Реферат тақырыбы: Қарым-қатынастағы агрессия және конфликт Орындаған: Сабаншы Әділ Тексерген: Жолдасова М. К



бет1/6
Дата01.11.2022
өлшемі33,34 Kb.
#46787
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


Факультет: Механика және математика
Мамандық: Актуарлы математика

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қарым-қатынастағы агрессия және конфликт

Орындаған: Сабаншы Әділ
Тексерген: Жолдасова М.К.

Алматы 2022ж.
Агрессия (латын тілінен аударғанда «agressio» - шабуыл) — адам әрекетінің ерекше формасы болып табылады. Мұндай мінез-құлық субъектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады. Агрессивтік мінез-құлық қарқындылығы мен пайда болу дәрежесі бойынша: жеккөрушілік, жақтырмаушылықтан – тіл тигізуге («вербальдық агрессия») және дөрекі түрде күш қолдануға («физикалық агрессияға») дейін түрленеді. Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан қарағанда: жекелеген адамдардың агрессивті мінез-құлықтары жиынтығының, бұқаралық сипаттағы құбылыс ұғымының тұлғааралық агрессияның топтық агрессияға айналуының мәні бар. (Психологический словарь, 1997).
Агрессивтілік – Агрессивность [лат. Aggressio — нападать] — адамның субъектіге немесе объектіге физикалық және психологиялық зақым келтіруге дайындық мінез-құлығы.
Агрессия мен агрессивтіліктің айырмашылығы.
«Агрессия – бұл белгілі бір адамға немесе затқа жүйелі, ниетті түрде бағытталған зақым келтіретін іс-әрекеттер». Агрессивтілік — бұл адамның құлқысына байланысты, агрессияға дайындық кезеңі болып саналады. Агрессивтілік әр адамға қасиет, сондықтан белгілі күші бар. Әр адамда агрессивтілік қасиеті әр түрлі, бұл олардың алған тәрбиесіне байланысты. Егер агрессивтілік аз немесе тым болмаса, онда бұл субъектінің пассивтілігіне әкеледі. Депрессияға өте бейім болады. Агрессивті тым жоғары адамдар, конфликтерге араласып, келешегіне және авторитетіне нұқсан келтіреді. Сондықтан адамның өз агрессивтілігі мен эмоциялардың бақылаудың маңызы өте зор. Сол себептен осындай қорытындыға келеміз: агрессия іс-әрекет болса, агрессивтілік – агрессия бейімділік қасиеті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет