Республикасы заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мәселелері және келешегі Республикалъщ зылыми-тэжірибвлік конфвренция материалдары I а стана



жүктеу 12.67 Mb.
Pdf просмотр
бет1/17
Дата06.03.2017
өлшемі12.67 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
8417

РЕСПУБЛИКАСЫ
мәселелері
Астана


V
I гСазақстан Республикасы Мэдениет министрлігінің Тіл комитеті
Қазақстан Республикасының Заң шығару институты 
I  'III 
Қазақ гуманитарлық заң университеті
*
Қазақстан Республикасы
заңнамасындағы мемлекеттік тіл:
мәселелері және келешегі
Республикалъщ зылыми-тэжірибвлік конфвренция
материалдары

А стана

УДК 80/81 
ББК 81.2 Қаз-ЭҒ 
Қ 18 


РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ :
филология ғылымдарының докгоры, профессор 
Б. Омаров, 
заң гылымдарыньщ докторы, профессор 
Ж. Бусырманов,  ’ 
заң гылымдарының кандидаты 
Н. Примашев
Қазақстан  Республикасы заңнамасы ндағы  мемлекеттік 
Қ  18  тіл: мәселелері және келешегі. / Жауапты редакгор -  саяси
гылымдарының кандидаты  А. Садуақасов. -  Астана: Ш.Шаяхметов
атындагы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-эдістемелік 
орталыгы. 2 0 1 0 .-1 9 2  бет.
ШШІ 978-601-254-149-6
Ц
'
9
Жинаққа  Қазақстан  Республикасы  Мэдениет  министрлігі  Тіл  комитеті 
Қазақстан Республикасының Заң шыгару институгы жэне Қазақ гуманитарлық 
заң университетшің ұйымдастыруымен 2010 жылгы 14 желтоқсанда өткізілген 
«Қазақстан  Республикасы  заңнамасындагы  мемлекеттік  тіл:  мэсеяелеоі
жэне  келешеп»  атты  республикалық  гылыми-тэжірибелік  конференцияның 
материалдары енпзілді. 
ү   н 
ң
Жинак тіл саясаты, құқық шыгармашылыгы жэне заң саласы мамандары
филология,  заң  факультеггерішң  докторантгарына, 
магистранттары мен студенттерше, сондай-ақ копшілік қауымга арналган
п
I/
ГАПХА
I  I   V I 
I  /  \  >■  л
I *
УДК 80/81 
ББК 81.2 Қаз-9
г «   £\  { 
Г  1 / Л ч
ІЗВЫ 978-601-254-149-6 
© Тіл комитеті
© Ш. Шаяхметов атындагы 
Тілдерді дамытудың республикалық
үйлестіру-эдістемелік орталығы, 2010

Ж. Бусырманов, 
Қазақстан Республикасы 
Заң іиыгару институтының 
директорыу з.г.д.,  профессор,
ҚР ЗҒА академигі
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ЗАҢ  ШЫҒАРУ 
ИНСТИТУТЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ  ҚЫЗМЕТІН  ҚҰҚЫҚТЫҚ 
ҚАМТАМАСЫЗ  ЕТУДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
Қазақстан  тәуелсіздік  жылдарында  ұлттық  заңнама  саласында  едәуір 
табыстарға кол жеткізді. Қазіргі кезде  оны  дамытудың негізгі мәселесі болып 
қолданыстағы заңнаманы  бағалау  мен  жетілдіру  табылады.  Осы  міндеттерді 
шешу үшін «Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметін 
жетілдірудің кейбір  мәселелері туралы»  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 22 қаңтардағы  №  19 Қаулысы  (
эрі қарай -  Қаулы)
 қабылданып, 
мемлекеттік  мекеме  нысанындағы  Қазақстан  Республикасының  Заң  шығару 
институты  құрылды,  оньщ  қызметінің  негізгі  мақсаты  мемлекеттің  құқық 
шығармашылық  міндеттерін  жүзеге  асыруға  ықпал  ету,  заңдардың  жобала- 
рын  әзірлеуге  қатысу,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасын  дамытудың 
ғьшыми  тұжьфымдамаларын  әзірлеу,  мемлекеттің  қызметін  құқықтық 
қамтамасыз  ету  саласындағы  іргелі  және  ғылыми-қолданбалы  зерттеулерді
жүргізу болып белгіленді.
Әзірленіп  жатқан  заң  жобаларының  сапасьш  арттыру  мақсатында  Ин- 
ститут  заң  жобаларынын  тұжырымдамаларын  әзірлеу  сияқты  ең  алғашқы 
кезеңдерден  бастап  кеңес  беру  қызметтерін  көрсетеді.  Институт  өткізетін 
іргелі  және ғылыми-қолданбалы  зертгеулер  келешекте  заң жобаларында  іске 
асуы мүмкін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және дамытудың теориялық 
тұжьфымдамасын әзірлеуге бағытталады.  Құқық теориясы жетістіктеріне не- 
гізделген мұндай зерттеулер мемлекеттің құқық шығармашылық қызметіндегі
құқыктық ғылымның рөлінің күшеюін көздейді.
Есепті уақытта Институт заң жобаларын эзірлеу, заңнама жагдайы, оның 
даму тенденциясы мен қолдану тәжірибесі ғылыми зерттеулер өткізу бойынша
3

кеңес  берушілік  қызмет  көрсету  саласында  жетекші  гылыми-зерттеу ұйымы
екендігін көрсете білді. 
. . .
Қазіргі  заман  талаптарына  сәйкес  заң  жобалау  кызметін  жеплддрудің
ұйымдастырушылық  негізін  қапыптастыру  жалғасуда.  Осы  бағытгағы
заңнамалық  актілердің  жобасын  дайындау  бойынша  жұмысшы  тобының
құрамында  Институт  өкілдерінің  қатысу  міндетін,  сондай  ақ  заң  жобала-
рын қарау мен келісуде қорытындыны Институтпен Қазақстан  Республикасы
Әділет  министрлігі  бір  мезгілде  шығару  міндеттілігін  бекітетін  2010  жьшғы
23  маусымдағы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  №  632  каулысы  үлкен
маңызға  ие болып отыр.
Институт заң тұжырымдамасына,  заң жобаларына  қорытындылар  бе- 
реді,  кеңес  беру  қызметтері  арқылы  министрліктер  мен  ведомстволардың 
заң  жобаларын  әзірлеу  кезінде  заң  техникасының  сақталуын  қамтамасыз 
етеді,  қолданыстағы  заңнамалар  мен  заңға  тәуелді  актілерге  бақылау
жүргізеді. 
в 
.
Институт өз  қызметінде  бірқатар  мәселелердің бар  екенін де  атап өтеді.
Бірінші  мәселе  қазақ  тілінің  мэртебесінде.  Мемлекетпк  органдарда  қазақ
тілінің қолдану аясы әлі кеңейген жоқ. Институтқа түсіп жатқан құжатгардын
басым  көпшілігі  орыс тілінде.  Кейбір  құжаттардың  қазақ тіліндегі  нүскасын
(аудармасын)  қызметкерлеріміз  сұратып  алдырып,  ал  кейбіреулерінін  орын-
дау  мерзімін  асықтыртып жатады.  Мұның бәрі заңнама  сапасына кері  эсерін
тигізеді. Сонымен қатар мемлекетпк тіл саясаты да нақтьыауды қажет етеді.
Қазақстан  Республикасының  «Нормативтік  құқықтық  актілер  іуралы»
Заңына сәйкес заңның тұжырымдамасын уэкілетп орган әзірлейді және мем-
лекеттік  сатып  алу  арқылы  жүзеге  асырылатын  ғылыми  құқықтык және  сы-
байлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға жібереді.
Мемлекеттік  органдар  заң  жобаларын  әзірлеуде  осы  мақсатқа  бөлінген 
бюджет  қаражатын  пайдалана  отырып,  мемлекеттік  сатып  алу  аркылы 
өздерінің  салалық  институттарын,  ғылыми  мекемелерді,  жеке  мамандарды 
тартады.  Яғни  бұл  қызмет  мемлекеттен  тиісті  шығыстарды  талап  етеді,  бұл 
орайда жүргізілген сараптамалар мен  әзірленген заң жобаларының көпшіліі і 
күрделі түзетуді қажет етеді. Ал, өз кезегінде, ол қосымша қаржы мен уақытты
керек етеді.
Тәжірибеде ғылыми-құқықтық сараптама заң жобасын мүдделі мемле- 
кеттік  органдармен  келісумен  қоса  жүргізіледі.  Сондықтан  заң  жобасын 
Үкіметке, кейінірек Парламентке енгізгенде ғылыми құқыктық сараптамага 
ұсынылған заңжобасының мәтіні келісу барысында айтарлықтай өзгертіліп, 
Үкіметке  енгізілгеннен  кейінгі  заң  жобасы  мэтінінің  мазмұнына  сәйкес 
келмей  жатады.  Сондықтан  заң  жобасының  сараптамасын  Қазақстан  Рес- 
публикасы  Парламентіне  енгізер  алдында жүргізген  орынды  деп  есептей-
міз.
4

Нормашығармашылықтың  қалыптасқан  теріс  тәжірибесін  шешу  үшін 
келісу  рәсімдерін  жүргізуде  заң  шығару  процесіндегі  ғылыми  құқықтық 
сараптаманың орнын түбегейлі өзгертуді ұсынамыз.
Бүл  орайда,  ғылыми  сараптау  және  заң  жобасы  ңегізіне  алынатын 
тұжырымдаманы  эзірлеу  қызметін  бір  ғылыми  мекемеде  шоғырландыруға 
жол  бермеудің  заңнамалық  талаптарын  ескеру  қажет.  Заң  шығармашылық 
процесінің  әр  саіысында  екі  ғылыми  мекемені  қатыстыру  заң  жобасын 
әзірлеудің теориялық және практикалық аспектілерінің оң факторлары болып 
табылады.
Қалыптасқан  тәжірибеге  сәйкес  Қазақстан  Республикасында  және 
шет  мемлекеттерде  90  пайыздан  астам  заңнамалық  актілер  Үкіметтің 
бастамашылығымен жасалады және әзірленеді.
Алғашқы  заң  шығару  жобаларының  көпшілігі  Үкімет  пен  орталық 
атқарушы  органдар  және  ведомстваларға  қарасты  құрылымдар  арқылы 
әзірленеді.  Бұл  олардың  тиісті  тәжірибесінің,  хмамандандырылған  кәсіби 
білімінің тәжірибесі бар екенін айқындайды. Алайда, агқарушы органдардың 
заң жобаларын әзірлеудегі бүгінгі тәжірибесі жүйелі болмай отыр.
Көп  жағдайларда  заң  жобалары  мазмұны  мен  олардың  салдарын  бол- 
жау  терең  зерттелмей  әзірленеді.  Сондықтан  қазақстандық  заннамада 
көптеген ақтаңдақтар, коллизиялар, қарама-қайшылықтар және азаматтардың 
құкықгары  мен  заңды  мүдделерін  жүзеге  асыру  кезінде  пайда  болатын  нор- 
малар,  сонымен  қатар  бұзылған  құқықгы  қорғау  жүйесінің  қызметін  атқару 
мәселелері  орын  алуда.  Жаңадан  қабылданған  заңдарға  үлкен  көлемдегі 
түзетулер, толықтырулар, өзгертулер енгізіліп жатады. Заңнамалық актілердің 
тұрақтылығының  жоқтығы,  олардың  жиі  өзгертілуі  құқық  шығармашылығы
қызметінің осалдығын көрсетеді.
Ал  Парламент  депутаттары  бастамасымен  жасалған  заң  жобалардың 
көпшілігіне Үкімет пен жеке заң жобасын әзірлеудің орынды еместігі, қаржы- 
экономикалық  негізсіздігі  және т.б.,  бөлігінде теріс  қорытынды  шығарылып 
жатады.  Осылайша,  заң  жобаларын  әзірлеу  бойынша  депутаттық  бастама 
көтеруде  заң  шығарушы  және  атқарушы  билік  тармақтары  органдары  ара- 
сында тиісті  өзара әрекет болмай  отыр.  Осы  кемшілікті жою  үшін  Қазақстан 
Республикасының  Парламенті  мен  Үкіметінің  өзара  қызметін  қамтамасыз 
ететін  заң  жобаларын  жасауға  маманданған  ведомствоаралык  ғылыми  ұйым 
құрылса дейміз.
ҚР  Заң  шығару  институты  кодцаныстағы  заңнаманың  сыбайлас 
жемқорлыкқа  қарсы  әрекет  бөлігін  жетілдіру  мәселелері  бойынша  Ведом- 
ствоаралық комиссияның хатшылығы болып табылады.
Қолданыстағы  заңнаманың  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  гылыми  са- 
раптамасы 
қолданыстағы  нормативтік  кұқықтық  актілерде  сыбайластық 
құкық  бұзушылық  жасауға  жағдай  жасайтын  нормалардың  барлыгының
і

мәніне, заңнаманы қолдану тәжірибелері, ғылыми-құқықтық қорытындылары
негізінде жасалады.
Ведомствоаралық комиссияның әр отырысына дайындық ретінде орташа
80-120 нормативтік құқықтық акт талданады.
Қазақстан  Республикасы  Заң  шығару  институтына  жүктеліп  отырған
лингвистикалық 
сараптама 
жасау 
қызметі 
жан-жақты 
талқылануда.
әзірленуде. 
4
Жалпы  алғанда,  Қазақстан  Республикасы  Заң  шығару  институты  өз
қызметтерін ойдағыдай атқаруда. Қазіргі уақытга жұмыстар институт элеуетін
дамыту,  заң жобалары сапасын  көтеру,  іргелі  ғылыми  зерттеу  аясьш  кеңейту
сияқты бағытгарда жүріп жатыр.
М. Айымбетов,
Қазацстан Республикасы 
Парламенті Сенаты 
Аппаратының редакциялық-баспа
бөлімінің меңгеругиісі, 
Мемтерминком мүгиесі
ЗАҢ ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ
Заң  — бүкіл  тіршілігіміздің  ережесі.  Ереженің  әр  сөзінің  өз  тілімізде- 
гі  айқындығы,  дұрыстығы,  ең  алдымен,  оны  қолданатын  халық үшін,  қоғам 
үшін  қажет.  Ұлттық заңнаманы 
ж ұ р т ш ы л ы қ т ы ң  
ұлтгық ой-санамен,  пайым- 
түсінікпен қабылдау мәдениетін қалыптастыру үшін заңның мемлекеттік тіл- 
дегі  нұсқасынан  айрықша сапа қажет етілетіндігі  бұлжымайтын ақиқат.  «Заң 
қазақша  оқылмайды,  түсініксіз  аударылады,  терминдердің  мағынасы  дұрыс 
емес» деген сияқты сынның көп айтылуының ар жағында белгілі бір деңгейде 
шындық  болғанымен,  мұның  негізді  бір  себебі  «өз  тіліміздегі  жазылғанды 
қабылдау, ұлттық ой-санамен сіңіру дағдысынан ажырап қалмадық па екен?!» 
деген де күмән туады. Әйтсе де, қос палаталы Парламент жұмыс істей бастаған 
уақыттан  бері  қабылданған  мың  жарымдай  заңның  қазакшасына  сіңірілген 
еңбектің  сапалық  нәтижесін  жоққа  шығара  алмасақ  керек.  Ата  Заңымыз
-  Конституцияның мемлекеттік тілдегі мэтінінен бастап, ұлттық заң термино-
6

логиясы қалыптасуының жаңа кезеңі  басталғанын айтуға тиіспіз.  «Зайырлы» 
(светский),  «рәміз»  (символ),  «елтаңба»  (герб),  «құқық»  (право),  «құзырет» 
(компетенция), «кеяісу рәсімі» (согласительная процедура) және тағы да  басқа 
көптеген  мемлекеттік  тілдегі  терминдер  алғаш  рет  осы  басты  заңымыздан 
көрініс  тапты.  2007  жылғы  мамырда  «Қазақстан  Республикасының  мемле- 
кеттік нышандары (рәміздері) туралы  Конституциялық Заңға өзгерістер енгізу 
туралы» Заңды қар%' барысында да Сенат мемлекеттік тілдегі конституциялық 
терминдерге  де  жаңаша  көзқараспен  қарап,  түзетулер  енгізді.  (мысалы,  «ны- 
шан»  атауы  талқылап,  талдау  барысында  ұғымы  неғұрлым  дәлірек  «рәмізге» 
өзгертілді). Яғни, бұл арада кейбір заң терминдерінің  мағыналық сипаты уақыт 
өте келе жаңаша пайымдауды қажет ететінін жоққа шығаруға болмайды.
Тіл  -   жанды  құбылыс,  заманның,  уақыттың  талабына,  қоғам  дамуы 
кезеңдерінің  алмасып  отыратын  жаңашылдық  сипатына  орай  жаңа  атау- 
лар,  ұғымдар  пайда  болады.  Жалпы  тілдің  қолданыс  ауқымын  кеңейтетін, 
оның  ұлттық  сипаттан  даму  мен  өркендеудің  жалпы  адамзаттық  сипаты- 
на  қарай  бейімделуінің  ерекшелігі  де  осыдан  келіп  туындайды.  Жаңа  ата- 
улар  мен  терминдер  экономикада,  өндірісте,  техникада,  әлеуметтік-саяси
өмірімізде, тұтастаи алғанда қоғам дамуының  үрдісінде,  адам мен қоғамның 
арасындағы  сан-салалы  қарым-қатынастың  өзгермелік  сипатына  орай  жаңа 
пайымдаулар  мен  түсініктер  нысанасының  пайда  болумен  түсіндірілсе,  бұл 
ақиқаттан  бүгінгі  таңда  қазақ тілі  де  шет  қалып  отырмағаны  мәлім.  Мемле- 
кеттік тілдегі  заң  мәтіндерін  қарап  отырсақ,  қаншама  жаңа  атаулардың тіл- 
дік  қолданысымызға  енгенін  көруге  болады.  Бұлардың  көпшілігі  ұлттық 
тіліміздің қорына қосылып,  заң тіліне сіңісті де болып кетті. Айталық,  «ке- 
ден»  (таможня),  «көші-қон»  (миграция),  «кешен»  (комплекс),  «заңнама» 
(законодательство),  «жекешелендіру»  (приватизация),  «нысан»  (объект), 
«бағдарлама»  (программа),  «қауымдастық»  (ассоциация),  «қоғамдастық» 
(сообщество),  «бәсекелестік»  (конкуренция),  «аралық  сот»  (третейский 
суд),  «алқаби»  (присяжный  заседатель),  тәркілеу  (конфискация),  «өсімпұл» 
(пеня),  «оңтайландыру»  (оптимизация)  және  тағысын-тағы,  осы  тәріздес 
терминдер, сөз жоқ, ұлттық заң тіліміздің төл атауларына айналып кетті. Заң 
шығару  қызметінде  күнделікті  қолданысқа  енгізіліп,  заңның  нормалық  си- 
патын  шүбәсіз  айқындайтын  мұндай терминдік  қорымыздың әлі де  молыға 
түсетіні анық.
Заң  тілінің  қалыптасып,  дамуы  оқшау,  өз  сөліне  өзі  қайнап  жатпайтын 
құбылыс  екенін  де  ескеру  қажет.  Халықаралық  қолданыстағы  «ипотека», 
«индекс», «бизнес»,  «коммерция», «корпорация»,  «референдум», «секвестр», 
«сервитут», «трансферт» және тағысын-тағы осы сияқты ұлттық тілімізде ба- 
ламасыз  қолданылатын  терминдер  заң  шығару  қызметінде  кеңінен  пайдала- 
нылып келеді. Мұндай атаулар тек заң тіліндегі ғана сөздік қолданыстар емес, 
іскерлік қарым-қатынастың,  мемлекетгік басқарудың лексикалық қорына  ен-
7

гені де бүгініміздің шындығы. Заң тілінің стилшдеп жаңаша өзгерістер  осын- 
дай  терминдердің  енгізілуімен  снпатгалады.  Әріге  бармаи-ақ,  ос“ дан 
жыл  бұрынғы  қабылданған  заң  мәтіндершщ  мемлекетгік  тшдеп 
казіргі мәтіндермен  салысгырып көрсек те,  осы сөзшізда дәиектеиалаг>едас 
Бұл тілдің  алашұбарлануы  емес,  прогрессивтік жағынан  өзгеруі.  «Тшімізд ң 
ұлтгык  өрнегін  жоғалтып  алмауымыз  керек»  деген  шкір,  әрине,  орынды. 
Алайда,  қазақ  тіліне  аударылмайтын  атау  жоқгың  қасы,  ниет,  талап  болса, 
бәрін де аударуға болады деген  тым астам пуристік көзқарастан да сақ болуы- 
мыз  керек.  Осы  орайда дүние  жүзінің барлық елі латынның  «кредит»  сөзше 
өздерінің  ұлттық  тілінде  балама  таба  алмағандықган  қолданып  жүрмегенш 
ескерсек те жеткілікті. Ал баламасы табылған, ұғымы ұлгтық ои-санамызбе 
мейлінше үйлесетін термин болса, оны неге қуана қабылдамасқа..
Мемлекетгік  басқару  тілі  мен  заң  тілі  -   ара-жіп  ажырат 

лексикалық табиғаты жағынан бірін-бірі толықтыратын бхрегеи жүие десек те 
болар еді. Өйткені, мемлекетгік басқарудың барлық сан-салалы қыры заңмен, 
заңнамалық  актілермен  айқындалады.  Ал,  заңның  лексикасы  өзіндік  эдеби 
нормасы,  ретгеушілік,  атқарушылық,  өкімдік  сипагымен  аирықшаланадьі. 
Осы ретте басқару тілін  мемлекетгік тілге көшгрудш алғышартгары  қазірден 
қолға  алынып  жатқан  үрдістерді  жоғары  билік  органдарының  да,  жергшік- 
ті  атқарушы  биліктің  де  қызметінен  байқауға  болады.  Сенат  қызметшщ заң 
шығарушылық, ұйьхмдастырушылық бағыттағы  жұмыстарында осындаи ип 
нышандар бар.  Мемлекетгік тілдің калай болғанмен де басым сипатгы иеле- 
нуі парламентгік қызметге толық мэнінде көрініс таппаса да, ұмтылыстар бар. 
Палата отырыстарының бірыңғай мемлекетгік тшде жүргізілу і, депутатгардың 
ұсыныс-пікірлерін қазақша жеткізуі, Комитет отырыстарының кебіне мемле-
кеттік тілде өтуі -  осының бір нышаны. 
^  ^
Ұлттық заңымызды  мемлекеттік тілде  жазу  мәселесі  әлі  қолға  алынбаи
отырғандықтан, аударма арқылы баламасы беріліп жүрген кеибір терминдердщ 
қолданысында бірізділік болмай отыр. Заңның қазақшасы оқылмаиды, аудар- 
масы  теріс деген  сыншыл  пікірлердің  бір  парасы  осыны  желеу  етеді.  Бұл,
эсіресе, қылмыстық мэселелерге қатысты кодекстерде, Азаматгықкодекстщекі 
бөліміне (жалпы жэне ерекше бөлімдеріне) жэне Әкімшшік кұқық бұзушылық 
кодексіндегі  кейбір  терминдерге  қатысты.  Айталық,  Қылмыстық  іс  жүргізу 
кодексінде  «подозреваемый»  термині  «сезікті»,  «күдікп»  больш  екі  түрш 
қолданылады. Немесе осы кодекстің қазақша мэтінінде «уголовное преследо- 
вание» -  бір жерде  «қылмыстық ізге түсу»,  бір жерде  «қылмыстык қудалау»
\/
іічр
  пг.и  гмяк-ты  біпео мысалдардың ғана төңірегінде мемлекетгш
ойланатындаи
Бұл тұрғыда, эрине, Сенат Аппаратының маман- 
сараптамалык жұмыстар жүргізіліп, оларды заң мәтіндерінде
*
 
р
 
И
і
»
 
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
~
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-

^
 
^
бір ізге түсірудің амалдары қарастырылуда.
8

Мемлекеттік  тіліміздің  бүгінгі  ахуалына,  болашағына  байланыс- 
ты  қоғамымызда  орын  альш  отырған  эр  қилы  ойлардың  өзегінде  жатқан 
алаңдаушылыкты  да,  көкейтесті  пікірлерді  де  әбден  түсінуге  болады.  Өз 
тілімізді  алдымен  өзіміз  қастерлеп,  қасиеттеп  сақтауымыз  керек.  Өкінішке 
орай,  Парламентгің  қарауына  бастамашылардан  түсіп  жататын  заң 
жобаларының  мемлекеттік  тілдегі  нүсқасындағы  елкеулік-селкеуліктердің 
басым  көпшілігі  раіификацияланатын  шарттардың,  келісімдердің  және 
хаттамалардың  мәтіндерінен  орын  алады.  Парламенттегі  лингвист-сарап- 
шылар  мен  заңгерлер  осы  мэтіндердің  өрескел  теріс  аударылған  сөздерін, 
орфографиялық  қателерін  көрсетумен  айналысып  отыруға  мәжбүр.  Таяу- 
да  ғана  көзге  түскен  бір  ғана  мысалды  келтіре  кетейін,  «Ядролық  терро- 
ризм  актілерімен  күрес  туралы  халықаралық  конвенция»  мэтінінің  мем- 
лекеттік  тілдегі  нұсқасының  13-бабы  5-тармағында  мынандай  өрескел 
бұрмалаушылық  көзге  ұрады:  «.... 
ұстап  беру  туралы  барлық  шарттар 
мен уағдаластықтардың ережелері 2-бапта аталған  қылмыстарға бай- 
ланысты  қатысушы  мемлекетттер  арасындағы  қатынастарда  олар 
осы  Конвенцияға сай 
келетіндей
  шекте өзгертілген  болып  саналады». 
Осындағы  «...осы  Конвенцияға  сай  келетіндей  шекте...»  деген  тіркестің 
ресми  тілдегі  нұсқасы  — «...в  какой  они  несовместимы  с  настоящей  кон- 
венцией»  деп  жазылған.  Демек,  екі  тарап  келісіп  отырған  халықаралық 
конвенцияның  нормасы  бойынша  қазақ тіліндегі  нұсқасының заңдық ере- 
жесі  ресми  тілдегіден  басқаша түсіндіріліп тұр.  Бұл  нені  көрсетеді?  Бұл 
«конвенцияның мемлекеттік тілдегі нұсқасын ешкім назарға алып жатпай- 
ды» деген енжарлық пен жауапсыздықты көрсетеді. Әрі-беріден соң, бұл өз 
тіліңді екінші сұрыпты тілге айналдырудын  бір көрінісі демеске лажыңыз 
жоқ.  Мұндай  жэйттарды  тізе  берсеңіз,  ратификацияланатын  мэтіндерде 
эрқилы  қателерден  коз  сүрінгендей.  Қол  қойылып  кеткен  халықаралық 
құжаттардың мемлекеттік тілдегі  нұсқаларындағы  олқылықтарды  екінші, 
үшінші  тарап  елдеріне  нотаға жіберіп  түзетудің  машақаты  мен  әуресінен 
қашатын кейбір бастамашылардың «мэтіндегі мемлекеттік тілдегі қателерді 
түзету үшін дипломатиялық  арналармен  нота жіберіп  жатуымыз  еліміздің 
халықаралык  абырой-беделіне  колеңкесін  түсіреді»  деген  сияқты  уэж 
айтуының өзі 
де 
ана тілімізді өзіміздің қадірлей білмеуіміздің, мемлекеттік 
тілде жіберілген қатені жасырып-бүркемелеудің, керек десеңіз, өзінщ жеке
басының тыныштығын ойлаудың айғағы.
Халыкаралык деңгейдегі құжаттардың  мемлекеттік тілдегі  мәтіндерінің
сапалық  тұрғыдан  жүрдім-бардым  эзірленуіне  кешіріммен  қарауға  болмай- 
ды.  Дұрыс  қойылмаған  бір  үтірдің  өзі  заң  ережесін  бұрмалап  жібереді.  Заң 
мэтіндерін, эсіресе оның мемлекеттік тілдегі мэтіндерін қарау кезінде мұндай 
кемшіліктерді жібермеуге тырыспайынша, қазақша заңымыздың тілін жөндей
алмаймыз.
9

Заң  тіліне  аударма  тілі  деп  қараудың  да  салқыны  мемлекеттік  тілде- 
гі  зақдарымыздың  сапасына  әсер  етпей  қоймайтыны  туралы  да  бірер  сөз 
айтқым  келеді.  Қазіргі  таңда  қабылданып  жатқан  заңдарымыздың  мәтінін 
ресми  тілдің  лингвистикалық  өлшемін  ескере  отырып,  аударылған  десек, 
қателесеміз.  Әрбір  тілдің  сөйлеу,  жазу  қолданысының  өз  заңдылықтары 
бар  екендігі  бәрімізге  сіңісті  болған  ақиқат.  Кейбір  заңгерлер  мемлекет- 
тік  тілдегі  мэтінге  сын  айтқанда  ол  термин  былай  аударылған,  дұрысы
— былай  деп  өздерінің  субъективті  пікірлерін  айтып  жатады.  Неге  мына 
баптың  мына 
тармағында  орысшада  баяндауыш  басында  тұрады,  ал 
қазақшасында неге соңында тұр деген сияқты  өз тіліміздің грамматикалық 
заңдылығымен  сыйыспайтын  пікірлер  де  болып  жатады.  Немесе  «хище- 
ниені»  -   «ұрлық»  емес,  «талан-тараж»  деу  керек  дейді,  ал  сонда  «талан- 
тараждың»  нагыз  баламасы  «растранжиривание»  сөзін  не  деп  аударамыз 
деген қарсы сауал туындайды.  «Терминологиялық хабаршы» бюллетенінің 
2007 жылғы №3  санынан Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының аспи- 
ранты  Махсут  Кокашев  (аты-жөні  орысша транскрипциямен  жазылыпты) 
деген азаматтың 

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Л I м а. Ақтанова алалар әдебиеті (Қазақ балалар драматургиясы мәселелері) Оқу қуралы ifb u a h t p j f б а с п а с ы астана-2011
buuk -> Г. К. Сатыбалдиева биология гылымдарының кандидаты
buuk -> Монография «Тұран-Астана»
buuk -> Микркезз алматы
buuk -> Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп
buuk -> Іллаев, Ғ. У. Уәлиев, Н. Д. Абдуллина ж л т л т л fee
buuk -> Физиологиясы
buuk -> Д. филология ғьш ы мдары ны ң кандидаты
buuk -> Әдістемесі тұрдалиева Г. Ж. Тұрдалиева бастауыш
buuk -> Мемлекеттік тілде оқымайтын


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет