Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелері, проблемалары:
қоғамды демократияландыру, ізгілендіру жағдайында адамның жеке тұлға болып қалыптасу проблемасы;
Республиканың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамыту және халықтың бай дәстүрін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдалану проблемасы;
Дүниежүзілік мәдениетті, жалпы адамзаттық құнды игілікті және дүние танымдық көзқарасты, халықаралық қатынасты қамтамасыз ететін – ана тілі проблемасы; сондықтан тәрбиенің басты мақсаттарының бірі — әрбір сәбиден бастап рухани, адамгершілік байлықтың көзі ана тілін жетік меңгеруді, әрбір адамның өмірлік қажеттілігіне айналдыру проблемасы;
Жеке бастың қалыптасуында қозғаушы күштерді анықтауда әлеуметтік және биологиялық факторлардың шешуші ролін зерттеу проблемасы;
Қоғам дамуының өркениеттілік танденциясына байланысты тәрбие мен білім берудің мақсатын жаңаша қарау проблемасы;
Қазақстан Респуликасының көп ұлттылық жағдайында жастарды ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу проблемасы;
Азаматтардың белсенділігіне жол ашу, әр азамат саяси және экономикалық әр алуан түрлілік жағдайында меншік иесі ретінде өз қабілетін толық таныта алатындығын зерттеу проблемасы;
әртүрлі пәндерді оқып – үйренуде диалектикалық тұрғыдан қарау, оқыту процесінде пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ашу және жүзеге асыру негізінде қазіргі заманның ғылыми интеграциялық байланыстарын зерттеу проблемасы;
тарих төрінен орын алып келе жатқан жаңа дәуір мұғалімнің кәсіби педагогикалық еңбегінің ерекшелігін зерттеу проблемасы;
ұлттық мектептерді дамыту және оның білім беру мазмұнын жаңарту проблемасы;
кәсіптік техникалық білім берудің педагогикалық проблемасы;
политехникалық білім беру, еңбекке тәрбиелеу және кәсіптік білім берудің өзара байланыстылық проблемасы;
оқу-тәрбие процесін дербестендіру және даралау проблемасы;
нарықтық экономика жағдайында жасөспірімдерді өмірге, еңбекке дайындау, кәсіптік іскерлігін арттыру проблемасы.