Идеал және тұтқыр сұйықтар. Сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағыны.
Тұтқырлықты анықтау әдістері. Стокс өрнегі. Пуазейль формуласы.
Тұтас орта механикасы
Тұтас орта механикасы – механиканың газдардың, сұйықтықтардың, плазманың, деформацияланатын қатты денелердің қозғалысын және тепе-теңдігін зерттейтін бөлімі.
Ол гидроаэромеханикаға, газодинамикаға, пластик. теорияларға, т.б. ажыратылады. Тұтас орта механикасында заттың молекулалық құрылысы ескерілмей, оның барлық қасиеттері (тығыздығы, механикалық кернеуі, бөлшектердің жылдамдықтары, т.б.) көлемі бойынша үздіксіз таралған тұтас орта ретінде қарастырылады. Мұндай жуықтаулар Тұтас орта механикасына жоғары математиканың үздіксіз функциялар аппаратын қолдануға мүмкіндік береді. Тұтас орта механикасында кез келген ортаны қарастырғанда механиканың негізгі заңдарына сүйеніп қорытылатын ортаның қозғалыс теңдеуі мен осы ортаның тепе-теңдік шарты, ортаның үзіліссіздік теңдеуі (массаның сақталу заңына негізделген), энергияның сақталу заңы негіз етіп алынады. Әрбір нақты ортаның ерекшеліктері ерекшеліктері олардың күй теңдеулеріне немесе берілген орта үшін кернеу мен деформацияның немесе ортаның деформациялану жылдамдықтарының байланысуын белгілейтін реологиялық теңдеулерде ескеріледі. Ортаның қасиеті температураға және басқа да физикалық-химиялық параметрлерге тәуелді. Әрбір нақты есепті шешкенде бастапқы және шекаралық шарттар берілуі тиіс. Олар ортаның ерекшеліктеріне тәуелді.Тұтас орта механикасы физика мен техниканың әр түрлі салаларында пайдаланылады.