Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Оркестрмен тілдескен дирижер



Pdf көрінісі
бет114/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   132
Оркестрмен тілдескен дирижер 
 
Бүкіл әлемде дирижерге аса құрметпен қарайды. Оркестрді табысқа 
жеткізетін

дирижер.
Оркестр – ұжым. Ал оны басқару – дирижердің 
міндеті. Бұл айтуға ғана оңай. Әйтпесе, шығарманың нотасы қолына 
тигеннен бастап оны тыңдаушыға жеткізгенге дейінгі аралықта дирижер 


132 
оркестр ұжымымен біте қайнасып, қажымай-талмай еңбек етеді. Осы уақыт 
ішінде қаншама тер төгіледі десеңізші! Демек, дирижер еңбегі ізденіспен 
бірге қажырлылықты да талап етеді.
Осындай қажырлы еңбегімен танылған 
дирижерлердің бірі
Қазақстанда тұңғыш рет оркестр құрып, оған дирижерлік 
еткен әйгілі композитор, ел мақтанышы Ахмет Жұбанов болды. А. Жұбанов 
шеберлермен кеңесе отырып, халық аспаптарын оркестрге лайықтап, қайта 
өңдеп шығарды. Ол көптеген халық композиторларының әндері мен күйлерін 
оркестрге түсіріп, кеңінен танымал етті. Композитор әрі дирижер Ахмет 
Жұбанов өз жанынан да көптеген шығармалар жазды.
Ахмет Жұбанов ерекше дарын иесі болатын. Ол ел ішіндегі халық 
орындаушыларының басын қосып, оркестр ұйымдастырды. Нота сауатын 
білмейтін халық орындаушыларымен жұмыс жасау оңайға түспеді. Елден 
келген орындаушылардың тілін тауып, қысқа мерзімде, яғни 2 – 3 жылдың 
ішінде оркестр жасап шығарды. Жаңа оркестр Ахмет Жұбановтың 
дирижерлік етуімен 1936 жылы Мәскеуде өткен онкүндікте үлкен қошаметке 
ие болды. Осы оркестр арқылы Ахмет Жұбанов қазақ дәстүрлі музыка 
мәдениеті мен Еуропаның классикалық музыка мәдениетінің басын 
тоғыстыра білді. Сөйтіп, қазақ елінде алғаш рет ұлттық оркестр дүниеге 
келіп, оның тұңғыш дирижері Ахмет Жұбанов болды.
Ахмет Жұбановтың жолын қуған ұрпағы – Алан Бөрібаев. Ол – 
бүгінгі таңда әлемге танылған жас дирижерлердің бірі. Алан Бөрібаев 
Швеция, Нидерланды және Ирландияның симфониялық оркестріне бас 
дирижерлік қызметке шақырылды. Еуропаның ең ірі үш мемлекетінің ұлттық 
оркестрінде дирижерлік ету үлкен жауапкершілік және абыройлы іс болатын.
Иә, әрбір оркестрдің сан ғасырлық мәдени тарихы бар. Әбден орнығып, өз 
орнын тапқан мұндай оркестрлермен жұмыс жасау жас дирижерге оңай 
түспейді. Дирижерге өзге халықтың тілін, ұлттық дәстүрі мен мәдени 
тарихын білу қажет. Алан Бөрібаев мұндай үлкен сынақтан сүрінбей өтті. 
Сондықтан болар жас дирижердің таңдаған репертуар көлемі де ауқымды әрі 
қомақты. 
Алан 
Бөрібаев 
Еуропаның 
ең 
танымал 
классикалық 
симфонияларынан бастап, қазіргі заман композиторларының шығармаларын 
толық меңгере білді. 
 
(Музыка. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы. 
2019ж.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет