ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
1.Тақырыбы: Микронутриомика. Майда еритін витаминдердің құрылысы, биологиялық әсері, авитаминозы, тағам көздері және тәуліктік қажеттілігі. Микроэлементтер. Микроэлементтердің (темір, мырыш, мыс, кобальт, селен, марганец, йод, фтор) тағам көздері, қорға жиналу орны мен формасы, биологиялық ролі.
2. Мақсаты:
1. Студенттерде майда еритін витаминдердің авитаминозы белгілерінің биохимиялық механизмдері туралы білімдерін қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері:
Сабақтың соңында студенттер қабілетті болады:
1.Заттар алмасуының әртүрлі процестеріндегі майда еритін витаминдердің ролін сипаттауға.
2.Майда еритін витаминдердің тапшылығы мен артық мөлшерде болуымен байланысты күйлерді сипаттауға.
3. Майда еритін витаминдердің тағам көздері бойынша ұсыныстар беруге.
4. Микроэлементтердің тағамдық көздерін және олардың қорға жиналу орнын көрсетуге.
5. Микроэлементтердің метаболизмдегі ролін сипаттауға.
6. Ағзадағы микроэлементтердің жетіспеуін және артық болуын түсіндіруге.
4.Әдебиеттер, соның ішінде электронды қор:
Міндетті:
1.Биохимия: Оқулық Е.С. Северин ред. (қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова), Мәскеу, 2014. – 117-130; 604-609 б.
2. Harvey, A.Richard Biochemistry [Текст] / Lippincott’s illustrated Reviews.- Sixth edition.- New Delhi, Philadelphia, Wolters Kluwer Health, 2014. - 373-394 p.
Қосымша:
1.Плешкова С.М.,Абитаева С.А., Булыгин К.А. Основы частной биохимии. Курс лекций Алматы, 2004, с.138-146
2. Клиническая биохимия под ред. Ткачука В.А.,М., 2002. – с.32-38
3.Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии, Алматы,2009, с. 55, 70-71
4.Скальный А.В. Микроэлементозы человека. М., 2001
Электронды ресурстар:
1. Жиро растрворимые витамины https://youtu.be/2quQFBtdgC4
2.Микронутриомика https://youtu.be/JGdrLpdriJE
5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
1. Майда еритін витаминдердің сіңуіне қажетті факторлар (бұл сұрақ үш тілде талқылануы керек. Орыс бөлімінде – қазақ тілінде, қазақ бөлімінде - ағылшын тілінде, халықаралық факультетте – орыс тілінде)
2. А витамині. Құрылысы, биологиялық рөлі, авитаминозы, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы. Провитаминдер
3. Д витамині. Құрылысы, алмасу-активті формалары, биологиялық рөлі, авитаминозы, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы. Гипервитаминоз туралы түсінік.
4. Е витамині. Құрылысы туралы түсінік, биологиялық рөлі, авитаминоз, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.
5. К витамині. Құрылысы туралы түсінік, биологиялық рөлі, витамерлер, авитаминозы, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.
6. Балалардағы витаминдік статустың ерекшеліктері. (майда еритін витаминдер бойынша)
7. Микро- және макроэлементтерге, эссенциальды және шартты эссенциальды микроэлементтерге анықтама беру.
8. Организмдегі микроэлементтердің тапшылығының және артық болуының себептері.
9. Темірдің ролі, оның тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы, организмдегі мөлшері, тағам көздері, анықтаудың маңызы, патологияда өзгеруі.
10. Кобальттың ролі, оның заттар алмасуына қатысуы, организмдегі мөлшері, тағам көздері, анықтаудың маңызы, патологияда өзгеруі.
11. Мырыштың ролі, оның заттар алмасуына қатысуы, организмдегі мөлшері, тағам көздері, анықтаудың маңызы, патологияда өзгеруі.
12. Мыстың ролі, оның тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы, организмдегі мөлшері, тағам көздері, анықтаудың маңызы, патологияда өзгеруі.
13. Селеннің ролі, оның ағзаның антиоксиданттық қорғанышына қатысуы, организмдегі мөлшері, тағам көздері, анықтаудың маңызы, патологияда өзгеруі.
14. Марганецтің ролі, оның заттар алмасуына қатысуы, организмдегі мөлшері, тағам көздері, анықтаудың маңызы, патологияда өзгеруі.
15. Йодтың ролі, оның гормондардың синтезіне қатысуы, организмдегі мөлшері, тағам көздері, анықтаудың маңызы, патологияда өзгеруі.
16. Фтордың ролі, оның заттар алмасуына қатысуы, организмдегі мөлшері, тағам көздері, анықтаудың маңызы, патологияда өзгеруі.
Достарыңызбен бөлісу: |