Поэмасы. «Абай қазақ әлемінің терезесі»



бет1/10
Дата28.12.2022
өлшемі32,83 Kb.
#60009
түріПоэма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Абай даналығы[1]




Восход жалпы орта білім беретін мектебі.
«Абай даналығы» жобасы.


«Абай – қазақ әлемінің терезесі»


«Ескендір» поэмасы.
(9,11-сынып оқушылары)
Ұйымдастырушылар: Г.М.Бегилова
З.М.Нуменова


2019-2020 оқу жылы
«Абай даналығы» жобасы. «Ескендір» поэмасы.


«Абай – қазақ әлемінің терезесі»
(9,11-сынып)
Мақсаты: Оқушыларды А.Құнанбайұлының «Ескендір» дастанының жазылу тарихымен, мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Оқушылардың көркем шығармаға қызығушылығын арттыру, көркем шығармаларды сахналауға бейімдеу. Абайдың шығармашылығы туралы мәлімет беріп, білімдерін толықтыру.
Түрі: сыныптан тыс шара
Көрнекілігі: Абай туралы пікірлер, Абайдың даналық сөздері, презентация Абай шығармашылығына, сахналық көрініске қажетті жабдықтар.
Барысы:
Ойқозғау сұрақтар:
1.Абай Құнайбайұлы қай жылдары өмір сүрді? Абай ақын қай жерде дүниеге келді?
Жауабы: Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы. 1845-1904ж.ж.
2.Абайдың әкесі Құнанбай туралы не білесің?
Жауабы:Құнанбай 1804-1896 жылдарда өмір сүрген. Ол кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған.Шешен, терең ойлы, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған. Меккеге қажылыққа барға, Меккеге барған қазақтар түсетін Тақия деген үй салдырған. (тағы толықтыруға болады)
3.Абай Құнанбайұлы қай жерде білім алды?
Жауабы: Бала Абай кішкене күнінде ауыл молдасынан сауат ашады. Он жасында әкесі Абайды Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабдул Жаппардың, кейін Ахмет Риза медресесінде білім алады. Медресенің соңғы жылында «Приходская школада» үш ай оқиды. Абайды әкесі
13 жасында ел басқару ісіне араластыру мақсатында елге шақыртып алады.
4.Абайдың алғаш жарық көрген шығармалары кімнің атынан жарияланды?
Жауабы: Көкбайдың атынан жарияланды
5.Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан…» Абайдың қай өлеңінен алынған үзінді?
Жауабы: «Әсемпаз болма әрнеге»
Абай «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын кімнен аударды?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет