Реферат ахмет Байтұрсынұлы лингвист



Дата24.04.2023
өлшемі39,55 Kb.
#86215
түріРеферат

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Математика және жаратылыстану ғылымдары факультеті
«География және экология» кафедрасы


РЕФЕРАТ
Ахмет Байтұрсынұлы - лингвист
Авторы: Экол-22к тобының студенттері
Кулекина Карина, Макишова Дарига
Ғылыми жетекшісі: доцент Есматова Меңдіқыз Тілеужанқызы

Петропавл, 2022



Жоспар
Кіріспе.......………............……………………………………………………………3
1 тарау. Тұтас буынның төлбасы - Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы……………………………………………………………….…3
2 тарау. «Оқу құрал» еңбегінің тілдік және педогогикалық қырлары................ 5 Қорытынды…..……………………………………………………………………6
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................................7

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі келер ұрпаққа ұлы жазушы ленгвисттың өмірі туралы дереккөзін қалдыру. Жазушының белгілі шығармаларын кәзіргі кезде жаңаша стилде көрсете білу.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Болашақта еліміздін әр азаматы біздін қазақ тілінің дамуына қайта қалпына келуіне ат салысқан тұлғалар туралы білу. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер қойылады:

Жұмыстың практикалық мәні: Біздің артымыздан өсіп келе жатқан ұрпақа түсінікті әрі пайдалы ақпарат қалдыру. Әрбір берілген мәліметін кәзіргі ұрпақа маңызды екенің көрсету.

1872 жылы 5 қыркүйекте дүниеге келген. Арғын руының Шақшақ руынан шыққан.


Ахмет он үш жаста болғанда, олардың ауылына полковник Яковлев бастаған полиция қызметкерлері келіп, погром ұйымдастырса, Ахметтің әкесі Байтұрсын Шошақұлы мен Ахметтің үш ағасы бұзақылыққа шыдай алмай, полковникті ұрып-соғады. Сол үшін олар 15 жылға Сібірге жер аударылды.
Ахмет Байтұрсынұлы оқу мен жазуды ауыл молдаларынан үйренген. Туыстары оны Торғай екі жылдық орыс-қазақ мектебіне берді. Оны бітірген соң, Ахмет Байтұрсынұлы оқуын жалғастыру үшін Орынборға барып, ағартушы Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған төрт жылдық мұғалімдер мектебіне түседі. Орынборда үлкен қаржылық қиындықтарды бастан кешірді, бірақ 1895 жылы мектепті бітіреді. Ахмет Байтұрсынұлы Республиканың Академиялық орталығын басқарды, қазақ халқының тарихындағы тұңғыш мемлекеттік университеттің филология кафедрасының профессоры болды. Байтұрсынұлы өзінің ана тілінде сөйлейтін оқу құралдарын, оқу бағдарламалары жүйесіне арналған оқулықтар, 1920 жылдары бірнеше басылымнан өткен суретті астар жасады.
Араб әрпі дауысты дыбыстарды белгілемей қолданылғанда түркі тілдері үшін белгілі бір қолайсыздықтар туғызды. Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиін реформалау жобасын ұсынды. Оның ойы музыкалық нотадағы жоғары немесе бас жиіліктегі кілттің белгісіне ұқсас белгіні қосу арқылы әрбір сөзбен алдыңғы немесе артқы қатардың белгісін белгілеу болды, бұл дауысты дыбыстарға жаңадан енгізілген белгілердің санын айтарлықтай үнемдеді және араб графикасымен үйлестірді. . Атақты лингвист, САГИ профессоры Е.Д.Поливанов «КСРО түркі жазуындағы графикалық революцияның негізгі формалары» атты мақаласында бұл жобаны «керемет» деп атады. Поливанов былай деп жазды: «Егер қазақ жазуы мәселесін көрші халықтардың графикасымен санаспай-ақ (тіпті, оның міндеттерінен де тыс) «уақыт пен кеңістіктен тыс» шешуге болатынына күмән жоқ. графикалық техниканы интернационалдандыру), сосын қазақша ... мектепті ‘1924 жылғы емлесі’ жақсы қанағаттандыра алар еді»[7]. Бірақ Байтұрсынұлының бұл жобасы жүзеге аспай, КСРО-да түркі тілдерін латындандыру (1928) және кирилизация (1940) басталды.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының [10] әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жаңғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.


Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды.


1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады.
Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.

Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары


Тəуелсіздік кезеңдегі Қазақ тіл білімі мен əдебиеттануда Байтұрсынұлын тану мəселесі қазақ ұлттық ғылымында бағыты белгілі дербес сала. Таңдамалы жинақтарды қайта шығару бойынша Ахметтану саласында атқарылған өзекті мəселелер- дің бір саласы, ғалым туындыларын бүгінгі, келер ұрпаққа таныстыру. Ғалымның шығармашылық мұрасы 1989-2009 жылдар аралығында бірнеше дүркін қайта жарық көрді. Жалпы саны – 21. Қандай қоғамда болмасын кiтаптың сатылуы, яғни өтiмдiлiгi қашанда басты мəселе екенiн ескерсек, А.Байтұрсынұлы туындыларының бiрнеше рет басылуы оның сұранысқа ие құнды кітап екендігіне айғақ. Бұл қайраткердің зерттеу-еңбектердiң өмiршеңдiгiн көрсетеді. Əрбiр кiтаптың түрлiше тағдыры болады. Кейбiр кiтаптардың санатта бар екендігі де байқалмайды. Ал кейбiрi басылып шыққан күннен бастап, ескiнi есеңгiрете, жаңамен қоян-қолтық араласа, «бүгiнгi кiтап – ертеңгi iс» дегендей қоғамнан өз орнын алады. Зұлмат заман, есімін айтқызбаса да, ғалымның филология саласындағы ғылыми еңбектерi қазақ дүниетанымында өзiндiк сара жолын салды. Ғұламаның «Əдебиет танытқыш» оқулығының «əдебиеттану мен əдебиет теориясының бастауы» болғандығы мойында- лып, оны кеңес тұсындағы əдебиеттану ғылымындағы зерттеу еңбектерде елеусіздеу етіп жазып келді. Кеңестік дəуірдегі ұлт əдебиетін қатаң бақылауда ұстағанын ескерсек, қазақ тіл білімі мен əдебиеттану саласындағы ғалымдардың ғұлама- ның есiмiн айналып өтiп, оның туындыларын сiлтемесiз пай- далануына түсінушілікпен қарау керек те сияқты. Енді қайта жарық көрген шығармаларға тоқталсақ.1989 жылы «Жазушы» баспасынан «А.Байтұрсынов. Шығармалары Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер» 320 бет, (Құрастырушылары: Шəрiпов Ə., Дəуiтов С), 20 000 таралыммен жинақ жарық көрдi. Кітапта алғысөз орнына берілген Ш.Сəт- баеваның «Ахмет Байтұрсынов» деген баянатында тұлғаның мемлекеттік қызметтегі ресми құжаттарының бірі – РКП (б)- ның Орынбор Комитетіне партия мүшелігіне алуды сұраған өтініші берілген. Жинаққа «Маса», «Қырық мысал», «Əдебиет танытқыш» еңбектері топтастырылған. Кітап соңындағы ғылыми түсінікті С.Дəуітов жазған. Жинақ ғалым есімі ақталғаннан кейiн басылған – бiрiншi кiтап. Жинақтың офсеттік қағазының сапасы төмен. Мұндағы ең құнды деректер: жеке суреттері жəне «Маса», «Қырық мысал» кітаптарының мұқабалары. Кітапқа редакторлық жасаған М.Неталиев. Қайта басылған кітапта төлавтор А.Байтұрсынұлының құқы қорғалмаған, тек жинақты бастырушы «Жазушы» баспасы- ның мүддесі қарастырылған.
1991 жылы «Жалын» баспасынан «А.Байтұрсынов. Ақжол, Өлеңдер мен тəржiмелер, публицистикалық мақалалар жəне əдеби зерттеу» 464 бет, (Құрастырушысы əрі алғысөзi Р.Нұр- ғалиев), 20 000 таралыммен басылым көрдi. Жинақтың 1989 жылғы жинақтан өзгешелігі, мұнда: М.Əуезовтің «Ақаңның елу жылдық тойы» құттықтауы, əр жылдары жарияланған 43 публицистикалық мақала топтастырылған. Аңдатпасында:
«Отызыншы жылдары сталиндік озбырлықтың құрбаны болған ұлы ғалым-лингвист, əдебиет зерттеуші, ақын-аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсынұлының ардақты есімі қазіргі қайта құру заманы арқасында ақталып, артына қалдырған асыл мұрасы халыққа қайта оралды» деген ақпарат береді. Р.Нұрғалиев «Алып бəйтерек» деген тақырыпта ғалымның өмірі, қызметтері жөнінде шолу жасай отырып, əдебиеттанушы ғалымның əдеби мұрасына бүгінгі əдебиет талабы мен та- нымы тұрғысынан талдау жасаған. 1-бөлімдегі: «Қырық мысал», «Маса» туындыларын – М.Мырзахметов, «Ер Сай- ын», «23 жоқтау» ауыз əдебиетінің нұсқалары – Р.Нұрғалиев, 2-бөлімдегі: «Көсемсөз» мақалалары – А.Мектепов, Ғ.Əнесов, «Əдебиет танытқыш» əдеби зерттеу еңбегі – Р.Нұрғалиев дайындаған. Кітап редакторы – Е.Дүйсенбаев, жинақта тұңғыш рет төлавтордың құқы қарастырылып, мүддесі қорғалған. Кітаптың офсеттік қағазы сапалы, əрі көркем суреттермен безендірілген

Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар: -Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.


— Мұхтар Әуезов
Еліміз егемендік алып , тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап , сол жолда өздерінің саналы ғұмырын құрбан еткен азаматтардың ұлт - азаттық қозғалысының тарихын қайта қарап , шынайы түрде ақтаңдақтардың бетін ашып жаңа заман талабына сай зерделеудің маңызы зор . Адамзат баласы өткен тарихын жадында сақтап , одан сабақ алуы қажет . Еліміздің зиялы қауымының жиынында елбасымыз қазақ елінің арғы - бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп , әрбір азамат тарихтың өткеніне үңіле қарау арқылы өзінің ата бабалары қалдырған кең байтақ жердің лайықты мұрагерi болуға ұмтылсын деп , қоғамдық ғылым салаларына , соның ішінде тарихшыларға зор міндеттің жүктеліпотырғандығын атап көрсетті . Кеңес үкіметінің тұсында қалыптасқан саяси - әлеуметтік жағыдай , қоғамда шектен тыс шыққан үгіт - насихаттың аркасында зерттеушiлерiмiздi қате пайымдаулар мен сыңаржақ тұжырым жасауларына итермеледі . Кеңестік тарих ғылымы төңкеріске дейінгі жекелеген ұлттық тұлғалардың өмір жолдары мен азаттық жолындағы күресі мен ұлтына арнаған қоғамдық - саяси қызметтерін өмірге жанаспайтын ұғымдар казахский русский тұрғысынан қарастырды , зерттеуге тыйым салды , ал зерттеле қалғандары сыңаржақ бағаланып , тарихи шындық тұрғысынан бағалауға мумкiндiк.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D1%82_%D0%91%D0%B0%D0%B9%D1%82%D2%B1%D1%80%D1%81%D1%8B%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B
2.https://el.kz/amp/akhmet_bayt-rsyn-ly_shy-armalary_21547/
3. Байтұрсынұлы А. Тіл-құрал. –Алматы: Жазушы. 2017, - 234 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет