Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет130/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   184
Бақылау карточкасы – бұл үй шаруашылығының əр мү- шесінің барлық демографиялық сипаттамалары енгізілетін зерт- теу формасы. Оны негізгі сұхбатты жүргізудің алдында, жыл ба- сында толтырады. Табыстар мен шығыстар туралы сұрақтарға жауап алғанда бақылау карточкасы нақтыланады жəне оған тиісті өзгерістер енгізіледі.

Негізгі сұхбатқа арналған жыл сайынғы сауалдамада

– ағымдағы жылғы желтоқсанның соңында, келесі жылғы қаң- тардың басында үй шаруашылығы иесімен əңгімелесу барысын- да толтырылады.



Күн сайынғы шығыстарды есепке алу күнделігінде сол күнгі жұмсалынған шығыстар туралы ақпарат көрсетіледі. Бір күнделік үй шаруашылығының алдыңғы 15 күніне, ал екіншісі айдың 16 күніне арналған. Демек, зерттеуге алынған үй шаруашылығы тоқсан ішінде екі күнделік толтырады, яғни бір ай бойы жазба жүргізіледі. Күнделікті шығыстарды есепке алу күнделігі зерттеуде өте маңызды орын алады. Себебі, республика халқының ақшалай шығыстарында тамақтануға жұмсалынатын шығыстың үлесі өте үлкен. Сонымен бірге тамақтану өнімдерінің маңызды бір бөлігі үй шаруашылықтарының өзінде өндіріледі жəне оларды тұтыну да күнделікті көрсетіледі.

Тоқсан сайынғы шығыстар мен табыстарды есепке алу жур- налында зерттеуге алынған үй шаруашылығы тоқсан бойы азық-түлік емес тауарларды сатып алу, көрсетілген қызметтерді төлеуге жұмсалған шығындарды жəне ақшалай табыстарды белгілеп отырады. Осы журналда үй шаруашылығы күн сайынғы шығыстарды есепке алу күнделігінде қолданыстағы азық-түлік емес тауарларды есепке алмауы тиіс.

Шығыстар мен табыстар бойынша сұрақ кітапшасын – сұхбат жүргізушілер тоқсан аяғында үй шаруашылығының мүшелерімен сауал-əңгіме барысында толтырады. Сұрақ кітапшасын толтыру- да сұхбат жүргізушілер тоқсандық шығыстар мен табыстарды есепке алу журналын міндетті түрде қолдануы тиіс. Тоқсандық сауалнама үй шаруашылықтарының азық-түлік емес тауарларға, ақылы қызметке, білім беруге, денсаулық сақтауға, көлікке, та- уарлар мен қызмет көрсетуге, ауыл шаруашылығы өнімдеріне, тұтынушылық емес шығыстарға жұмсалғаны, жұмыспен қамту мен табыс көздері туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Үй шаруашылықтарын зерттеу халықтың тұрмыс деңгейін- дегі даму үрдістері мен аймақтық ерекшеліктерін көрсететін көрсеткіштердің кешендік жүйесін алуға мүмкіндік береді жəне табыстар туралы зерттеу нəтижелерін ұлттық шоттар жү- йесінің деректерімен салыстыру арқылы бағаланады. Осыған орай, төменде үй шаруашылықтары статистикасының табыс-

тары мен шығыстары туралы негізгі көрсеткіштерін, қысқаша түсіндірмелерін жəне статистикалық деректерін келтіреміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет