Патогенді кокктар Кокктар



бет1/6
Дата04.10.2022
өлшемі28,71 Kb.
#41214
  1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: Патогенді кокктар


Кокктар- микроорганизмдердің үлкен тобын құрайды, олар патогенді,
патогенді емес және шартты патогенді болып бөлінеді.
Берги классификациясы бойынша патогенді кокктардың 3 топқа бөлінеді:
1.Микрококктар
2.Стрептококктар
3.Нейсериялар
1.Тұқымдастығы:Микрококктар
Туыстығы:Стафилококктар
Түрі:Стафилококктар
2.Тұқымдастығы:Стрептококктар
Туыстығы:Стафилококктар
Түрі:Стрептококктар және Пневмококктар
3.Тұқымдастығы:Нейсериялар
Туыстығы:Нейсерия
Түрі:Менигококктар және гонококктар
Барлығына тән қасиет- іріңді қабыну процесін тудырады, оларды іріңтудырушылар
/пиогенділер/ деп атайды. Олар қозғалмайды, сеппе (спора) түзбейді. Пневмококктар капсула түзеді. Тинкториалды қасиеттері бойынша:
Грам+ стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар
Грам- менигококктар, гонококктар
Қоректік орталары мен биохимиялық қасиеттеріне қарай бір-бірінен айырмашылықтары бар. Мысалы: Стафилококктар қоректік ортаға онша талғампаз емес, ал биохимиялық қасиеті белсенді. Гонококктар керісінше, қоректік ортаны талғайды, биохимиялық қасиетінің белсенділігі төмен.
Стафилококктар

1897 ж Л.Пастер тапқан. 1882 ж А.Огстон, 1889 ж Ф.Розенбах зерттеген.


Морфологиясы.
Стафилококк-грек сөзінен аударғанда-staphyle-жүзім деген мағынаны береді, шар тәрізді (0,5-1,5мкм).Көбейе келе жүзім тәрізді болып шоғырланады. Кейде іріңде бір-бірден де орналасуы мүмкін. Қозғалмайды, сеппе түзбейді, Грам + боялады, кейде микрокапсула түзуі мүмкін.
Дақылдануы.
Стафилококктар- факультативті анаэробтар.Жай қоректік орталарда, қан қосқан ортада да өсе береді. t-37С рН-7,2-7,4
Элективті ортасы:ЖСА және тұзды агар. ЕПА-да стафилококктар дөңес, мөлдір емес, жылтыр, дөнгелек келген көлемі 2-4 мм шеттері тегіс колониялар түзеді.Олар ақ, лимон-сары, алтын тәрізді жылтыр пигменттер түзеді.Шашыранды сәуледе, бөлме t-да, сүт қосылған агарда пигмент жақсы түзіледі.Стафилококк пигменті суда ерімейді, ацетон, эфир, спиртте ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет