Презентация Тақырыбы:Ірімшік жасау технологиясы Жоспар



бет1/4
Дата02.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#88890
түріПрезентация
  1   2   3   4
Байланысты:
срсп 10 ТММП 20-12


Презентация
Тақырыбы:Ірімшік жасау технологиясы
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Ірімшік
Қазақтың ақ жіне қызыл ірімшігі.
Ірімшіктің нәрлілік құндылығы.
Ірімшік жасау технологиясы.
Брынза ірімшігі өндірісінің технологиялық картасы.
Ірімшікті сақтау.
ІІІ.Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиет.
Ірімшік — ертеден бері көптеген халықтар арасында кең тараған тағамдардың бірі. Бұған өзінің жұғымдылығы, сіңімділігі, сақтауға шыдамдылығы жағынан ешқандай тағам тең келе алмайды. Ірімшікті алғашқы рет Азия халықтарының көшпенді тайпалары дайындаса керек. Адамның тамақтан алатын күндік жануар тектес белогы жеткілікті болу үшін 200 грамм ірімшік жесе жетіп жатыр. Құрамында минералды заттар көп болғандықтан ірімшік балаларға, аяғы ауыр әйелдерге, емізулі баласы бар әйелдерге өте пайдалы. Бірақ жүрегі, бүйрегі ауыратын, қан қысымы жоғары адамдарға ірімшік жеуге болмайды. Қаны аз, асқазан - ауруы, оның ішінде қарын сөлінің қышқылдылығы азайған ауруларға шалдыққан адамдарға ірімшік жей берулеріне болады.
Ірімшікке жетер тағам жоқ.

Қазақтың ақ және қызыл ірімшігі


Ақ ірімшікті дайындаудың бірінші тәсілі – майы алынбаған шикі сүттің үстіне айран ұйытқысын құйып, сүтті іріту. Одан соң іри бастаған сүтті от көзіне қойып, ақырын қайнатады. Қайнай бастаған кезде оны тоқтатпай араластырып, бетіне ірімшігі бөлініп шыққанша қадағалау керек. Астың дайын болатын сәтінде сарысуы толық бөлініп, ірімшігі бетіне қалқиды. Ірімшікті сүзіп алып, сығымдайды. Содан кейін жұқалап тіліп, өреге жаяды. Дайын болған ірімшікке сарымай, қаймақ, кілегей қосып, оны одан бетер құнарлы, тойымды ас ететін өңірлер де бар. 
Қайнай бере бауыр сияқты дірілдеп тұрған ұйыған сүтті «қылыш» деп аталатын арнаулы ағашпен шақпақтап тіледі. Ірімшіктің өңі біртіндеп қызара береді. Реңі қан қызыл түске еніп, сары суы қойылған кезде қазанды оттан түсіріп салқындатады да, одан соң шыптаға салып сүзеді. Сүзілген қызыл ірімшік бір-біріне жабыспай жеке-жеке бытырап тұрады. Қызыл ірімшікті де өреге жайып кептіреді. Оның аса жағымды өзіндік дәмі болады. Кепкен қызыл ірімшік кеудірлеп үгітіліп тұрады.
Қызыл ірімшікті-дайындағанда қазанға құйылған жылы сүтке мәйек немесе үлкен қойдың ұлтабарына уыз толтырып кептірген ұйытқы салып, сүттің бетін қымтап жауып қояды. Жарты сағат тұрғанда сүт ұйып дірілдеп тұрады. Содан кейін мәйекті сүттен алып, қазан астына от жағып қайнатады.
Ірімшіктің нәрлілік құндылығы құрамындағы ақуыз (25%-ке дейін) бен майы (30%-ке дейін) молдығымен, сондай-ақ аса бағалы амин қышқылының, В, РР тобындағы А витаминдерінің, пантотен қышқылдарының, кальций және фосфор тұздарының көптігімен ерекшеленеді. Ірімшік барлық жастағы адамдар үшін пайдалы. Оның құрамындағы нәрлі заттарды организм түгелге жуық (98—99%) сіңіреді. Құрамында май мен ақуыздардың болуына байланысты ірімшік калориялылығы 2500—4500 ккал аралығында. Олар толығымен (96%) адам организміне сіңеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет