Ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім сапасын арттыру
Орындаған: Майлиева Ж.С
Тобы: М1901-12
Қабылдаған: Боранбаева А.Р
Жоспар:
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыны оқытуда мамандардың негізгі функциялары мен бағыттары
Инклюзивті білім берудегі технологиялары мен әдістер
Инклюзивті білім берудің артықшылықтары мен кемшіліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесіyне назар бөлсек, қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесіyне назар бөлсек, қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.
Инклюзив сөзі − латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму ЕБҚЕ балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – ЕБҚЕ балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс- әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді,адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.