С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов


§ 27. ҚЫтАй  ХАЛЫҚ  рЕСпУБЛИКАСЫ.  МОҢҒОЛИя



жүктеу 6.48 Mb.
Pdf просмотр
бет12/14
Дата22.12.2016
өлшемі6.48 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
§ 27. ҚЫтАй  ХАЛЫҚ  рЕСпУБЛИКАСЫ.  МОҢҒОЛИя
Халық революциясының жеңісі. Екінші дүниежүзілік 
соғыстың соңында Қытай аумағы екі ірі саяси топтың 
бақылауында болды. Солтүстік-Шығыс Қытай аймағында 
коммунистік партияның бақылауы орнаса, қалған бө лі-
гінде гоминьдан партиясының үстемдігі тұрақтанды.
Қытайды бейбіт жолмен біріктіру келіссөздері  сәтсіз 
болды. Ел ішіндегі өзара алауыздық 1946—1949 жылдар-
дағы азамат соғысына әкеліп соқтырды.
Қытай Халық республикасының құрылуы. 1949 жылы 
1 қазанда Пекинде Қытай Халық Республикасы (ҚХР) жа-
рияланды. КСРО үкіметі оны бірінші болып мойындады. 
Чан Кайши бастаған гоминьдан армиясының қалдықтары 
Тайвань аралына бекінді.
ҚХР 1949—1952 жылдары аграрлық реформа ойдағы-
дай іске асырылды. Нәтижесінде 300 млн шаруа 47 млн га 
жерге ие болды. Помещиктік жер иелену жойылды. 
Қытайдың ірі буржуазиясы мен шетел капиталистерінің 
кәсіпорындарын мемлекет меншігіне  алу мемлекеттік 
меншікті кеңейтіп, нығайтты. Бұл реформалар социалис-
тік құрылыстың алғышарттары  болды.
1950—1959 жылдарда КСРО Қытайға 256 ірі кәсіпорын 
салып берді және 20 мыңнан астам қытай инженерлерін 
даярлады, қаржылай және әскери көмек көрсетті.
1954 жылы Қытайдың Ұлы халық жиылысы жаңа 
конституция қабылдап, біртұтас республикалық негіздегі 
мемлекеттік құрылыс орнатты. Қытайдағы өзге ұсақ 
ұлттарға жартылай авто номиялық еріктілік жарияланды. 
Қытай Халық республикасы “үлкен секіріс” және 
“мәдени революция” кезеңінде (1958—1976 жж.). 
1958 жылы ҚКП басшылары бірінші бесжылдық жос-
пардың табыстарына сүйеніп “зор секіріс” бағытын 
жариялады. Елдің экономикалық мүмкіншіліктерімен 
санаспай, бесжылдық жоспарды екі жылда, 15 жылдық 
жоспарды  бес жылда орындап, тез арада коммунизмге  
өтпекші  болды.
Оның басты құралы ауылдағы “халық коммунасы” деп 
жариялады.
Коммунада жер қоры, үй-жай, көрпе-төсек, аяқ-табақ, 
үй жануарлары, кетпен-күрек қоғамдық меншікке айнал-

163
дырылып, өндірілген өнім шаруалар арасында тепе-тең 
бөлінді. Шаруалардың өмірі қатаң тәртіпке бағындырыл-
ды: сапқа тұрып жұмысқа бару, үш рет қоғамдық асхана-
дан тамақтану шаруалар отбасының әдетіне айналды. Ин-
дустрияландыруды жылдамдату үшін халықтың ақысыз 
еңбек күші арқылы жабайы технологияға сүйенген ұсақ 
кәсіпорындарды көбейту жоспарланды.
1960 жылдардың ортасында елде “мәдени революция” 
басталды. Қытай коммунистік партиясының белсенді 
мүшелерін “буржуазия ықпалына шалдықты” деп кінә-
лап, оларды жазалауға кірісті.
Қытай Халық республикасы реформалық және жаңа­
ру жылдарында. 1976 жылы 9 қыркүйекте Мао Цзэ-
дун  қайтыс  болып, саяси билік үшін күрес шиеленісе  
түсті.  Мао Цзэдун Қытайды терең дағдарыс жағдайында 
қалдырды. Ресми мәліметтер бойынша, сол жылдарда 
Қытайда 100 млн-нан астам тұрғын ашыққандар қата-
рында болды. 
Мао Цзэдун дүниеден өткеннен кейін оны қолдаған 
бір топ жетекшілер жазаланды. Партия мен мемле-
кет басшылығында Дэн Сяопин (1904—1997) бастаған 
Қытайдың жаңалау тобы басымырақ дауысқа ие болды.
Кең түрдегі экономикалық реформаларды іске асыру 
шешімі ресми түрде 1978 жылы желтоқсан айында жа-
рияланды.
Экономикалық реформа ауылда басталды. Халық ком-
муналары таратылып, олардың орнын отбасы көтермесі 
басты. Олар жерді жалға алуға құқылы болды. Бастапқы 
кезеңде әр отбасының мемлекетке берешегі жылдық 
өнімінің 20%-ына тең болса, 1984 жылдан бастап 5%-дан 
аспады.
Шаруалар  өндірген өнімде рін алдын ала жасалған 
шарттар негізінде сатуға мүмкін дік алды.
Ауылдық-болыстық кәсіпорындар салынды. 1984 жыл-
дан бастап қытай қалаларында да кең түрдегі экономика-
лық реформалар іске асырылды. Өндіріс саласында 
мемлекеттік сектордың үстемдігін жоймай, ұсақ және 
орта кәсіпорындардың дамуына кең жол ашып, теңіз жаға-
лауындағы Қытай провинцияларына шетел капиталын 
еркін енгізу арқылы “ашық аймақтар” ашуды қамтамасыз 
ететін шараларға бет бұрылды.

164
Қытай басшылары социализм идеясынан біржолата бас 
тартпай, қытай ерекшелігіне тән социализм құрылысын 
насихаттайды. 
1989 жылы көктемде Коммунистік партияның жоғарғы 
тобында Чжао Цзыян басқарған саяси реформаларды 
жақтайтын либералдар тобы құрылды. Қытай астанасында 
және басқа қалаларда Қытай Коммунистік партиясының 
үстемдігін жою, көппартиялық жүйені енгізу, әділетті 
құқықтық мемлекетті енгізу талаптарын жақтаған топтар 
көшелерге шықты. Үкімет әскерлері толқуларды басып, 
тыныштық орнатты. Чжао Цзыян партиялық қызметтен 
босатылып, Қытай Коммунистік партиясының бас хатшы-
сы қызметіне Цзян Цзэминь сайланды.
2002 жылы Қытай Коммунистік партиясы Орталық 
Комитетінің бас хатшысы қызметіне Ху Цзиньтао сайлана-
ды. Кейін ол ҚХР төрағасы және Орталық Әскери Кеңестің 
төраға сы болды. Содан бері әр 10 жылда басшылар өзгеру 
тәсілі орнығуда. 2012 жылы қарашада өткен XVIII съезде 
жаңа басшылар тағайындалды.
Қытай Халық Республикасының сыртқы саясатын-
да елеулі  өзгерістер байқалды. Қытай елінің әлемдік 
экономикаға пәрменді түрде араласуы оның әлемдік 
елдермен қарым-қатынастарының сапалы өзгеруіне 
мүмкіндік берді. 1971 жылы ҚХР Біріккен Ұлттар Ұйымы 
құрамындағы құқықтық орынға ие болды.
1978 жылы Жапониямен “Бейбітшілік және ын ты-
мақтастық келісіміне”, 1979 жылы АҚШ пен диплома-
тиялық қатынас орнату жөніндегі келісімге қол жетті. 
Бірнеше жыл шамасында Қытай мен КСРО арасындағы 
қатынастар араздық жағдайында болды. 1989 жылы 
М. С. Горбачевтың Қытайға ресми сапары қатынастарды 
жөнге келтірді. Кейін көршілес елдердің достық қаты-
настары ұлғайды.
Қазақстан — Қытай қатынастары тату көршілік, 
стратегиялық серіктестік негізінде дамуда. Екі елдің ара-
сындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 3 қаң-
тардан бастап орнады.
Қытай басшылары Шанхай ынтымақтастығы ұйымын 
құруға зор үлес қосты. Шекара мәселелерін реттеуде 

165
Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдері 
басшыларының кездесуі 1996 жылы 26 ақпанда Шанхайда 
өтті. Бұларға Өзбекстан қосылып, 2001 жылдың жазында 
Шанхай ынтымақтастығы ұйымы құрылды.
Оның шеңберінде Шекара маңындағы әскери-соғыс 
салаларындағы сенім ділікті нығайту (1996 ж.), Өзара 
кепілдік негізінде шекара маңайындағы әскер күштерін 
кеміту (1997 ж.), тағы басқа маңызды келісімдеріне қол 
жетті.
Қытайдың экономикалық жағдайы. 30 жылға созыл-
ған экономикалық жаңартулар Қытайды ірі табыстарға 
жеткізді. ҚХР экономикасы дамыған әлемдегі алып 
елдердің қатарына қосылды.
ЖІӨ бойынша Қытай 2011 жылы әлемдегі 2-орынды 
иеленді, оның шетелдер валюта қоры 3 трлн доллар-
дан асып алға шықты. Сыртқы сауда айналымы АҚШ 
деңгейіне жақындады. Жыл сайын 540—560 млн тонна 
астық жиналады.
тАйВАНь. 1945 жылы Тайвань Қытайға қайтарылды. 
1949 жылы Чан Кайши бастаған гоминьдан үкіметі 
Тайваньға шегініп, билігін орнатты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев пен
ҚХР басшысы  Ху  Цзинтао

166
ҚХР Тайвань мәселесі дұрыс шешу жолдарын “Бір 
мемлекет — екі жүйе” қағидасына сәйкес негіздеуде. Осы 
саясат Қытайға ағылшындар мен португалдықтар иелен- 
ген Гонконг және Макаоны қайтаруға көмектесті.
1949—2000 жылдары үкіметті Гоминьдан партиясы 
басқарған. Одан соң демократиялық прогресшіл партия-
ның жетекшісі Чэнь Шуйбянь президенттік сайлауда екі 
рет (2000 және 2004 жылдары) жеңіске жетті.
2008 жылы 2 қаңтарда өткен парламент сайлауында 
оппозицияда болған гоминьдан партиясы жеңіп шықты. 
Келесі президенттік сайлауда гоминьданның жетекшісі Ма 
Иньцзю жеңіске жетті. Ол Тайвань мен ҚХР арасындағы 
сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды қолдауда.
ГОНКОНГ (СяНГАН), Макао.  1984 жылы 19 желтоқ-
санда қытай-ағылшын мәлімде месі жарияланды. Соған 
байланысты ҚХР 1997 жы лы 1 шілдеде Гонконгке өз 
үстемдігін орнатты.
Одан соң Португалия иелік еткен Макао да ҚХР-ге 
қайтарылды.
ҚХР-дің Оңтүстік шекара шебінің көрінісі

167
МОҢҒОЛИя. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 
Моңғолия халық шаруашылығын дамыту шараларына 
кірісті. Моңғолия экономикасы 1948 жылдан бастап 
тұрақты бесжылдық жоспарлар дәстүріне көшті.
Моңғолияның ауыл шаруашылығын кооперативтен-
діру бірқалыпты болмай, көп жылдарға созылды.
1940 жылы кооперативтердің саны 91 болса, 1954 жы-
лы 183-тен асты.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ауылды коопера-
циялаудың екінші кезеңі басталды. 50-жылдары  жаппай 
ұжымдастыру жүргізіліп, Ауыл  шаруашылығы  бірлестігі 
(АШБ) дәрежесіне көтерілді.
1960 жылы социалистік өндірістік қатынастар бү-
кіл экономикада жеңіске жетті деп жарияланды. Осы 
жылы жаңа конституция бекітілді. МХР артта қалған 
жағдайын жақсарта алмады. Дәл осы мезетте Х. Чойбал-
санмен Ю. Цеденбалдың мемлекетті басқару әрекеттері 
қайта қаралды.
Партия мен үкімет басында 32 жыл бойы билік құрған 
Ю. Цеденбал Моңғолияда социализмнің сталиндік мо-
делінің құлаш жаюына үлес қосты. Ел ішіндегі демо-
кратиялық құрылымдар мен бостандықтар қағаз бетінде 
сақталды.
ХХ ғасырдың 80-жылдары Моңғолия экономика-
сы тоқырап, күйзеліске ұшырады. 90-жылдары елдегі 
экономикалық дағдарыс шегіне жетті. Ауылдағы жағдай 
нашарлап, мал басы өспей қалды.
1988 жылдың соңында МХРП (коммунистер) қайта 
құру, жаңару қажеттігін жариялады. Ю. Цеденбал 
қызметінен кетуге мәжбүр болды. Жаңа басшы Ж. Бат-
мунх та елдегі қиыншылықты жеңілдетуге асықпады.
Шығыс Еуропадағы және КСРО-дағы өзгерістер Моң-
ғолиядағы оппозициялық топтардың қалыптасуына әсер 
етті.
1990 жылы мамыр айында заң қабылданып, Моңғолия-
да көппартиялық тәртіпке еркін жол ашылды. Жаңадан 
қалыптасқан жағдайды ескеріп, МХРП коалициялық 
үкімет құруға талпынды. Үкімет құрамына социал-де-
мократиялық, ұлттық прогресс және демо кратиялық 
партиялардың өкілдері енгізілді.

168
1990 жылдың 4 қыркүйегінде Ұлы Хурал Моңғолияға 
президенттік басқаруды енгізіп, Моңғолияны президент-
тік республика тәртібіне көшірді. П. Очирбат тұңғыш пре-
зидент болып сайланды. 1992 жылы жаңа Конституция 
қабылданып, елдің аты Моңғолия деп аталды.
Моңғолияның қоғамдық нарықтық бағытқа бұрылуы 
көптеген қиыншылықтарға душар етті. 1991—1992 жыл-
дарда бұрынғы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің 
255-і акционерлік қоғамдарға көшірілді. Барлық мал 
басы (31,3 млн) жекеменшік отбасыларына бөлінді. Мем-
лекеттік кәсіпорындардың 70%-дан астамы және ауыл 
шаруашылығы қоғамдары жекешелендірілді.
1996 жылғы парламенттік және президенттік сайлау 
науқаны оппозициялық топтардың жемісті табыстарымен 
айқындалды. Президент болып реформалық іс-әрекеттерді 
жақ таушылардың өкілі  Н. Багабанди  сайланды.
Жаңа басшылар нарықтың жаңа өзгерістерін кеңі-
нен енгізуге тырысты. Бірақ 90-жылдардың екінші жар-
тысындағы әртүрлі қиыншылықтар сол жаңалықтар ды 
ойдағыдай іске асыруға мүмкіндік бермеді. 50 мыңнан 
астам тұрғын жұмыссыздар қатарына қосылды. Моңғол 
халқының тұрмыс деңгейі 1991 жылмен салыстырғанда 
екі есе төмендеді. Моңғолиядағы әрбір үшінші жан басы-
ның жылдық кірісі 10 доллардан аспады.
Демократиялық коалициялық үкіметтің төртжылдық 
басқару әрекеті халықтың көңілін әбден суытып, нара-
зылық тудырды. 2000 жылғы сайлау Моңғолия Халық 
Революциялық партиясының салтанатты жеңісімен аяқ-
талды. Аталған партияның жетекшісі Намбарын Энхбаяр 
премьер-министр болып сайланып, үкімет басына келді.
Моңғол мемлекеті өзінің сыртқы саясатында ашық есік 
дәстүрін сақтау, Азия елдеріндегі саясатқа басымдылық 
мән беру, сыртқы саясатты идеологиялық шырмаудан 
босату және оны жүзеге асыру қағидаларын жақтады. 
Қытай мен Ресей арасындағы қатынастарда Моңғолия 
жағы тепе-теңдік әрекеттерді жақтайды. Моңғол және 
АҚШ қатынастары жөнге келді. Жапония, Оңтүстік Ко-
рея, Сингапур елдерімен екіжақты қарым-қатынастар 
орнатылды.

169
Моңғол елі мен Қазақстан Республикасы арасындағы 
дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 22 қаңтарында 
орнады.
Достық және экономикалық қарым-қатынастар ор-
нату келісіміне қол  қойылды. 1992 жылғы Сауда  және  
экономикалық қарым-қатынастар басталды. Моңғолия-
да тұратын қазақтардың атамекеніне қайту мәселесі де 
реттелді.
2009 жылы мамырда президент орнына Демократия-
лық партия жетекшісі Цахиагийн Элбегдорж келді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. 1946—1949 жылдардағы азамат соғысы барысындағы Қытай ком­
мунистерінің жеңіске жету себептері қандай?
2.  “Зор секіріс” және “Мәдени революция” кезеңін сипаттаңдар.
3.  Реформалар нәтижесіндегі елдің дамуын талдаңдар.
4.  ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастарды сипат­ 
таңдар.
5.  Моңғолияның қазіргі жағдайын ашып беріңдер.
§ 28. ҮНДIСтАН.  пӘКСтАН
Үндістанның тәуелсіздікке жетуі және республика 
болып жариялануы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 
ағылшындар Үндістан байлығын, азаматтарын өз мүд-
делері үшін барынша пайдаланды. 
Жағдайдың ушығып бара жатқанын сезген лейбо-
ристер (олар 1945 жылы шілдеде үкімет басына келген) 
1947 жылы Үндістанға тәуелсіздік беруге келісті. Ағыл-
шындар елден әскерін шығарар алдында елді екі мемле-
кетке (доминионға) бөлу ісін қарастырды. Бірі — Үнді  
Одағы (бір топ провинциялар және князьдықтар). Бұл елде 
халықтың көпшілігі үнділер, біраз мұсылмандар да бар. 
Екіншісі — Пәкстан. Оған мұсылмандары басым бірнеше 
провинциялар мен князьдықтар кірді, бірақ үнділер де 
жеткілікті болды.
Екі елдің тәуелсіздігі 14-15 тамыз күндері жария-
ланды. Бұл екі ғасыр бойы бодандықта өмір кешкен 
халықтар армандаған тарихи оқиға болды. Бірақ діни 
араздық күшейіп, бірінде — мұсылмандарды, екіншісінде 
үнділерді тонау, зорлау, жазықсыз адамдардың өмірін қию 
әрекеттері бас талды.

170
Жаңа өмірге келген екі бауырлас ел арасында Каш-
мир және Жамму князьдығы үшін соғыс басталды. Ол 
1949 жылғы 1 қаңтарға дейін созылды.
Үндістанның экономикалық дамуы. Үндістанның 
екіге бөлінуі, екі елдің арасындағы жанжал шексіз 
ауыртпалық туғызды. Пәкстанға өткен аудандарда бұрын 
мақтаның 40%-ы, кендірдің (джут) 85%-ы, бидайдың 
40%-ы өндірілетін, бірақ өндіріс орындарының көбі Үнді 
Одағында орналасқан. Шикізаттың жетіспеуінен дағда-
рыс өрістеді. Үнділіктердің тұрмыс жағдайы ағылшын-
американдықтарға қарағанда орта есеппен 10—20 есе тө- 
мен болды.
1947—1950 жылдары ағылшындарға қарасты темір-
жолдар, порттар, әуе көліктерінің бір бөлігі, байланыс 
құралдары, ірі электрстансылары, әскери зауыттар, 
кейбір банктер үкімет қолына алынып, мемлекет секторы 
күшейе түсті. Кейін оның құрамына жаңа салынған ірі 
кәсіпорындар қосылды.
1950 жылы Үнді одағы Үндістан  Республикасы деп 
аталды. Үкіметті ұлт-азаттық күрес көшбасшыларының 
бірі Дж. Неру (1898—1964 жж.) басқарды.
Экономиканы  бесжылдық  жоспарлар  арқылы  дамы-
ту қолға алынды. Бірінші бесжылдықта (1950/51—
1955/56 жж.) үкімет аграрлық реформалар жүргізуді 
көздеді. Конституция бойынша мұндай іс-әрекет штат-
тар құқығына жатты, ал көптеген аймақтарда бұрынғы 
билеушілер мен помещиктер ұйымдары сақталды. Шаруа 
отбасылары осы уақыт ішінде шағын ғана жерді иеленді. 
Күнкөріс үшін помещик жерін үлкен бағаға жалдап алуға 
мәжбүр болды. Сонымен бірге тракторлар, механикалық 
құралдар, тыңайтқыш, тұқымның жаңа сұрыптары, 
электр қуаты барған сайын кеңінен пайдаланылды. Үкімет 
көмегімен ірі суқоймалары, тоғандар, құдықтар іске 
қосылды. Түрлі кооперативтер құрылды. Осы шаралар 
жасыл  революция деп аталды.
Екінші бесжылдықтан бастап ауыр индустрия салала-
рын дамытуға көңіл бөлінді. Оған шетелдер көмектесті. 
Бір КСРО-ның өзі 90-ға жуық өндіріс орындарын салысуға 
қатысты. Бхилай мен Бокаро металлургия комбинаттары, 
Ранчи, Дургапур қалаларындағы машина жасау зауыт-

171
тары, мұнай өндірісі, электрстансылары және т.б. іске 
қосылды. Онда Қазақстанның да үлесі бар. 
Батыс елдері де қаржы бөліп, жабдықтандырып, ма-
мандар даярлауға қатысты. АҚШ, Ұлыбритания, Гер-
мания, Франция, Жапония, Аустралия, Канаданың 
жекеменшік капиталдары Үндістан экономикасында 
елеулі орын алып келеді.
Ел экономикасы көпсалалы шаруашылық құрылысты 
болғанымен, қазір аграрлы-индустриялы жағдайға кө те-
рілген Үндістанда ең жаңа өндіріс салалары пайда болды. 
Зымырандар, ғарыштық жасанды серіктер, компьютер-
лер, ұшақтар, тепловоздар, неше түрлі машиналар, электр 
жабдықтарын шығару соның айғағы. Атом қуатын да 
игеруде.
Үнді ұлттық монополистік топтары байыған үстіне 
байи түсті. Олардың алдыңғы қатарына Тата, Бирла, 
Далмия-Джайн, Муркерджи, М.Четтиор кіреді. Бұлар өз 
қызметтерін шетелдерде де жалғастырды. Халықтың тез 
өсуі (2000 жылы 1 млрд), жер аумағының жетіспеуі және 
жұмыссыздық қоғамды мазасыздандыруда. 
Елдің саяси жағдайы. Тәуелсіз Үндістанның саяси өмірі 
өте күрделі жағдайда дамуда. Өйткені бұл — көпұлтты, 
көп дәстүрлі, көпдінді ел. Ежелгі дәуірде қалыптасқан 
касталық жүйеге тыйым салынғанымен, оның тамыры 
үзілмеді. Елде өте көп саяси партиялар мен ұйымдар 
қызмет атқарды. 1977 жылға дейін  Үнді  Ұлттық  Конгре-
сі (ҮҰК) билік тізгінін ұстап келді. Оның беделін көтерген 
М. Ганди мен Дж. Неру еді. Неру қайтыс болған соң үкімет 
басында болған  Л. Шастри (1964—1966 жж.), Нерудің 
қызы Индира Ганди (1966—1984 жж.), немересі Раджив 
Ганди (1984—1989 жж.), Н. Рао (1991—1996 жж.) осы 
партияның қайраткерлері еді.
60-жылдардың соңында әлеуметтік-саяси дағдарыс 
асқынып, ҮҰК арасында жікшілдік ұлғайып, екіге 
бөлінуімен аяқталды. Батыс елдер үлгісін толық қол-
дануды, мемлекеттік капитализмге, әсіресе социалистік 
идеологияның кейбір жақтарын пайдалануына қарсы 
болғандар “Конгресс ұйымын” құрды. Оның жетекшісі 
М. Десаи еді.

172
1977 жылы көктемде өткен сайлауда ҮҰК жеңіліс 
та уып, орталық үкімет оппозицияда болған “Джаната 
парти” (Халық партиясы) тобына өтті. М.Десаи бастаған 
жаңа үкімет 2 жыл ішінде халық тұрмысын жөнге сала 
алмады. Оны қолдаушылар өзара екіге бөлініп, үкімет 
құлады. 1980 жылы өткен кезектен тыс сайлауда ҮҰК 
жеңіске жетіп, И.Ганди қайта үкімет басына келді. Бірақ 
1984 жылы И.Ганди лаңкестер қолынан қаза тапты.
ҮҰК жетекшілігіне Индираның ұлы Раджив Ганди 
ұсынылды. Р. Ганди үкіметі кезінде “Неру бағытына” 
жаңалықтар енгізіліп, мемлекеттік сектордан гөрі жеке- 
меншік кәсіпшілікке, жекешелендіруге, ерікті нарық-
тық қатынастарға бетбұрыс басталды. Шетел капита-
лына қосымша жеңілдіктер беріліп, электрондық және 
экспортқа жарамды өнім шығаратын өндірістерді дамыту 
көзделді.
Келесі сайлауда оппозиция жеңіске жетіп жаңа үкімет 
құрды. Бірақ бұл үкіметтің елді билеуге шамасы келмей, 
өзара қайшылықтарға байланысты екі жылға жетпей 
құлады. 1991 жылы парламент сайлауын өткізу кезінде 
лаңкестер қолынан Раджив Ганди қаза болды. Осы қай-
ғы лы оқиғадан кейін ҮҰК-нің жаңа жетекшісі  Нара-
симха  Рао коалициялық үкімет құрды. Оған қарсы діни-
қауымдық Бхаратия
*
  Джаната  парти (БДП) 119-орынға 
ие болды.
1996—1999 жылдары үш үкімет (А. Б. Ваджпаи, Д. Гов-
да, И. К. Гуджарал) ауысты. 1998 жылы наурыздағы сай- 
лауда БДП көбірек дауыс алып, оның жетекшісі Атал Би-
хари Ваджпаи үкімет құрған еді.
Атал Бихари Ваджпаи үкіметі тұсында Үндістанның 
экономикасы жылдам дамып, орта есеппен 5—7%-ға 
өсті. Әйтсе де Үндістан халқының жағдайы айтарлықтай 
жөнделе қоймады. Билікті ұстап келген Үндістан халық 
партиясы әлеуметтік қайшылықты шеше алмады. Елде 
діни партиялар көбейді. Оның жетекшілері мұсылмандар-
ға ашық қарсы тұрған. Мұсылман қауым 140—180 млн-ға 
жеткен, олардың көбі кедейлер. ҮХП ұсынған “Жайна, 
Үндістан!” үндеуін 2004 жылы сәуір—мамыр айларында 
өткен сайлауда көпшілік қолда май тастады.
*  Бхарат — санскрит тіліндегі Ежелгі Үндістан атауы.

173
Жеңіске ҮҰК жетіп, оның жетекшісі Соня Ганди 
(Радживтің жесірі) үкімет құру құқына ие болған еді, бірақ 
ол биліктен бас тартып, орнын серіктес Манмохан Сингх-
ке берді. М. Сингх коммунистер қатысқан коалициялық 
үкіметті басқарды.
2009 жылы сайлауда ҮҰК тағы да жеңіске жетіп, үкі-
мет билігіне ие болды. Бұл жолы М. Сингх коммунистерді 
үкімет қатарына қоспады.
2007 жылы шілде айында өткен президент сайлауын-
да Раджастхан штатының губернаторы Пратибха Патил 
жеңіске жетті. Ол Үндістанның 11-президенті Абдул Ка-
ламды ауыстырды.
Үндістан демократиялық жолдан таймай дамып келеді. 
Әлемдегі дағдарысқа қарамастан оның жалпы ішкі өнімі 
5—7%-ға өсті. Осы кезде экономика деңгейіне сәйкес ел 
алтыншы орынға көтерілді.
Үндістанның сыртқы саясаты. Үндістан — әлемдегі 
бейбітшілікті нығайтуға белсенді қатысқан елдердің 
бірі. Оның басшылары мен қоғамдық ұйымдары тәуелді 
халықтардың бостандыққа ұмтылуын қолдап келді.
1955 жылы Бандунг конференциясын ша қыруға, 
1961 жылы қосылмаушылық қозғалысының қалыптасуы-
на айтарлықтай үлес қосты.
1954 жылы Үндістанның премьер-министрі Дж. Не ру 
ҚХР премьері Чжоу Эньлай екеуі бейбіт қатар өмір сүрудің 
бес қағидасын айқындауы тарихи оқиға болып бағаланды. 
Өкінішке орай, сол қағидаларды олардың өздері 1959 және 
1962 жылдардағы шекара дауында сақтай алмады. Кейін 
ҚХР ядролық қару жасауды меңгеріп, әскери қуа тын 
күшейте берді. Осыдан қауіптенген Үндістан да өте құпия 
зерттеулер бастап, 1974 жылы бейбіт мақсатта бірінші рет, 
ал 1998 жылы мамыр айының басында екінші рет Похран 
сынақ алаңында әскери атом сынақтарын жүргізді.
Үндістан сыртқы саясатында КСРО-мен жақындасты. 
Үндістан — Қытай қатынастары жөнделе түсіп, кейінгі 
кезде сауда-экономикалық байланыстары кеңейді. Осы екі 
ел Ресеймен, Бразилиямен, Оңтүстік Африкамен топтасуға 
көңіл бөлуде (БРИКС). Сонымен қатар 2006 жылдан бері 
қарай Үндістан — АҚШ ықпалдасуы нығая түсті.
КСРО дәуірінде қалыптасқан Қазақстан — Үндістан 
байланыстары сыйластық, құрметтеу негізінде дамуда.

174
пӘКСтАН. Пәкстанның тәуелсіздігі 1947 жылы 14 та-
мызда жарияланды. Ол арасындағы 1600 шақырым жер-
ге Үндістан сыналай кіріп жатқан екі бөліктен тұрады. 
Біріншісі — Батыс Пәкстан, оған Батыс Пенджаб, Синд, 
Солтүстік-Батыс шекаралық провинция және Белужстан 
кірді. Екіншісі — Шығыс Пәкстан (ШП), оның құрамына 
Шығыс Бенгалия мен Ассамның Синхет округі енді.
Саяси-таптық қатынастардың анықталмағаны, қо-
ғамдағы іріткілік, саяси сананың мешеулігі және т.б. 
себептер әскери басшылықтың билік етуіне жол ашты. 
Сондай жағдайда елді біріктіретін күш ислам діні болды. 
1947 жылдан кейін саяси тізгінді Мұсылман Лигасы ұстап 
отырды. Біртіндеп жаңа оппозициялық партиялар: Ава-
ми Лиг (Халық партиясы), Азат Пәкстан және т.б. өмірге 
келді. Бара-бара елдің дамуы туралы мәселеде Шығыс  
және  Батыс Пәкстан арасында қатты қайшылықтар туып, 
мемлекет бірлігіне қауіп төндіре бастады.
Сондай жағдайда 1958 жылы 8 қазанда елде бірінші 
әскери төңкеріс болып, ел басына генерал М. А й ю б х а н 
келді. Ол екі жылдан соң президент сайланып, барлық 
билікті өз қолына алды. Өндірісті дамытуға шаралар 
қолданып, жер реформасын жүргізіп, өкімет ел жағдайын 
біраз жөндегендей болды. Бірақ халық бұқарасының күйі 
өзгеріссіз қалды.
Өкімет орындары жалпыпәкстандық ұлтшылдық сая-
сатын жүргізгенімен, аймақтық ұлтшылдық та өрістей 
түсті. Соның арқасында 1954 жылы урду тілімен бірге 
бенгал тілі де ресми мемлекеттік тіл деп жарияланған еді.  
Бірақ ресми түрде урду тілі басымырақ болды. Халықтың 
7,2%-ы ғана урдуша сөйлегенімен, ол тілдің өкілдері 
үстемдік жүргізіп отырды. Демократия, автономия, теңдік 
үшін күрес басында Авами Лиг партиясы болды, оның 
жетекшісі шейх Мұджибур Рахман еді. Сыртқы істер 
министрі Зұлфиқар  Әли  Бхутто 1966 жылы қызметін 
тастап, Пәкстан халқының партиясын құрып, Айюбхан 
үкіметіне оппозицияға шықты.
Пәкстандағы жағдайды түзетуге шамасы жетпеген 
Айюбхан орнынан түсуге мәжбүр болып (1969 ж., нау-
рыз), билік генерал А. М. Я х ь я х а н  қолына өтті. Ол 
елде әскери жағдай орнатып, президент міндетін атқарды. 

175
Парламент сайлауында жеңіске Авами Лиг жетіп, елдің 
үкіметін құруға құқылы еді. Бірақ Яхьяхан бастаған 
әскери бұзықтар М. Рахманды қамауға алып, дауыс беру 
қорытындысын жоққа шығарды. Бұл Шығыс Пәкстанда 
жаппай наразылық тудырып, халық күреске көтерілді. 
Әскер күштері бейбіт халыққа қырғидай тиісті. Шығыс 
Пәкстаннан Үндістанға 10 млн-нан астам адам кетіп 
босқынға ұшырады. Үндістан мен пәкстан арасында жаңа 
үшінші соғыс (біріншісі — 1947—1949 жж., екіншісі — 
1965 ж.) басталды.
Желтоқсан айында Яхьяхан әскері Даккада тізе бүкті,  
жаңа Бангладеш мемлекеті пайда болды. Ел басына ПХП 
жетекшісі З. А. Бхутто келіп, көкейкесті мәселелерді ше-
шу жолдарын қарастырды.
Пәкстан  1972 жылы жазда Үндістанмен Симла ке-
лісіміне қол қойып, арақатынастарын біраз реттеді. 
Британ достастығынан, сондай-ақ СЕАТО-дан шықты, 
Бангладешті мойындады.
Пәкстанда жаңа Конституция қабылданып (1973 ж., 
тамыз), ел Пәкстан Ислам Республикасы деп аталды 
және ислам — ресми мемлекеттік дін болып жарияланды. 
Федеративті парламенттік тәртіп бекітілді.
З. А. Бхутто саясатын қолдаушылар да, оны сынаушы-
лар да көп болды. 1977 жылы наурызда ел парламенттері-
не сайлау өтті. Саяси тартыс қыза түсті. Бұл жолы да 
төңкеріс арқасында билікке бас штаб бастығы генерал 
М. Зия ұл-Хақ келді. 1979 жылы сәуірде  З. А. Бхутто мем-
лекетке зиян келтірді деген айыппен дарға асылды. Елдегі 
жағдай өзгерді. Конституцияға, партияларға тыйым 
салынды, парламент тарады. Демо кратиялық құқықтар 
айтарлықтай шектелді. 
1988 жылы тамызда Зия ұл-Хақ қасындағы серіктері-
мен ұшақ апатынан қайтыс болды. Ел өмірінде жаңа 
кезең басталды. Саяси партиялар қатысқан парламенттік 
сай лауда (1988 ж., қараша) ПХП жеңіске жетіп, оның 
жетекшісі  З. А. Бхуттоның  қызы — Б е н а з и р   Б х у т т о 
үкімет басына келді. Ол екі мәрте үкімет басқарды.
1997 жылдың басындағы сайлауда МЛ көп дауысқа ие 
болып, Н. Ш а р и ф  үкімет құрады. 1999 жылы қазанда 

176
елде келесі төртінші әскери үкімет орнығып, оны генерал 
П. М у ш а р р а ф   басқарды. 2007 жылдың соңында ол тағы 
да президент болып сайланды.
1990 жылдары Пәкстанда тұрақсыздық орын алды. 
Оның негізгі себептері — әлеуметтік қатынастардың 
шиеленісуі, халық бұқарасы тұрмысының нашарлығы 
болды. Халықтың 45%-ы өте кедейлер қатарына жатады.
П. Мушарраф ел ішіндегі саяси партиялардан да, 
экстремистік исламшыл топтардан да әр кездері қысым 
көріп келді. Ол президенттікке сайланғаннан кейін ел дің 
дамуына баса мән берді. 2007 жылы жазда сыртта жүр-
ген Б. Бхуттомен келіссөз жүргізіп, парламенттік және 
президенттік сайлау өткізу туралы уәделескен ол Б. Бхутто 
мен Н. Шарифке елге қайтуға рұқсат берді. Қазан айында 
өткен сайлауда Мушарраф жеңіске жетті. Ал елге келген 
Беназир Бхуттоға қастандық жасалып, 27 желтоқсанда 
қазаға ұшырады. 2008 жылдың ақпан айын да парла-
мент сайлауы өтіп, жеңіске ПХП жетіп, екінші орынға 
Н. Шарифтің жетекшілігіндегі МЛ шықты. Осы екі 
партия да провинциялардың қолдауына ие болды. Олар 
коалициялық үкімет құрып, Мушаррафты президенттік 
қызметтен түсірді. 2008 жылы президент орнын ПХП 
жетекшісі С. А. Зардари басты.
Кейінгі кезде Пәкстан президенттік республикадан 
парламенттік республика болып өзгерді. Ел ішіндегі  
лаңкестік жағдайлар орын алып күрделі сипатқа ие болды. 
Елдің өмі ріне көршілес Ауғанстандағы соғыс қимылдары 
өз әсерін тигізді.
Кашмир тартысы — елдің сыртқы саясатындағы ең 
шиеленісті мәселенің бірі. Оның шешімі Пәкстан мен 
Үндістан екеуінің қолында. 1998 жылы мамырда екі ел 
ядролық сынақтар жүргізіп, шын мәнінде ядролық қаруға 
ие екендіктерін танытты.
Пәкстан — Қазақстан  байланыстары әр салада да-
мып  келеді.  Дипломатиялық  қатынастар  орнатылғаны-
мен, сауда-саттық жағы әлі қанағаттандырмайды.
Бангладеш Халық республикасы. Бангладеш Халық 
Республикасы өмірге келісімен, Авами Лиг жетекшілік 

177
ете бастады. М. Рахман 1972 жылы 10 қаңтарда Пәкстан 
абақтысынан босатылып, елге қайтты.
1972 жылы 6 желтоқсанда Конституция қабылданып, 
мемлекет құрылысы, азаматтар құқықтары, ел мақсаты 
анықталды. Парламенттік басқару тәртібі бекітілді. 
1973 жылы наурызда М. Рахман тағы да үкімет құрды. 
Саяси-әлеуметтік жағдай өте нашар халде болғандықтан 
оны бірден шешу мүмкін де емес еді.
1975 жылғы 15 тамызда әскери бүлікшілер М. Рахман 
отбасын қырғынға ұшыратты. Сол кезде шетте жүрген 
қызы ғана аман қалған.
Келесі жылы қарашада Зия ур-Р а х м а н  Әскери 
Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы, кейін президент 
болып тағайындалды. Оның кезінде секуляризм
*
 орнына 
исламға шексіз берілу қағидасы конституция бабына жа-
зылды.
80-жылдардың басында ел жаңа дағдарысты басынан 
кешірді. З. Рахман қаза тауып, үкімет басына жаңа пре-
зидент генерал Х. М. Э р ш а д  келді.
1990 жылдың соңында бірнеше жыл қатаң тәртіп 
орнатқан Х. М. Эршад жаппай ереуілдерден кейін орны-
нан түсуге мәжбүр болды. Кейін оны қамауға алып, сотқа 
тартты. Сайлауда жеңіске жеткен Бангладеш  Ұлттық  
партиясының жетекшісі Бегум Халеда Зия  Р а х м а н 
үкімет басына келіп, бес жыл билік жүргізді. 
1996 жылы маусымда болған сайлауда Авами Лиг  
жеңіске жетіп, үкіметті М. Рахманның қызы Халида 
У а ж и д   басқарды.
Екі көсем әйел билік басына бірінен кейін бірі келді. 
Халида Зия партиясы 2006 жылдың қазанындағы сай-
лауда басым дауысқа ие болып, үкімет құрастырды. Бірақ 
2007 жылы қаңтарда әскерлер төңкеріс ұйымдастырып, 
саяси партияларға тыйым салып, Уажидті де, Зияны да 
қамауға алды. Жемқорлыққа қатысы бар деп оларға кінә 
тағылды. 2008 жылы мамырда мыңдаған азаматтарды по-
лиция абақтыға жапты. Жыл соңында парламент сайлау 
нәтижесінде Х.Уажид үкімет басына келді.
* Секуляризм — діни саласы мемлекетке қатысы жоқ қоғам тәртібі.

178
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Тәуелді Үндістанда қандай саяси партиялар болды? Олардың бағ­
дарламалары нені көздеді?
2. Үндістан Республикасының мемлекеттік құрылысы туралы не біле­
сіңдер?
3.  Елдің сыртқы саясатының негізгі мағынасы қандай?
4.  Пәкстан дамуын қарастырып, әскерилердің орнын белгілеңдер.
5.  Аймақтағы елдердің өзара қатынастарына көңіл бөліңдер.

Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін
upload -> Серіктестігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет