Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



жүктеу 2.55 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата15.03.2017
өлшемі2.55 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫ

Құрылтайшы жəне 

шығарушы:

«Қазақ газеттерi» 

Жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

 Редакторлар кеңесiнiң  

Төрағасы   — 

Бас директор 

Жұмабек 

КЕНЖАЛИН

Бас редактор

Қуандық Түменбай

Бас редактордың 

орынбасары –

жауапты хатшы

Жарас Сəрсек

Бөлім меңгерушісі

Нұрлан Құмар

Редакция  алқасының 

мүшелерi:

Арман Қырықбаев

Бектұр Төлеуғалиев

Динар Нөкетаева

Мереке Құлкенов

 Нұрлан Оразалин

Өмірəлі Қопабаев

Сағатбек Медеубекұлы



Техникалық редактор

Жұмағазы Омарұлы

№1 (101)

2017


Ќадірлі оќырман!

Мешін жылын босаєада ќалдырып, Тəуелсіз 

еліміздіѕ таєы бір тарихи параєын тауыќ жы-

лымен ашуды Сіз бен Бізге таєдыр нəсіп етіпті. 

Біз сіздерге сенім арту арќылы журналы-

мызды уаќыт кґшінде дауылдар мен жауындарєа 

ўрындырмай  алєа  сїйреп  келдік.  Бўл  кґште 

сіздерден артыќ арќа сїйеріміз жоќ. Ґз кезегінде 

біз де кґпшілік кґкейіндегі ойды айтуєа, кґпшілік 

кґзайымы  болатындай  жас  таланттар  мен 

жаѕа  есімдерді  жарыќќа  шыєаруєа  барынша 

тырысып келеміз. Оєан ґздеріѕіз куəсіздер. 

Алдаєы  уаќытта  да  Сіздердіѕ  ояу 

жїректеріѕізге  ырєаќты  лїпіл  салуєа  пейілді 

екенімізді  білдіре  отырып,  Жаѕа  жыл 

отбастарыѕызєа  ортаймас  баќыт  əкелсін 

деп  тілек  айтамыз.  Еліміз  аман,  жўртымыз 

тыныш  болєай.  Ырысты  болайыќ,  жўмысты 

болайыќ! Бір болайыќ, бірге болайыќ!

Тілекші ґздеріѕіздіѕ 

«Їркерлеріѕіз»  

Бірге болайыќ 



2

Салтанат МИНАЙХАН

1990 


жылы 

дүниеге 


кел-

ген.  Əл-Фараби  атындағы  Қазақ 

Ұлттық  университетінің  филоло-

гия  факультетін,  магистратурасын 

бітірген.  Қазақ  Халықаралық  Бизнес 

университетінің аға оқытушысы.

Мен емес...

Түн.  Сағат  төрттер  шамасы.  Кітап 

беттерінен  көзім  талып  болконға  шықтым. 

Ішім алай-дүлей. Төсегімдегі жастығым сияқты 

бар денем ұмаждалып қалған. Алматының көк 

түтіні жерге сіңіп, ауасы өкпеге кедергісіз өтеді. 

Азуымды айға білеп; есінедім, керілдім, созыл-

дым өзімше.

Алматы... Өлі тыныштық. Аспан қабағын 

түйіп алған. Бар жұлдызын Алатаудың етегіне 

шашып тастағандай айнала көз тартады. Сұлу. 

Темекі  тұтаттым.  Үйренбеген  ағза  –басым  ай-

налады. 

Кенет бар денем «дір» ете қалды. Көзіме 

еріксіз тамшы тығылды. Тістеніп алғам. Тетігін 

бұрасам ағып кеткелі тұр. Жасқанады шығуға...

Құдай-ау, ит ұлып жатыр, ит. Зарлы дауы-

сы заманға айтқан арызы сияқты.

-ҰҰҰ... УУУ... 

Тоқтар  емес.  Сай-сүйегімді  сырқыратты-

ау, сайтан! Көз алдыма арқасына жабу жапқан, 

қайыршы  кейіптегі  ит  елестеді.  Дəл  қасында 

«мен  сені  түсінем»  дегендей  мелшиіп  тұрған 

өзімді  көрдім.  Елес  емес,  шынымен  көріп 

тұрмын,  иə,  елес  емес.  Тіпті  сол  итті  өзім  бе 

деп  қалдым.  Бір-бірімізді  ежелден  білетін 

сияқтымыз. 

«Мен  де  ұлып  тұрмын,  менің  мұңым 

сенікінен сорақы. Қанша сорың қалың болса да, 

сен итсің ғой, ит. Ал мен адаммын. Сенің мына 

зарыңның  кейіпкері  сол – адам.  Бізде  ұлып 

қалған  ұрпақпыз.  Сені  аздырған  біз.  Өзімізше 

адамбыз,  қазақпыз  дейміз.  Кім  еді  кеше  сол 

адам, яки адамдардың ардақтысы қазақ?

Ұли түс... Мен жоғымды жырлап алайын. 

Сүйемелдеп тұр мені азалы үн – қасқыр алған 

азулы иттің азусыз ұрпағы!

Қазақтар  өз  басын  ғана  ойламайтын. «У 

ішсе руымен». Туғанын тұмсықтыға тастамай-

тын,  туысшыл  болатын.  Туысы  бардың  туы 

жығылып көрген емес. Жығылса өзгенің емес, 

өз ағасының аяғын жалайтын. Ұлты басқаның 

емес. 

Қазір өзімізден биттің қабығындай артық 



біреуді  көрсек;  үйренеміз  деп  ожауымызды 

Жас ќалам



3

анаған  да,  мынаған  да  ұстатамыз.  Қазандағы 

қаймағың  қалыңдағаннан  гөрі  құнары  жоқ 

көбікке  айналып  барады-ау!  Кезінде  орысқа 

ожауымызды  ұстатып қойдық. Ас өзегіңе түсіп 

кетіп еді, азайдық. Бірақ құрып кетпедің. Тіпті 

өз  арамыздан  ожаушылар  шықса  да.  Себебі, 

сен,  асыл  едің!  Еркегіміз  еркек  болатын!  Қозы 

баққан  баланың  саны – қозыдан  да  көп  бола-

тын. Бір өлгенің мың болып, мың өлгенің мил-

лиондап  қайта  тірілетін.  Сондықтан  оны  жау 

алмайтын.  Қазіргі  қойымыз  да  қозыламайды, 

қойнымыздағы  қатынымыз  да  жиі  қысыр 

қалатын болды. Əлде, еркек атаулымыз алысқа 

шаба алмастай қола болып қалған ба? Мүмкін, 

кім көрінген ұстаған ожаудың кірі тай қазанның 

ішін де күйеледі ме?! Ол – ол болсын...

Қазақтар бай болатын. Төрт түлігі де сай 

болатын.  Бес  қаруы  қанжығасында  жүретін – 

«еркін адамдар» деген атқа ие болатын. Сахара-

дай пейілі кең жомарттар қайда?! Қазақ қазаққа 

жау емес еді. Дініміз қазіргіден тəуір еді. Ата-

ны ата, ананы ана, қарындасты қарлығаш, ініні 

інім,  баламды  ізім  деп  қадірін  арттыратын  за-

ман  қайда?!  Жан-жақтан  жауымызға  іргемізді 

ашып  бердік.  Ашып  бергеніміз  сол – төрт 

құбыласын  тең  етіп  тайраңдатып  қойдық. 

Еркін  жүру  естен  кетті.  Жарықта  жүріп  ада-

сып, бұғаусыз бұғауланып, қайғымен қамалып 

торыққаннан  өз-өзімізді  өлтіріп  жатырмыз. 

Асылып  жатыр.  Өнегесіз  қария,  балықсыз 

дария  көбейді.  Əйел  билік  айтатын  болды. 

Балаң  басыңа  шықты.  Қазақ  деген  бес  əріптің 

бір  қарібінің  кейбіріміздің  бойымызда  иісі  де 

қалмады. Тарихтың жасап кеткен алып кемесін 

суға  батырып,  қолдан  жасалған  қайығымыз 

қалтырауық болып қалды емес пе?!

-ҰҰҰ... УУУ...

Əлде  мен  бекер  жылап  тұрмын  ба? 

Екеуіміз  неге  ұлып  тұрмыз,  сиықсыз  Төбет! 

Сенің  де  атың  қор  болып,  затың  шыңырауда 

қалған-ау!  Кешегі  шын  батырдың  жолы,  сал-

серілердің  серігі  едің,  сен.  Ішкенің  алдыңда 

– сорпа, жегенің жемтік емес, жас ет болатын. 

Қазақтың жеті қазынасының бірі деп жабу емес, 

мойныңа  қарғыбау  таққан  болатын.  Қазіргі 

тірлігіңе  жаным  ашиды,  менің.  Қоқыс  аралап 

күн  көрген  сен  де  бір.  Қарашы,  əне,  қоқыстан 

тамақ іздеп жүрген қайыршыны. Қазақ екен. Ол 

да бір. Тағдырласың...»

Осы  кезде  қолымдағы  темекі  толық  жа-

нып,  шоғы  саусағымды  күйдіргенде  болконға 

қайтіп  оралдым.  Зарлаған  төбет  дауысының 

жаңғырығы  жарты  Алматыны  жалмап  тұр. 

Артық  дыбыс  жоқ.  Тек  бар  Алматы  сиықсыз 

Төбеттің  зарын  тыңдап  тұрғандай  бедірейеді. 

Бар денем суық суға малып алғандай түршігіп 

кеткен.  Екі  бетім  су.  Қолымдағы  темекі  

қалдығын  мəңгілікке  атып  жіберіп,  бөлмеге 

келіп төсегіме қайта құладым. Өзіме келе бас-

тадым... 

-Жаңағының бəрі жала. Мен емес! Қазақ- 

қазір  де  қазақ.  Бізден  артық  халық  жоқ    деп 

қайталай бердім, қайталай бердім. Мен емес...

   

Салтанат МИНАЙХАН. «Мен емес...»


4

Əлихан ЖАНАРБЕК 

1994 жылы Алматы қаласында туған. 

Абылайхан  атындағы  Қазақ  Халықаралық 

Əлем  тілдері  университетінің  түлегі. 

«Қазақ газеттері» ЖШС-інде сайт маманы 

болып қызмет атқарады.



Елімнің өркендеуіне 

қосар үлесім 

қандай болмақ?

«Бүгінгі заманда өзінің асқақ арманына 

тек жаңаша ойлайтын, ерік-жігері мол, өзіне 

сенімді адамдар ғана қол жеткізе алады».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Тар  жол  тайғақ  кешумен  келген  

Тəуелсіздік    бізге  шаттық  пен  бақыт  сыйла-

ды.  Міне,егемендігімізді  ту  етіп , еңселі  ел 

болғанымызға  жиырма  бес  жыл  толып  отыр. 

Ұлт–азаттық  көтерілістер,  Ұлы  Отан  соғысы 

мен желтоқсан оқиғасы, қатал сынақтан өткен 

жандардың  жанқиярлық  ерлігі  арқасында,  біз 

өмір  сүру  бақытына  ие  болдық.  Ел  тізгінін 

ұстаған  Елбасының    сарабдал  саясаты  қазақ 

елін  биіктетті.  Қазақстан  мемлекетіндегі 

бейбітшілік  пен  тұрақтылық,ынтымақ  пен 

бірлік - басты  қағидаларының  арқасында 

осындай  жетістіктерге  қол  жеткіздік.  Əрине, 

тəуелсіздік жылдары көп істер атқарылды. Жас 

мемлекетімізде  саяси  тұрақтылық,  ұлтаралық 

келісім  қалыптасып,  Қазақ  халқының  береке, 

бірлігі  артты.Білім  мен  ғылым,технологияның 

дамыған  заманында  мектептер  мен  жоғары 

білім беретін университеттер,балабақшалар са-

лынып жатыр.Сан түрлі мамандықтар ашылып, 

,ел дамуына үлес қосатын азаматтар өсіп келеді. 

Алаш  арысы  Мағжанның: «Мен  жастарға 

сенемін»-деп үміт еткен жастарының алды бо-

лып  ержеттік.  Ендігі  мақсат,  бабаларымыздан 

қалған  ұлы  мұрат,  Қазақ  елінің  гүлденуіне  өз 

үлесімізді қосу. Қазақ атын əлемге кеңінен тара-

тып, мəртебесін асқақтату.  Ал, менің, елімнің 

өркендеуіне қосар үлесім қандай болмақ?

Өмірдің  өзі  арманнан  басталады.  Менің 

бала  күннен  арманым-  өмірдің  қайнаған  ор-

тасында  жүретін  журналист  ағаларымдай 

болу  еді.  Арманымнан  ешқашан  айныған 

емеспін. Алдыма биік мақсат қойдым.  Ақыры 

журналистиканың  ауылына  аяқ  бастым.Солар 

секілді қызмет атқарсам деген ниет басым бол-

ды.

Күні  кеше    Абылай  хан  атындағы  Қазақ 



Мамандыєым – маќтанышым!

5

халықаралық  қатынастар  жəне  əлем  тілдері 

университетінде    жүрналистика  факультетін 

тамамдадым.  Қолымызға  диплом  алып    бір 

қуандық.  Ақпарат  айдынында  қызмет  етуге 

жолдама алған курстас достармен қимастықпен 

қоштастық.Олардың    келешекте  еліміздің  

қалаулы азаматтары боларына сенемін.

Университетте 

төрт 


жыл 

оқыған 


білімімнің  бір кəдеге жарайтынына сенімдімін.

Өйткені  бойда    өз 

мамандығыма 

деген 


сүйіспеншілігім бар,қуат 

пен  жігер,  болашаққа 

үміт  пен  сенім  бар. 

Тізбектей  келе  айтқым 

келетіні,  нағыз  маман 

атану  жолындағы  алған 

білімімді  кəдеге  жарату, 

өз бетінше үздіксіз білім 

алу дағдыларын меңгеру, 

бəсекеге  қабілетті  болу, 

өз  мамандығыма  деген 

адалдық –  отансүйгіштіктің құрамдас бөліктері 

деп  түсінемін.  Ахмет  атамыз  айтқан , «Газет- 

халықтың көзі, құлағы һəм тілі» деген ұранды 

ту еткен  «Қазақ газеттері» ЖШС- не қарасты  

«Үркер»  журналында  сайт  редакторы  ретінде 

жұмысқа кіріскенімді өзім үшін бір жетістік деп 

білемін. Қазіргі таңда елімізде жəне   жаһанда 

болып  жатқан  тың  жаңалықтармен  əлеуметтік 

желі  арқылы  оқырмандармен  бөлісіп  пікір 

алмасып  отырамын.  Аракідік  белгілі  бір 

тақырыптар  аясында  мақала  жазып,  ақ  парақ 

бетіне  өз  ойымды  түсіремін.  Журналист  өз 

творчествосы  арқылы  қоғамға  қызмет  етеді, 

билік  пен  халықты  байланыстырушы  дəнекер 

болады.  Оған  қоса,  өмірдегі  құбылыстардың 

мəнін  түсіне  білу  де  үлкен  қасиет  деп  ойлай-

мын.  Қандай  оқиғаны  болсын  тапқырлықпен, 

сенімді  түрде,  көз  жеткізіп  жазу  дұрыс  қана 

емес,  міндет.  Ал  бұл  үшін  алдымен  білім  мен 

қабілет керек. Идеяға толы материалдар жазып, 

жұрттың  назарын  аудара  білген  жөн.  Қалың 

көпшіліктің  назарын  аудару  деген  оның  са-

насына  əсер  ету,  халық  арасында  белгілі  бір 

пікір  қалдыру,  қоғамдық  оймен  санасу.  Демек, 

журналистің қолында белгілі бір ұғымда билік 

бар деген сөз. Билік пен халықты байланыстыра-

тын алтын көпір жан- жақтылықты талап етеді. 

Ендеше  мен  «басшылардың  көмекшісі»  бола 

жүріп,  ел  ішіндегі  күрмеуі  қиын  мəселелердің 

шешім табуына көмектесемін. 

Менің айтпағым,  Қазақстан мемлекетінің 

ертеңгі болашағы  жастарға , яғни бізге тəуелді. 

Алаш  ардақтысы  Ахмет  Байтұрсыновтың: 

«Басқадан  кем  болмас  үшін  біз  білімді,  бай 

һəм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу 

керек,  бай  болуға  кəсіп  керек.  Күшті  болуға 

бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс 

істеу  керек»,  деген  ұстанымы  бүгінде  біздің 

жолбасшымызға  айналып  отыр.  Тəуелсіздік 

құрдастарына  осынау  мерейлі  сəтте  ортаға 

сауал  тастағым  келеді:  Осы  жылдарда  өзің 

қуанатындай  қандай  тірлік  тындыра  алдың? 

25  жылда  қол  жеткізген  жетістігің  қандай? 

Біздің  «Үркер»  журналын,  басқа  да  жастарға 

арналған басылымдарды оқисың ба? Кел, пікір 

алысайық.  Біз ортаға ой тастадық, өздеріңнен 

пікір күтеміз, құрметті жас дос!



ЖАНАРБЕК Əлихан. «Елімнің өркендеуіне қосар үлесім қандай болмақ?»

6

Рүстем ДОСЫМҚҰЛОВ

Саясаттанушы,  қоғамдағы 

қай мəселеге  де батыл əрі ашық  

көзқарасын 

білдіріп 

жүрген 


белсенділердің бірі.

БІЗ – МЕМЛЕКЕТ 

ҚҰРУШЫ ҰРПАҚПЫЗ,

ӘРҚАЙСЫМЫЗ – 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

ТАРИХЫМЫЗ

25 


жыл 

бұрын 


Тəуелсіздігімізді 

жарияладық.  Енді  өз  тағдырымызды  өзіміз 

қалыптастыра аламыз жəне Қазақстанның алда 

қандай болатыны өзімізге байланысты.

Жаһандану 

жағдайында 

ұлттық 

қауіпсіздік  пен  келісім  мəселесі  басты  мəселе 



болып  саналады.

Əзірге  бұл  мəселе  көбінесе  патриоттық 

əндер мен қазақ кітаптарын жандандырумен ай-

налысатын энтузиасттарды, кітапханашыларды 

толғандырады.  Ал  қиын  жағдайларда  бірлік 

пен  келісімге  шақыратын  қазақтың  халық 

əндерімен  қорғанамыз.  Сондықтан,  мəдени 

мұрамызды қорғау мен сақтап қалуға байланыс-

ты  мемлекеттік  деңгейде  шешім  қабылдайтын 

уақыт келді.

Əрқайсымыз – Қазақстанның  тарихы-

мыз,  оның  бүгіні  мен  ертеңіміз.  Əрқайсымыз 

– мəдениет, тіл жəне көк байрақпыз. Демек, біз 

мықты да ынтымақты мемлекет құрушылармыз.

Ўлт таєдыры


7

Алдымызда тұрған ендігі мəселе үдемелі 

даму  болғандықтан,  кемелділікке  ұмтылып, 

алға жүруіміз керек.

Сондықтан 

да 


Қазақстанды 

баба-


лар  рухы  мен  күшін  сезіне  отырып,  балала-

рымызды, 

достарымызды, 

көршілерімізді 

жігерлендіретінімізге  сене  отырып  құрамыз. 

Өйткені, Қазақстан – ол біз!

Еркін  жəне  тəуелсіз  Қазақстан  Респуб-

ликасында  өмір  сүріп  жатқанымызға  міне, 25 

жыл  болды.  Тарих  сабақтарын  ескере  оты-

рып,  бүгінімізді  өзіміз  қалыптастырамыз. 

Тəуелсіздікке жету жолымыз оңай болған жоқ: 

ол бізді шынықтырды, төзімді бола білдік жəне 

тəжірибе жинадық.

Қазақ  мемлекеті  кемелдену  кезеңіне  аяқ 

басты,  сондықтан  күрделі  мəселелер  кідіріссіз 

жəне мүлтіксіз шешім қабылдауды талап етеді. 

Өткен жылдарда біз көптеген ішкі жəне сыртқы 

қиындықтарға  төтеп  беріп,  алға  қарай  нық 

сеніммен  қарыштадық,  талай  өзгерістерді  бас-

тан  кешіп,  бар  күшімізбен  барлығымыз  жəне 

əрқайсымыз үшін қолайлы Қазақстанды құрдық. 

Кез келген қазақтың Қазақстанға бар жүрегімен 

берілгендігі күмəн тудырмайды. Əрбір азамат өз 

елін сүйеді жəне елінің амандығына қажетті игі 

бастамалар үшін бар күшін салуға дайын. Бізде 

билік  əрқашан  сыналады,  сынала  да  бермек. 

Бұл – заңдылық. Отанды сүюге негізделген сын 

Қазақстанның одан əрі көркеюін көру ниетімен 

байланысты. Əрқайсымыздың арманымыздағы 

Қазақстан əр түрлі болуы мүмкін: біреуі үшін 

ол – балаларының  бақытты  шағы  мен  ата-

ананың саулығы; басқасы үшін  ол – берік ше-

кара мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуші 

əскердің  амандығы  болса,  үшіншісі  үшін  ол – 

əділ экономикалық жүйе, заң алдындағы теңдік 

пен  əлеуметтік  əділдік,  еңбек  ету  мүмкіндігі 

болады.  Түптеп  келгенде,  барлығымыз  одан 

əрі  толыққанды  Қазақстанда  өмір  сүруді  ар-

мандаймыз. Отанымыздың тұрақты дамуы мен 

қауіпсіздігінің кепілі – қамсыздандырылған от-

басы.

Əлем  қанды  ішкі  қақтығыстар  мен 



ұлтаралық 

шиеленістер, 

халықаралық 

террористік  топтардан  төнетін  қауіп-қатерлер 

сияқты тағы да басқа көптеген қорқыныштарға 

толы. Осындай қауіп-қатерлер бізді де айналып 

өткен жоқ. Сондықтан, біз бейбітшілікті сақтау 

мен  қауіпсіздікке  бағытталған  халықаралық 

бастамалардан  қалып  қоймауымыз  қажет. 

Қазақстанның  əр  отбасын,  əр  азаматын 

лайықты  өмірмен  қамтамасыз  ете  отырып, 

сыртқы қауіптерге төтеп беру жəне алға жылжу 

үшін  ұзақ  мерзімді  болашақ  пен  мақсаттарды 

айқын көре білуіміз қажет. Осы арқылы отаны-

мыз əлемдегі қазақтарды біріктіретін, бəсекеге 

қабілетті бола алатын орталыққа айналады.

Тəуелсіздік  алған  соң  даму  жолын-

да  тапжылмай  жылжуға  мүмкіндік  беретін 

маңызды  жетістіктерге  жеттік.  Бүгінгі  күні 

отанымыздың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін 

мықты  əскеріміз,  жеткілікті  қалыптасқан 

жергілікті  басқару  мен  мемлекеттік  билік 

институттары  бар.  Мыңдаған  жылдар  бойы 

талай  сынаққа  түскен  берік  қазақ  отбасы – 

біздің  маңызды  құндылығымыз.  Қауіпсіз  отан 

мен  қамсыз  отбасы – мақсатымызға  жетудің 

маңызды алғышарттары. 2018 жылы қазіргіден 

де жақсырақ елде өмір сүретінімізге сенемін...

Қазақ халқы ешбір халыққа, ешбір ұлтқа 

жауындай  қараған  емес.  Сондықтан  ол  да 

басқа мемлекеттер билігінің бізге солай жауап 

бергенін қалайды.

Ұжымдық  қауіпсіздік  туралы  келісім 

ұйымына  мүше  бола  отырып  Қазақстан  сол 

ұйым  мақсаттарына  жетудегі  өзіне  алған 

міндеттемелерді сақтайды жəне оның ары қарай 

нығаюына өз үлесін қосады.

Рүстем ДОСЫМҚҰЛОВ. «Біз  – мемлекет құрушы ұрпақпыз, 

 

 

 

          əрқайсымыз Қазақстанның тарихымыз»


8

ҚАЗАҚ ƏСКЕРІ – ОТАН 

ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ 

БАСТЫ КЕПІЛІ

Орталық 


Азияда 

бейбітшілікті 

қамтамасыз  ету  мен  мемлекетімізге  қарсы 

авантюраларға  жол  бермеу  үшін  біздің 

қорғаныс  əлеуетімізді  кəсібиліктің,  тəртіптің, 

ұйымдастырушылықтың, 

бақылау 

мен 


айқындықтың 

заманауи 

стандарттары-

на  сай  дұрыс  жəне  мақсатты  дамыту  қажет. 

Қауіпсіздік жүйесін реформалаудың үздіксіздігі 

мен  реттілігі,  оларды  заманауи  талаптарға 

сəйкестендіру, 

сонымен 


қатар 

сыртқы 


қауіптің алдын алу мен адекватты жауап беру 

сияқты  қадамдарға  саяси,  дипломатиялық, 

экономикалық,  ақпараттық,  қажет  болған 

жағдайда  əскери  жəне  басқа  да  іс-шаралар  жа-

тады.

Біз  міндетті  əскери  қызмет  инсти-



тутына  білім  беру  жəне  əлеуметтік  са-

лада  қауіпсіздік  пен  жағдайды  жақсарту 

арқылы 

сенімді 


күшейту 

шараларын 

жалғастырамыз.  Шұғыл  əскери  қызметтен 

демобилизацияланған  тұлғаларды  мемлекет 

жұмыспен  жəне  білім  алуда  жеңілдіктермен 

қамтамасыз етеді. Қауіпсіздіктің барлық шара-

лары экономикалық, əлеуметтік, ғылыми жəне 

халықаралық  ынтымақтастықтың  дамуын,  ру-

хани,  ақпараттық  жəне  қауіпсіздікке  байланы-

сты басқа да шараларды дамытуға бағытталады.

Қазақстан  айналасында  қалыптасқан 

əскери-саяси  жағдай  мен  қауіп-қатерлер 

жауынгерлік  қабілеті  бар,  үнемі  жетіліп  оты-

ратын,  заманауи  ғылым  жетістіктерін  тиімді 

қолдана  алатын  əскерді  талап  етеді.  Əскерді 

ары қарай жетілдіру мен күшейту үшін алдағы 

5 жылда мыналарды қаматамасыз етеміз:

–  Қазақстан  Республикасының  Қарулы 

күштері  үнемі  мобильді  жəне  жауынгерлік 

қабілетте  болу  үшін  өз  аймағымызда  жəне 

оның  айналасында  қауіпсіздікті  қамтамасыз 

ету  керек.  Оның  негізі  əлемнің  əр  түкпірінде  

жауынгерлік  міндеттерін  керемет  орындауы 

арқылы қаланған.

–  Қазақстан  Республикасының  Қарулы 

күштерін ары қарай заманауи қару-жарақ жəне 

техникамен,  соның  ішінде  отандық  өндірістен 

шыққанымен қамтамасыз ету. Барлау, бақылау, 

табу,  нысананы  дəлдеу,  жеңу  сияқты  бірыңғай 

жүйеге  кіретін  көппрофильді  кешендерге 

басымдық  таныту  керек.  Осының  барлығында 

мемлекет  назарында  болатын  заманауи  жəне 

икемді  отандық  əскери-өнеркəсіптік  кешен 

маңызды рольге ие болады.

–  Қазақстан  Республикасының  Қарулы 

күштерінде  тəртіп  бұзушылықтар  мен  заңсыз 

қатынастарға  орын  жоқ.  Қарулы  күштердің 

жеке  құрамының  кəсіптілігі  мен  білім  деңгей 

жоғарылайды.  Тəртіп  əскери  қызметкерлердің 

өзара  сыйластығы  мен  бұйрықты  мүлтіксіз 

орындауына  негізделеді.  Командирлер  нағыз 

үлгі тұтарлықтай қызмет ететін болады.

– Жемқорлық Қарулы күштер жүйесінен 

шеттетіледі  жəне  əскердің  жеке  құрамын 

күнделікті  əлеуметтік  проблемалардан  боса-

та  отырып,  олардың  негізгі  күші  жауынгерлік 

қабілетті 

жоғарылату 

мен 

білімдерін 



толықтыруға жұмсалатын болады.

–  Əскер  мен  қоғам  арасындағы  байла-

нысты  күшейту  арқылы  қарулы  күштердің 

транспаренттілігі  мен  азаматтық  бақылау 

деңгейі  жоғарылайды.  Осының  негізінде  мем-

лекет  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  міндетін 

атқарудан  бөлек  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясы жəне өзге де заңдары бойынша 

құқықтарын  қолданатын  «əскери  формадағы 

азамат» идеясы қалыптасады.

Əскерді 

білімді 


мамандармен 

толықтыруға  көп  көңіл  бөлінетін  бола-

ды.  Бұл  жерде  Қазақстандағы  əскери  білім 

 *«Үркер»*№12017


9

беру  жүйесінің  сапалылығы  мен  бəсекеге 

қабілеттілігі маңызды рольге ие болмақ. 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Мемлекеттік сатып алу – маңызды м селе
2017 -> Болашақ қазан 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Жазғы бағдарламалар, ауқым көлеміне байланысты туындаған
2017 -> «МҰҒалімнің акт қҰзыреттілігін дамытудағы тренердің РӨЛІ» Алданыш Ақерке
2017 -> «тарих» кафедрасы
2017 -> Жоба туралы
2017 -> В системе дополнительного образования
2017 -> Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері жалпы білім берудің мақсаттары
2017 -> Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет