Реферат Тақырыбы: Ішастар Дайындаған: Кайроллаев Сәбит



бет1/5
Дата24.03.2022
өлшемі2,54 Mb.
#28627
түріРеферат
  1   2   3   4   5

«Қарағанды Медицина Университеті»

Комерциялық емес акционерлік қоғамы
Мофология және физиология кафедрасы

Реферат


Тақырыбы: Ішастар

Дайындаған: Кайроллаев Сәбит
Тексерген: ассистент-проффесор Кусаинова Багира Сериковна
Құрсақ қуысы,cavitas abdominalis, қабырғалары:

Жоғардан – көкет, diaphragm;

Төменнен – аралық, perineum;

Алдыңғы жағынан – құрсақтың алдыңғы қабырғасы;

Артқы жағынан – құрсақтың артқы қабырғасы;

Бүйір жақтарынан – құрсақтың бүйір қабырғасы;

Құрсақ қуысында асқорыту мүшелері, несеп-жыныс және эндокринді аппараттар, қан тамырлары, лимфа түйіндері, сонымен қатар мүшелер мен қабырғаларды астарлап жататын сірлі қабақша немесе ішастар орналасады.


Ішастар,peritoneum, - құрсақ қуысының қабырғалары мен онда орналасқан мүшелерді қаптайтын сірлі қабықша болып табылады. Ол сірлі сұйықтықты бөлу және қайта сіңіру функцияларын да атқарады. Визуальды қараған ол тегіс, жылтыр, біртекті болып келеді.

Ішастардың микроскопиялық құрылысына қысқаша тоқталып өтсек, оның келесідей қабықшаларын ажыратамыз: мезотелий, базальді мембрана, эластикалық және коллагенді талшықтардан құралған дәнекертінді сторма, қан және лимфа тамырлар қабаты.



Ішастар екі жапырақшадан тұрады. Құрсақ қабырғасының бетін астарлайтын – париетальды жапырақша, peritoneum parietale, ал құрсақ қуысында орналасқан мүшелерді жабатын – висцеральды жапырақша, peritoneum viscerale.

Париетальды жапырақша ішкіқұрсақтық шандырды барлық жерінен астарламайды. Себебі, құрсақ қуысының артқы қабырғасы мен ішкіқұрсақтық шандыр аралығында май тіндері мен ондағы кейбір мүшелер оналасады. Мысалы: ұлтабар, ұйқы безі, бүйректер, бүйрекүсті бездер, құрсақтық қолқа, төменгі қуыс вена және т.б. Осы аталған кеңістік – ішастар артындағы, забрюшинная, spatium retroperitoneale деп аталады. Сонымен қатар осындай кеңістік несеп қуық маңында да кездеседі. Яғни кіші жамбастың алдыңғы қабырғасы. Бұл кеңістік – ішастар алдындағы, пребрюшная, spatium anteperitoneale деп аталады. Ал ішастардың астында орналасса, сәйкесінше – ішастар асты кеңістігі, подбрюшинная, spatium subperitoneale.


Висцеральды жапырақша құрсақ қуысындығы мүшелерін әртүрлі қаптайды. Соған байланысты мүшелердің үш түрлі орналасуын ажыратамыз: интраперитонеальды, мезоперитонеальды және экстраперитонеальды.

Интраперитонеальды орналасқан мүше ішастармен барлық жағынан жабылады және формасын, орналасуын өзгерте алады.

Мезоперитонеальды орналасқан мүше ішастармен үш жағынан қапталады. Ал төртінші жағы адвентициямен жабылған. Соған байланысты мезоперитонеальды орналасқан мүшелер пішіндерін өзгерте алады, бірақ, қозғала алмайды. Себебі, құрсақ қабырғасына бекініп орналасады.

Экстраперитонеальды орналасқан мүше ішастармен тек бір жағынан жабылады. Қалған беттері адвентициямен жабылған. Бұндай органдар мүлдем қозғалмайды және формасын өзгертпейді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет