Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар
Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар
Психология - өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар психикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары. Көптеген ертедегі ойшылдардың көзқарастарына ортақ болған “психология” сөзінің орнына “жан” ұғымын қолданады және ерекше мәнді құбылыс ретінде қарастырады.
Идеалистік
Материалистік
Психология Психология – психика және оның қалыптасу және даму заңдылықтары туралы ғылым. Психикалық құбылыстарды 3 үлкен топқа жіктеуге болады: Психикалық үрдістер – бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдістерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті меңгереді. Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сезім және эмоция, ерік. Психикалық қасиеттер – бұл адамдардың бір-бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшнліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады. Психикалық жағдайлар – бұл психикалық іс-әрекеттің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс-әрекеттің жемісті орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің саласы болып табылады.
Қазіргі кезде «психология» ғылымы — көптеген салалар мен тармақтар дамуы мен калыптасуы жағынан адамның түрлі тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән. Бұл салалар тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр қырлы сатыда тұр. Оларды топтастырыу, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп аталады.