Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011


«Мафия» Бұл ойынның бірнеше түрлері бар. 1-ші нұсқа



бет44/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82
«Мафия»

Бұл ойынның бірнеше түрлері бар.


1-ші нұсқа. 12-16 адамнан тұратын топ. Барлығы қатысады. Қатысушылардың санына қарай қағаздың шағын парақшалары кесіледі (жеребе үшін). Екі-үш парақшада «М» әрпі жазылады (бұл мафия), қалған таза парақшалар – «адал» адамдар. Жаттықтырушы қағаздарды дайындап (жазулар көрінбеуі үшін, оларды бүктейді), топқа үлестіріп береді. Барлығы өздеріне не тигенін қарайды да, ешкімге көрсетпестен, қағаздарды жаттықтырушыға қайтарады.
«Мафияның» міндеті – барлық «адал адамдарды» өлтіру, ал «адал адамдардың» міндеті – кімнің мафияда екендігін анықтап, оларды өлтіру. «Мафия» түнде бір адамнан өлтіреді. «Адал адамдар» күндіз және олар да бір адамнан өлтіреді. «Мафиози» күндіз өздерін адал адамдар сияқты ұстайды да, байқатпай адал адамдарды арандатуға тырысады. Ойын жаттықтырушының «Түн» деп айтуынан басталады да, барлығы көздерін жұмып, бастарын төмен түсіреді, сығалап қарауға болмайды, кім байқамай көзін ашып қойса, сол «жүрегі жарылып өлген» болып шығады.
Ары қарай жаттықтырушы: «Мафия оянады», - деп айтады. «Мафиози» көздерін ашады да, құрбандықты таңдап, оны сөз айтпастан, дыбыс шығармастан жаттықтырушыға көрсетеді. Содан соң жаттықтырушы: «Бәрі оянады», - деп айтады. Ал содан кейін бүгін түнде осындай адамды өлтіргендігін (бұдан кейін ол ойынға қатыспайды, тек қана бақылайды) және бір күн ішінде (ал бұл үш-төрт минут) мафиозидің кім екендігін анықтау қажет екендігін жариялайды. Барлығы жағдайды талқылай бастайды. Бәрі ойларына не келсе, соны айтады. «Мафия», өз кезегінде, «көрсеткішті» «адал адамдарға» бұруға тырысады. Нәтижесінде, уақыт аяқталысымен, дауыс беру қажет, және егер тірілердің жартысынан көбі біреу үшін дауыс беретін болса, ол өлтірілген болып саналады (және ол да енді ойынға қатыспайды). Жаттықтырушы іле-шала: «Түн», - деп айтады да, өлтірілген адамның «мафия» ма, «адал адам» ба, кім болғандығын жариялайды. Ары қарай «мафия» оянады және т.б. Ойын бір жақтың жеңісіне дейін жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет