Екінші кітап Есте қалғандар



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата17.10.2023
өлшемі7,92 Mb.
#116988
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
116988

I .



ӨЗБЕКӘЛІ
ЖӘНІБЕКОВ
Екінші кітап
Есте қалғандар 
Азаматтық парыз 
Жаңа заман айшықтары
Алматы “ Рауан” 1997


Жөнібеков Ө. 
Тағдыр тағылымы (естеліктер). Алматы, Рауан, 
1997 — 136 бет.
«Тағдыр тағылымынын» екінші кітабы өмірбаяндық хикая ғана емес. Қоғам- 
ның белсенді мүшелерінің бірі ретінде автор өзінің бастан кешкен, көріп-білген 
жәйттерімен қоса, айналадағы өлеуметгік ортаға, ел тағдырына қатысты, тарих- 
пен, мүратанумен, елтанумен, сайып келгеиде, қазақтанумен үштасып жататын 
қазіргі заманғы көкейкесті мөселелерге де тоқтала кеткенді жөн көрген. Шыгар- 
машыл қауым, қалың көпшілік, ел тағдыры толғантатын өрбір зиялы азамат, 
мүғалімдер мен студент жастар басылымынан соны пікір, түжьірымды ой таба 
алады.
ISBN 5-625-03754-Х
4700000000 -039 
Ж
404(05) - 97 
тапсырыс
ISBN 5-625-03754-Х
© Жәнібеков Ө., 1997


Б ІР ІН Ш І Т А Р А У
аеН (С4шИс


ЗАМАНДАСТАРЫМА
(арнау)
сы ж ұрт соңғы кезде уақыт, замана, ұрпақтар сабақ- 
тастығы деген өзекті мәселеге қайтадан мән бере бас- 
тағанға ұқсайды. «Тағдыр тағылымы» өмірбаяндық қана 
хикая емес, автордың әлеуметтік ортаға, көне тарих- 
қа, этнографияға, дәстүрлі өнерге, тілге, мәдениетке 
қатысты ой-толғамы, шығармашыл ізденістерінің түсініктемесі 
іспетті шаруа екеніи ескере отыра, шама-шарқына тереңірек 
үңіле түсуді қажет ететін осы бір пәлсафалық құбылыстың қай 
ұрпақпен болса да өмірге, тарихқа байланысты көзқарас секілді 
түйсік-түсінік жүйесін қалыптастыратыны жайығіда көптен бері 
көкейде жүрген кейбір жәйттерді ортаға салуды жөн көрдім. Ал 
ой таразысынан өткізілген пікірдіц, сайып келгенде, елді тарихи 
мәңгүрттік кеселден айықтыруға қызмет ететіні тағы бар.
Балалық, жастық шағы кешегі ғаламат соғыс жылдарымен1 және 
онан кейінгі шырғалаңы мол кезеңмен тұстас келген біздің үргіақ- 
тың тарихқа көзқарасы тек герман фашистерімен шайқастағы үлы 
жеңістің ықпалымен ғағіа емес, жастарды ілгері үмітке жетелейтін 
бүкілхалықтық энтузиазм мен отаншылдық рухында қалыптасқан 
еді. Бұған қоғамдық ойдың И. В. Сталин дүние салғаннан кейінгі 
даму үрдісінің де әсері мол болды. Замандас ұрпаққа саяси жөне 
әлеуметтік түрғыдан сыйпаттама бергісі келген бізбен тұстас бел- 
гілі бір жазушының әртүрлі үрпақ өкілдері бас қосқан ресми 
жиында сөйлеген сөзінде өздерін қиыншылық атаулыға бой ұсына 
бермейтін, алған беттен қайта қоймайтын «Жәнібековтің жалаң- 
аяқтары» едік дегенін де естігенім бар-тын.
'Әңгіме 1941— 1945 жылдардағы Үлы Отан согысы жайында болып отыр.


Бұл әрине, тұтас бір ұрпақтың іс-қарекетін Қазақстан ком- 
сомолына тоғыз жылга жуық бірінші хатшы болды деп бір адамға 
тели салған «асыра сілтеушілік» болып көрінгенімен, шешеннің 
тарапынан өз ұрпағының көңіл-күйіне бір шама әділ баға беру- 
ге тырмысқандық еді.
Расында біз кім едік? «Партия айтты: Комсомол «Құп бола- 
ды!» деп бұрынғыдай шапқылай беретін оныц тетігі болдық па? 
Шынтуайтына барсақ, біз басқаша тәлім-тәрбие ала бастаған, 
айналадағы ортаға, тарихқа сын көзімен қарайтындай кемеліне 
келе жатқан ж ас үрпақтың өкілдері едік. Бізде қазіргі «Жаңа 
қазақпыз» дейтіндердідбалаларьіндагыдай мерседес түгіл, вело- 
’сғПТбД”Те_^олған жоқ. Ж ары п тамақ іштік деп те айта алмаймын. 
Киім-кешегіміз де жұпыны болды. Буынымыз қатпаса да, соғыс 
кезінде үжымшардың малын бақтық, егінін салыстық. Студент­
о к шақта стипендия жетісе бермейтіндіктен, темір жолдан кон­
тейнер, сексеуіл, тас көмір түсірістік, көше сыпырдық. Кейіннен 
тың игеруге, комсомолдың екпінді қүрылыстарьша аттандық...
Осындай өмір өткелдері арқылы оның заңдылықтарын өзге- 
лерден бүрын ұғына бастадық. Сол біз қалыптастырған ортадан 
кейіннен белгілі мемлекет ж әне қоғам қайраткерлері, оқымыс- 
тылар, ғылым мен өнер дамуына өзіндік үлесін қосқан азамат- 
тар өсіп жетілді. Солардьщ алдыңғы қатарынан мен, мәселен, 
өзімнің замандасым, тағдырлас досым, белгілі мемлекет және 
қоғам қайраткері Михаил Есенәлиевті көрем. Мен оны ата- 
анасы қойған есішмен Кәкіш, Хакімжан деп атайтьш едім, солай 
болып қала бергім келеді. Осы бір мейлінше таза, өзгенің «қай- 
ғысына» ортақтаса кетуге, қолынан келгенше басқаға жәрдем 
беруге даяр түратын азаматпен 1960 жылдан, Павлодар облыс- 
тық комсомол комитетінде қызмет істеген кезінен таныспын. 
Кейіннен Қазақстан комсомолының Орталық комитетіне хатшы 
болып сайланған Кәкішпен мүлдем жақындасып, достасып та 
кеттік. Сонан бері өмірлік жолымыз айырылысқан емес. Тағдыр 
Кәкішті де аз сілкілеген жоқ. Бірде ана басшыға, бірде мынаған 
«үнамай» қалатын сәттерде қасыңнан табылып, қол үшын бере- 
тін, көңіліңді жүбатып, арқаңнан қағатын қимас досыңның көп 
бола бермейтініне күйінбесең, бәріне де төзуге болатынын 
Хакімжанның тағдырынан талай рет көрдім.
Кәкіштің үйымдастыру қабілеті мен дарыны Алматы қалалық 
партия комитетінде екінші хатшы, көп жылдар бойы Орталық 
комитеттің мәдениет бөлімінде меңгеруші болып қызмет істеген, 
әсіресе «Азат» демократиялық қозғалысының басшылығына 
сайланған кезінде (бүл оның зейнеткерлік шағымен тұстас кел- 
ді) сан қырынан көрінді. Михаил Есенәлиев ел тағдырын көп 
ойланатын ж әне ой таразысынан өткізгендерін орынды пайда- 
лана білетін қайраткер ретінде танымал болды. Оның «Азат»


қозғалысының ресми жиындарында жасаған баяндамаларынан, 
сөйлеген сөздерінен, мерзімді баспасөзде жарияланған мақала- ' ? 
ларынан көріп жүргенім ұлттық идея мәселесі, қоғамның дені 
сау күштерін біріктіру қамының кезек күттірмейтіні.
1989 жылдың күзі болатын. Атырауда Х азақ ССР Ғылым 
академиясының көшпелі сессиясында Батыс Қазақстанның эко- 
номикасы мен әлеуметтік дамуына қатысты мәселелер талқы- 
ланған еді. Сессияға қатысқан Одақтық Ғылым академиясының 
президента, академик Гурий Иванович Марчукты эуежайдан 
Мәскеуге шығарып салып түрып, мен жексенбі күні болса да, 
жақын жердегі бір ауыл мектебіне барып қайтсақ деген тілек 
білдірдім. Обком хатшысы менің үсынысымды қабыл алып, 
қаладан 20 шақырым жердегі кішігірім қазақ ауылында түратын 
қазақтың бір үлкен азаматымен кездесуге болатынын айтты.
Кім жөнінде сөз болып отырғанын түсініп, дереу телефонограм­
ма жібере салуды өтіндім. Т елеф онограм м ам қүрғырдың шап- 
шаңдығы сонша біз кеңшарға келіп, жайгасып отырып алғаннан 
кейін келіп, оған рахаттана күліп алдық. Біздің іздеп келгеніміз 
Кеңес Одағының халық мүгалімі Қүсни Айтқалиевтің авторлық 

мектебі еді. Па, шіркін, қандай мёктеп десеңші! Басқа жағдайда 
А. С. Макаренконың, В. А. Сухомлинскийдің қатарынан орын 
алуға 
тұрарлық Қүсни Айтқалиевтің шын мәнінде заманның 
озық педагогі екенін ол жасаған оқу-тәрбие жүйесінен көрдім.
Ең бірінші көзге түскені мектептің тазалығы. 1973 жылы пайда- 
лануға берілген оқу орны сол қалпында, тап-таза, кеше ғана 
салынған сияқты. Жабдықтардан бір сызу таба алмайсыз, мүжіл- 
ген немесе қажалған жері де жоқ.
— Мен бәрін түсінем, бірақ жүздеген бала оқитын ж ерде 
мүндай тазалықты қалай қамтамасыз ете аласыз. Ал, мынау 
көгеріс интерьер қалай жасалды? Әрбір класта жеткілікті ауди- 
овизуалдық техника, видеокиноаппаратура түр. Көрнекті қүрал- 
дарыңыз тым томен ілінген екен, балалар жыртып тастайды деп 
қорықпайсыз ба?— дегенімде ол жымиып күлді де:
— Біздегі бар ж иһаз сол 1973 жылы қойылган орнында түр.
Біз оны дырылдатып, әрі-бері сүйретіп жатпаймыз. Балалар да 
оның үстіне шыгып, алысып-жүлыса бермейді. Ол үшін ойын 
алаңдары, спортзал бар. Ал мынау көгеріс болса, оны оқушы- 
лардың өздері жасаган. Бала еш уақытта өзінің қолынан шық- 
қанды бұза бермейді. Байқап қараңызшы, бізде әрбір кластың 
қабырғасында оқу бағдарламасына қатысты көрнекті жадығат- 
тар (олар апта сайын өзгертіліп түрады) ілулі. Оларды да 
шәкірттер үстаздарының басшылыгымен өздері жасаған, бала- 
ның көзінің деңгейіне ілінеді. Көрнекі қүрал-жабдықтарды жа- 
сағанда көп мәселе баланың абайында қалып қоятыны бар. Біз 
мүны да ескердік. Әрбір класта аудиовизуалдық техниканың


болатыны сол 1973 жылдан бері жинақталған шаруа. Бізде тех- 
никаға көзқарас өзгеше қалыптасқан, азғантай автотрактор 
паркіміз де бар. Олардың да қожасы осы балалар. Ж аңа өзіңіз 
көрген әуез салонында балаларды нота жазуын игеруге үйрете- 
міз. Ондағы ескі пианино, домбыра, скрипка да сол үшін қажет.
— Ал балаларыңыздың білім дәрежесі қандай?
— Шүкір, жаман емес, жыл сайын мектеп бітіретіндердің 
83—87 проценті жоғары оқу орындарына түсе алады. Тіл білімі 
де жаман емес. Орта мектептің көлемінде қазақ, орыс, ағыл- 
шын тілдерін үйреніп шығады.
Мектептің ауласы да, интернаттың жатақханасы да, балалар- 
дың тамақтанатын орны да тап-түйнақтай. Мені қайран қалдыр- 
ғаны бізді ешкімнің күтпегені. Күнде осындай тәртіп бар жерде 
білім де болады. Соңынан қалаға қайтып келе жатқанда, обком 
хатшысы: «Сіз бұл кісінің оқушыларын көре алмадыңыз (түн 
болып қалған еді), бүкіл Атырау елінен ондай тәрбиелі балалар­
ды табу қиын» дегенді айтты.
Содан бері қанша ж ыл өтсе де, мен талай-талай жақсы 
мектептерде болдым. Бірақ оларға таңдана қараған емеспін. 
Керісінше, «паңдана» қарайтын әдет пайда болды. Бұл Құсни 
Айтқалиевтің авторлық мектебінен алған әсерім болар.
Леніншіл Рүстемов (қазір арамызда жоқ) Ташкент универси- 
тетіндегі шығыстану факультетінің иран-ауған бөлімшесін біті- 
ріп, Қазақстанға қайтып оралғаннан кейін, орта мектепте орыс 
тілі мен әдебиетінен сабақ бере жүріп, қоғамдық жүмысқа бел- 
сене қатысты. Мен басқа қызметке ауысып кеткеннен кейін, 
Келес аудандық комсомол комитетіне бірінші хатшы болып 
сайланды. Көп ұзамай, аспирантураға оқуға түсіп, оны тамам- 
дап, студент жастарға үстаздық етті. Талдықорған пединститу- 
тын ұйымдастырып, оның түңғыш ректоры болды. Орталық 
комитетте бөлім меңгерушісінің орынбасарына, оқу министрлі- 
гінде — министрдің орынбасарына дейін жоғарылатылды. Кан- 
дидаттық диссертация қорғап (1964 ж), қазақ тіліндегі араб- 
парсы кірме сөздерінің лексикалық-семантикалық ерекшелікте- 
рі жайлы алғашқы ғылыми еңбектер жазды, сөздіктер қүрас- 
тырды.
Мейлінше қарапайым, көп оқыған, еңбекқор азамат еді. 
«Кімнің гүлі солмайды» десек те өмірден тым ерте кеткен осы 
бір дарынды замандасымның әлі де болса ғылымға берері көп 
еді. Оның артына қалдырған мүрасы сарамандық құнын ешқа- 
шан жойған емес, қағидаларын дұрыс пайдалана білсек, ашқан 
жаңалықтарына лайықты көзқарас қалыптастыра түсер едік.
Аспанға көтеріп қүрметтейгін бір тума абзал жандардың 
қатарынан өз басым қазақтың аса дарынды ақын қызы Фариза 
Оңғарсынованы көрем.


«Мен бір қызық адаммын
Қатал тағдыр сілкілеп, мың сынаған...
Ж үртқа деген ызаға булыққанда,
Сені оры н сы з айы птап, үрсы п алам.
Ж ы р ж азбасам жалығам,
О н с ы з м а ғ а н д ү н и е ж е л ө т ін д е й ...
Ал сен болсаң қарайсьщ, қүлшынтасың 
Содан саған бір пайда келетіндей»
деп жазған екен ол өзі жайлы.
Осы бір шумақтардың өзінен-ақ үғатынымыз Ф ариза ақын- 
ның бар сыры — жырларында ойшылдық сарынның басым боп 
келетіні көрініп түратынында екендігінде. Сөз қадірін білетін- 
діктен, Ф ариза не айтқысы келсе де толғанысты ой, көңіл-күйіне 
қарай сыр шертеді. Ол өзінің ақын әріптесі Күләш Ахметова 
секілді, адамның күй-парқына тез берілетін, тезірек жаралана- 
тын асыл сезімнің ақыны.
«Мен зам анны ң сескенем сыңайынан,
Ж е р с ұ р қ ы н а н , а с п а н н ы ң р а й ы н а н
Оңайынан оңалар орайы жоқ,
Ы ғы сады ж ы р ж ы л ап , м үңай ы п ән.
Үндемесем болмайды, сөйлемесем,
Астарласам көнбейді, бейнелесем.
Баласына ана жүр арақ сатып,
Үрпағына арақ ішпе дей ме десем!
Мына базар өз заңын елге ұсынды,
Кімге айтамыз, өлеңмен енді сырды?
Арды ойламай барды ойлау — 
бүл заманның,
Бедеріне соғылған белгі сынды».
— деп тегі Күләш та бостан-бос айтпаған.
Тағдыр мені комсомолда қызмет істеп жүргенде кейіннен 
Қазақстан өнеріне көп еңбегі сіңген тағы бір дарынды заманда- 
сымызбен таныс етті. Ол есімі елімізге танымал, әйгілі әуезші- 
орындаушы, Қазақстанның халық артисі, профессор, одақтық 
ж әне халықаралық конкурстардың жүлдегері Юрий Степанович 
Клушкин еді. 1962 жылы Хельсинкиде (Финляндия) өткен Ж астар 
мен студенттердің бүкілдүниежүзілік VIII фестивалінде ол өзі- 
нің асқақтаған лиризмімен, кернейде (труба) ойнаудағы кілтік- 
сіз үйлесімділікті сезіне білетінімен көзге түсті. Лирикалық се- 
зімталдықты білдіретіндей қауқары шамалы осы бір қарапайым 
аспап дарынды орындаушының қолында сол жолы сан қырынан 
көрінген болатын. Нәтижесінде — қазақстандық кернейші халы- 
қаралық конкурста екінші орынға ие болып елге оралдық.
ю


Ол кезде қазақ авторларынан кернейге арнап шығарма 
жазғандар ж оқ болатын. Мұндай аспапта ж еке орындаушылар 
да табыла бермейтін. Ал керней үшін қазақ сахнасына жол ашу 
кәсіби өнерде көзек' күттірмейтін жәйіт еді. Юрамен әңгімелес- 
кенде ойымыз бір жерден шықты. Қазақ композиторларына 
тілек айтып, қолқа салуға тура келді. Біріпші болып Е. Бруси­
ловский кернейге арнап Концерт ж эне Скерцо жазды. Е. Рах- 
мадиев, Ғ. Ж ұбанова, Қ. Қожамияровтар да 
Ю. Клушкиннің 
орындаушылық ерекшеліктерін ескеретін шыгармалар үсынды. 
Сөйтіп, кернейде ж еке орындалатын әжептәуір репертуар жи- 
нап алдық та, ол қазақ сахнасында ж еке дауысты кернейде 
ойнайтын бірден бір әуезші болды.
Ж ас кернейш іге ықыласымыздың зорлығы сонша, импорт- 
тык, аспап алып береміз деп қанша тырмыссақ та, онан нәтиже 
ш ығара алмадық. Әуезшіні радиоға ж азгызып, экранға, сах- 
наға шығарып, әр түрлі деңгейдегі концерттерге, конкурстар- 
га қатыстыра отыра, қалың көпшілікке таныстыра бастағаны- 
мыздың жемісті болғаны сонша, ол кезде әсіресе радиодан 
кейде қүлазыған кең далада таң ш апагымен қосыла эфирге 
шығатын қазақ әуендерімен бірге, біздіц Ю раныц кернейінің 
де үні естіле қалса, қүлағын түре қалатын малшылар да аз 
болмайтын.
1976 жылы жарық көрген «Ақыл таразысы» атты еңбегінен 
бүгінгі шығармашыл ізденістеріне дейін атам заманнан бергі 
көркемдік өнертаным ерекшеліктерін терең зерттеп әлемге әйгі- 
лі мәдени қазыналардың бірін-бірі толықтыру жолдарын қарас- 
тырып жүрген белгілі әдебиет зерттеушісі Зейнолла Серікқали- 
евпен сырттай таныстығым болмаса, өзімен соңғы жылдарда 
ғана, Ж оғаргы Кеңесте бірге істескен кезден бастап жақындаса 
бастадым. Бақсам, министр мәртебесіндегі кейбір басшылардың 
дарынды қызметкерлерін жоғары лауазымдылармен таныстыру- 
ға ұқыпты бола бермейтінін біле түра, Зейнолламен тікелей 
танысуға мен де қам жасамаппын. Өкінішті-ақ. Тіпті Полигра­
фия және баспа істері жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы- 
ның бірінші орынбасарлығына лайықты адам іздеп, сарсаңға 
түскеніміз де бар еді.
Зейнолла әдебиет сыншысы ретінде де белгілі адам. Өз ба- 
сым оның соңғы кезде жарық көрген «Тағдыр және біз» («Ана 
тілі», 1996) атты кітабы да ең алдымен ел мерейін, өнер абырой- 
ын асырар отаншылдық сезім тәрбиесіне қалтқысыз қызмет 
ететініне кәміл сенем.
Тайыр Мансүровпен таныстығым оның Алматы обкомында 
әуелде құрылыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, кейіннен — 
меңгерушісі болып қызмет істеп жүрген кезінде басталган еді. 
Бүл менің облаткомға қызметқе жаңадан ғана ауысқандықтан,
и


біреуді танысам да біреуді тани қоймаған кезімде болған оқиға 
еді.
Бір жолы кабинетіме жүзінен қайырымдылық нұр шашып 
тұратындай бір жігіт рұқсат сұрап кіріп келді де: «Сіз мені 
кешіріңіз, біздің хатшыға (Грицайға) кіріп шыға алмас па едіңіз» 
дегенді айтты. Мен: «Е, неге кірігі шықпайын, қазір-ақ жетем» 
дедім. Ол кеткеннен кейін: «Апырай, қандай тамаша тәрбиеленген 
жігіт, өзге біреу болса ғой маған келмей-ақ, телефонмен «Сізді 
Грицай шақырады» десе де жетіп жатқан жоқ па? деп ойланып 
қалыппын. Содан кейін обкомның құрылыс бөлімінің меңгеру- 
шілігіне көтерілген Т. Мансұровпен ауылдық жерлерде салы- 
нып жатқан әлеуметтік құрылыс объектілерінде жиі-жиі кезде- 
сетін болдық.
Сол тұста облатком төрағасының қүрылыс істері жөніндегі 
орынбасары болып Г. Н. Мальцев деген кісі қызмет істейгін. 
Ж үртты балағаттап сөйлейтін бейпілауыз адам еді. Бірақ оньщ 
айтқандарын орындай салатындар да шамалы болатын. Облыс- 
тағы «сақалды» қүрылыстардың қатарына жатқызылып келген 
Бақанастағы ауруханада қүрылысшылармен кездесу үшін Маль­
цев екеуіміз бірге бардық. Мансұров болса, оған кешігіңкіреп 
келетін болды. Мен Мальцевке бүл сенің төл участогіц ғой, 
жиналысты өзің басқар, мен қасыңда болайын дедім. Ол қарсы 
болмады. Мальцев қүрылысшыларды бірінен соң бірін түрғы- 
зып, балағаттап-сөге берген соң у-шу болып жатқанымызда 
Мансүров кіріп келіп, біраз үндемей, жүрттың айтқанын тың- 
дап отырды да, әбден шыдамы таусыла бастаған соң микрофон­
ды қолына алып, әңгімеге араласып та кетті.
— Геннадий Николаевич, бұл адамдармен бұлай сөйлесіп 
мәселе шеше алмаймыз ғой. Меніңше нақтылы бүгін-ертең 
шешімін табуға тиісті мәселелерге бәрінен бүрын баса көңіл 
аударған жөн. Біз де ойланайық, қандай резервтеріміз, ресур- 
старымыз бар, сол жағын қарастырайық. Қазір аурухананы 
аралап, нақтылы мәселелерді айқындайық, орындау мерзіміне 
де келісейік. Келесі агітада, дәл осы күні, осы сағатта жолығай- 
ық. Қалғанын сонда келісерміз,— деген қорытындыға келді.
Келесі аптада әркім не істеп, не қойғанын айтып жатты. 
Қүрылысты тездетудің нақтылы жоспары осылай жасалған еді. 
Бүл обкомның құрылыс бөлімі мецгерушісінің тынымсыз өмірін- 
дегі бір эпизод қана еді. Кейін ондайлардың талайын көрдім.
Егер мұнан әрмен будақтатып тізе берсек, жүздеген заман- 
дастарымның атын атап, олардың әрқайсысына тиісті мінездеме 
беріп, әңгімеміздің о баста үйлестірілген ырқына түсе алмай 
қалуымыз ықтимал болғандықтан, оқырман қауымнан кешірім 
сұрай отыра, қазір арамызда жоқ, кезінде республикада волей­
бол спортын дамыту ісіне қомақты үлес қосқан спорт шебері,


Кеңес Одағына еңбегі сіңген жаттықтырушы Октябрь Ж арыл- 
ғаповқа байланысты есте қалғандарды ғана паш етіп, әңгіме- 
мізді мұнан әрмен үйреншікті желісіне қарай бұруды жөн 
-кердім.
Октябрь Ж арылғапов табиғатынан ұяң, сүңғақ бойлы, қыз 
мінезді, мейлінше сыпайы жігіт болатын. Оның мінезіндегі бір 
қасиет кішіпейілділігімен іші-бауырыңа кіріп кеткеннен кейін 
тілегін қабыл алмауға мүрсатыңыз бола бермейтінінде еді.
Әлі есімде, бірде комсомолдың Орталық Комитетіне келіп, 
өзі басқаратын «Буревестник» командасының кластық дәрежеге 
көтерілуі үшін бүкіл елімізге танымал командалармен кездесіп 
тұруын қамтамасыз ету қаж ет екендігін алдымызға тартты. 
Қаражат тауып Алматыда, Мәскеуде, одақтас республикалардың 
астаналарында өтетін кездесулерге, тіптен кейбір халықаралық 
жарыстарға қатыстырып, «Буревестниктің» тезірек өсіп жетілу- 
іне қамқорлық 
жасай бастадық. Октябрь болса, Алматының 
жоғары оқу орындарынан қалаған студенттерін таңдап алып, 
кластық команданың қүрамында шыңдай бастады. Кейде өзінің 
қүдіреті жете қоймаса, әсіресе ауылдан келген, серейген бойы 
болмаса, волейболдан түйсігі шамалы жігіттермен сөйлесіп, ақыл- 
кеңес беруге бізді де тартатын.
Көп үзамай, аталмыш команда одақтық, тіптен халықара- 
лық дейгейде танымал бола бастады. Онын жетекшісі де З.Ж ар- 
кешев, В. Кравченко, Ж . Сауранбаев, О. Андроповтармен бір- 
ге «Буревестник» командасының қүрамында талай рет респуб­
лика чемпионы атанды. Одақтық ж әне халықаралық жарыс- 
тарға қатысты. Талай-талай мәртебелі жарыстардың жүлдегері 
болды.
Арада қанша уақыт өткенімен, өз ісіне берік, қатарынан 
ерекше, оқшаулана көрінетін осы бір ашаң, аққүба жігіттің 
ж арқын бейнесі көз алдымнан кеткен емес.
Тауқыметі мол, жауапкершілігі басынан асып жатагын қо- 
ғамдық қызметтің ыстық-суығын бірге бөліскен қарындастары- 
ма да қарыздар екенімді ұмытқан емеспін. Менің, өмірімде 
қарындасқа қатысты талай-талай күлкілі жәйттер де болды ғой. 
Соның бірі былай өрбіген еді,
Бір жолы іс-сапарымен Шымкентке барғанда обком хатшы- 
сы Ыдырыс Тілеубергенов мені оңаша қалдырып:
— Біз Д. Бопова жолдастың күйеуін облыстық музейге ди- 
ректорлыққа ұсынсақ деп едік. Сіз бұған қалай қарайсыз? де- 
генді айтты.
— Атай көрмеңіз. Ж әнібеков Шымкентке барып, күйеу ба- 
ласын музейге директорлыққа тағайындап келіпті деген сөзге 
қалам. Ж алпы осындай орынсыз үсыныс енгізуді қоятын уақыт 
жеткен жоқ па?— деп бір қойдым.


ч
Хатшы не дерін білмей, сасып қалды. Ертеціне тағы бір 
жолыққанда:
— Кешіріңіз, кешелі бері әрі ойлап, бері ойлап, сіздің Бопо- 
вамен қан дай' туысқандығыңыз бар деген сұраққа жауап таба 
алмай қайран қалдым. Бәлкім, өзіңіз айтып түсіндірерсіз?— деді. 
Мен жымиып күлдім де:
— Сіз кешегі әңгімені тағы да көтеріп отырсыз ба, қалай? 
Мен оған жауап берген сияқты едім ғой,— деп әңгімемізді тағы 
бір салмақтап қойдым (ол кісі шынымен-ақ әбіржіп қалғандай 
көрінді). Осьшдай қарапайым шындықты үғына қоймайтын сіз- 
дей аңғырт адамды көрсем көзім шықсын (әңгімемізді тағы да 
әзіл-оспаққа бүрып әкеттім), әйтпесе бұған таңданатын несі бар? 
Комсомолда қызмет істеген қыздардың бәрі менің қарындаста- 
рым болатындықтан, олардың жұбайлары маған күйеу болма- 
ғанда, жезде болмақ па?
Осылай деуім мүң-ақ екен, Тілеубергеғюв ішек-сілесі қатып 
күліп, «аңқау басым комсомолдағы достық, ауызбіршілік, ынты- 
мақтастық, бауырмалдық дегеннің адам болмысында. мәңгі қа- 
лып қоятыны есіме келмепті ғой» деп жатты...
Сөз орайына қарай айтайын дегенім, қоғамдық қызметте 
қатар істескен менің адуын қарындастарым — Мағауия Есма- 
ғамбетованың, Зәуре Қадырованың, Дина Әбдірахимованың, Вера 
Аазукина-Сидорованың, Зура Шуатаеваның, Нина Бөлепованың, 
Ғайникен Бибатырованьщ, Лидия Ахметованың, Мария Кузьми- 
наның, Бағила Шендаулованың, Райхан Қосмамбетованың, Гүлша 
Тәңірбергенованың, Шәмша Беркімбаеваның, Роза Бердіғалие- 
ваның, тағысын тағЕІлардьГЙГ м ен үшін қимас дос, қадірменді 
туыс, арқа сүйер жақыным, бір тума бауырым болғаны жайын- 
да еді. Солай болып қала береді де.
Тегі, менің замандастарым жөнінде сыр шерткенде мәселені 
сол кездегі саяси және әлеуметтік жағдаймен байланыстыра 
қараған жөн. Олай дейтінім, біздер, соғыстан кейін ер жеткен- 
' дер, мезеттің Қиыншылықтарынан дәріс алып өстік. Моральдық, 
іпарасаттық, имандылық жағынан қазіргілермен салыстырғанда 
шынайылау, ісіне бекемдеу болып тәрбиелендік. Мен әрине, 
бүрынғы-соңғы ұрпақты бір-біріне қарсы қоюдан аулақпын. Десек 
те, оларды бір-бірімен қанша «сәйкестендіре» қарағаныңызбен, 
l
а^ынаулақ айырмашылықтары көріне беретіні белгілі. 
у Мәселен, біздің ұрпаққа соғыстан шыққан елдің, әсіресе мезгіл 
^үйлестірген тәлім-тәрбиелік ортаның әсері мол болды. Ал бізден 
^ ^кейінгі жас үрпақ мұны сезінген жоқ.^Оның есесіне тоқырау 
заманына тап болды, М. Горбачевтің «қаита құрылуының» да 
. ащы-түщысын бірге татты. Өйткені, жақсы ма, жаман ба, өткен 
өмірімізді жетістіктерімен де, кемшіліктерімен де қоса қабыл- 
даудың орнына, тарихтың қайта жазуға көнетіндей қаралтым


беттерін іздестіріп, әуре-сарсаңға түсіп жүріп, әлеуметтік орта- 
ньщ әсерімен қалыптасатын қоғамдық ойда, наным-танымда, 
адамдардың өзіша қарым-қатынасында болатын өзгерістерге 
ж стаілж гі мб н ~берілмелі Айтылғанды долдон жатпас үшін, оқу- 
іным, басымнан кешкен немесе көз көрген жәйттерден бірер 
мысал келтірсем, орынды болар деймін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет