Работа с олимпийским резервом



Дата03.04.2023
өлшемі1,02 Mb.
#78845
түріСабақ

Жазық айна.
Жазық айнадағы кескін.
Оқу мақсаты:
8.5.1.4 – жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау
Сабақтың тақырыбы:
Оқушылардың өткен сабақты қалай меңгергендерін тексеру:
1. Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы қалай тұжырымдалады?
2. Бұл заңды қандай құбылыстар дәлелдейді?
3. Жарық сәулесі , жарық шоғы, нүктелік жарық көзі деген не?
4. Жарықтың шағылу заңын тұжырымдаңдар.
5. Айналық, шашыранды шағылу деген не?
Жарықтың шағылу заңдарының көмегімен жазық айнада кескіннің пайда болуын түсіндіру:
Жазық айна — тегіс өңделген және шағылдыратын қабатпен жабылған, қисықтық радиусы шексіздікке ұмтылатын жазық бетті айтады.
Нүктенің жазық айнадағы кескінінің орнын табу
Ол үшін нүктеден айна бетіне кез-келген бұрышпен екі сәуле түсіреміз. Сол сәулелер өздерінің түсу бұрыштарымен шағылып, олардың түйіскен жерінде нүктенің бейнесі пайда болады
Жазық айнаның формуласы
d=-f
Жазық айна заттың жалған кескінін береді, сондықтан фрмулада айнадан кескінге дейінгі қашықтықтың алдында “-” таңбасы тұрады.
Дененің жазық айнадағы кескінінің орнын табу
Ол үшін дененің төбесінен айна бетіне кез-келген бұрышпен екі сәуле түсіреміз. Сол сәулелер өздерінің түсу бұрыштарымен шағылып, олардың түйіскен жерінде дененің төбесінің бейнесі пайда болады. Ол арқылы денеге симетиялы қылып салуға болады.
Шын-өлшемдері бірдей
Жалған- оң мен солды ауыстырады
Тура- яғни төңкерілмеген
Жазық айнада пайда болған кескіннің сипаттамасы:

Жазық айнадағы нәрсе кескінінің ерекшеліктері: кескін жалған, тура , өлшемдері нәрсенің өлшеміне тең, нәрсе айна алдында қандай қашықтықта тұрса, кескін айнаның ар жағында сондай аралықта орналасады.
Екі жазық айнаның көмегімен неше кескін алуға болатынын анықтайтын формула бар:
-1
n- кескіннің саны, α - айналар арасындағы бұрыш.
Осы формуланы пайдаланып :
α =900 болғанда n=3
α =450 болғанда n=7
α =300 болғанда n=11 тең екенін анықтадық.
Енді осы жағдайды тәжірибе жүзінде дәлелдеп көрелік.
Арасы тік бұрыш болатын екі айнадан пайда болған үш кескінді көруге болады
Жазық айнаның қасиетін өмірде қайда қолданамыз?
Перископ-жазық айнаның шағылдыру қасиетіне негізделіп жасалған құрылғы. Бұл құралды әскерде және өмірдің көптеген салаларында қолданады.
Калейдоскоп
Калейдоскоп-бірнеше жазық айналардың өзара әл түрлі бұрышпен орналаса отырып бір дененің бейнесін көрсететін құрылғы
  • Өзара 10° жасай орналасқан екі жазық айнаның ортасына зат қойылды. Айналардан заттың неше кескінін көруге болады?
  • Жауабы: 35

Жазық айна тақырыпшасын пысықтауға есептер шығару
  • Жазық айна алдында тұрған оқушы айнаға 2 м/с жылдамдықпен жақындады. Оқушының айнадағы бейнесіне қатысты жылдамдығы қандай?
  • Жауабы: 4м/с

Жазық айна суретте көрсетілген бағытта v=20км/сағ жылдамдықпен қозғалып барады. Ал автомобиль қарама қарсы бағытта 4v яғни 80 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Жерге қатысты машинаның айнадағы бейнесінің жылдамдығы қандай?
Жауабы: 100км/сағ

Рефлексия

  • Рефлексия
  • -нені білдім, нені үйрендім

    - нені толық түсінбедім

    - немен жұмысты жалғастыру қажет.

  • Үйге тапсырма. Физика және астрономия 8-сынып. § 36, 7.1-жаттығу.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет