Реферат Орындаған: Алтынбек Жанель Русланқызы Тексерген: Мұратбекқызы Б. Астана 2023



бет1/4
Дата16.04.2023
өлшемі161,41 Kb.
#83269
түріРеферат
  1   2   3   4


Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті

Реферат
Орындаған: Алтынбек Жанель Русланқызы


Тексерген: Мұратбекқызы Б.

Астана – 2023



  1. Еуразия өркениетіндегі атқа міну мәдениетінің қалыптасуының тарихи маңызы.

Еуразия кеңістігін мыңдаған жылдар бойы мекендеген халықтардың тарихи шежіресінің куәсі. Батыс пен Шығыс өркениеттерін тоғыстырған үндестік пен үйлесімнің бесігі, мәдени қазынасы мен тамырлы тарихы, жауһардай әдеби мұрасы мен жарқыраған асыл тілі, тасқа таңбаланған жазуы мен саф өнері - адамзат өркениетіне қосылған баға жетпес құнды байлығы екені тарихи шындық.
Сол уақыттан бері энеолиттік Ботай мекені әлемдегі жылқышылардың көне мекені ретінде отандық, сонымен бірге шетел тарихшыларының назарын аударды. Қырық жылға жуық Ботай мәдениетінің ғажайып әлемі ғалымдарды тың жаңалықтармен таңғалдырып келеді. Ғалым Виктор Зайберт дала өркениетінің бастамасына айналған әрі Еуразияда жылқыны қолға үйретушілердің алғашқы мекені болған Ботай ескерткіштері жайында әңгімелеген еді.
Қазақстан тарихында Ботай ескерткіштерінің орны айрықша. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында уақыт пен кеңістіктің дала өркениетіндегі маңыздылығына тоқталып, атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарап, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашқандығына ерекше назар аударғаны белгілі. Энеолит дәуіріне тиесілі Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеулер Еуразия тарихының мыс-тас ғасырларына, біздің заманымызға дейінгі IV–III мыңжылдықтар қойнауында жатқандығын анықтады. Отандық және шетелдік ғалымдардың соңғы қырық жыл ішінде ашқан ғажайып ізденістерінің нәтижесінде ашылған энеолит мекені – Ботай бүтіндей Еуразияның ежелгі тарихындағы ғылыми жетістіктерінің дәлелі болып отыр
Бірнеше миллиондаған жылдардан кейін адамзаттың атқа міну кезеңіне өтуі дала өркениетінің бастамасына айналып, әлемдік тарихи үдерістерге зор серпін бергенін айтып өттік. Қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, ботайлықтардың зерттеу аумағында күні бүгінге дейін 360 мыңнан астам жылқының азық ретінде пайдаланылғандығы анықталды. Ат сүйектерінің айтарлықтай бөлігі еңбек құралдарын жасауға, тұрғын жай қабырғасын тұрғызуға пайдаланылған. Біздің заманымызға дейінгі ІV-ІІІ мыңжылдықтарда дала климаты айтарлықтай ылғалды әрі өсімдікке бай болғандығын ескерсек, палеогеографтар мен топырақтанушы ғалымдар деректері бойынша шөптің биіктігі 2 метрге дейін жеткен. Дәл осы кезеңде мұнда миллиондаған жылқы мекендеді. Басым көпшілігі жабайы болғандықтан, оларды аулау үшін үйретілген аттардың мінілгендігі дәйектеліп отыр. Бүгінде Ботай жылқыларын қолға үйретудің басқа да археологиялық деректерінің мол қоры жинақталды. Ал ыдыстарда қымыз молекулаларының анықталуы ботайлықтар тұтынған тағамдарының этностық маркерін көрсетеді. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалап, бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.
Бұл жалпы еуразия ұлттық өркениеті үшін айтарлықтай маңызы зор тарихи мұра, сонау ботай мәдениетінің кездерінен бері бастау алып, күні бүгінге дейін маңыздылығын жоғалтпаған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет