Реферат Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі»



бет1/3
Дата22.09.2023
өлшемі87,5 Kb.
#109693
түріРеферат
  1   2   3

Caspian University


Реферат

Тақырыбы:


«Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі»
Орындаған: Құлбеков М.
Тексерген: Өмірбай Р. С.

Алматы 2023




Кіріспе
Мемлекетіміз даму жолында нақты қадамдар жасап келеді. Соның бірі, заң саласында жасалып жатқан оң өзгерістер. Оның ішінде, экологиялық заңдарды жақсарту мәселесі жеке орын алады. Экологиялық кодекс еліміз үшін өте маңызды заң.Оны өз Жолдауында Елбасы да атап өткен. Осы бағытта жасалатын жұмыс Қазақстанның 50 бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіруге зор ықпал жасайды. Өз сөзінде Президент, Экологиялық кодекс 2006 жылы қабылдану туралы айтқан. Сонымен қатар, Экологиялық кодекс қоғамның тұрақты даму жолында экологиялық стандарттарды енгізудің бастамасы деп айтуға болады.
ҚР-ның экологиялық құқығы — айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Экологиялық қатынастар дегеніміз — бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.
Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз — айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.


Экологиялық кодекс жайлы жалпы түсінік.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген. Ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады. Экологиялық құқық бұл осы кезеңмен болашақтың адамдарының мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады.
Табиғатты қорғау – қазіргі кезең және болашақ ұрпақтар үшін қошаған табиғи ортаның сапасымен байланысты қоғамның экологиялық даму мүддесі болып табылады. Құқықтық экология бұл қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық экологияның анықталуының бірі болып – экология құқығы болып табылады. Экология құқығы бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қошаған табиғи ортаны тиімді пайдаланумен қорғауға байланысты қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын анықтайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Экология құқығы құқық саласы ретінде адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланыстарға жету мақсатында экологиялық қоғамдық қатынастарды жүзеге асыратын арнайы тәсілдерді реттейтін құқықтық номалардың жүйесін құрайды.
2000-жылдан бері еліміздің үкіметі заңнамадағы кем-кетіктерді толтырып, бірқатар заң мен заң актісін қабылдап үлгерді. Елбасымыз 2006-жылы халыққа жолдаған жолдауынан кейін, 2007-жылы Экологиялық кодекс қабылданды. Бұл кодекс қазақстандық заңнаманы халықаралық көпжақты келісімдермен сəйкестендіруге, өзге мемлекеттердің заң жүйелеріндегі озық тəжірибені есепке алып, жаңа стандарттаға көшуге, қоршаған орта саласында мемлекеттік бақылау жүйесін дамытуға бағытталған. Экологиялық кодекс бір жылдың ішінде əзірленді.
Ауа қабатын қорғау туралы заң жəне Қоршаған ортаны қорғау туралы заң сияқты 80-ге жуық түрлі нормативтік құжат Экологиялық кодекстің құрамына кіргізілді. Кодекстің əзірленуіне берілген уақыттың тар болғаны сонша, кодекс қабылданған кезде 40-тан астам заң актісі əлі дайын болмаған еді. 2008-жылдың сəуір айына жетіспеген 46 нормативтік құжаттың бəрі қабылданып үлгерді. Қоршаған орта саласындағы заңнаманың барлық аспектілерімен айналысатын жəне соған байланысты əрекеттің бəрін үйлестіруші орган - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі құрамындағы Заң жəне халықаралық ынтымақтастық департаменті.
Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне – айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады.
Кейбір нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады, сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері де экология құқығының қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық заңдардың құрамына кірмейді. Сондықтан «Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет