Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет66/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
ЖҰМАБАЙ МЕДЕТБАЕВ
Жұмабай Медетбаев
(08.03.1935, Қарақалпақстан, Қожелі 
ауданы, Шоманай ауылында дүниеге келген – 10.05.2005, Ал
-
маты қаласында өмірден өткен) – Қарақалпақстанның (1993) 
және Қазақстанның (1998) халық артисі. 
Ташкент қаласындағы Театр және көркемсурет институ
-
тын, кейін Алматыдағы Құрманғазы атындағы консервато
-
рияда оқып, оны 1965 жылы бітірген. Сол жылы Қараған
-
дыдағы драма театрына жұмысқа орналасып, М.Әуезовтің 
«Еңлік – Кебек» пьесасында Кебектің бейнесін сомдаған. Ал 
1966 жылдан бастап Алматыдағы М.Әуезов атындағы акаде
-
миялық драма театрында қызмет еткен. М.Әуезовтің «Қара 
қыпшақ Қобыланды», «Айман – Шолпан», «Қарагөз», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жі
-
бек», т.б. пьесаларда күрделі бейнелерді сахналаған. 
Домбырамен терме айтқан, жыршылығы да болған. «Қамбар батыр» жыры 
1978 жылы Жұмабай Медетбаевтың оқуында күйтабаққа жазылды.
Көрермендердің көңілінен шыққан «Қымызхана» телевизиялық бағдарла
-
масына белсенді актер ретінде қатысқан. 
«Ақынжанды актер» атты естелік кітап Жұмабай Медетбаевтың 80 жылдығы
-
на арнайы 2015 жылы Алматыдағы «Білім» баспасынан жарық көрді. 
1. Драма деген не? Оның жанрлық ерекшеліктері қандай? 
2. Өздерің тұратын өлкедегі драма театрында Сұлтанәлі Балғабаевтың 
қай пьесасы қойылды? 
1. Пьеса мен спектакль сөздерінің мағынасы бір ме? 


234
2. «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасының идеясы не? Тақырыптың дәл 
осылай қойылу себебі неде? 
1. Драмадағы көркемдік құралдарды анықтап, жазыңдар. Олардың қол-
данысын түсіндіріңдер. 
2. Кестені толтырыңдар. 
Шығарманың әсер еткен тұсы
Өз пікірім
1. Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер. Оларды топтау және даралау ар-
қылы сипаттама жазыңдар. 
2. Авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтаңдар.
1. Әдебиет теориясында берілген комедия туралы анықтаманы пайда-
лана отырып, «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасының комедия деп 
аталу себебін анықтаңдар. 
1. Қазіргі көрермен және заман шындығын сахналаудың маңыздылығы 
туралы сыни пікір жазыңдар. 
2. Елді ілгері бастырмай келе жатқан қоғамдағы жағымпаздық және 
оны жоюдың жолдары туралы ой бөлісіңдер.
Оқу сауаттылығы
1. «Иә-иә. Мына долы ғой!.. Нағыз көкайылдың өзі ғой мынау!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет