Практикумы оқу құралы 2013 жыл Алматы 2013 1 0 0 0 6 0 0 4


  Ортобор  қышқылын  алу  және  оның  қасиеттері



Pdf көрінісі
бет24/33
Дата12.03.2017
өлшемі6,26 Mb.
#8932
түріПрактикум
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33

2.  Ортобор  қышқылын  алу  және  оның  қасиеттері.  а)  Сынауықтағы  натрий 
тетраборатының  қанық  ерітіндісіне  (бура)  жайлап  конц. 
4
2
SO
H
,  ерітіндісін  құйыңдар. 
Қоспаны су астында салқындатыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
ә)  Ортобор  қышқылының  суда  ерігіштігін  (суық  күйде,  қыздырып)  байқап, 
қорытындысын жазыңдар. 
б) Аз ғана ортобор қышқылын суда ерітіп, лакмус қағазына әсерін байқаңдар (алынған 
ерітіндіні  2г-тәжірибеге  сақтап  қойыңдар).  Ортобор  қышқылының  диссоциациялану 
дәрежесі қандай? Қорытындысын жазыңдар  
в) Сынауыққа 1 г ортобор қышқылы мен 1 г натрий хлоридін араластырып салыңдар. 
Сынауықты  штативке  бекітіп,  қыздырыңдар,  қандай  газ  бӛлінетіндігін  иісі  арқылы 
анықтаңдар. Ол газды қалай бӛліп алуға болады, реакция теңдеуін жазыңдар. Неге ортобор 
NaOH

 
180 
қышқылы  тұз  қышқылын  ығыстырып  шығарады?  Осы  тәжірибені  2б-мен  салыстырыңдар. 
Қандай жағдайда қандай қышқылдар ортобор қышқылын ығыстырып шығарады? 
г)  2б-тәжірибесінде  алынған  ортобор  қышқылының  ерітіндісіне  Mg қиындысын  не 
ұнтағын салыңдар, қандай газ бӛлінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
д)  Платина  немесе  нихром  сымының  ұшын  иіп,  қаттықыздырып,  сонан  соң 
3
3
BO
H
ұнтағына тигізіп, сымды қайтадан жалынға ұстаңдар. Жалынның түсі қалай ӛзгереді? 
3.  Бор  қышқылының  тұздарының  қасиеттері.  а)  Натрий  тетрабораты  (бура) 
ерітіндісінің  лакмус  қағазына  әсерін  байқаңдар.  Натрий  тетраборатының  гидролиздену 
реакциясының теңдеуін жазыңдар. 
ә)  Платина  немесе  нихром  сымын  иіп,  сол  иілген  жеріне  аз  ғана  натрий 
тетраборатының  ұнтағын  салыпспирт-шамының  жалынынаұстаңдар,  шыны  тәрізді  мӛлдір 
қауырсынының түзілгендігін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
б)Түзілген  қауырсынды  сынауықтағы  концентрлі  кобальт  тұзының  ерітіндісіне 
салыңдар,  қауырсынның  құрамы  қандай  және  түсі  ӛзгере  ме?  Түс  беріп  тұрғанқандай 
қосылыс? 
в)  3б-тәжірибені  қайталап,  қауырсынды  хром  (III)  тұзының  қаныққан  ерітіндісіне 
салыңдар. Түсі қандай, қай қосылыс түс беріп тұр? 
4.Алюминийдің  оттегімен  әрекеттесуі.  Алюминий  пластинкасын  зімпарамен 
тазалаңдар.  Сонан  соң 
2
3
2
)
(NO
Hg
немесе
2
HgCl ерітіндісін  тамызыңдар  (бұл  ерітінді 
өтеулы).  Тамшының  әсерінен  пластинканың  түсі  қалай  ӛзгереді,  неге?  Тамшыны  жуып, 
сүртіп пластинканы ауада қалдырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар
5. Алюминийдің сілтімен әрекеттесуі. Сынауыққа алюминий жаңқасын салып, 30% 
ерітіндісін  құйыңдар.  Бӛлініп  жатқан  газдың  сутегі  екенін  дәлелдеңдер.  Реакция 
теңдеулерін жазыңдар. Түзілген гидроксокомплексті қосылыс қалай аталады? 
6. Алюминийдің сумен әрекеттесуі. Сынауыққа аз ғана алюминий үгіндісін салып, 3-
5  мл  су  қосып  араластырыңдар.  Реакция  жүре  ме?  Қыздырыңдар.  Енді  сынауыққа      2-3  мл 
сұйытылған  сілті  ерітіндісін  құйып,  тӛгіп  тастап,  сумен  бірнеше  рет  жуыңдар,  қайтадан  су 
құйып қойыңдар. Біраз уақыттан соң газ кӛпіршіктерінің бӛлінгендігі байқалады. Қандай газ 
бӛлініп  жатқандығын  дәлелдеңдер.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Реакция  қандай  жағдайда 
жүреді? 
7.Алюминийдің  қышқылдармен  әрекеттесуі.  (ә,б-тәжірибелері  тартпа  шкафта 
жүргізілуі  керек).  а)  Алюминийдіметалдардыңэлектрохимиялықкернеу  қатарындағы  орны 
мен  стандартты  электрондық  потенциалының  шамасымен  танысыңдар.  Осыған  орай 
сұйытылған  HCl   мен 
4
2
SO
H
әрекеттесу  мүмкіндіктері  жӛнінде  қорытынды  жасаңдар. 
Реакция нәтижесінде не түзіледі? 
Жасаған  қорытындының  дұрыстығына  тәжірибе  арқылы  кӛз  жеткізейік.  Екі 
сынауыққа  алюминий  түйіршіктерін  салып,  біреуіне  2  н  HCl ,  екіншісіне  2  н 
4
2
SO
H
ерітіндісін  құйып  қыздырыңдар.  Не  байқалады?  Бӛлініп  жатқан  қандай  газ?  Молекулалық 
және иондық түрде реакция теңдеулерін жазыңдар. 
ә)  Сынауықтағы  алюминий  түйіршіктеріне  конц. 
4
2
SO
H
құйыңдар.  Сынауықты  баяу 
қыздырыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. 
б) Алдын ала зімпара қағазымен тазаланған алюминий қиындысын сынауыққа салып, 
конц. 
3
HNO
  құйыңдар.  Алюминий  ери  ме?  Біраз  уақыттан  кейін  металды  сілкімей  (неге?) 
ақырын  қышқылды  құйып  алып,  алюминийді  2-3  рет  сумен  жуу  керек.  Содан  кейін  конц. 
HCl   құйыңдар.  Реакция  жүре  ме?  7а-тәжірибелермен  салыстырыңдар,  конц. 
3
HNO
 
(қыздырмай  тұрғанда)әсер  еткен  алюминий  бӛлігінің  үстіңгі  қабатында  қандай  ӛзгеріс 
болғанын түсіндіріңдер. Енді  HCl  ерітіндісін тӛгіп тастап қайтадан конц. 
3
HNO
 құйыңдар. 
Ақырын жайлап қыздырыңдар. Қандай газ бӛлінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
NaOH

 
181 
8.  Алюминий  гидроксидін  алу  және  оның  қасиеттерін  зерттеу.  а)  Сынауықтағы 
алюминий  тұзының  ерітіндісіне  тұнба  түзілгенше 
  ерітіндісін  қосыңдар.  Түзілген 
тұнбаның түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
ә)  Тұнбаны  екіге  бӛліп  біріне  HCl ,  екіншісіне 
  ерітіндісін  қосыңдар. 
Алюминий гидроксидінің химиялық қасиеті жӛнінде қорытынды жасаңдар. Реакция теңдеуін 
жазыңдар. 
б)  Тұнбаны 
3
)
(OH
Al
  алып  сүзіп,  сүзгі  қағазында  жуыңдар.  Содан  кейін  қандай 
болмасын  бір  органикалық  бояудың,  айталық  метилен  кӛгінің  ерітіндісіне  салыңдар.  Бұл 
тәжірибеде алюминий гидроксиді қандай қасиет кӛрсетеді? 
9.  Алюминий  тұздарының  гидролизі.  а)  Алюминий  сульфатының  ерітіндісіне 
лакмус  қағазын  салыңдар.  Лакмус  қағазының  түсінің  ӛзгеру  себебін  түсіндіріңдер. 
Гидролиздену  реакциясының  теңдеуін  жазыңдар.  Неліктен  осы  тұздың  гидролизі  аяғына 
дейін жүрмейді? 
ә)  Алюминий  сульфатының  ерітіндісіне  аммоний  сульфидін  қосыңдар.  Түзілген 
тұнбаны сүзіп, оны сүзгі қағазында жуыңдар, тұнбаны екіге бӛліп, біріне сұйытылған  HCl 
екіншісіне 
  ерітіндісін  құйыңдар.  Не  байқалады?  Осы  тәжірибеге  сүйене  отырып, 
алынған  тұнбаның  құрамы  туралы  не  айтуға  болады?  Реакция  теңдеуін  молекулалық  және 
иондық түрде жазыңдар. Гидролиздің аяғына дейін жүруіне не әсер етеді? 
б) Алюминий сульфатының ерітіндісіне натрий ацетатының ерітіндісін құйыңдар. Не 
байқалады? Ерітіндіні қайнатыңдар, бұл жағдай реакцияның жүруі үшін қандай маңызы бар? 
Қай зат тұнбаға түседі? 
в)    Натрий  гидроксоалюминатын  алу.  Оған 
Cl
NH
4
қанық  ерітіндісін  құйып 
қыздырыңдар.  Не  байқалады?  Тұнбаның  түсі  және  құрамы  қандай?  Қандай  газ  (иісі 
бойынша) бӛлінетіндігін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
10.Алюминий  ашудасын  алу.  Алюмокалий  ашудасын  алу  мына  реакцияға 
негізделген:  
O
H
SO
KAl
O
H
SO
K
O
H
SO
Al
2
2
4
2
4
2
2
3
4
2
12
)
(
2
6
18
)
(
 
7,5  г
O
H
SO
Al
2
3
4
2
18
)
(
таразыда  ӛлшеп  алып,  50  мл  суда  ерітіңдер.  Реакция  теңдеуі 
бойынша 
4
2
SO
K
-тің  ерітіндісін  араластыра  отырып 
O
H
SO
Al
2
3
4
2
18
)
(
ерітіндісін қосыңдар. 
Біраз уақыттан соң ашудас кристалдарының түзілгендігі байқалады. Кристалдар тұнған соң, 
ерітіндісін тӛгіп тастап, ашудас кристалдарын сүзгі қағазының арасына салып кептіру керек. 
Алынған затты таразыда ӛлшеп, шығымын (%) есептеп шығарыңдар. 
11.Кобальт  алюминатының  түзілуі.  Сүзгі  қағазының  бір  бӛлігін  алюминийдің 
қандай  да  бір  тұзымен  және  1-2  тамшы 
2
3
)
(NO
Co
тұзымен  ылғалдап,  жалынға  ұстап 
кептіріңдер.  Содан  кейін  тигельге  салып,  жағып,  күлін  әбден  ұнтақтаңдар.  Жоғарғы 
температурада 
2
2
)
AlO
Co
түзіледі,  түсі  кӛк,  тенар  кӛгі  деп  аталады.  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
 
Жаттығулар мен есептер 
1.  Барий  метаборатының,  кальций  тетраборатының,  калий  метаалюминатының, 
натрий  гексагидроксоалюминатының  молекулалық  және  құрылымдық  формулаларын 
жазыңдар. 
2. Тӛмендегі айналымдарды жүзеге асырыңдар: 
2
7
4
2
7
4
2
2
3
3
3
2
NaBO
O
B
Na
O
B
H
HBO
BO
H
O
B
B
 
3. Тӛмендегі реакцияны соңына дейін жазып, коэффициентін дұрыс қойыңдар. 
4
2
SO
H
Al
 конц.
t
....... 
3
HNO
Al
 конц.
t
...... 
.....
)
(
)
(
3
ерт
NaOH
OH
Al
 
NaOH
NaOH
NaOH

 
182 
.....
2
3
O
H
AlCl
 
....
4
2
4
SO
H
KMnO
Al
 
.....
)
(
3
2
балкыма
NaOH
O
Al
 
4. Алюминий сульфаты мен натрий карбонаты ерітінділері арасында жүретін реакция 
теңдеулерін жазыңдар. 
5.  Егер  реакция  ӛнімі  натрий  тетрабораты  болса,  онда  200  г  3%  бор  қышқылын 
бейтараптау үшін 1 М натрий гидроксидінің қанша кӛлемі жұмсалады?  
6. Массасы 4,5г алюминийден 
3
2
3
2
S
Al
S
Al
 теңдеуі бойынша түзілетін алюминий 
сульфидінің зат мӛлшерін және массасын есептеңдер. 
7.  Магнийдің  алюминиймен  балқымасының  50  грамын  тұз  қышқылында  еріткенде 
48,25 л (қ.ж.) сутегі бӛлінді. Балқымадағы металдардың массалық үлестерін (%) есептеңдер. 
8. 20 г аморфты борды 65% 50 мл  азот қышқылын (
)
/
4
,
1
мл
г
тотықтыру арқылы 
қанша  грамм  бор  қышқылын  алуға  болады?  Азот  қышқылы  азот  (ІІ)  оксидіне  дейін 
тотықсызданады.  
 
Металдарға жалпы сипаттама 
 
Металдар  Д.  И.  Менделеев  жасаған  периодты  жүйенiң  80%  алады.  Олар  периодты 
жүйенiң  IА,  IIА,  IIIА  топшаларында  (сутегi  мен  бордан  басқа),  басқа  да  А  топшалардың 
тӛмен  жағында,  В  топшаларда  орналасқан.  Барлық  f  элементтер  металл  болып  табылады. 
Дәлiрек айтсақ, периодтық жүйеде 85 металл бар. 
Физикалық қасиеттері. Барлық металдар (сынаптан басқа) қалыптыi жағдайда қатты 
болады.  Олардың  қаттылығы  әр  түрлi.  Мәселен  IА  топша  элементтерi  ӛте  жұмсақ,  оларды 
пышақпен оңай кесуге болады. Ал VI В топшасы металдары ӛте қатты, хромның қаттылығы 
алмазға пара пар. 
Металдардың  басқа  заттардан  тағы  бiр  айырмашылығы    металдық  жарқылы. 
Металдық  жарқыл    олардың  бетiне  түскен  сәуленi  жұтып  алмай,  шағылыстыруына 
байланысты.  Ең  жарқылы  күштi  металдар  күмiс  пен  палладий.  Оларды  айна  жасауға 
пайдаланады. 
Металдардың  айрықша  қасиетi    электр  ӛткiзгiштiк.  Электрӛткiзгiштiк  қасиет 
металдарда әр түрлi болады. Ең жақсы ӛткiзгiш күмiс, мыс, ең нашар ӛткiзгiш қорғасын мен 
сынап. Электрӛткiзгiштiк қасиет металдық байланыстың болуында, яғни металдың кристалл 
торындағы  бос  электрондар  бiрбеткей  жылжи  бастайды.  Температураны  жоғарылатса 
металдың  ӛткiзгiштiгi  кемидi,  ал  тӛмендеткен  кезде  артады.  Абсолют  нӛльде  металдың 
ӛткiзгiштiгi шексiз, яғни аса жоғары ӛткiзгiштiк құбылыс байқалады. 
Металдар   жақсы жылу ӛткiзгiштер. 
Металдардың  маңызды  қасиетiнiң  бiрi    пластикалығы.  Пластикалық  деп  заттың 
берiлген пiшiндi сақтап қалу қасиетiн айтады. 
Барлық  металдарды  ұруға,  жаймалауға,  қаңылтырға  айналдыруға,  жiңiшке  жiпше 
созуға  болады.  Пластикалық  қасиетi  ең  жақсы  металдарға    алтын,  күмiс,  платина,  мыс 
жатады. Мәселен,1 г алтыннан ұзындығы 3 км жiңiшке ―жiп‖ созуға болады. 
Химиялық  қасиеттері.  Металдардың  химиялық  қасиетi  олардың  атомдарының 
құрылысына  байланысты.  Атап  айтқанда  металл  атомдарының  сыртқы  электрондарының 
күйiне  байланысты.  Барлық  металдардың  сыртқы  қабатында  электрон  саны  аз  және  олар 
ядродан бiршама алыс орналасқан. Сондықтан, химиялық реакция кезiнде металл атомдары 
сыртқы  электронын  оңай  берiп  тотығады,
 
ӛзi  оң  ионға  айналады.  Демек,  металдар 
тотықсыздандырғыш  болып  табылады.  Олардың  иондану  энергиясы  ӛте  тӛмен.  Металдар 
ешқашан электрон қосып алмайды, яғни тотықтырғыш қасиет кӛрсетпейдi. 
Металдардың  тотықсыздандырғыш  қасиетi  олардың  стандартты  электродтық 
потенциалдарына  байланысты.  Металдар  оттегiмен  қосылып  оксидтер  түзедi.  Тотығу 

 
183 
дәрежесi  тұрақты  металдар  оксидтерi  негiздiк(сiлтiлiк  және  сiлтiлiк-жер  металдары)  болып 
табылады.  Тотығу  дәрежесi  әртүрлi  бола  алатын  металдардың  тӛменгi  оксидтерi  негiздiк, 
ортаңғылары   амфотерлi, ал жоғарғылары - қышқылдық оксид болады. Мәселен, хромның 
үш түрлi оксидi бар. Хром (II) оксидi  CrO  негiздiк, хром (III) оксидi 
3
2
O
Cr
 амфотерлi, хром 
(VI) оксидi 
3
CrO
 қышқылдық. 
Алу  жолдары.  Кӛпшiлiк  металдар  активтi  элементтер  болғандықтан  табиғатта  тек 
қосылыс  күйiнде  кездеседi.  Сонымен  қатар,  кейбiр  активтiгi  шамалы  металдар  бос  күйiнде 
кездеседi.  Оларға  алтын,  күмiс,  платина  жатады.  Кейде  мыс,  сынап,  қалайы  да  бос  күйде 
болуы  мүмкiн.  Бос  күйiнде  кездесетiн  металдардың  стандартты  электрод  потенциалы 
сутегiнiкiнен жоғары. 
Табиғатта  металдар  кен  құрамында  болады. Жеңiл  металдар  әр  түрлi  тұздар  күйiнде 
кездеседi.  Олар  хлоридтер,  сульфаттар,  карбонаттар,  фосфаттар.  Ал  ауыр  металдар  кен 
құрамында оксидтер, сульфиттер күйiнде болады. 
Әдетте кен құрамында қажет металл ӛте аз болуы мүмкiн. Оны бӛлiп алу үшiн  кендi 
алдымен  байытады  -  кендегi  бос  жынысты  бӛлiп  -  концентрат  алады.  Кен  байытудың  әр 
түрлi әдiстерi бар. Байытылған кендi әрi қарай металл бӛлiп алу үшiн түрлi әдiстер қолданып 
ӛңдейдi.  Металл  ӛндiретiн  ӛндiрiстi  металлургия  деп  атайды.  Металлургияда  металл 
ӛндiрудiң  пирометаллургия,  гидрометаллургия,  электрометаллургия  және  металлотермия 
деген әдiстерi бар. 
Пирометаллургия  кендi  жоғары  температурада  қыздырып  ӛңдеуге  негiзделген. 
Металл  кеннiң  құрамында  оксид  түрiнде  болса,  бiрден  кӛмiртегi  не  кӛмiртегi  (II)  оксидi 
кӛмегiмен оны тотықсыздандырып бӛлiп алады: 
2
4
3
4
3
4
CO
Fe
CO
O
Fe
 
Гидрометаллургия әдiсiн қолданған кезде кен қажет ерiткiштермен (күкiрт қышқылы, 
натрий  гидроксидi,  калий  цианидi,  аммиак  т.  б.)  ӛңделiп,  бӛлiп  алатын  металл  ерiтiндiге 
айналдырылады. Ерiтiндiден таза металды тұндыру, электролиз не басқа металмен ығыстыру 
әдiстерiн  қолданып  бӛлiп  алады.  Мысалы,  кеннен  мыс  алу  үшiн,  оны  күкiрт  қышқылымен 
ӛңдейдi: 
O
H
CuSO
SO
H
CuO
2
4
4
2
 
Түзiлген мыс сульфатынан мысты электролизден немесе темiр ұнтағымен ығыстырып 
бӛлiп алады. 
Аса активтi металдарды бұл әдiстермен ӛндiруге болмайды. Ондай металдарды бӛлiп 
алудың бiрден-бiр жақсы жолы - электролиз. Электролиз кӛмегiмен таза металл алу саласын 
электрометаллургия  деп  атайды.  Бұл  әдiспен,  әдетте,  I  А,  II  А  -  топшасы  металдарын 
олардың тұздарының балқымаларын электролиздеп алады. 
Кейде  балқу  температуралары  ӛте  жоғары  металдар  алу  үшiн  металлотермия  әдiсiн 
қолдануға  болады.  Құрамында  металл  оксидi  бар  кендi  алюминий  ұнтағымен  араластырып 
жағады. Алюминий жанған кезде металды ығыстырады: 
Cr
O
Al
Al
CrO
3
2
3
3
2
 
 
Қалайы, қорғасын және олардың қосылыстары 
Бақылау сұрақтары  
  1. Қалайы мен қорғасын атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар. 
2. Оксидтерінен қалайы мен қорғасын қалай алынады? Реакция теңдеуін құрастырып, жүру 
жағдайларын көрсетіңдер. 
3.  Қалайы  мен  қорғасынның  тұз,  күкірт  және  азот  қышқылдарымен  әрекеттесу 
теңдеулерін жазыңдар. 
4.  Қалайы,  қорғасын  оксидтері  мен  гидроксидтерінің  қышқылдық,  негіздік  қасиеттері 
қандай? Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық-иондық түрде жазыңдар. 
5.  IV  топшадағы  элементтердің  сутекті  қосылыстарының  формулаларын  жазыңдар, 
олардың құрылысын сипаттаңдар. 

 
184 
6.  Қалайы  мен  қорғасынның  қосылыстарында  тотығу  дәрежелері  қандай?  Бұл 
қосылыстардың  тотығу-тотықсыздану  қасиеттерін  сипаттаңдар.  Сәйкес  реакция 
теңдеулерін жазыңдар. 
7.  Қалайы  мен  қорғасынның  катиондары  ерітіндіде  бірге  болса  оларды  қалай  анықтауға 
болады? Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық-иондық түрде жазыңдар. 
 
№14 зертханалық жұмыс 
Тәжірибелер 
Аспаптар  мен  реактивтер:қалайы,  қорғасын,  мырыш  металдары,  тұз  қышқылы,  күкірт 
қышқылы,  азот  қышқылы,  натрий  гидроксиді,  қалайы  (ІV)  хлориді,  қалайы  (ІV)  хлориді, 
сурик 
4
3
O
Pb
, қорғасын (ІV) оксиді, қорғасын ацетаты немесе нитраты, көмірқышқыл газы 
2
СO , фарфор табақша, сынауықтар. 
1.  Қалайының  қышқылдармен  әрекеттесуі.(тартпа  шкафта  жасау  қажет).  Алты 
сынауық  алып,  әрқайсысына  2  түйірден  қалайы  салып,  сұйытылған  және  концентрлі 
қышқылдар 
3
4
2
,
,
HNO
SO
H
HCl
  ерітінділерімен  алғашында  бӛлме  температурасында  әсер 
етіңдер,  кейін  қыздырыңдар.  Байқалған  құбылыстарды  жазыңдар.  Қалайы  сұйытылған  азот 
қышқылымен әрекеттескенде (салқында) ерітіндіде аммоний тұзы түзілетінін, ал концентрлі 
күкірт қышқылымен әрекеттескенде реакция ӛнімі күкірт (IV) оксиді екенін ескере отырып, 
реакция теңдеулерін жазыңдар. 
2.  Қалайының  сілтілермен  әрекеттесуі.  Сынауыққа  2-3  түйір  қалайы  салып,  концентрлі 
сілті  ерітіндісін  қосыңдар.  Ӛзгерісті  байқаңдар.  Бӛлінген  газдын  сутегі  екенін  қалай 
дәлелдеуге  болады?  Нәтижесінде  гидроксостаннат  (II)  түзілетінін  ескере  отырып,  реакция 
теңдеуін жазыңдар. 
3.  Қалайы  гидридінің  түзілуі.  Фарфор  табақшаға  шамамен  қалайы  (IV)  хлоридінің 
ерітіндісін  құйып,  концентрлі  тұз  қышқылын  қосыңдар  және  мырыш  түйірін  салыңдар.  Су 
құйылған  сынауықпен  араластырып  оны  жалынға  ұстаңдар,  қабырғасында  кӛкшіл  отты 
(жалынын) байқауға болады. Бұл жанған қалайы гидриді - 
4
SnH .  Қалайы  гидридінің 
4
SnH  
түзілу  реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Метан  мен  қалайы  гидридінің  тотықсыздандырғыш 
қасиеттерін салыстырыңдар. 
4.Қалайы  (II)  гидроксидінің  алынуы  және  қасиеттері.  Зертханада  бар  реактивтерден 
қалайы (II) гидроксидін алыңдар. Сілтіні артық қоспаңдар. Неге? Тұнбаның түсін және түрін 
байқаңдар.  Қалайы  (II)  гидроксидіне  сілті  мен  қышқылдың  әсерін  байқаңдар.  Реакция 
теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. 
5.  Қалайы  қышқылдары  және  олардың  қасиеттері.(5ә-тәжірибесін  тартпа  шкафта 
жүргізу  керек).  а)  Қалайы  (IV)  хлоридінің  ерітіндісіне  аммиактың  судағы  ерітіндісін 
тамшылатып  қосыңдар,  ақ  түсті  борпылдақ  α-қалайы  қышқылының  тұнбасы  түзіледі. 
Тәжірибе жүзінде оның қышқылдармен және сілтілермен әрекеттесуін тексеріңдер. Реакция 
теңдеулерін молекулалық-иондық түрде жазыңдар. 
ә) Фарфор табақшада қалайының бір түйіріне концентрлі азот қышқылын қосып қайнағанша 
қыздырыңдар.  β-қалайы  қышқылының  ақ  тұнбасы  түзіледі.  Суығаннан  кейін  табақшадағы 
тұнбаны  сумен  сұйылтып,  бірнеше  рет  сумен  шайқап  жуу  керек  (декантация).  β-қалайы 
қышқылы  концентрлі  тұз  қышқылында  және  сілтіде  ( KOH )  ери  ме,  жоқ  па?  Тексеріңдер. 
Байқалған  құбылыстарды  жазыңдар.  α-  жәнеβ-қалайы  қышқылдары  қасиеттерінің 
айырмашылығы қандай? 
6.  Қалайы(II)  хлоридінің  гидролизі.  Қалайы  (II)  хлоридінің 
O
H
SnCl
2
2
бірнеше  түйірін 
шамалы  суда  ерітіңдер.  Бұл  тұз  гидролиздене  ме?  Лакмус  қағазымен  тексеріңдер.  Алынған 
концентрлі ерітіндіні сумен сұйылтыңдар. Не байқалады? Тұздың гидролиздену дәрежесіне 
сұйылту  қалай  әсер  етеді?  Гидролиз  теңдеуін  жазыңдар.  Гидролизденудің  қайтымдылығын 
тәжірибе жүзінде тексеріңдер. Осы процестің механизмін түсіндіріңдер. 
7.  Қалайы  (II) 
2
Sn   катионының  тотықсыздандырғыш  қасиеттері.  а)  Сулема 
2
HgCl
(күшті улы зат) ерітіндісінің бір тамшысына (аз кӛлеміне) қалайы (II) хлориді ерітіндісінен 

 
185 
2-3 тамшы қосыңдар, содан соң артық мӛлшерде қосыңдар. Алғашқыда сынап (I) хлоридінің 
2
2
Cl
Hg
  (каломель)  ақ  тұнбасы  металл  сынапқа  дейін  тотықсызданады.  Сол  себептен  тұнба 
қараяды. Сынап (I) хлоридінің 
2
2
Cl
Hg
молекуласында сынаптың тотығу дәрежесі +1 екенін 
ескере отырып, тотығу-тотықсыздану реакция теңдеуін жазыңдар. 
ә)  Натрий  гидроксостаннатының  (II)  ерітіндісін  тәжірибе  арқылы  алыңдар,  оған  висмут 
тұзының  ерітіндісінен  бірнеше  тамшы  қосыңдар.  Не  байқалады?  Алғаш  висмут  (III) 
гидроксидінің тұнбасы, кейін металл висмут түзілгенін ескере отырып, реакция теңдеулерін 
жазыңдар. Натрий гидроксостаннаты (II) қандай қасиет кӛрсетеді? 
8.Қалайы  сульфидтерін  алу.  а)  Екі  сынауыққа  қалайы  (II)  хлоридінің  шамалы  ерітіндісін 
құйыңдар.  Біріншісіне  аммоний  сульфидін,  екіншісіне  күкіртсутегі  суы  ерітіндісін  қосып, 
қалайы  (II)  сульфидінің  түзілгенін  байқаңдар.  Түсі  және  түрі  қандай?  Сынауықтағы 
тұнбаның  мӛлшерін  салыстырып,  қорытынды  жасаңдар.  Байқалған  құбылыстарды 
түсіндіріңдер. Алынған қалайы (II) сульфиді тұз қышқылында ери ме? Реакция теңдеулерін 
молекулалық-иондық түрде жазыңдар. 
ә) 8а-тәжірибесін қайталаңдар. Ол үшін бастапқы зат ретінде қалайы(IV) хлоридін алыңдар. 
Тұнбаның түсін және түрін байқаңдар. 
 
Қорғасын 
Қорғасын қосылыстары улы, сондықтан  жұмыстан  кейін қолды сабындап жақсылап жуу 
керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет