Reader & Leader «Бейсен және болмыс»



бет1/6
Дата13.03.2022
өлшемі35,66 Kb.
#27818
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Reader1


Reader & Leader

«Бейсен және болмыс».

  1. Бейсен Құранбек ағамызға төмендегі қай деректер қатысты:

  1. 1948 жыл 3 желтоқсан Сырдарияда дүниеге келіп – 2021 жыл 18 сәуір Алматыда бақиға аттанды

  2. 1952 жыл 1 мамыр Ақсуда өмірге келіп – 2021 жыл 17 ақпан Алматыда өмірден озды

  3. 1940 жыл 13 ақпан Қаратөбеде қарапайым отбасыда өмір есігін ашып – 2021 жыл 30 сәуір Алматыда ауруханада дүние салды.

  4. 1971 жыл 9 желтоқсан Қызылжарда туылып – 2020 жыл 18 мамыр Талдықорғанда өмірден озды



  1. «Бейсен және болмыс» кітабының жазылуының ең басты себебі не?

  1. Бейсен Құранбектің өлшеулі ғұмырындағы жасаған ғибратты тағдыры.

  2. Бейсен ағаның жақындары мен журналистика өкілдерінің сұранысы.

  3. Автордың Бейсен Құранбек жайлы жазбалардың аяқсыз қалуы.

  4. Бұл кітап – «Біздің Бейсен» деген шығарманың жалғасы ретінде көрініс тапқан еңбек.



  1. Кітапта «экзистенция» ұғымын түсіндіру үшін қолданылған сөз:

  1. Амал

  2. Ниет

  3. Болмыс

  4. Сабыр



  1. Экзистенция мен эссенцияның айырмашылығы:

  1. Экзистенция адамға ғана тән құбылыс.

  2. Айырмашылық жоқ, эссенция дами келе экзистенцияға ұласады.

  3. Экзистенция туа бітті, эссенция жүре келе көрінеді.

  4. Экзистенция жасамай тұрып эссенция қалыптасады.



  1. Болмыстың ішіндегі рухани феномендер:

  1. Жетістікке ұмтылу, байлыққа деген талпыныс, мансапты сүю.

  2. Қызғаныш, құмарлық, сұлулық, ашу.

  3. Жауапкершілік, махаббат, еркіндік, ар-ұят.

  4. Тәртіп, талант, еңбек, тәрбие.



  1. Кітап соңында берілген Бейсен Құранбектің өсиеті қалай басталады?

  1. Қарекет қыл

  2. Ар сақта

  3. Қайратты бол

  4. Өнер үйрен



  1. Бейсенге атасынан дарыған қасиеттер қайсы?

  1. Әділдік пен ептілік

  2. Еңбексүйгіштік пен тазалық

  3. Қамқорлық пен кішіпейілдік

  4. Шешендік пен тапқырлық



  1. Қазіргі ғылым уақыт ұғымын жоққа шығарады. Бірақ, біз Құдайдың құдіретімен уақыт пен кеңістікке тәуелдіміз.Олай болса, «жоқ» уақытты бар етіп көрсетудің мәні не?

  1. Саған берілген қай күні бітетіні құпия уақыттың ішінде болмыстың барлық қасиеттерін ашық таратып үлгеруің керек.

  2. Уақыт арқылы дүниедегі тіршілігіңді бірқалыпқа жүйелеу үшін қажет.

  3. Ғаламның жұмыс жасау ритмін реттеу үшін.

  4. Өткенді сараптау,болашаққа жоспар құру.



  1. Бейсен Құранбек ағамыздың мына естелігі бойынша ол кісі қайда еді?

« ... жүргенде бос уақытым көп болды. Үнемі ойланумен болдым. Осыған дейінгі 20 жыл ғұмырымды сараптадым. Мінез-құлқымның кесір тұстарын осы бастан құрту керегін түсіндім.Әсіресе, биологиялық әкеммен қарым-қатынасты реттеу керегін ұғындым.»

  1. Оқуда

  2. Іс-сапарда

  3. Ауылда

  4. Әскерде



  1. «Сен тамыршы болуды үйрендің. Менің көңілімдегіні жазбай танисың. Бұл- әйел баласына керек ең үлкен қасиеттердің бірі».

Бейсен «тамыршы» қай ақынның өлеңінен алып отыр?

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы

  2. Абай Құнанбайұлы

  3. Сәкен Сейфуллин

  4. Мәшһүр Жүсіп Көпеев



  1. «Кешегідей жасама. Жаңаша нәрсе ойлап тап» деген афоризмді Бейсен ағамыз өзінің хабарларына басты негіз етіп алды. Бұл қанатты сөз кімге тиесілі?

  1. У.Дисней

  2. Т.Эдисон

  3. Р. Гарсия

  4. Әл – Фараби



  1. Бейсен Құранбек қай спорт түрімен шұғылданды?

  1. Каратэ

  2. Дзюдо

  3. Айкидо

  4. Қазақ күресі



  1. «Уәде» феномені Бейсен ағаның бойынан қалай көрінді?

  1. Уәдеге өте берік еді, әр уәдесін қағазға жазып алып,орындалған соң жанына(+) белгісін қойып отыратын.

  2. Уәдесін орындағанша дұрыс ұйықтай алмаған.

  3. Уәдені тым көп беруші еді,тіпті кейде бірі ұмытылып та кететін.

  4. Уәдесінде тұруға тырысатын, болмай жатса үнсіз, іштей тынатын.



  1. Бірде Жетісу арнасына теледидар сыйланады. Ол теледидардың өте үлкен әрі қымбат екені көрініп тұрды. Бейсен Құранбектің соңғы сөзімен бұл теледидар кімге бұйырды?

  1. Сүйікті ағасы Тәжібай Серіковке

  2. «Айтуға оңайдың» кейіпкеріне

  3. Аула сыпырушыға

  4. Жас маманға



  1. Бейсен Құранбектің жиі айтатын сөздері:

  1. «Батыр», «Айналайын», «Ананы қара»

  2. «Қарағым», «Шырағым», «Ұланым»

  3. «Қымбаттым», «Біртуған», «Бауырым»

  4. «Ұғып ал», «Алтыным», «Жарқыным»



  1. Жарымен жасаған Бейсеннің «Сегіз қағидасына» қайсысы кірмеді:

  1. Дастарханға ішімдік қоймау

  2. Ешқашан ажыраспау

  3. Үйде ер азамат есеп бермейді.

  4. Қаржыны үйде ер азамат ұстау керек



  1. Әзиза деген қыздың естелігінде : «Бейсен аға маған былай деді:

Мен сенің ұзатуыңда бастан – аяқ жүгіріп қызмет қыламын.Ал үлкен тойыңа бармаймын.» ,- деп жазылған. Бейсен Құранбектің сөзінің мазмұнын көрсет. Неліктен ағамыз тойға баруды жөн көрмеді?

  1. Үйлену - екі жастың тойы. Сол күні бас кейіпкер сен болуға тиіссің. Жұрт менімен суретке түсіп, екі жас елеусіз қалады.

  2. Ол күні жұмыс қарбалас. «Айтуға оңайдың» жылдық есеп беру бағдарламасын түсіруіміз керек.

  3. Ішімдік қойылатын той-томалақтарға көп бара бермеймін. Ондай жерде береке болмайды.

  4. Жақында «Әлем барысы» сайысына жүргізушілікке алындым.Сол сенің тойыңа дәл түсіп тұр.



  1. Бейсен Құранбектің мәселелерді қайтпай,ақылмен ойланып шешуде идеалы , шамды ойлап тапқан адам:

  1. Р. Гарсия

  2. У.Дисней

  3. Т.Эдисон

  4. Э.Кант



  1. Бейсен Құранбектің өз шәкірттеріне де , ұжымға да айтып отыратын «Ең үлкен ұрлық» қайсы?

  1. Ақша

  2. Өзгенің еңбегі

  3. Уақыт

  4. Сенім



  1. Автор тіршілікті құлатпай ұстап түрған ең маңызды нәрсе деп нені көрсетеді?

  1. Мән

  2. Көңіл

  3. Арман

  4. Тәрбие



  1. Бейсен ел болу үшін рухани ілімнің сәулесі арқылы күресеміз деп жүрген халықтың жауы қайсы?

  1. Жалқаулық

  2. Бөлінушілік

  3. Парақорлық

  4. Надандық



  1. Бейсеннің өмірде ең жек көретін екі нәрсесі:

  1. Тәкәппарлық, пара беру

  2. Жағымпаздық, еліктеу

  3. Сатқындық, ұрлық

  4. Мақтаншақтық, көре алмаушылық



  1. Ақыл- ойы терең кісілер адам қайтыс болғанда қандай сұрақ қояды?

  1. «Бұл адам қысқа ғұмырында қаншалықты Құдайға ұқсауға тырысты?»

  2. «Бұл пақырдың артына, бала- шағасына қалдырған мұрасы бар ма?»

  3. «Бұл кісі бес уақыт намаз оқып, ораза ұстаған ба?»

  4. «Бұл жанның жақсы әдеттері бар ма ? Әлде жаман істері басым ба?



  1. Бейсен өз бойына сіңірген шыншылдық пен батылдықты өзінің қай идеалынан алды?

  1. Д.Қонаев

  2. І.Есенберлин

  3. У.Дисней

  4. Б.Момышұлы





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет