Пән туралы ақпарат Пәннің атауы Басқару психологиясы Кредит саны Курс, семестр



бет1/10
Дата24.10.2022
өлшемі53,94 Kb.
#45135
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ МЕКТЕП МИНИСТРЛІГІ
ABAI UNIVERSITY
SYLLABUS

1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы Басқару психологиясы
Кредит саны 5
Курс, семестр 1 курс, 1 семестр
Оқу жылы 2022-2023
Білім бағдарламасының атауы және шифры Барлық педагогикалық мамандық магистранттарына
Институт Педагогика және психология
Кафедра Педагогика және психология
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі,ғылыми атағы, қызметі п.ғ.к., аға оқытушы. Байдалиев Д.Д. п.ғ.м.,аға оқытушы Сахиева Л.М.8747 156 99 25
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) 87711588181, 87001588181, Baidaliev-d@mail.ru .
8747 156 99 25,Sakhieva.Leyla@mail.ru
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*
Бағалау критерийлері:
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген мән-жайлар және т.б. жағдайында ұзартылуы мүмкін. Конструктивті сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығуларды орындау мен кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1.Әр сабаққа кестеге сәйкес, тақырыпқа сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2.Үй тапсырмалары пән кестесінде берілген.
3.Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4.Семестр барысында сіз оқу материалдарын қолданасыз
* СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс.

Пән туралы жазбаша емтихан жұмысын бағалау шкаласы «Басқару психологиясы»

Балдар: 1 сұрақ -30; 2 сұрақ – 30; 3 сұрақ - 40

Білім алушылар:

A

– өз ойын жазбаша, стилистикалық сауатты жеткізді, сұрақтарға логикалық тұрғыда дұрыс жауап берді;
– тақырыпты толық аша білді, теориялық ережелерді нақты мысалдармен дәйекті түрде сипаттады;
– ғылыми терминологияны нақты қолдана алды;
– шығармашылық тәсілді қолдана отырып, практикалық тапсырманы толық көлемде орындады.

B

– жауаптың логикалық және ақпараттық мазмұнын бұрмаламаған шағын олқылықтарға жол берілді;
тақырыпты ашуда, теориялық ережелерді нақты мысалдармен сипаттауда, ғылыми терминологияны нақты қолданылуда, практикалық тапсырманы орындауда елеусіз дәлсіздіктерге жол берілді.

C

– білім алушы өз ойын жазбаша жеткізуде стилистикалық қателіктер жіберді, сұрақтарға жауап бергенде логиканы сақталмады;
– тақырыпты ашуда, теориялық ережелерді нақты мысалдармен сипаттауда, ғылыми терминологияны қолданылуда бірқатар қателіктерге жол берді;
– теорияны жаңа жағдайда және/немесе практикалық тапсырманы орындау кезінде қолдана алмайды.

D

– білім алушы өз ойын жазбаша жеткізуде көптеген стилистикалық қателіктер жіберді, сұрақтарға жауап бергенде логиканы мүлде сақталмады;
– тақырыпты ашуда, теориялық ережелерді нақты мысалдармен сипаттауда, ғылыми терминологияны қолданылуда өрескел қателіктерге жол берді;
– теорияны практикалық тапсырманы орындау кезінде қолдана алмайды;
– терминологияны пайдалану кезінде, ұғымдарды анықтаудакөптеген қателіктер жіберілді.

F

– жұмыс оқушының тексерілетін пән бойынша міндетті білімі мен іскерлігінің толық жоқтығын көрсетті.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет