Жасушаның тұқым қуалау аппараты Хромосоманы зерттеудің басталғанына бір ғасырдан артық уақыт өтті. Жасушаның бөлінуі кезіндегі хромосома жағдайларын алғаш 1870 жылдардың соңында сипаттап жазғадар Флемминг, Страсбургер және т.б. болды. 1875 жылы Гертвиг ұрықтану кезінде гаметалардағы екі ядроның қосылуына байланысты хромосомалар санының екі еселенетінін көрсетті. Сәл кейінірек, 1883 жылы Ван Беннеден хромосомалардың ата-аналардын ұрпақтарына бірдей берілетіні жайлы айтты. Тірі жасушаларды фиксациялап, соңынан бояған кезде ядро ішінде кейбір бояулармен жақсы боялатын, әсіресе негіздік бояуларды мол сіңіретін тығыз денешіктері бар зоналар байқалған. Жақсы боялатын қабілетіне байланысты ядроның бұл құрам бөлігін Флемминг 1880 жылы “хроматин” деп атады. Ал “хромосома” терминін ғылымға 1888 жылы Вальдейер енгізген. Мейоздық бөліну кезіндегі хромосомалар жағдайын байқаған ғалым Ру олардың тұқым қуалаушылыққа қатынасы бар екенін мәлімдеген.
Міне, содан бергі зерттеу нәтижелерін қорыта келе хромосомалар сол клеткадағы хромосомадан тыс механизмдермен әрекеттесе отырып, біріншіден, тұқым қуалау информациясының сақталуын және оның дұрыс көшіріліп жазылуын реттейді, екіншіден, генетикалық материалдың екі еселенуін, сондай-ақ оның ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді деген тұжырым жасалды.
Хромосомалар- жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және организмдер мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын, яғни ДНҚ молекуласынан тұратын оргоноидтар.
Ядроның интерфазалық күйінің негізгі бөлігі, хромосоманың белсенді активті күйі — хроматин. Ол өте жіңішке, ұзын, шумақталған хроматин жіпшесінен ДНҚ және гистондық ақуыздан тұрады. Оның диаметрі 10—13 нм болып келеді. Оның қаңқасын 4 түрлі гистондық ақуыздардың (Н2А, Н2В, НЗ, Н4) молекулаларынан құрылған дөңгелек октомер денешіктер — нуклеосомалар құрайды.
Хромосоманың нуклеосомалық құрылысы ДНҚ-ның сирек,орташа және жиі қайталанатын нуклеотидтер жүйесіне бөлінуіне байланысты хромосомалық материалдардың екі типін ажыратады