Алғы сөз Психодиагностика-жеке адамның даралық-психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын және өлшейтін психология ғылымының бір саласы. Теория мен тәжірибе арасындағы және сол сияқты тулға туралы академиялық концепциялар мен оларды іс жүзінде зерттеу арасындағы үзілісті жеңіп шығу – бұл психодиагностиканың негізгі міндеттерінің бірі.
Психодиагностика үшін математикалық-статистикалық амалдар өте маңызды, соның ішінде әсіресе корреляциялық талдау. Психометрия мүмкіндіктерін қолдану психодиагностиканың тәжірибелік нәтижелігіне маңызды ісерін тігізеді.
Психодиагностика негіздерін білу психолог маманына психологияның математикалық апаратын дұрыс пайдалануға, психодиагностиканың теориялық концепцияларын орынды қолданып, зерттеудің мақсатттарына және міндеттеріне сәйкес келетін әдістерді дұрыс таңдауға, зерттеуді ұйымдастырып жүргізуге, нәтижелерді өңдеуге және интерпретациялауға мүмкіндік береді.
Психодиагностика білімдерін меңгерген психолог маманы өзі үшін жаңа немесе жаңадан шығарылған тестті тәжірибелік немесе ғылыми зерттеуге сәйкестігін тексеру үшін қандай көрсеткіштер бойынша талдау жасау керек екендігін; қандай да болмасын тесттің құрылымы, интерпретация ерекшеліктері туралы, сонымен қоса, нақты сол тест қандай парадигма шеңберінде шығарлып, пайдалануға ұсынылып отырғанын біледі.
Сондықтан, практикалық психолог мамандығын меңгеруде «Психодиагностика негіздері» дәрісі негізгі дәрістердің бірі болып есептеледі. Психодиагностика тесттердің психологиялық мәнісін түсіндіруге және олардың математика тұрғысынан өңдеу, интерпретациялауға бағытталған.
Психодиагностика адамдардың тіршілік әрекетттерінің әр түрлі нақты салаларында қолданылады: денсаулық сақтау саласында, спорт, оқыту саласында, өндірісте, психологиялық кеңес беру саласында т.с.с Осы салалардың әр қайсысында психодиагностикалық құралдарды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері, арнайы психодиагностикалық міндеттері және әдістері болдаы. Осындай жеке мәселелерден басқа, психодиагностикада жалпы, әмбебап сұрақтарды қарастыратын жалпы психодиагностика бар.() Бұл сұрақтар мынандай: 1. Психодиагностикалық құралдарды құрастырудың және психодиагностикалық қорытындыларды жазудың әдіснамалық, теориялық және нақты-әдістемелік қағидалары
2. Психодиагностикалық зерттеудің тұлға, қабілеттер, интеллект т.с.с әмбебап объектілеріне арналған әдістер;3. Жеке дара ерекшеліктерді анықтаудың математикалық әдіснамасы ретінде қарастырылатын дифференциалды психометрика; 4. Әдістемелерге, оларды жасап шығаратын адамдарға, қолданылатын адамдарға қойылатын нормативті талаптар
Ұсынылып отырған оқулық осы сұрақтарды қарастыруға арналған.