Реферат боөЖ-6 " жеке аминқышқылдарының алмасуы және олардың биохимиялық негізінің бұзылуы"



бет2/4
Дата18.09.2023
өлшемі147,93 Kb.
#108355
түріРеферат
1   2   3   4
Изомериясы жөне номенклатурасы
Аминқышкылдарының изомериясын оксид қышқылдардың изомериясына ұксас келеді, яғни оларда амин топшасының жағдай изомериясы және тізбектік изомерия байқалады.
Халықаралық номенклатура бойынша, аминқышылдарын сәйкес карбон кышқылдарының атына амин деген сөзді қосып, амин топшасының орнын цифрмен көрсетіп атайды.Рационалды номенклатура бойынша, амин топшасынын орнын грек таңбаларымен () көрсетіп, карбон қышқылының
туындысы түрінде атайды. Көптеген аминқышқыллдары тарихи
номенклатура бойынша да аталады
Осы ғасырдың 20-жылдары швед ғалымы Т.Сведберг белоктардың молекулалық массасын (салмағын) және тазалығын анықтау ушін алғашқы рет ультрацентрифугалау әдісін қолданады. Екінші швед ғалымы А.Тизелиус ұсынған белоктарды электрофорез әдісімен зерттеу бұл саладағы аса уздік табыс болды (1933 ж.)
Белоктық заттар өсімдікте тузіледі. Ол үшін топырақтағы азот қосылыстары пайдаланылады. Ал бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауа құрамындағы азотты пайдаланып, белок түзе алады. Жануарлар дүниесі және адам белокты амин қышқылдарынан және басқа да азоты бар органикалық заттардан синтездейді. Олар ондай заттарды өсімдіктерден және басқа өздері қорек үшін пайдаланатын жануарлардан алады.
Белоктардың ең қарапайым кұрамына мынадай элементтер кіреді (% есебімен): көміртегі 50 — 54; оттегі 21,5 — 23,5; сутегі 6,5 — 7,3; азот 150-17,6; күкірт 0,3 -2,5.
Қайсыбір жеке белоктар құрамында темір, фосфор, цинк, кобальт, марганец, молибден, йод, мыс және басқа да элементтер шағын мөлшерде кездеседі.
Белоктар құрамындағы азот мөлшері тұрақты және ол құрғақ массасы бойынша алғанда орта есеппен барлық элементтер-дің 16 проценті мелшерінде.
БЕЛОК КҰРАМЫНА КІРЕТІН АМИНҚЫШҚЫЛДАРЫ
Қышқылдың немесе ферменттің көмегімен гидролиз жасаған кезде белоктардың амин қышқылдарына ажырап, бөлшектенетіні анықталған. Амин қышқылдары дегеніміз әр түрлі белоктардың молекулаларын түзетін мономерлі жеке заттар.
Табиғатта сексеннен астам амин қышқылдары белгілі болып отыр. Олардың жиырмасы ғана белок құрамына кіреді.
Амин қышқылдары — бұлар органикалық қышқылдар. Олардың молекуласында карбоксильдік ( — СООН) топ та, аминдік (-NH2) топ та бар. Амин қышқылдары молекуласында аминдік топ , , жағдайында да және басқа жағдайда да болады. Табиғи белоктардан тек, -амин қышқылы ғана табылған. Ол қышқылда карбоксильдік топтан кейін бірінші көміртегі атомы -тобымен байланысады. -амин қышқылының жалпы формуласын мынадай түрде көрсетуге болады:
R — CH – COOН
мұндағы: R — радикал, бүйірдегі топтарды көрсетеді.
Амин қышқылдарының физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерінің ерекшелігі бүйірлік топтардың құрылымына тәуелді.
Химиялық құрамына және бүйірдегі топтардың құрылымына байланысты амин қышқылдары полярлы (гидрофильді) және полярсыз (гидрофобты) деп жіктеледі немесе оларды бейтарап, қышқылдық және негіздік амин қышқылдары деп бөледі. Қоректік бағалылығына қарай ауыстырылатын және ауыстырылмайтын (адамның және жануарлардың организмінде түзілмейтін) амин қышқылдары деп ажыратады. і
Енді белок кұрамына кіретін амин қышқылдарын класқа бөліп, азықтық бағасын баяндайық және олардың құрылымдық формуласын қарастырайық. Жақша ішінде олардың қысқа атауы берілген. Бұл амин қышқылдарын организм белок синтезі үшін пайдаланады. Олардың формулаларындағы бүйірлік топтар үзік сызықшалармен шаршыланып бөлінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет