Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады
АРАИ
www.ar-ay.kz
E-mail:aray2008 @mail.ru
Алло, «Арай» тыңдап тұр! Байланыс телефоны: 8 (7262) 43-69-06, 43-69-04
индекс
66250
Дәл қазір елімізде электр шамдарын
шығаратын өндіріс орындары саусақпен
санарлық. Әсіресе, электр үнемдегіш
шамдар шығаратындары тіптен сирек. Бұл
ретте 14 жылдан бері Тараз қаласында
қызмет етіп келе жатқан «Энерджи-Тараз»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
орны бөлек.
4-бет
ШАҺАРДЫҢ ШАМШЫРАҒЫН ЖАҚҚАН
«ЭНЕРДЖИ-ТАРАЗ»
29 қаңтар, бейсенбі, 2015 жыл
№5 (485)
САЙТТЫҢ «САЛҚЫНЫ»
ГАЗЕТТЕРГЕ ТИІП ЖАТЫР
АРЗАН АЗЫҚ-ТҮЛІККЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
«Керуен – 2015»
Ойтаразы
6-бет
ҚАРАТАУҒА ҚАТЫНАУ ҚИЫНДАП КЕТТІ
ҚАРАТАУҒА ҚАТЫНАУ ҚИЫНДАП КЕТТІ
Сын мен шын
Болжам
9-бет
Біздің оқырман
6-бет
8-бет
ҚАЗАҚ КИНОСЫ ТАРИХИ ТУЫНДЫЛАРМЕН
ТОЛЫҒАДЫ
Қазақ хандығының 550
жылдығы
тойланады дегелі бері көзі қарақты
көрермен өзгеге үлгі болатындай
кинотуынды күтуде. Жақында бұл
мәселенің де шешімі табылғандай.
Бірақ, әзірге киноны кімдер түсіретіні
белгісіз.
Жемқорлық деген «жарықтықпен» біздің
қоғам күресудей-ақ күресіп келеді. Акциялар,
семинар - кеңестер, жақсы мен жайсандар
бас қосатын «дөңгелек үстел» отырыстары,
мекеме сайын орнатылған сенім телефондары
мен жәшіктер, сұрақ-жауапқа құрылған
сауалнамалар, тағысын-тағы болып жалғаса
береді. Дегенмен, нәтиже көңіл көншітпейді.
Неге?
СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ САҒЫН САТИРАМЕН ҒАНА
«СЫНДЫРУҒА» БОЛАДЫ
АҚПАНДА АЯЗДЫ КҮНДЕР КӨП БОЛАДЫ
АҚПАНДА АЯЗДЫ КҮНДЕР КӨП БОЛАДЫ
Бақыт ТӨЛЕМІСОВА,
«Нұр Отан» партиясы облыстық
филиалы қоғамдық қабылдау
бөлмесінің меңгерушісі
Еліміздің
бас партиясының
алға қойған
мақсаты –
қоғамдық қабылдау
өткізу арқылы
халықтың мәселесін
оң жағдайда шешуге
ықпал ету болып табылады.
Елімізде шешімін таппаған
мәселе болмауы тиіс.
Елбасы тапсырмасында
айтылғандай, барлық
кедергілерді жойып,
халықтық мәселеге назар
аудару партияның негізгі
міндеті.
– Бұрын Тараздан Қаратау қаласына
қатынайтын автобус біздің Өрнек ауылынан
таңертеңгі сағат 8-дер шамасында өтіп,
түс қайта сағат 3-тен аса Қаратаудан
кері қайтатын. Бұл тұрғындар үшін тиімді
болып тұрған. Өйткені, Өрнек, Ерназар,
Жұма ауылдарынан Қаратауға барып жұмыс
істейтіндер жұмыстарына барып, қайтуға
үлгеруші еді. Сондай-ақ, осы ауылдардың
тұрғындары Қаратауға сүт, айран, қаймақ,
құрт,
тағы
басқа
ауыл
шаруашылығы
тауарларын саудалап, күнкөріс мəселесі де
шешіліп жататын. Таяу уақыттан бері Тараздан
Қаратауға жəне кері жолаушылар тасымалдап
жүрген сол автобус жүруін тоқтатып, бұрынғы
жақсы жағдайымыз көзден бұл-бұл ұшты, –
деп өзінің ғана емес, қатар жатқан үш ауыл
тұрғындарының ортақ мəселесін алдыға тартты
бізге ауылдастарының арыз-шағымын айтып,
мұңын шаққан Өрнек ауылының тұрғыны Анабек
Отыншиев.
Ауыл азаматтарының мұң-мұқтажы журналист
ретінде бізді де бей-жай қалдырмағандықтан,
мəселенің мəн-жайын білмекке облыс əкімдігі
құрылыс, жолаушылар көлігі жəне автомобиль
жолдары басқармасының басшысы Рахманқұл
Байтелиевке хабарласқан едік. Басшының жауабы
қысқа болды.
– Иə, бұл жай бізге белгілі. Бұрын бұл бағыт
облыстық бюджеттен субсидияланатын. Қазір
субсидияланбайды. Енді жолаушылар жолақыны
толық көлемінде төлеуі керек. Біз осы жаңа
жолақы төлемімен аталмыш бағыт бойынша
эксперимент ретінде автобус шығарғалы
отырмыз. Бағыт өз шығынын өтейтін жəне
жолаушылардың қалтасы шыдайтын болса,
автобус жүруін жалғастыра береді. Басқалай
шара жоқ. Ал, субсидия бұрын автобус
қатынамаған бағыттарға жұмсалатын болады,
– деді Рахманқұл Тұрсынқұлұлы.
Елбасымыз 2014 жылғы 17 қаңтарда
жарияланған «Қазақстан -2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі
кезеңде азық-түлік қауіпсіздігі қай елдің
болмасын еркін дамуы мен əл-ауқатының
артуына ықпал ететінін баса айтқан болатын.
Бұл орайда біздің аймақта серпінді
жұмыстар жетерлік. Соның бірі облыс
əкімдігінің тұрақтандыру қоры əлеуметтік
маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын
қалыпты сақтауға, өнім өндірушілерді
ынталандыруға күш салып отыр.
Азық-түлік бағасы шарықтап кеткен қысқы
кезеңде де тұрақтандыру қоры əр аудан,
ауыл тұрғындарының мүддесін назардан
тыс қалдырған емес. Аталған тұрақтандыру
қорына
қарасты
«Тараз
сауда-саттық
компаниясы» арзан азық-түлік керуенімен
бірнеше аудандарды аралап үлгерді.
Бұл керуен алдымен аттың басын
Меркі ауданына бұрған еді. Аталған аудан
тұрғындарына 28 тонна картоп, 10 тонна
ұн, 10 тонна пияз, 5 тонна сəбіз, 5 тонна
жарма өнімдері, 5 тонна күріш, 5 тонна
сұйық май, 10 тонна қант, 1 тонна қызылша
жеңілдетілген бағамен ұсынылды. Жалпы, 6
млн. 900 мың теңгенің ауыл шаруашылық
өнімі сатылды. Əсіресе, халыққа ең қажетті
ұнның бір қабы (50 келісі) 3 мың 600
теңгеден, қанттың келісі – 149, картоп келісі
– 65 теңгеден сатылуы тұрғындарға едəуір
көмек болғаны анық. Бұл арзан азық-түлік
керуені сəбіз келісін – 50, пияз келісін – 52,
сұйық май литрін – 230, күріш келісін – 160
теңгеден сатуда. Осы бағадан-ақ керуеннің
тұрғындарға жасап отырған жеңілдігін
аңғаруға болады. Аталмыш керуен осы кезге
дейін Қордай, Мойынқұм, Шу аудандарын
аралап шықты. Қордай ауданына шамамен
10 млн., Мойынқұмға 5 млн., Шу ауданына
7 млн. теңгенің азық-түлігі саудаланды. Бұл
орайда облыс əкіміне, аталған компанияға
тұрғындар дəн риза.
– Бұл ауыл тұрғындарына мемлекет
тарапынан жасалып отырған үлкен
көмек. Біз бұл бастаманы облыс əкімінің
қолдауымен «Тараз» əлеуметтік кəсіпкерлік
корпорациясы
акционерлік
қоғамымен
бірлесіп ұйымдастырып отырмыз, – дейді
«Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС
директоры Саха Манатов.
Ауыл шаруашылық керуені кестеге
сəйкес алдағы сенбі-жексенбі күндері
Т.Рысқұлов жəне Байзақ аудандарына арзан
өнім ұсынбақшы.
Есет ДОСАЛЫ
eset_77_09@mail.ru
ОН ЖЕТІ МЫҢ ТЕҢГЕ ШӘКІРТАҚЫ НЕГЕ ЖЕТЕДІ?
с
50
СОВА,
тиясы облыстық
мдық қабылдау
герушісі
ның
ылдау
елесін
шешуге
ып табылады.
ін таппаған
уы тиіс.
рмасында
барлық
ойып,
леге назар
ның негізгі
Соңғы күндері ауа райы күрт суытып,
қыс қаһарына мінді. Əуелі «Қар жауды,
аяз болды деп осыны айт!» – деп сүйсінген
ауылдағы шаруа адамдары енді малын
суықтан аман сақтау, жем-шөбін жеткізу
жағдайына алаңдай бастады. Ауа райын
болжаушылардың болжамына сүйенсек,
облысымыздың аумағында осы суық
температура (-12, - 13 градус) бүгін-ертең
сақталады. Алдағы сенбі-жексенбі күндері
-6, -7 градусқа төмендейтін сияқты.
Ал, ақпанның алғашқы күндері ауа
райы қайтадан жылынатын көрінеді. Біз
облысымызға белгілі ауа райын болжаушы
Нұрдəулет Əлібековке де хабарластық.
– Алдағы ақпан айының 11-12
жұлдызынан бастап күн тағы күрт
суытады. Сол суық ауа температурасы
он күннен аса уақыт сақталады деген
болжамым бар. Негізі, 18 ақпанда қысқы
шілде шығады. Қазақ бұл кезді «Аю
айналған» дейді. Аю оң жағына айналса,
жақсылықтың белгісі. Биылғы болжамым
бойынша, аю сол жағына айналатын
сыңайлы. Ондай жағдайда алдағы наурыз
айының 20-21 күндеріне дейін суықтың
беті қайтпайды. Сондықтан, алдағы
ақпан айында ірі серіктестік, шаруа
қожалық басшылары, мал ұстаған жеке
шаруалар
жем-шөптерін
үнемдеп,
суық күннің созылатынын естерінен
шығармағандары
дұрыс, – дейді
Н.Əлібекұлы.
Қыс мезгілін «Кəрі құда» деп бекер
айтпайды.
Сондықтан,
шаруашылық
еңбеккерлерінен бөлек, қала тұрғындары
да суық күндерге салғырт қарамағандары
жөн.
Е.ЖАҢАБАЙҰЛЫ.
Бүгінде студенттер қауымын сабақ-
тан емес, көше кезген жерінен көп
кезіктіретін болдық. Олай дейтініміз,
жастардың дені күн көріс қамы
үшін күндікке сабылып жұмыс іздеп,
тапқаны көлік жуса, енді бірі базар
мен кафелерде зыр жүгіріп қызмет
көрсетуде.
6-бет
29 қаңтар,
№5 (485)
2
АЛУАН АҚПАРАТ
Саятхан САТЫЛҒАНОВ
Есепті жиын
КӨНЕ ШАҺАРДА ТАЛАЙ ТІРЛІК АТҚАРЫЛЫПТЫ
КӨНЕ ШАҺАРДА ТАЛАЙ ТІРЛІК АТҚАРЫЛЫПТЫ
СЕЙСЕНБІ
КҮНІ
ОБЛЫС
ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ
№53 ОРТА МЕКТЕПТІҢ МƏЖІЛІС ЗАЛЫНДА ТАРАЗ
ҚАЛАСЫНЫҢ ƏКІМІ НҰРЖАН КАЛЕНДЕРОВТЫҢ
ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ. №1
АУМАҚТЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫ МЕН
ӨТКЕН БАСҚОСУҒА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ƏКІМШІЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ ВАСИЛИЙ КРЫЛОВ
АРНАЙЫ КЕЛІП ҚАТЫСЫП, ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕ
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ.
Нұржан
Сəбитұлының
баяндамасына сүйенсек, өткен жылы
қала əкімдігі тарапынан ауқымды
жұмыстар атқарылыпты. Атап айтсақ,
есепті жылы №1 округ тұрғындарынан
11 шағым, 21 ұсыныс түскен. Оның 5-і
дер кезінде шешімін тапса, 14 сұраққа
түсінік берілген. Жəне 2 мəселе бойынша
саралау жұмыстары жүргізілуде екен.
Округке қатысты атқарылған жұмыстарға
алдымен тоқталған қала басшысы одан
кейін сала-сала бойынша тірлігі тіктелген
жұмыстар жайын баян етті.
– Өткен жылы қала
кəсіпорындары 179 миллиард 797
миллион теңгенің өнімдерін өндіріп,
өнім өндірудің физикалық индекс көлемі
108,5 пайызды құрады. Осы орайда,
Үдемелі индустриялық-инновациялық
дамудың 2010-2014 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы бойынша
11
жоба
пайдалануға
берілгенін
айта кеткен жөн. Олардың жалпы
сомасы шамамен 35,5 млрд. теңгені
құрап, 1861 жаңа жұмыс орындары
ашылып отыр. Ал, ағымдағы жылы
бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы
5,8 млрд. теңгені құрайтын үш жоба
жоспарланып, қосымша 150 жаңа жұмыс
орындары ашылады деп көзделуде.
Сондай-ақ,
Тараз
қаласының
ə л е у м е т т і к - э к о н о м и к а л ы қ
жағдайын
дамыту
мақсатында,
қала кəсіпкерлеріне өз бизнестерін
өркендетуге мүмкіндік беретін қолайлы
жағдай туғызып, 43,5 гектар жерге
индустриалды аймақ құру жоспарланды.
Инвесторларға жер телімдері 49 жылға
жалға беріледі, кейіннен ұзақ мерзімге
сатып алуға мүмкіндіктері бар. Қазір
аталған аймақтан «Recowaste» ЖШС
тұрмыстық
қатты
қалдықтарды
өңдейтін зауыт ашуға ниет білдіруде.
Латвия мемлекетінің кəсіпкерлері бұл
жобаны іске асыру мерзімін 2016 жылға
жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек, «Бизнестің жол
картасы — 2020» бағдарламасы
бойынша 76 кəсіпорын мемлекет
тарапынан қаржылай көмек алып,
қаланың өркендеуіне өз үлестерін
қосуда.
Азық-түлік баға ларын тұрақтан-
дыру да назардан тыс қалған емес.
Қазір Жамбыл даңғылында орналасқан
коммуналдық базар төмен бағамен
тауарлар ұсынуда. Апта сайын
аталмыш
базарда
жəрмеңкелер
өткізіліп тұр.
Тағы бір айта кетерлігі, шаһарда
туристік кластерді қалыптастыруға
жіті зейін қойылуда. Бұл бағыттағы
жұмыстарда көне Тараз қалашығы
орнындағы
қазба
жұмыстарының
алар орны ерек. Болашақта, қазба
орындарының
жанынан
қоғамдық-
мəдени орталықтар мен қонақ үйлер
салынып
тарихи
жəне
туристік
орталыққа айналатын болады.
Сонымен қатар, Нұржан Сəбитұлы
есепті жылы тұрғын-жай, жол, ауыз су, газ
құбырларын жөндеу жұмыстары жүйелі
жүргізілгеніне
тоқталып,
үстіміздегі
жылы да халықтың сенім үдесінен шығу
үшін бұл бағыттағы жұмыстар жан-жақты
жанданатынын жеткізді.
Жалпы алғанда, қала көлемінде
өткен жылы білім, мəдениет, спорт,
əлеуметтік қолдау, денсаулық жəне
құқық
қорғау
салалары
бойынша
жүйелі жұмыстар атқарылып, бағдарлы
бастамалар көтерілген. Оны жиынға
қатысқан қала тұрғындары да баса
айтып, шаһар басшысының жұмысына
оң бағаларын берді. Десе де, бірқатар
тұрғындар əлі де болса шешімін
таппай отырған мəселелерге қатысты
өз ойларын ортаға салып, қала əкіміне
сауалдарын жолдады.
Атап айтсақ, №1 округ тұрғыны
Ергеш Балтабайұлы газ құбырларын
жүргізген мердігерлер қала жолдарын
қайта
қалпына
келтірмей
кетіп
жатқанын мəселе етіп көтерді. Ал,
№27 үй тұрғыны Амангелді Шəкірали
аулада балаларға арналған ойын
алаңшасы жоқтығын айтса, «Төрткүл»
алқабының
тұрғыны
Қамбарбек
Іңкəрбекұлы учаскелік полицейлердің
жұмысының жүйесіздігін, №18 бағыттағы
автобустың уақытылы қатынамайтынын,
көшелерді жарықтандыру жұмыстары
өз деңгейінде жүргізілмей, алқабқа тас
жол салу жұмыстары жылда кейінге
шегеріліп жатқандығын ашына жеткізді.
Ал, Бөлтірік шешен көшесінің тұрғыны
Серғали Емберді аталмыш көшеге
осымен екінші мəрте қағаз жүзінде
асфальт жол салынды деген ақпар
беріліп, алайда осы уақытқа дейін
бір қиыршық тас төгілмегені туралы
алаңдатарлық фактыны мəлім етті.
Мұндай түсініксіз жайттар орын алып
жатқанын
облыстық
мəслихаттың
депутаты Асаубай Майлыбаев та растап,
қала əкіміне тексеру жүргізу қажеттігін
ұсынды.
Бұл сауалдарға шаһар басшысы
қағаз жүзінде толықтай жауап беретінін
айтып, ұсыныстарға қатысты тексеру
жұмыстарын жүргізуге уəде етті. Жəне
жиынға
қатысып
отырған
барлық
құзырлы орган басшыларына басқосуда
көтерілген барлық мəселелерге қатысты
жіті саралау жұмыстарын жүргізуді
тапсырды.
Осы аптада қала əкімі Нұржан
Календеровтың есепті жиыны өзге
округтарда жалғасатын болады.
Тараз қаласы.
САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКТІҢ КЕПІЛІ
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКТІҢ КЕПІЛІ
Жиында
алдымен
басқарма
басшысы
Рахия Тұрмаханбетова баяндама жасады.
Сөз басында өткен жылдың айтулы қоғамдық-
саяси мерекелерге толы кезең болғанын
айтқан Рахия Сейітбекқызы облыста өз
дəрежесінде аталып өткен «Мерейлі отбасы»
ұлттық байқауы, жергілікті мəслихаттардың
20 жылдығы мен Жамбыл облысының 75,
Кенен Əзірбаевтың 130, Балуан Шолақтың 150,
Тұрар Рысқұловтың 120 жылдығына арналған
мерейтойлық іс-шараларға, олардың халық
арасында насихатталуымен жергілікті БАҚ-
тардағы
ақпараттық
қолдауына
тоқталды.
Рахия Тұрмаханбетованың айтуынша, бүгінгі
таңда облыс аумағында 47 мерзімді басылым
мен 1 электронды ақпарат құралы тіркелген.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы жүзеге асыруға
бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келе
жатқандығын, тиісінше, мемлекеттік саясаттың
маңызы мен мазмұнын насихаттайтын хабарлар
да көбейген. Осы ретте, өңір тұрғындарын
республика жəне облыс жаңалықтарымен
ақпараттандыру, халық пен билік арасындағы
кері байланысты орнықтыру мақсатында барлық
облыстық басқарма басшылары мен қала, аудан
əкімдерінің қатысуымен жергілікті телеарнадан
34 «тікелей эфир», 29 брифинг болып өткен.
Дегенмен, бұл бағытта біраз қиындықтардың
туындап отырғанын жасырмаған басқарма
басшысы бірқатар аудан əкімдері мен басқарма
басшыларының құлшынысы өте төмен екенін
айтып, түрлі себептермен шықпау немесе
кейінге шегерудің кездесіп жататынын сынға
алды. Сонымен қатар, өз баяндамасында
Рахия Сейітбекқызы «Отау ТВ» спутниктік
телехабарлар
тарату
жүйесіне
қосылған
жамбылдықтар саны 51 334-ке жетіп, халықтың
23,5 пайызын құрағанын айтып, тұрғындарды
отандық телеарналармен толық қамтамасыз
ету үшін жағдайы төмен отбасыларға мемлекет
тарапынан көмек ретінде спутниктік жүйелерді
орнатып беру қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ,
аудандық
басылымдардың
мазмұндық, көркемдік сипатына тоқталған
басқарма басшысы кейбір газеттерде орын алып
отырған олқылықтарға көңіл аудару қажеттілігін
ескертті.
Басқарма
басшысының
баяндамасын
мұқият тыңдаған облыс əкімінің орынбасары
өткен жылы атқарылған жұмыстарға көңілі
толатынын білдіріп, бірқатар сұрақтар қойды.
Атап айтқанда, өткен жылы прокуратура
органдары облыс аудандары мен Тараз
қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер,
шерулер мен пикеттер өткізетін орындар
белгіленбегендігін анықтағанын айтқан Ерқанат
Нұрбапаұлы бұл бағытта қандай жұмыстар
атқарылғанын сұрады. Аталған мəселені шешу
жолға қойылғанын айтқан Рахия Сейітбекқызы
Байзақ пен Т. Рысқұлов аудандарында аталған
бағыттағы жерлер белгіленіп қойғандығын,
қалған аудандарда қолға алынып жатқанын
жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы
Президенті
Əкімшілігімен
биылғы
жылы
облыста Орталық коммуникациялар қызметінің
филиалын ашу жөнінде берілген тапсырманың
орындалу барысын сұраған облыс əкімінің
орынбасары бұл бағытта қандай жұмыстар
жасалып жатқанын білгісі келетінін аңғартты.
Басқарма жанынан құрылған ақпараттық-талдау
орталығының базасында ОКҚ филиалын ашуды
жоспарлап отырғанын айтқан басқарма басшысы
қаржылық мəселелердің туындап отырғанын,
бірақ тапсырма орындалатынын тілге тиек етті.
Келесі
кезекте
Шу
ауданы
əкімінің
орынбасары Ербол Айымбетов, «Үкіметтік емес
ұйымдар мен кəсіпкерлік» қоғамдық заңгерлер
лигасының төрайымы Айнұр Зəуірбекова, Тараз
қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас
редакторы Эльмира Мырза-Ғалилер жарыссөзге
шығып, өз ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Жиын соңында Рахия Тұрмаханбетова
басқарманың
үстіміздегі
жылға
арналған
жоспарымен таныстырып, алдағы айтулы
мерекелердің өз деңгейінде өтуі үшін осы
бағытта жасалуы тиіс шараларға ұсыныстарын
білдірді.
ОБЛЫС ƏКІМДІГІНІҢ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БЫЛТЫРҒЫ ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН
ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАП, ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛЫ АЛДА ТҰРҒАН МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ
ЕСЕП БЕРДІ. БАСҚАРМАНЫҢ ЕСЕПТІ ЖИЫНЫНА ОБЛЫС ƏКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРҚАНАТ
МАНЖУОВ ҚАТЫСТЫ.
Мұратхан ƏЛІМХАН
Бір жылда атқарылған жұмыстар жөнінде көптің
алдында есеп берген облыстық білім басқармасының
басшысы Сұлушаш Құрманбекованың айтуынша,
облысымыздың оқушылары ғана емес, оларды
оқытушылар да ілім мен тəлімді сынға салар
байқаулардан жүлдегер болып жүр. Атап айтсақ,
республикалық деңгейде ұстаздардың білгірлігін
байқауға арналған «Үздік педагог-2014» байқауына
облысымыздан төрт мұғалім қатысып, төртеуі де
үздік атағына лайық деңгейлерін дəлелдеген. Облыс
ұстаздарының абыройын асқақтатқан жүлдегер
мұғалімдеріміз əрқайсысы 1 миллион 852 мың
теңгеден сыйақыға ие болған.
Əрине, үлкен білім додаларында біліктіліктерімен
топ жарған ұстаздардың алдынан дəл сондай озат
оқушылар шықпаса, еңбектің бекерге кеткені болар
еді. «Шəкіртсіз ұстаз тұл» демей ме халық?! Есепті
кезеңде өткізілген түрлі интеллектуалдық ойындар
мен пəндік олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға
біздің өңірден қатысқан 33151 білім ізденушілердің
4085-і сындардан сүрінбей өтіп, жеңімпаз атанған.
Республикалық олимпиадалардан 47 оқушы жүлделі
оралса, олардың 13-і алтын, ал 12-сі күміс, қалған 22-
сі қола медальдарды иеленген. Жалпы, командалық
есепте облысымыздың білімпаз балалары үшінші жыл
қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алыпты.
Көптен бері озат та жеңімпаз оқушыларымен
танылып жүрген облыстық дарынды ер балаларға
арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты алтыншы жыл
«Ең үздік олимпиада мектебі» атаныпты.
Ал,
халықаралық
деңгейдегі
олимпиадалар
мен ғылыми жарыстардан облысымыздың озат
оқушылары олжалаған жүлделер саны бұл жылы 71
медаль болыпты. Олардың 20-сы алтын болса, 22-сі
күміс, 29-ы қола медальдар.
Əрине, мұның бəрі де жас өспірім жеткіншектерді
білімге заманауи технологиялармен құштарландыра
отырып, озық əдістермен оқытқанның нəтижесі.
Елбасымыз бастап, ел үкіметі жастардың əлемдік
деңгейдегі ең озық білім алып, тəлімнің тұнығымен
өсуіне ерекше назар аударып отыр.
Жас ұрпақтың игілігіне жыл сайын əрбір өңірлерден
бірнеше жаңа мектептер мен балабақшалар бой
көтеріп, оқыту-тəрбиелеу мекемелерінің қатарын
көбейтіп келеді. Ал, біздің облысымызда өткен жылы
29 білім нысандарының құрылысына 9,8 миллиард
теңге бөлінген. Ол нысандардың 15-і пайдалануға
берілген. Қалған 14-інің ел игілігіне берілуі осы 2015
жылдың еншісіне қалған.
Ал,
мектептерді
жаңа
модификациялы
кабинеттермен жабдықтауға 726,5 миллион теңге
бөлініп, оған 168 кабинет алынған.
Жалпы,
облысымыздың
білім
саласын
қаржыландыруға өткен жылы 75,8 миллиард теңге
бөлініпті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,2
есеге артық. Яғни, бұл ел билігінің жас ұрпақтың білім
алып, жан-жақты өнер меңгеріп өсуіне көңіл бөлуінің
жыл сайын артып отырғанын көрсетеді.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген Мұхтар
Əуезовтың сөзі əманда есте. Мектеп жасына
дейінгі бүлдіршіндер де оқу-тəрбие ісінен құр
қалдырылмағаны еліміздің тəрбиені тал бесіктен
бастағанын байқатса керек. Облысымызда 2014
жылы 23 балабақша, 9 шағын орталық ашылып, 4653
бала мектепке дейінгі тəрбиемен қамтылыпты. Яғни,
бұл жылға бағдарланған жоспар 1283 орынға артық
орындалған.
Есепті жылы 1820 орындық 7 балабақша
жамбылдық бүлдіршіндердің игілігіне берілген. Ал,
биылғы жылы 1260 орындық 5 балабақша пайдалануға
беріледі деген жоспар бар.
Осылай алқалы жиында бас қосқан облыс
мұғалімдері қорытындылаған жылдағы жұмыстарын
топшылай келе, алдағы уақытта жүйелі жұмыспен
саналы
азаматтар
тəрбиелеуді
көздейтіндерін
байқатты.