізгі міндеттері / Основные задачи:

- жалпы білім беретін орта мектептегі 7-сынып оқушыларының тілін фразеологизмдерді меңгерту арқылы дамыту жұмыстарын жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздерін айқындау;

- 7-сынып оқушыларына арналған мәтіндегі фразеологизмдермен жүргізілетін жұмыстың негізгі ерекшеліктері мен басты ұстанымдарын нақтылау;

- 7-сынып оқушыларының тілін синонимдер арқылы дамытудың лингвистикалық, психологиялық негіздерін сипаттау;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сөйлеу дағдысын дамытудағы тиімді тапсырмаларды айқындау;

- оқушылардың сөйлеу тілін фразеологизмдерді меңгерту арқылы дамыту мақсатында жүргізілетін жұмыс түрлерін саралау;



- 7-сынып оқушыларының тілін фразеологизмдерді меңгерту арқылы дамытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау.
Күтілетін нәтижелер / Ожидаемые результаты:

Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша үш мақала жарияланады. Оқушының ауызекі сөйлеу тілі мен жазу сауаттылығын дамыту бағытындағы жүргізілетін жұмыстар негізінде 7-сыныпта фразеологизмдерді меңгертудің тиімді жолдары қарастырылып, фразеологизмдерді меңгертумен байланысты сабақ жоспарлары ұсынылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет