Dbbbdd 5106-Даму бұзылыстары бар балаларды дифференциалды диагностикалау пәнінен



бет1/16
Дата18.05.2023
өлшемі63,01 Kb.
#94602
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БӨЛІМІ


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

DBBBDD 5106-Даму бұзылыстары бар балаларды дифференциалды диагностикалау пәнінен


7М01901-Арнайы педагогика
мамандығының магистранттары үшін лекция сабақтарына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Шымкент 2022 ж



«Даму бұзылыстары бар балаларды дифференциалды диагностикалау» пәнінен білім алушылар үшін лекция тезистері бойынша әдістемелік нұсқаулық ретінде ұсынылды. Әдістемелік нұсқаулық оқу жұмыс бағдарламасы және білім бағдарлама негізінде дайындалған. Әдістемелік нұсқаулық «Даму бұзылыстары бар балаларды дифференциалды диагностикалау» пәні бойынша мәліметтер қамтылған

Әдістемелік нұсқаулық Мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітуге ұсынылды.


№ 1 хаттама, «27» тамыз 2022 ж.


Кафедра меңгерушісі ________ А.Ж. Масалиева

1-Дәріс. Психологиялық-педагогикалық және дифференциалдық диагностиканың жалпы және теориялық проблемалары


Жоспар:
1Психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың мақсат, міндеттері
2.Дифференциалды диагностиканың мақсат, міндеттері
Тірек сөздер: Дифференциалды диагностика, скрининг

Психологиялық-педагогикалық диагностика грек сөзден (грек -жан диагностика-анықтау, танып білу қабілеті деген ұғымды білдіреді. Психодиагностика тұлғаның жекелей психикалық ерекшеліктерін өлшеп анықтайтын әдістерді қарастыратын психологияның бір саласы.


Психодиагностика әрі теориялық, әрі тәжірибелік ғылым. Тәжірибелік психодиагностикамен айналысатын психологтың кәсіптік қызметінің күрделі де жауапты саласы.
Психодиагностика негізгі міндеттері:
1. Психодиагностика-бұл психология ғылымының саласы ол адамның жеке психологиялық ерекшеліктерінің зерттеу, яғни психологиялық диагноз қою, тексеру әдістерін аңықтау, әзірлеуін білдіреді.
Курста негізгі екі міндеттер топтары шешіледі:
Бірінші топқа теориялық тапсырмалары жатады, яғни психологиялық құбылыстарға сандық және сапалық баға берудің мүмкіндіктерін белгілеу; ғылыми зерттеудегі әдіснамалық қағидаларының психодиагностика құралдарымен сәйкестігін анықтау; психодиагностика тексеруді нәтижелерінің нақтылы негізделуін белгілеу.
Екінші топқа тәжірибелік тапсырмалар жатады, психодиагностикалық тексеруді ұйымдастыру; нақты әдістер мен іскерліктерді игеру, оларды беймдеу және өзгерту, дамуында бұзылуыы бар балалардың психикалық ерекшеліктеріне сәйкес аталған тапсырмалар бойынша курста 2-тарау көрсетілген; психодиагностиканың жалпы және теориялық проблемалары және психодиагностиканы зерттеуде нақты әдістер қолдану.
Психодиагностика -психология ғылым бір саласы ретінде эксперименталды психология, психофизика және дифференциалды психологиямен байланысады.
Психодиагностика бүгінгі таңда адам өмірлеріңде әртүрлі салаларында; білім
беруде, медицинада, спортта, дефектологияда, өнеркәсіпте, отбасы кеңестеріндеарналған тестерді қарастырды. Бұны жүргізудің бірнеше кезеңдері бар; дайындық кезең; сұрақ-жауап, анкета, тест, әдістемелерді жүргізу; ұйымдастыру кезең; тестік әдістемелерді жүргізу, алынған деректерді өңдеп анализдеу, педагогикалық нұсқау
беру, диагностика нәтижесі бойынша диаграмма жасау, алынған деректерді талдау және қорытындау. Кәсіпорындарында білім беру мекемелерінде психодиагностика материалдың физикалық электронды зерттеу әдістері қолданылады.
Психодиагностикаң даму тарихы 20 ғасырдың, әр түрлі зерттеулерге байланысты жүрді. Еуропа елдердің клиникаларында дәрігер психиатрлары бойында әр түрлі бұзылуылары бар науқас адамдары мен жүйелі зкрттеулер жүріп, нәтижелерін талдап,
анализдеп қағаз бетіне түсірді.
Сол зерттеулер психодиагностика бақылау, сауалнама, құжат талдау сияқты зерттеулер әдістері дами бастады.
Дамуында бұзылуыы бар баланы әлеуметтік бейімдеу, оқыту мен тәрбиелеудің нәтижелі болуы баланың даму мүмкіндігі мен қабілетін дұрыс бағалауға байланысты болады. Бұл міндетті даму бұзылысының кешенді психодиагностикасы шешеді. Ол арнайы оқытуды, түзету педагогикалық және психологиялық көмек көрсетуді қамамасыз ететін шаралар жүйесінде алғашқы және маңызды кезеңдердің бірі болып саналады. Даму бұзылысының психодиагностикасы ғана дамуында бұзылуыы бар балаға оның психофизикалық ерекшеліктеріне сәйкес жеке психологиялық педагогикалық қолдауды қамтамыз ету, оңтайлы педагогикалық маршрут (бағдар) анықтау мүмкіндігін береді.
Даму бұзылысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы – бұл дамуында бұзылуыы бар баланың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтаумен айналысатын арнайы педагогика мен психологияның бір саласы.
Даму бұзылысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы «қалыпты даму» психодиагностикасынан бірнеше ерекшеліктері бойынша ажыратылады.
1. «Қалыпты даму» психодиагностикасы психологиялық болып табылады, яғни баланың жалпы дамуы мен жеке психологиялық функцияларының қалыптасуын зерттейді.
Даму бұзылысының психодиагностикасы екі бағытта жүргізіледі:
· Психологиялық бағыт – мұнда таным әрекеттерінің, сөйлеу тілінің, эмоциональды ерік-сезім сферасының дамуы мен тұлғалық дамуын диагностикалау жүргізіледі. Психодиагностикалық тексеру баланың психикалық даму деңгейі мен жасына сәйкес ұйымдастырылады. Дәл осы көрсеткіштер диагностикалық шараларды ұйымдастыру формасын, әдістемесін таңдау және нәтижесін талдауды анықтайды. Дамуында бұзылуыы бар баланы психодиагностикалық тексерудің мақсаты – оңтайлы түзетушлік жұмыстарды анықтау мақсатында баланың психикалық әрекетінің бұзылу құрылымын айқындау.
· Педагогикалық бағыт – бұл білім алу, білік, дағды, білім қоры мен қоршаған орта туралы түсініктері, сапасының қалыптасуы. Оқу әрекетіне қажетті психикалық әрекеттерінің еріктілігі, жоспарлау және өзін-өзі бақылау, қызығушылық және т.б.жағдайларды зерттейді. Егер бала бірінші сыныпқа баруға дайындалып жатса, онда оның оқуға дайындығы (физикалық, психикалық, ақыл-ой) анықталады. Балалар мектепте оқитын болса, онда оқудағы қиындықтарының себептері анықталады. Педагог өзін қызықтырған мәліметтерді баламен және ата-анасымен тікелей әңгімелесу арқылы, тәрбиешілерден сұрау арқылы, баланың жұмысын талдау (суреттер, дәптер және т.б.) арқылы арнайы ұйымдастырылған педагогикалқ тексеру арқылы алуға болады.
2. «Қалыпты дамудың» қазіргі психодиагностикасы нәтижелерді сандық бағалауды және бала дамуын төмен, орта және жоғары деп үш деңгейге бөлуді талап етеді. Даму бұзлысының психодиагностикасы нәтижелерді сапаның сандық талдау мен психология-педагогикалық диагноз тұжырымдамасында мыналар көрсетіледі:
· Даму бұзылысының педагогикалық категориясы
· Дамудағы жетіспеушіліктер. Түзетушілік педагогикалық жұмыс барысында міндетті түрде назар аудару қажет.
· Егер тексеру бала мектепке баратын шақта жүргізілсе, онда баланың оқуға дайындығы жалпы үлгідегі мектепте немесе арнайы мектепке оқитыны көрсетіледі.
3. «Қалыпты» психодиагонстикалық және даму бұзылсының психодиагностикасы әртүрлі теориялық әдіснамалық алғышарттармен негізделеді. Даму бұзылысының бір білім беру мекемелерінде тәрбиелеу мен білім беру процесіндегі, балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасындағы кемшіліктерді анықтау міндетін шешеді.
Қазіргі кезде скрининг – диагностиканы ұйымдастыру және өткізу әртүрлі жүргізіледі. Тәжірибеде скрининг – диагностиканы жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Мысалы: баланы оқыту мен тәрбиелеуде қиынышылықтар кездескен жағдайда педагогтар білім беру мекемесіндегі психологияға жүгінеді. Мұнда педагогтар баланың ерекшелігін анықтауды және мұндай баламен қандай жұмыс жасау керектігі туралы ұсыныс жасайды.
Басқа жағдайда ата-аналар психологқа баланы тәрбиелеудегі қиындықтар немесе баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктерді анықтау, оқу-тәрбиелік шараларды қалай өткізу керектігі туралы кеңес беру үшін жүгінеді. Мұндай жағдайлар балалар мектепке барар шағында жиі кездеседі. Бұл жас кезеңі мектепке даярлық кезеңі деп қарастырылады және ана-аталар баланың бойындағы психлогиялық немесе басқа да мәселелерді байқай бастайды. Сонымен дамуында тежелуі бар балаларды анықтау арнайы ұйымдастырылған скрининг тексеру арқылы жүзеге асады. Скрининг – тексеру жеке немесе топпен жүргізілуі мүмкін. Бұл тәсілді дамуында бұзылуыы бар балаларды анықтауда нәтижелі тәсіл деп айтуға болады. Бірақ бұл тәсіл қазіргі талаптарға сәйкес келе бермейтіндіктен жиі қолданылмайды.
Скринингте қолданылатын әдістемелер жиынтығы скрининг тексерудің міндеттерін шеше бермейді. Бұған себеп даму бұзлысын анықтайтын педагог-психологтың кәсіби даярлығы жеткіліксіз.
Скрининг – диагностика әр баланың ерекшелігін жанж-жақты тексеріп, психологиялық педагогикалық көмекті қажет ететін балаларды осы көмекпен қамтамасыз ету мүмкіндігін бермейді. Скрининг – диагностиканың қазіргі жағдайды сипаттайтын мәселелер:
1. Балаларды тексеруде қолданалатын әдістемелердің көптігіне қарамастан скрининг – тексеруде пайдаланылатын диагностикалық құрал-сайманның ғылыми дәлелденуіне оны кемшіліктері кездеседі. Әсіресе бұл 3 жасқа дейінгі балаларды скрининг тексеруге қатысты жайт.
2. Скрининг диагностиканы жүргізуде критерийлер жүйесін өңдеу күрделі болып табылады.
3. Скрининг тексеруді жүргізудегі негізгі мәселелердің бірі – тексеріліп жатқан баланың тұлғалық ерекшелігімен эмоциональды жағдайы тапсырманы орындау сапасына баланың өз жетістіктерімен сәтсіздіктеріне байланысты әрекеті, көңіл-күйі және т.б. жағдайлар әсер етеді. Бұл скрининг – тексеру балаларда қажетті ақпаратты алуда қиындықтар туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет