Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті.
Орындаған:Төленбай.М
Қабылдаған:Маметова.А
Тобы:1402-71
Тақырып
Табиғи экожүйелер мен олардың деградациясы.
Экология примида.
Экожүйе – экология ғылымындағы іргелі ұғымдардың бірі, "экологиялық жүйе" сөзінің қысқарған түрі. Белгілі бір ортада тіршілік етіп жатқан жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, микроағзаларды, олардың бір-бірімен байланысы және өзара зат пен энергия алмасуын "экожүйе" деп атайды.
Ғылымда экожүйені жіктеудің бірнеше тәсілі бар:
Оның ішінде кең тарағаны – экожүйені "табиғи" және "жасанды" деп екі үлкен топқа бөлу.
Табиғи экожүйе.
Табиғи экологиялық жүйе табиғат күштерінің арқасында пайда болған, адам қолы тимеген жаратылыс жүйесі, табиғи қалыптасқан орта. Табиғи жүйе – күрделі, таразысы тең кешен. Егер табиғи жүйенің тепе-теңдігі бұзылса, оның белгілі бір компоненті (өсімдік не жануар) жер бетінен жойылып не азайып кетуі мүмкін.
Жасанды экожүйе.
Жасанды экожүйе – адам жасаған орта мен онда тіршілік ететін жануарлар, өсімдіктер дүниесі. Мұндай жүйені кейде нообиогеоценоз не әлеуметтік экожүйе деп те атайды.
Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.
Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе. Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса да қарым -қатынаста болатын құрағыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады.
Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили.
Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады.
Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.
Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі
консументтер
продуценттер
редуценттер
Экожүйе түрлері
- микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі);
- мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ);
- макроэкожуйе (континент, мұхит);
- ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы).
Экожүйе көрсеткіштері мыналар:
Түр алуан түрлілігі-бұл тап осы экожүйедегі түзілетін өсімдіктер мен жануарлардың саны;
Популяция тығыздығы- тап осы түр дарақтарының аудан өлшем бірлігіндегі немесе көлем өлшем бірлігіндегі(мысалы, планктондар үшін) мөлшері;
Биомасса-энергиясы бар дарақтардың толық жиынтығындағы ағзалық заттардың жалпы мөлшері.(Әдетте биомасса аудан немесе көлем өлшем бірлігімен құрғақ затқа шығып, масса өлшем бірлігінде көрсетіледі;
Экологиялық пирамида — экожүйедегі продуценттер, консументтер (бірінші және екінші реттік) және редуценттер арасындағы олардың массасымен өрнектелген арақатынас.
Өрнектелу түрлері: • нақты массамен (биомасса пирамидасы), • дарақтар санымен (Элтон сандарының пирамидасы), • дарақтардың энергия мөлшерімен (энергиялар пирамидасы).
Қорытынды
Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе. Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса да қарым-қатынаста болатын құрауыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі Артур Тенсли. Былайша айтқанда экожүйе – зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік .
Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек.