Реферат Тақырыбы: Алкоголизм және оның салауатты тұлғаның дамуына әсері. Орындаған : Ұзақбай Назерке


Бауырдың алкогольді циррозы, алкогольді психоз, тұлғаның алкогольді деградациясы



бет4/5
Дата17.04.2023
өлшемі25,1 Kb.
#83418
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ұзақбай назерке 11 реферат 104ом

Бауырдың алкогольді циррозы, алкогольді психоз, тұлғаның алкогольді деградациясы тұрақты. Ми тамырлары қабырғасын зақымдай отырып, алкоголь қорек заттар мен оттегінің миға түсуіне кедергі келтіреді, мида ұсақ қан құйылулардың үлкен саны, тамырлардың бітелуі пайда болады, соның нәтижесінде ми жасушалары жартылай өледі. Жылдар бойы ішімдік ішіп жүрген адам миллиондаған нерв жасушаларынан айырылады, салдарынан ақыл-ой қызметі, есте сақтауы, ой-өрісі парасаттылығы төмендейді. Сонымен қатар, көпшілік жағдайда маскүнемдер өз өміріне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіретін тұрмыстық, көліктік, өндірістік жаракаттанушылыққа бейім болады, олардың көпшілігінде жиі үсікке шалынады немесе өртте өледі. Көңіл-күйі, қимыл-қозғалысы бұзылады, өмірге икемділігі төмендейді. Маскүнемдер арасында өз-өзіне қол жұмсаусаны өте жоғары. Көптеген қылмыстар мен адам өлтіру қылмысы мас күйінде жасалады. Маскүнемдерден туылған балалардың ақыл-есі кем, психикалық және физикалық бұзылыстары болады.
Науқастың өзі емделуді қалаған жағдайда ғана ем тиімді боладыБірақмаскүнемдер көпшілік жағдайдаөздерін аурумын деп санамайды, сондықтан олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, бұл жағдайда наркологтың, психотерапевтің, психиатрдың көмегі қажет. Сол кезеңде жаңа жұмыс табу немесе бұрынғы жұмысын қалпына келітіру керек, достарымен, отбасымен қатынасын дұрыстап, бұрынғы «бөтелкелестеріне» салауатты өмір салтын насихаттайтын қандай да бір аңыз табуы тиіс. Осы сәтте отбасы тарапынан моралдық қолдаукөрсетілуі қажет, ол таңдалған ұстанымның дұрыстығына сенімін нығайтады. Алкогольге құмарту ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, ол жиі бас жазу жағдайына ұқсас симптомдармен жалғасады (ашуланшақтық, ызалық, нашар көңіл-күйдің бұзылуын баларынан, әйелінен алу...).
Маскүнемдік біртіндеп дамиды. Ештеңе өздігінен болмайды. Маскүнемдік ауыр, біртіндеп күшейетін ауру, кез келген қуаныш пен қайғы үшін залалсыз ішуден басталған дәсүр бірте-бірте ұлғая береді. "Өзен арналардан басталса, маскүнемдік рюмкадан басталады". Мұның шекарасын ажырату өте күрделі, бірақмаскүнемдіктіңалғашқы, жасырын кезеңін мына белгілер бойынша анықтауға болады: алкогольге құмарту.
Ішімдік ішетін адамдарда бас ауруы, құсу сияқты улану белгісінсіз спирттің үлкен мөлшерін алып жүру қабілеті дамиды. Егер дәл осылай болса, онда ол маскүнемдік жолындағы алғашқы кедергіні табысты өтті деп санауға болады. Әсіресе қыздарға өмірлік серіктерін табу барысында мұқият болу керек, егер оның жігіті ішкен арағына мақтанатын болса, онда ол жетістік емес. Бұл - абайлау керек екеніне дәлел. Спирт мөлшерінің өсуі масаю жағдайына жеткізеді. Спиртті ішімдікті ішкеннен кейін бақылауын жоғалтып, кейбір адамдар бір стақаннан кейін қызғанышпен қайталап құя бастайды, айналасындағылардан ұялмайды, әдетте ол қатты масаюмен аяқталады."Рюмка тосттарды басып озады". Алкогольдік палимпсесттер түрінде есті жоғалту – ішімдік ішкен адам кіммен ішкенін және үйіне қалай келгенін білмейді.
Егер 1-2 күн ішпесе, "бір нәрсенің жетіспеуі", нашар көңіл-күй, ашуланшақтық, қазымырлық сияқты психологиялық қолайсыздық сезімі туындайды. Бұл жағдайдан кезекті ішімдік мөлшері құтқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет