Пән: Басқару психологиясы Орындаған: Жанатқызы Назым Мамандық: Шет тілдері педагогтерін даярлау Топ: 101 Эссе «Басшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері»



Дата19.11.2023
өлшемі15,66 Kb.
#124895

Пән: Басқару психологиясы
Орындаған: Жанатқызы Назым
Мамандық: Шет тілдері педагогтерін даярлау
Топ: 101
Эссе
«Басшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері»
Көшбасшы өзін-өзі көрсетеді, көшбасшыны
басқалар жиі тағайындайды. Көшбасшы
ресми функцияларды орындайды, көшбасшы
өз мақсатына жету үшін кез-келген функцияны
орындайды. Басшы басшыларға есеп береді, ал
көшбасшы команда алдында жауап береді.
Марғұлан Сейсембай

Қазіргі уақытта басшы кез-келген ортада бар. Қоғамның әр қабатында, өнеркәсіптің, шаруашылықтың барлық салалары мен құрылымында әртүрлі басшыларды кезіктіреміз. Алайда, сол басшылардың барлығы қызметкерлерінің көңілінен шыға бермейді және адамдардың жиі жұмыс орнын ауыстыруының көп жағдайда себебі басшы тарапынан орын алған дұрыс емес қарым-қатынас болып жатады. Сонымен, ұжымдастарының көңілінен шығатын, басқарып отырған өндірісін жетістікке бастайтын басшы қандай болуы керек? Басшының негізгі психологиялық ерекшеліктері қандай?


Эпиграф ретінде алынған Марғұлан Сейсембай ағамыздың сөзіне сүйенсек, нағыз басшы өз командасының алдында жауапкершілік танытатын, ұжымды биік шыңдарға жетелейтін және қызметкерлерінің пікірімен санаса білетін көшбасшы болуы қажет.
Өз мамандығым мұғалім болғандықтан, осы орайда өз саламыздағы басшымыздың менің ойымдағы портретін сиппатағым келеді. Ең алдымен, басшының кәсіби біліктілігі маңызды рөл ойнайды. Басшы өз мамандығында кәсіби құзыретті болуы керек. Яғни, оқу бағдарламаларын жетік білуі, білім саласындағы болып жатқан барлық жаңалықтардан құлағдар болып отыруы, қол астындағы қызметкерлерге үлгі бола аларлықтай тәжірибесінің болуы – басшының бірден-бір қасиеті деп ойлаймын.
Бүгінгі жоғары қарқынмен дамып жатқан қоғамда басшының жаңашылдық қасиеттері аса құнды. Бұл дегеніміз, болып жатқан жаңашылдықтардан қалыс қалмай, жастармен бір толқында болу аса маңызды. Себебі, мұндай басшы «Бұлақ көрсең, көзін аш», -демекші, жас мамандардың бастамаларына қолдау көрсете алады, әрі өз айналасына білікті мамандарды жинақтау мүмкіндігіне ие болады.
Басшының бойынан көргіміз келетін қасиеттердің тағы бірі – әділеттілік, жанашырлық сияқты адами қасиеттер. Өйткені, ұжым мүшелерінің жетістіктерін , талпыныстарын ескеріп, кездесулер мен мерекелерде мақтап, мадақтап, шабыттандыру және отбасылық әртүрлі жағдайларда қолдап отыру қызметкердің көзінде басшының беделін арттырады. Мектеп баланың білім алатын негізгі ортасы болғандықтан, ол ортада оқушымен немесе оның ата– анасымен әртүрлі түсініспеушіліктер мен ыңғайсыз жағдайлар орын алуы әбден мүмкін. Сол сияқты жағдайларда ата– ананы да сабырға шақырып, мұғалімнің де дәрежесін сақтай отырып мәселенің тігісін жатқызу нағыз білікті басшының ісі деп білемін. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, жіберген қателігін сездіре білу-бұл нағыз шебер басшының ісі. Заманауи басшы ұжым мүшелерінің арасында да өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен үлкен беделге ие. «Тәуелсіз ел ұрпағының тәрбиесі, ұлт тәрбиесі ұстаздардың қолында» десек, ал ұстаздардың мүддесі: демалысы, білімін жетілдіру сияқты мәселелердің шешімі білікті де іскер басшының қолында екені сөзсіз.
Қорыта айтатын болсам, осы жоғарыда айтылғандардың негізінде мектепте жаңа үлгіде, жаңа технология әдістерін қолдану арқылы адамгершілік тұрғыдан басшылық жүргізу-мектеп мұғалімі мен оқушыларының өзін-өзі дамытуына, жан-жақты білім алуына көмектеседі. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұжым мүшелерінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін табыс формуласы тұрғысында жетістіктерге жеткен, жетуге жұмыстанатын заманауи басшы үрдісіне сай болу көп күш-қуатты талап ететін іс екені сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет