Психология ғылым ретінде. Мақсаты, міндеттері, пәні мен объектісі



бет1/22
Дата31.12.2021
өлшемі117,96 Kb.
#23716
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




  1. Психология ғылым ретінде. Мақсаты, міндеттері, пәні мен объектісі.

Психология – психикалық құбылыстарың («жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, ғылым.

Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын және жеке тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді (дағдылары, әдеттері, еңбек және шығармашылық қызметі, кез-келген іс-әрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады).

Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі - барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі-бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады.

Жалпы айтқанда, психологияның зерттейтін пәні- психика.Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі құбылыстарын зерттеу және түсіндіруімен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдау және ашып көрсету, яғни солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, әрі олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір заңдылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады. Сонымен, Психология-психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Дамудың қазіргі кезеңдегі психологиялық ғылыми пәндердің күрделі де тармақталған жүйесі болып табылады. Психология жеке салаларымен тығыз байланысты. Зерттеу обьектісі-адам



  1. Психология ғылымының даму кезеңдері.

Жалпы, психология өз алдына ғылым ретінде 19 ғасырдың 60-жылдарында дами бастады. Психология ғылымының даму тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді :

1. Психология жан туралы ғылым.

2. Психология сана туралы ғылым.

3. Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым.

4. Психология психика туралы ғылым.

1-ші кезең. Психология жан туралы ғылым ретінде. Психология бірінші кезеңде біздің заманымызға дейінгі 5-ғасырды қамтыған,яғни 2500 жылға дейін созылған. Жалпы, жан туралы сол кездегі ғалымдар өз пікірлерін көптеп қалдыра бастады. Мысалы, Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаған болса, батыс ойшылы Фома Аквинский жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берген. Сөйтіп, адам өміріндегі түсініксіз пайда болған құбылыстарды жан арқылы түсіндіріле бастады.


2-кезең бізде психология сана туралы ғылым. Ретінде. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологияллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді болды. Р.Декарт жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады. Яғни адам мен жануарлар санасы әртүрлі болады деген мысалды алуга болады. Ойлау, сезу, қалау қабiлеттерi не сана атауы берiлiп, психика санамен баламаластырылды. Осыдан жан психологиясы орнына сана психологиясы жүзеге келдi. Ойлай алу, сезе алу қабілетін сана деп атады. Зерттеудің негізгі әдісі адамның өзін-өзі бақылауы болды, яғни интроспекция («ішке үңілу») әдісі арқылы зерделеу болды.

3-кезең. Психологияның 3-даму кезеңі жүріс-тұрысты зерттеді. ХIХ ғ бірінші жартсында психология жүріс-тұрыс туралы ғылым реттінде қарастырылады.Психологияның дамуының үшінші кезеңі ХХ ғасырдан басталады. Адам «басындағы» ойлар, сезімдер ағымын көру мүмкін емес екендігін байқаған көптеген ғалымдар ХХ ғасырдың басында мынандай қортындыға келді: психология ғылым ретінде қалыптасуы үшін көруіге мүмкін болатындарды ғана бақылауы керек.Нақтырақ айтсақ:адамның реакциясын, мінезін және іс-әрекетін (қылығын) бақылау. (Іс-әрекетті туғызушы мотивтер ескерілмеді).

4-кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.

Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне,білім деңгейіне,белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына ,белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді.Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни, объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады. Сондықтан да бейнелеу субъективті. Осылардың бәрі психика дегеніміз - объективті дүниені субъективті бейнелендіру деуге әбден болады.



  1. Психология ғылымының зерттеу әдістері.

Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау әдісі

Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.


Эксперимент әдісі.

Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.

Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.

Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.

Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.


  1. Контент-талдау әдісі.

Контент талдау әдісін психологиялық зерттеу жүргізуге пайдалану жолдарын жан-жақты зерттеген ғалымдар Лассогл, Осгуд, Бельсон.
Контент талдау дегеніміз бірн кісінің жазған шығармасын, хатын, түсініктемесін т.б. те,ксттерін психологиялық талдау жасау.
Мақсаты:
Зерттелінушінің жазған шығармашылық жұмыстарының мазмұнына байланысты оның психологиялық ерекшеліктерін кейіпкердің жан дүниесін бейнелеуіне байланысты шығармашылық қабілетін зерттеу;

Тарихи жағдайларды талдау ( тарихи кейіпкерлерді немесетарихи шығармалар авторларының портретін жасау);

Саяси психологияда көсемдерге психологиялық мінездеме беруге ұлы адамдар өмірбаянын зерттеуге, олардың психологиялық портретін жасау.

Жарнама жұмысын ұйымдастыруда жеке сөз мазмұнының және ұғымның әсерлі болуын қамтамасыз ету жолдарын анықтау.

Маркетинг жүйесінде кеңінен қолданылады.

Бұл талдау нәтижесінде оның авторы шығармасындағы кейіпкерлердің психологиялық қасиетттерін сипаттауға негізделген.Автор өзіне тән көптеген жағымды және жағымсыз қасиеттерді сол кейіпкердің ерекшеліктері ретінде көрсетілетіні анықталған.Адамның іс әрекетінің нәтижесін талдау әдістеріне жатады.


Талдау барысында зерттелінушінің жазған шығармаларының мазмұны ең қарапайым элементтерге бөлініп көрсетіледі. Шығарма мазмұнының ең қарапайым элементі ретінде сөз алынады. Сонан соң осы символ арқылы көрсетілген ой және пікір анықталады, оның тақырыппен байланыстылығы, кейіпкердің бір бірімен байланыстылығы, тәуелділігі немесе тәуелсіздігі көрсетіледі. Жалпылап алғанда авторлардың өз ойын логикалық жүйеде баяндауы, мазмұнының толықтылығы, шығарманың барлық құрамды бөліктерінің бір бірімен ұштасуы талданады. Контент талдау әдісін қолдану нәтижесі зерттелінушінің психикалық жағдайына жекелік қасиеттеріне ешқандай әсерін тигізбейді. Тіптен контент талдауды зерттелушіге білдірмей, табиғи жағдайда жүргізуге болады.

  1. Лонгютидтік әдіс.

Лонгитюдтік әдісі көбінесе «бойлық зерттеу» деп атайды. Бұл жерде сол бір баланың ұзақ уақыт бойына дамуы қадағаланады. Мұндай зерттеу дамудың дәйектірек үрдістерін, «көлденең» кесінділермен қамтылмайтын аралықтардағы кішігірім өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.Лонгитюдты бақылау зерттеушінің ұзақ уақыт бойында бақылауға мүмкіндік береді.

Лонгитюдты зерттеу-сол бір сыналушының дамуын ұзақ уақыт бойы зерттеу. Мысалы: психология тарихында А.Газелл 165 баланы 12 жыл бойы лонгитюдты бақылағаны туралы айтылған.




  1. Табиғи және лабараториялық эксперимент.

Психологиядағы Эксперимент зертханалық немесе табиғи болуы мүмкін. Зертханалық эксперимент зерттелетін құбылыс үшін жасанды (зертханалық) жағдайда жүреді, онда экспериментатор құбылысты немесе оның жеке сипаттамаларын анықтау үшін жағдайды арнайы ұйымдастырады, күтілетін процесті бастайды және ол үшін барлық қажетті жағдайларды жасанды түрде модельдейді. Зертханалық эксперимент зерттелетін сыртқы әсерлерді (ынталандырудың немесе олардың комбинациясының күші, ұзақтығы мен реттілігі) және адамның осы ынталандыруларға жауаптарын (әрекеттері мен мәлімдемелері) дәл ескеруге мүмкіндік береді. Мысалы, сезім мен қабылдауды зерттеу барысында әртүрлі ынталандырулардың күші мен дәйектілігі, сондай-ақ әртүрлі сезімдердің оларға реакциясы дәл ескеріледі. Жадты зерттеу кезінде материалдың саны мен сапасы, есте сақтаудың әртүрлі әдістері (толығымен, бөліктерімен, дауыстап, "өздері", қайталанулар саны және т.б.) дәл ескеріледі, содан кейін барлық деректерді салыстыру арқылы материалдың белгілі бір түрін және басқа үлгілерді тиімді есте сақтау шарттары белгіленеді.

  1. Психология ғылымының салалары.

психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады:

Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.

Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады

Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін

нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармакологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан;адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін клиникалық психологиядан.

Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады, Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын қарастырады.

Әскери психологиясы - әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерді зерттейді.

Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді. Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.




  1. Медиапсихология.

Медиапсихология-жеке және бұқаралық қазіргі заманғы байланыс құралдарымен өзара әрекеттесу контексінде жеке тұлғаны қарастыратын психология ғылымының саласы; медиа мәдениеттің негізгі компоненттерін, медиа кеңістіктердегі адамдардың қарым-қатынасы мен мінез-құлқының психологиялық заңдылықтарын анықтайды және сипаттайды, адамның медиа мәдениетін қабылдау құбылыстары мен тетіктерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қазіргі мәдениетіндегі жеке тұлға мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әрекетін зерттейді

Медиа-психологияның негізгі бағыттары:

Медиа туралы мәтін жазу немесе әртүрлі медиа туралы сарапшылар ретінде сөйлеу;

Кеңес беру медийными тұлғалар;

Медианың барлық түрлерін жақсарту жолдарын зерттеу;

Медициналық психология тәжірибесін жақсарту мақсатында медиада жаңа технологияларды қолдану;

Медиаға қатысты жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігі мен қолайлылығын арттыру;

Білім берудің көптеген салаларына ақпарат берудің дәстүрлі және онлайн әдістері кіреді;

Медиа-стандарттарды әзірлеу;

Коммерция саласындағы жұмыс;

Медиа әсерінің әлеуметтік, мінез-құлық және психологиялық әсерлерін зерттеу;

Өзін ақыл-ой және физикалық жағынан жетілдіретін адамдар үшін медиа материалдарды әзірлеу;

Халықтың девиантты және криминалды топтарымен жұмыс;

Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін медиа материалдарды әзірлеу.




  1. Саясипсихология.

Саяси психология — біріншіден, саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғүрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Ол қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірибесінен туындайды. Бірақ қарапайым саяси санада өмірді танып-білуіне, хабардарлығына көңіл бөлінсе, мұнда сол жағдайларда адамның қатынасуына, өмірді бағалауына баса назар аударылады. Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды. Мұның бәрі саяси психологияға жатады.
Саяси психология әр түрлі іс-әрекеттерге соған сәйкес сезімін оятып, қоғамдық қозғалыстарда маңызды рөл атқарады. Сондықтан саяси бағытты жоспарлап, оны жүзеге асыруда халықтың саяси психологиясын ескерудің маңызы зор.
Екіншіден, саяси психология ғылыми пән ретінде ұлттар, таптар, әлеуметтік топтар саяси санасында қалыптасып, көрініс табатын, әрі саяси үрдіске қатысушылардың нақты іс-әрекеттерінде жүзеге асатын қоғамның саяси өмірінің психологиялық бөліктерін зерттейді. Саяси психология саяси мінез-құлық туралы ғылыми пән ретінде II дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ- та қалыптасқан


  1. Әлеуметтік психология.

Әлеуметтік немесе қоғамдық психология — әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.

Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші орындарға шығады деп есептейді.

Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:

әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі;

тұлға психологиясы;

ақпарат алмасу заңдылықтары және бірлескен қызмет үстіндегі адамдардың өзара әрекеттесуі;

түрлі қауымдастықтарда қалыптасатын тұлғааралық өзара қатынастар.

Әлеуметтік психология өзге ғылымдармен — социологиямен, педагогикамен, философиямен, саясаттанумен, мәдениеттанумен тығыз байланыста болады.

Социология қоғамның, топтың және жеке адамның құндылықтары мен нормаларының сипатын қарастырса, әлеуметтік психология сол адамдар өмір сүретін микро және макроортаның әсерін ескере отырып, олардың қалыптасуының нақты механизмдерін және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді. Егер социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің түпкілікті қайнарларын ашатын болса, онда әлеуметтік психология олардың пайда болу жолдары мен заңдылықтарын қарастырады, белсенділікті мейлінше толық іске асырудың жағдайларын жасауға көмектеседі. Социология түрлі адамдар топтары мен қауымдастықтарының ішіндегі тұлғааралық байланыстардың әлеуметтік мәнін ашады. Ал әлеуметтік психологияны жеке адамның немесе жеке топтың қызметінен ол мәннің калай және қандай формаларда көрініс беруі, тұлғалық сапалықтардың қалыптасуына қалай әсер ететіні қызықтырады.


  1. Заң психологиясы.

Заң психологиясы — заң нормаларының жолын қабылдауға қатысушы адамдардың күйін, психикалық үрдістері мен құбылыстарды зерттейтін психология ғылымының бір саласы. Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл саласот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы (пенотенциарлы) деп аталатын тармақтардан тұрады.

Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындагы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді.



  1. Салыстырмалы психология.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет