Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Әрбір мемлекет қоғамында мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүріп, білім алып, тәрбиеленуде. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тәуелді. Мүмкінділігі шектеулі балалардың денсаулығын қадағалау дәрігерлердің қызметі болса, тәрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тәрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті.
Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс, өйткені дені сау бала, мүмкіндігі шектеулі балаларға қарағанда қоршаған ортаны 83% көру жүйесі арқылы, 11% есту арқылы, 3,5% мұрын арқылы, 1,5 сипап сезу арқылы, 1% дәм сезу ақылы танып біледі.
Көру қабілеті бұзылған бала не істейді? Қоршаған ортаны қалай танып біледі? Осы орайда балаларға сол таным мен түйсікті сезінуге және үйретуге ықпал ететін фактор – оқытушылар. Мүмкіндігі шектеулі бала мектепке алғаш келген кезде қарапайым және түрлі ауыртпалық тудыратын қиыншылықтарға тап болады. Бұл қиындықтар қатарына өз-өзіне қызмет етуінің төмен, не мүлдем болмауы, гигиеналық тазалықты ұстана алмауы, ортаға тез бейімделмеуі сияқты мәселелерді жатқызуға болады.
Балалар дамуындағы аномальды балаларды арнаулы мектептерге жібереді. Аномальды балалар – физикалық немесе психикалық дамуы ауытқыған балалар. Кемістік немесе дефект балаларда іштен туа және жүре пайда болуы мүмкін. Іштен туа пайда болған кемістіктің болуы әр түрлі себептерге байланысты:
Жүре пайда болған кемістік – бұл баланың нәресте кезінде жұқпалы аурулармен науқастануы. Мысалы: эпидемиялық менингит, полиомелит, қызылша, скарлатина, т.б. аурулар.
«Аномальды балалар» — термині бұл арнаулы мектептерде оқытылатын балаларға арналған. Аномальды балалардың негізгі топтары:
Есту мүшелері нашар дамыған балалар (мүлдем естимейтіндер, нашар еститіндер)
Көру мүшелері нашар дамыған балалар ( мүлдем көрмейтіндер, нашар көретіндер)
Күрделі құрылымды кемістігі бар балалар
Ақыл-есі нашар дамыған балалар
Сөйлеу қабілеті нашар дамыған балалар (алалия, тұтықпа, дислалия, дизартрия)