ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Реферат
Такырыбы: Жетісу облысының экологиялық жағдайы
Орындаған:Мұхтар Аяжан Мейрамқызы
Тексерген:Абиева Г.Б.
Қарағанды, 2023 жыл
Жоспары
Кіріспе……………………………….………………………….………3
Негізгі бөлім……………………………….……………………………4
Жетісу аймағының табиғат-райы, экологиялық ерекшеліктері………………………………………………………..4
Табиғат қорларының ластануы және оны пайдалану …………….6
Қорытынды……………………………………………………………..12
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………13
І. Кіріспе
XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары жеделдетіп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті, тіпті олардан асып түсті десе де болады. Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат алды.
Қазақ халқы ежелден-ақ табағат болмысын, оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің көне айналдырған. Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде табиғатты пайдаланумен қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқан. Осы арқылы болашақ ұрпақ бойына табиғатпен етене жүруді сіңіріп отырған.
Қазіргі дүние жүзілік ғылыми-техникалық прогрес пен адам әрекеті табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып, болашақ ұрпақтың алдына ғаламдық экологиялық проблемаларды тудыруда. Табиғаттың байлығын қажжеттілігімізге жүйелі жаратудың орнына, кейінгі жылдары оған жаппай үлкен қауіп тудыратын, ядролық, экологиялық, биологиялық қарулардың сыналуы, ормандардың аталуы, аң мен құстардың есепсіз жойылуы, адамның ақыл-ойын аздыратын арақ пен есерткінің таралуы осы экологиялық апаттың көзі болып табылады.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жетісу аймағының табиғат-райы, экологиялық ерекшеліктері
Алматы облысы республикасының оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан. Жер аумағы 224,0 мың км^2, яғни еліміздің 8,2% бөлігін иеленген облыс жерінің мөлшері бірқатар шетел мемлекеттерінің мәлелен Болгарияның (110,9 мың км^2), Албанияның (28,7 мың км^2), Гецияның (131,9), Белгияның (30,5), Испанияның (102,2) және т.б. аумағынан әлденеше асып түседі. Халқының саны 1558 мың, оның 440 мыңы қалада, 1118 мыңы ауылда тұрады. Батысында – Жамбыл, Солтүстігінде Балқаш көлі арқылы – Қарағанды, Солтүстік Шығысында – Шығыс Қазақстан, Шығысында ҚХР-мен, Оңтүстігінде – Қырғыз Республикасымен шектеседі. Орталығы – Талдықорған қаласы облыс құрамына 16 әкімшілік – аумақтық бөлініс – Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Еркелді, Жамбыл, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Жаркент, Раймбек, Сарқант, Талғар, Ұйғыр, Іле, Қапшағай, Талдықорған, Текелі аймақтары енеді.
Табиғатының шекарасы. Алматы облысының аумағы сотүстігінде Балқаш қаласы арқылы Сарыарқаның оңтүстік сілемдерімен, солтүстік-шығысында Тарбағатай жотасымен, барлық мойлы тауларымен, Шығысында Жетісу қақпасы, Борохоро Боротола жоталары арқылы Қытаймен, оңтүстік-шығысында солтүстік Тянь – Шаньның Кетпен жотасымен және күнгей Алатауымен, оңтүстік Іле, Теріскей Алатауларымен және оңтүстік батысында Шу-іле тауларының Жетіжол және кіндіктас тауларымен батысында Жусандала үстірті арқылы Шу,Іле тауларының Айтау т.б. аласа тау аңғарларымен шектеседі. Солтүстік-батысында Балқаш көлі арқылы Бетпақдаланың Қиыршыңтасты шөлді шөлейтті өңіріне ұласады.
Жетісудың кең аумағы және тауларының биіктігі әр түрлі болуы оның климаты мен ландшафтарының да түрліше қалыптасуына ықпал етті.
Өзендері: Балқаш – Алакөл тұйық алабында жатыр дегенмен жер беті ағын облыс аумағында 800-ден астам өзендер мен су аңғарлары бар. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайлы, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйек.ірі көлдері: Балқаш, Алакөл, Жалаңаш көл, Сасық көл, Ұялы, Қошқар көл, Көлсай, Үлкен Алматы көлі, Іле өзені бойында Қапшағай бөгені және СЭС-ы салынған. Мұнан басқа Бартоғай, Күрті бөгендері бар. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі.
Топырағы мен өсімдік дүниесі. Облыстық топырақ және өсімдік жамылғылары тік белдемдікке байланысты қалыптасқан.жазық бөлігінде шөлдіңде, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгік, сораң, сексеуіл көктемде эфемир өсімдіктері басым тараған. Балқаш,Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлер астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі, боө далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал оданда жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы өседі. Биік тау альпілік шалғынын өлең шөп, алтай қоға жайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір облыс малшыларының жазғы жайлауы.
Жануарлар дүниесі. Жазық жерінде қара құйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр т.б. Таулы бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал, аққұлан, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға т.б. мекендейді.
Экономикасы. Алматы облысының экономикасы көп салалы өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік пен байланыс және сауда құрылымдарынан тұрады. өнеркәсіпте электр қуаты (1997 ж. өнеркәсіп өнімдегі үлесі 39,9 %), машина жасау және темір өңдеу (6,5 %), құрылыс материалдары (6,2 %), тамақ өнекәсібі (38,2 %) ұн, жарма және құрама жем (5,5 %) салалары жақсы дамыған. Облыста жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, қыш-кәрлен өндірістері қалыптасқан. 1991-1997 ж өнеркәсіп өнімі 2,6 есе артты. Сонымен қатар қызылша, картоп, көкеніс бақша, жеміс жидек және жүзім шаруашылықтары айрықша дамыды. Одан тыс мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, бал, сүт, қымыз өндірістік шаруашылықтары қатар дамыған. Сырттан электр аппараттары, есептеу техникасы т.б. құрал жабдықтар алынды.
Кен байлықтары. Облыс аумағында жанғыш және полиметал кендерінің қоры мол. Жетісу Алатауында Тентек, Текелі, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе, Кетпен жотасының оңтүстік баурайында тұйық полиметалкендері игеріле бастады. Іленің атырауында -марганец,Буғыты тауында вольфрам кендері барланған. Мыс кені Сарыөзек кентінен солтүстікке қарай Быжы өзен жағалауында кездеседі. Радиобелсенді кендер Ойқарағай шатқалында орналасқан. Сирек металл қоры облыстың орталық аумағында шоғырланған. Соңғы кезде облыстың солтүстігінде Семізбұғы тауы етегінде де алтынның қоры барланды.
Жанғыш кен орындарына болыс аумағында тас көмір қордасы жатады. Олар Көлжат аумағында маңындағы ойқарағай қоңыр көмірі және Жетісу қақпасы маңындағы тас көмір кен орындары.
Табиғат қорларының ластануы және оны пайдалану.
Облыста қазіргі кезде 2340 табиғат пайдаланушы тіркелген, оның ішінде 100-ы ауыл шаруашылығы мақсатында су пайдаланушыларға жатады. 2002 жылдың өзінде жаңадан 714 табиғатпайдаланушы қосылған екен. Бұл «тау соғарлар» мен «көл тауысарлар» ішінде Текелі кен байыту комбинаты ең үлкені болып саналады. Шағын саналатын Көксу кен байыту фабрикасының өзі сынақтан өту барысында 4367 тонна кенді пайдаланып, 4797 тонна қалдық шығарған және 24000 текше метр су тұтынған.
Ал Алматы қаласының «су арнасы» су пайдаланушы басты мекеме болып табылады және одан шыққан төгін су жыл бойында Сарбұлақ тоғанының көлемінен асып төгіліп тұрады. Осы сияқты «техноимпорт», «Талғар спирт», Түрген және Бесағаш өзендері суын пайдаланып, өзендерге жылына 4243 және 965,7 тонна (1062500 текше метр) былғаныш заттар төгуге рұқсат алған. Сондай-ақ бүгінде су қорыанықталған 40 жер асты су көздері пайдаланылады.
Тіршілік мәдениеттің тұтыныстарын қанағаттандыру мақсатында қоғамның табиғат қорларын пайдалану әрекеті табиғатты пайдалану деп аталады. Ол ұтымды және асырапты болуы мүмкін. Табиғатты ұтымды пайдалануға оны әуелі зерттеп-зерделеу, құнттап, ұқыпты пайдалану, оны қорғап сақтау және көбейту, пайдаланған кезде бүгінгі күннің қажетімен ғана шектеліп қоймай, алыс болашақ қажеттерін де ескеру жайлары жатады. Ысырапшылдықпен пайдалану табиғат қорларының азып тозуына, таусылып-тітуіне, табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына, қошаған оратның былғануына, ластануына алып келеді.
Әдетте өндіріс тастандылары деп қандайда өнім алу барысында пайда болған және тұтыныстың қасиетін толықтай немесе жартылай жоғалтқан шикі зат қалдықтарын немесе жартылай өнімдерді айтады. Текелі кен байыту комбинаты, Теклі қуаттық кешені, Алматы 2- және 3-ЖЭС сияқты облыстық кен өңдеуші, қуат шығарушы мен жылу мен қамтамасыз етуші басты кәсіпорындары 2001 жылы 920,1 мың тоннаға артып кетуі пайдаланылған отын сапасының нашарлығымен түсіндіріледі.
Табиғат қорлары дегеніміз – адамның өмір сүріп, тіршілігін сақтауы үшін қоланатын табиғат тәні мен күштері. Оларға күн сәлесі, су, ауа, топырақ, өсімдік пен жан-жануарлар, кендер және барлық адам қолымен жасалмаған жаратынды дүние заттары жатады. Адам бұларсыз өмір сүріп, қандац да әрекет қыла алмайды және оларды:
— тікелей тұтыну нәрселері (ауызсу, ауадағы оттек, жеуге жарайтын және дәрілік жабайы өсімдіктер, балық т.б.).
— Қауымдық шаруашылыққа қажет еңбек құралдары ( жер, су жолдары т.б.).
— Барлық бұйымдар мен өнімдер жасалатын қаражаттар (тұздар, ағаштар, метал өнімдері т.б.)
— Қуат көздері су қуаты, жел қуаты, отын қорлары ретінде пайдаланады. Мұнан басқа табиғат қорлары демалу, тынығу, тоқалу, күшею үшін және басқа да мақсаттарда қолданылады.
Табиғат қорлары қолданысына қарай — өндіргіштік, денсаулықтық, әсемдік, ғылыми т.б. топтарға, табиғаттың қандай да құрауыштарының біріне жататындығына қарай – жерлік, сулық, тұздық, жан-жануарлар мен өсімдік топтарға, алмасу мүмкіндігіне қарай – алмастыруға болатын және алмастыруға болмайтын, таусылу мүмкіндігіне қарай – таусылатынға және таусылмайтынға жіктеуге болады. Ал таусылатыны – қайтіп қалпына келетін және келмейтінге бөледі.
Қайтіп қалпына келетін қорлар: Жануарлар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, топырақ құнарлығы.
Қайтіп қалпына келмейтін қорлар: жайылу кеңістігі, өзендер қуаты, пайдалы қазбалар.
Мұндағы қалпына келмейді деп отырғанымыз тіпті қалпына келмейтін немесе қалпына келу құбылысы оның адамның пайдаланып-тіресуіне қарағанда әлдеқайда баяу жүретін қорлар.
Топырақ пен орман салыстырмалы түрде өз бетінше қалпына келетін қорға жатады және бұл жайда жүздеген жылдарға созылуы мүмкін. Бүгінде әрбір кішігірім деген кәсіпорынның өз табиғаттан алып, тұтынатын кен байлықтарының мөлшерін барған сайын арттыра береді және оның бәрін ұшынды, төгінді қалдықтар мен күйресіндер түрінде кері қайтарып, қоршаған ортаның демалыс ырғағын бұза түседі.
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі Қазақстан териториясы кең – байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай 2,925 км. Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін.
Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларда қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқты.
Топырақтың құнарлығының бұзылуы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және жүйкежүйелеріне әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, био – көптүрліліктің жойылуына әкелді. Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны облспен салыстырғанда жоғары. Концерогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өлімнің басқа аймақтармен салыстырғанда 2 – 4 есе жоғары болуына әкелді. Жас балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 – баланы құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.
Семей ядролық полигонда 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс жасалып, 300 мың га територияда радиоактивті жауын – шашын түскен.
1997 жылы бағалы қылқанжапырақты ормандардың үлкен териториясы елдің ормандардың 10 % — дан астамы өрттер әсерінен жойылды. Бұл биоалуан түрліліктің кемуіне әкеліп соқты.
Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы – 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі ең жоғары.
Аймақтың экологиялық мәселері нгізінен су ресурстарын тиісіз пайдаланумен, ластануымен байланысты. 1990 – 1996 жылдар аралығында 10 млн. га – дан астам жайылымдық жерлер өнімділігін жоғалтып, 17 млн. га егістік жерлер өндірістен шығарылуы.
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе – Арал теңізі. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметі бойынша 50-70 мың тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз суының сапасының нашарлығы балалар арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптеп берілуіне байланысты, Балхаш көліне де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су ресурстарына деген қажеттілік 50% ғана орындалып отыр.
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі радияциялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтрондайтын биологиялық ыдырату әдістері де басқа да механизмдер де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып өсімдіктерден жануарларға радиоактивті заттар азық – түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.
Қазақстан териториясында радияциялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық өнеркәсіп орындары, уланған жауындар, халық шаруашылық мәселерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтік, радиоактивті қалдықтар.
1992 жылы қабвлданған климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Халықаралық Рамалық конвенсиясы дүние жүзі мемлекеттерінің алдына климаттың өзгеруі туралы конвенсия адамзат назарын төтенше бұзылуларға аударып отыр. Олар ең алдымен планетаның атмосферасымен өзара әрекеттесетін және атмосферадан тарайтын күн энергиясының жолын өзгертеді. Осының нәтижесінде ғаламдық климаттың өзгеру қуіпі туып отыр. Бұдан туындайтын негізгі салдар – жер бетінің орташа температурасының көтерілуі және ауа – райының кең ауқымды аймақтарда өзгеруі, тағы басқа эффектілер болуы мүмкін. Үкімет – аралық климаттың өзгеруі мәселесімен айналысатын топтың сарапшыларының мәліметтері бойынша өнеркәсіптік даму бастағанға дейін 1850 жылмен салыстырғанда, қазіргі уақытқа дейін ғаламдық температура 0,5 С – ға көтерілген.
Қазақстанның жері қаншалық ұлан – байтақ болса, оның қойнауындағы табиғи байлықта соншалықмол әрі алуан. Ұлан ғайыросынау өлкенің қысы Сібірдің қақаған аязындай бетқорвса, жазы орта Азияның аптап ыстығындай ми қайнатады, бірде жер бедері Тайгаға ұқсаса, енді бірде шөлге ауысады. Бірде жасыл желегі жайқалған ойпаттарға кезіксең, ізінше бұйрат-бұйрат құмды жоталарға жолығасың. Аспанмен таласқан асқар таулар алыстан-ақ көзге түседі. Республиканың солтүтігінен басталатын шексіз, шексіз жзық дала Орталық Қазақстанның жеріне ойысқан сайын Сарварқаның ауыр қыраттарына ұласып, одан әрі оңтүстікпен оңтүстік шығысқа қарай Алтай, Сауыр – Тарбағатай тауларының сілемдеріне, Жоңғар алатауы мен Тяшь – Шаньға дейін барады. Республика териториясын емін-еркін төрт географиялық зонаға – орманды дала, шөлейт және шөл зоналарына бөлуге болады.
Ендеше мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабалармен жайылымдарға маусымдың өзгеруіне қарай пайдаланған. Қандай әрекет етсе де табиғат ерекшеліктерін ұмытпаған. Табиғатқа деген мұндай көзқарас экологиялық жағдайды сақтауға деген негіздеді. Сондықтан да ұзақ уақыт бойы топырақ, өсімдік жамылғыларының қалыптасып дамуына ірі өзгерістер болмаған. Бір кездері игерілместей болып көрінген Қазақстанның кең байтақ жері бұл күнде экономикалық қуатымызды арттырып отырған өндіргіш күштердің өсуінің, ғылыми техникалық өрлеудің әсерінен және қоршаған орта жағдайларын ескрмеу салдарында аз уақыт аралығында экологиялық дағдарыстаға аймаққа айналып отыр. Бұрынғы кеңестер одағы жүргізілген солақай саясаттың кесірінен Қазақстанда экололгиялық пробоемалар тіпті көбейіп кеткен. Одақ тұсында республиканың индустриалды қуатын көрсететін үлкен жетістіктер жөнінде ақпарат көп беріледі. Осының кесірінен аз мерзімнің ішінде табиғат байлығы ысырыап болды. Оның тағы бір себебі қоғамда табиғатқа деген тұтынушылық көзқарас қалыптасты. Қоғамдық қажеттіліктерді жалғыз объективті фактор, ал техникалық экономикалық есепті жалғыз дұрыс негіздеме деп тауып, табиғат дамуының заңдары мен экологиялық фактор ұмыт қалған жағдайда қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас қалыптаспайды. Жедел дамып отырған ғылыми- техникалық өрлеу де адамзаттың тұрмыс жағдайын жақсартумен қатар қоршаған ортаны ластап, қоғам мен табиғат арасында сәйкессіздік туғызады. Табиғат комплексі құрылымдағы компоненттердің өзара тепе-теңдігін байланысын бұзды.
Қазақстандағы 182 мың га жайылымның 110 млн га жалпы жайылымның 60 пайызы әр түрлі деңгейде зиян шнкті. Егер ақшаға шақсақ, оның зияны 10 млрд теңгеге тең. Басқаша айтқанда, 5 млн қойды жоғалттық деген сөз. Бұл жайылымдарды қалпына келтіру үшін 110 млрд доллар қажет. Қайта құру жылдарында 7 млн гектар орманның көзін жойып алдық. Бұл шығын 30 млрд теңгеге тең. Оған жануарлар мен өсімдіктердің аса бағалы түрлерінің жойылғанын айтсақ, шеккен зиянымыздың орны толмайды. Адамзаттың іс-әрекеті табиғатта зат алмасу мен табиғи компонентердің байланысына да әсерін тигізбей қоймайды. Мысалы, орман ағаштарының кесілуі кесірінен топырақтағы ылғал мөлшері азаяды.
Қорытынды
Қорыта келгенде қазіргі экологиялық дағдарыстардың түпкі тамыры адам баласының табиғаттың қарапайым дамуы, зат және энергия алмасу заңдарын олардың теориялық негіздерін білмеуде жатыр. Елбасының «Қазақстан-2030 » бағдарламасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беру мәселесіне аса көңіл бөлуі бұл проблеманың маңыздылығын айғақтай түседі.
Еліміздің болашағы – жас ұрпақтың көздерін ашып, көкіректерін оятып, оларды жеріміз, табиғатымыз үшін жаны ашитын қамқоршы етіп өсіруге күш салып, табиғат – анамызға ашкөздікпен қарайтындармен күресуге тәрбиелеуіміз керек.
Қоршаған ортаны бұза отырып, кез-келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Боллашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшән табиғи ортаның жағдайы бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу,қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек. 5-ші маусымды бүкіл дүние жүзі қоршаған ортаны қорғау күні ретінде атап өтеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Экология . В. И. Коробкин, Л.В. Передельский.
Сыдықбаев Ғ.И. Аймақтық атқарымдар және оны экономикалық жүйелер. Алматы : Экономика 2000 ж.
Экология : Г.С. Оспанов , Г.Т. Бозшагаева.
Табиғатты қорғауда өнеркәсібіміз. 1999 ж.Жақсыбаев Ә.
Экологиялық мәдениет және табиғатты көркейту. Ақиқат. 2001 ж.
Назарбаев Н. А. «Қазақстан — 2030» Алматы 2002 г.
Достарыңызбен бөлісу: |