Пән силлабусы пән туралы ақпарат Пән атауы Әлем әдебиеті және оны оқыту Кредиттер саны 5 Курс, семестр 4-курс, 7-семестр Мамандықтың шифры мен атауы «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет1/3
Дата14.10.2023
өлшемі107,17 Kb.
#114325
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ПӘН СИЛЛАБУСЫ
1. Пән туралы ақпарат
Пән атауы Әлем әдебиеті және оны оқыту
Кредиттер саны 5
Курс, семестр_4-курс, 7-семестр
Мамандықтың шифры мен атауы_ «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Институт, кафедра Филология институтының
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Оқытушының аты-жөні, лауазымы, дәрежесі, атағы: Каримова Гульмира Сарсемхановна - P.hD,қауымд.профессор
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) karimova_g77@mail.ru, 87089155083


2. Бақылау түрі тест түріндегі емтихан
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)  0,6 + емт  0,4


3. Пәннің қысқаша мазмұны.


Пәннің мақсаты: әлем әдебиеті тарихының кезеңдерімен, көрнекті өкілдерімен, әдебиеттің көркемдік-эстетикалық қызметімен таныстыру, көркем шығарманы талдау мен бағалаудың жолдарына баулу; осы саладағы ғылыми тұжырымдарды саралауға, өздерінің ізденіс бағытымен үйлестікте зерделеуге баулу, әдеби-эстетикалық, теориялық танымын қалыптастыруға ықпал ету.


Пәннің міндеттері: жоғарғы оқу орындарында әбден қалыптасқан, негізгі нысаны мен ішкі мазмұны, зерттеу әдістері біршама айқындалған ғылыми курс. Әлем әдебиетіндегі әдеби процесс жөнінде кең көлемді мағлұмат беру, көркемдік әлемінің сырларын түсінуге және түсіндіруге машықтандыру, осылардың нәтижесінде студенттердің көркемдік-эстетикалық талғам-танымын қалыптастыру болып табылады.
Курс аяқталған соң студент:

  • Әлем әдебиетіндегі теориялық бағыттар мен мектептер, методологиялық ортақтастық мәселелері жөнінде жанжақты түсінік қалыптасуы;

  • Әлем әдебиетіне қатысты философиялық, әдебиеттанушылық, педагогикалық, психологиялық, оқу-әдістемелік байланыстарын, негіздерін ажырата білуі;

  • Әлем әдебиетіне қатысты зерттеу еңбектеріне ғылыми тұрғыда талдау жасай алуы;

  • көркем шығарманы талдауда теориялық білімдерін шығармашылықпен пайдалана алу дағдыларын пайдалана алады.

  • Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді;

  • Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады;

  • Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет