Презентация №10 Еркіндік философиясы Құрастырған: философия ғылымдардың докторы, профессор Мирзабекова А. Ш



бет6/9
Дата05.10.2022
өлшемі31,33 Kb.
#41551
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мартин Хайдеггер
(1889-1976)
«Болмыс және уақыт» (1927)
«Ақиқаттың мәні туралы»
Хайдеггер еркіндікті ақиқаттың мәні деп түсіндіреді.

Ж.П. Сартр: еркіндік пен жауапкершілік


Сартрдің ілімінде еркіндік - абсолютті, мәңгі берілген нәрсе: «адамның жазмышы ерікті болуда». Еркіндік адам тіршілігінде оның мәнінен бұрын пайда болады. Сартр еркіндікті ешнәрсе істемеуге апаратын рух бостандығы емес, адамнан ешкім тартып алмайтын таңдау еркіндігі деп түсінеді: мысалы, қамаудағы адам «көнемін ба әлде өзімді қамаудан босату үшін күресемін ба?» деген мәселені өз еркімен шешуі керек.
Адам істеген әрекеті үшін және де алдын-ала өзі көздемеген кездейсоқтықтар үшін тұтас жауапкершілікті өз иығына алуға дайын екені оның өз еркімен таңдауды жасауына, шешімді қабылдауына байланысты
Жан-Поль Шарль Эма́р Сартр
(1905-1980)
«Экзистенциализм — бұл гуманизм»

Альбер Камю:еркіндік және абсурд


А. Камю «заңның абсолютті билігі еркіндік емес, бірақ одан артық еркіндікке заң билігіне мүлдем бағынбау апармайды», - деп ой қорытады.
Мүмкіндіктерді кеңейту еркіндікті бермейді, бірақ мүмкіндіктердің жоқтығы – құлдыққа апарады. Және анархия да - құлдық.
Мүмкіндік пен мүмкінсіздік айқын анықталған әлемде ғана еркіндік болады».
«…өмір сүру – абсурдты зерттеу, оған қарсы бүлік шығару… Мен абсурдтаң үш салдарды шығарамын — менің бүлігімді, менің еркіндігімді және менің ынтызарлығымды…және өзіме қол жұмсаудан бас тартамын»
Альбер Камю 
(1913 — 1960)
«Бүлікшіл адам»(1951)

Н.А. Бердяевтің еркіндік туралы ілімі


Бердяев еркіндікті озбырлық емес, қайта индивидуалдылықтың көкжиегін кеңейтетін дұрыс нәрсе деп түсінген.
Бердяев еркіндіктің екі түрін ажыратады:
- алғашқы иррационалды еркіндік, ол потенциалды еркіндік, ол рухтың көкіректілігіне жағдай туғызып, оның салдарынан Құдайдан безіп кетуге, табиғат пен қоғам әлемінде құлдыққа түсуге апарады;
- “екінші еркіндік - есті еркіндік, ақиқат пен ізгіліктегі еркіндік, ... Құдайдан берілген және Құдаймен бірге болуда еркіндік”. Рух қайтадан Құдаймен бірігіп, табиғатты жеңіп шығады, тұлғаның рухани біртұтастығы қалпына келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет