С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов



жүктеу 6.48 Mb.
Pdf просмотр
бет3/14
Дата22.12.2016
өлшемі6.48 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
§ 5. ГЕрМАНИя
Веймар республикасы. 1919 жылдың жазында Веймар 
қаласында өткен Құрылтай жиналысында қабылданған 
конституция мен бітімге қол қойылуы Веймар Республи-
касы кезеңінің басталуы болды. Конституция буржуазия-
лық-демократиялық құқық пен еркіндікті, жалпыға 
бірдей сайлау құқығын жариялады. Президент жалпы 
дауыс беру арқылы 7 жылға сайланатын болды. Бірінші 
президент болып социал-демократ Фридрих Эберт сай-
ланды. Заңның 48-бабы президентке төтенше заңдар 
шығару құқығын берген еді. Төтенше заңдар парламенттің 
қатысуынсыз қабылданатын болды.
Германияның бірінші конституциясы демократиялық 
құрылымды бекітуге, жаңа саяси жүйені қалыптастыруға 
ықпал етті. Республикалық құрылысты нығайту шие-
леніскен саяси күрес жағдайында өтті. Мемлекетте  соғыс-
қа дейінгі тәртіпті қолдаушы қуатты оңшыл күштер Вер-
саль шартына қарсы тұрды. Бұл оңшыл топтардың әрекеті 
апат  саясаты деген атақ алды. Олар мемлекеттегі таптық 
және басқа да қайшылықтардың өршуіне ықпал етті. Ал 
саяси партиялардың басқа топтары, Германия социал-
демократиялық партиясы және Орталық партия  ұйымда-

31
ры  Версаль  бітімшартын  орындауды  жақтаушылар 
деп аталды. 1919 жылы 28 маусымдағы Париж конферен-
циясы кезінде Антанта елдері мен Германия Версаль да 
бітімшартқа қол қойған еді.
1920 жылғы наурыз айының ортасында монархияшыл 
В. Капптың және генерал Э. Людендорфтың басқаруымен 
әскери төңкеріс дайындалды. Алайда Германияның 12 млн 
жұмысшыларының жалпы ереуілі контрреволюциялық 
төңкеріске жол бермеді. 
1922 жылдың соңында үкіметті буржуазиялық партия 
топтарының бастығы В. Куно басқарды. Ол ұлтшылдық 
үгітті күшейтіп, Германияға міндеттелген соғыс шығынын 
төлеуден бас тартты. Оған жауап ретінде Рур облысы-
на француз-бельгия әскері басып кірді. 1923 жылдың 
тамызындағы неміс пролетариатының жалпы ереуілі 
В. Куно кабинетін қызметтен кетуге мәжбүр етті.
Ел ішінде аштық негізінде толқу бүліктері жиіледі. Тю-
рингияда және Саксонияда коммунистер мен солшыл  со-
циал-демократтар басқарған жұмысшы үкіметі құрылды. 
1923 жылы қазанда Гамбургте коммунист Э. Тельманның 
басшылығымен көтеріліс ұйымдастырылды. Бұл қоз-
ғалыстарды өкімет тез арада аяусыз басып тастады. Елдегі 
аш-жалаңаштық фашистік топтардың белсенділігін арт-
тырды. 1923 жылы 8 қарашада Мюнхенде Адольф Гитлер 
бастаған бір топ фашистер өз ұрандарымен көшеге шықты. 
1924 жылдан бастап Германиядағы жағдай тұрақтала 
бастады. Тұрақтандырудың экономикалық негізі “Дауэс 
жоспарына” тірелді. Бұл жоспар бойынша Германияға 
АҚШ-тың қарыз беруіне жол ашылып, Германияның  
төлем төлеу шарты жеңілдетілді.
Екпінді дамудың нәтижесінде өнеркәсіптік өндірістің 
өнімі соғысқа дейінгі деңгейінен асып түсті. Германияның 
батыс шекарасы халықаралық кепілдік алды. Алайда Вей-
мар Республикасының саяси дамуы бірқалыпты болмады. 
Әртүрлі саяси коалициялардың бірлігі нашарлай берді.
Саяси тұрақсыздық 1923 жылы жабылған фашистік 
ұйымдардың белсенділігін тудырды. Адольф Гитлер 
түрмеден босатылып, фашистік партия жаппай саяси 
және әскери ұйымдар құру әрекетін ашық түрде жүргізді. 
Бірқатар фашистік жетекшілер 1925 жылы құрылған 

32
Ұлттық-социалистік  неміс  жұмысшы  партиясы атынан 
1928 жылы рейхстагқа сайланды.
Германиядағы ұлттық­социализм. Гитлердің өкімет 
басына келуі. Нью-Йорк биржасындағы күйреу Германия- 
ға да өз әсерін тигізді. Үш жыл ішіндегі дағдарыста өндіріс-
тің құлдырауы 1929 жылдың деңгейімен салыстырғанда 
58%-ға жетті. Жұмыссыздардың саны 4,5 млн-нан ас ты. 
Олардың 20%-ы ғана аздаған жәрдемақы алатын еді. 
Дағдарыс мыңдаған фермерлер мен қолөнершілерге ауыр 
тиді.
Жеңіске жеткен мемлекеттермен салыстырғанда, гер-
ман буржуазиясының дағдарысты тоқтатуға мүмкіндігі 
шектеулі еді. Iшкі нарық әлсіз болды. Ал отарлардан айы-
рылу Германияның қолын байлады. 1931 жылға дейін ол 
соғыс шығынын төлеп келді. Өнеркәсіп иелері шығынға 
батты. Герман өнеркәсібінің империялық одағы Веймар 
Республикасының әлеуметтік саясатына наразылық 
білдіріп, тұрақты мықты үкімет құруды талап етті. Веймар 
Республикасының ондай талапты орындауға мүмкіншілігі 
болмады.
1930  жылы  көктемде  билік  басында  тұрған  “үлкен         
коалиция” таратылды.
Веймар үкіметінің күйреуі жаңа саяси партиялардың 
өрлеуін тудырды. Осындай жағдайда ұлтшылдар өзде-
рінің Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясы-
ның негізін нығайтуға мүмкіндік алды. Оның басында 
А. Гитлер тұрды. Гитлер және оның сыбайластары ұлт-
шылдық идеяны маңызды құрал ретінде пайдаланды. 
“Жау бейнесін жасау”, оны күшпен жою фашистердің 
идеялық-жарнамалық науқанының маңызды белгісі бол-
ды. Ұлтшылдар мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық 
мәселелерді шешуге болатынын, ал ол үшін “ішкі жаулар-
ды” — коммунистерді, демократтарды, еврейлерді, сыған-
дарды жою қажеттігін қайталаумен болды. Фашистер 
жұмысшыларға жұмыс беруге, жалақыны әділ төлеуге, 
арзан несие беруге, жұмыс орнын көбейтуге, зейнетақымен 
қамтамасыз етуге, өсімқорлар мен алыпсатарларды жоюға 
уәде берді.
Бұрынғы буржуазиялық партияларға қарағанда Ұлт-
тық-социалистік неміс жұмысшы партиясы көсемдік 

33
салтты қолдап, көсеміне шексіз бағынушылық қағидасын 
уағыздады. Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы пар-
тиясының үгітшілік қызметі мамандандырылған әскери 
жасақтармен толықтырылды. 1930 жылдар басында 
Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясының 
ұйымдары ірі неміс кәсіпкерлері мен банкирлерден мол 
қаржылай қолдау алып отырды. Ұлтшылдардың Герма-
нияда диктатура орнату, Версаль бітімін жоққа шығару, 
отарларды қайтарып алу, елде “күшті үкімет құру” және 
т.б. ұрандары ұсақ буржуазияның талабына сай келді.
Біртұтас антифашистік майдан құруға күш жетпеді. 
Генерал Шлейхер басқарған үкіметтің бұқаралық негізі 
және парламенттік қолдауы болмады. Бұқаралық қозға-
лыс  Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясының 
ықпалында болды. Шексіз билікке ұмтылған бұл саяси 
топтар Германияда тоталитарлық тәртіптің орнауына 
жол ашты. 1933 жылы 30 қаңтарда президент Гинденбург 
А. Гитлерге үкіметті құруды тапсырып, оны рейхсканцлер 
етіп тағайындады.
Үкімет құрамына бірқатар буржуазиялық партиялар 
өкілдері кірді. Рейхстаг құрамына өзгерістер енгізу үшін 
мерзімінен бұрын парламент сайлауы белгіленді. Солшыл 
күштердің беделін кеміту үшін гитлершілдер рейхстагқа 
өрт қойып, оны коммунистердің лаңкестік әрекеті деп 
жала жапты.
Сөйтсе де 1933 жылғы наурыз айындағы парламент 
сайлауы Гитлер партиясына басшылықты қамтамасыз 
ете алмады. Енді ұлтшылдар конституцияны бұзып, 
ГКП мандатын жоққа шығарды. Гинденбург рейхстаг 
арқылы Гитлер кабинетіне төтенше өкілеттік беру ту-
ралы заң шығарды. Бұл заң бойынша үкімет парламент 
бақылауынан шығарылды және қалаған заңды актілерді 
қабылдау құқығына ие болды. Гитлер бұдан былай Герма-
нияда сайлау болмайтынын жариялады. Заңның 48-бабы 
бойынша Веймар Республикасының барлық негізі, демо-
кратия, конституция, өкімет органдары, саяси партиялар, 
сайлау жүйесі жойылды.
1933 жылдың сәуірінде гитлершілдердің саяси құ-
пия полициясы — гестапо құрылды. Оның міндеті ре-
жімнің қарсыластарын жою болды. Гестапо және СС 

34
(Schutstaffeln — сақшы жасақтар) тек Германияның өзінде 
ғана емес, сондай-ақ одан тысқары аймақтарда да гитлер-
лік топтардың лаңкестік қаруы болды.
Мемлекеттегі барлық саяси партиялар таратылды неме-
се жойылды. Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партия-
сы “немістің мемлекеттік идеясын алып жүруші” жалғыз 
партия деп жарияланды және лаңкестік қағида барлық 
мемлекеттік аппаратқа таратылды. Баспасөзге бақылау 
қойылды. Жергілікті өкімет органдары тоталитарлық 
диктатураның атқарушы құралына айналды.
Президенттің, канцлердің және жетекші партия бас-
шысының міндетін бір қолға біріктіру шешімі 1934 жылғы 
тамызда президент Гинденбургтің өлімінен соң іске асты. 
Гитлер шексіз диктаторлық билік иесі, өмірлік фюрер және 
рейхсканцлер атанды.
Германия тоталитаризмінің экономикалық жүйесі. 
Германиядағы мемлекеттік билік түрінің ауысуы эконо-
миканы мемлекеттік жүйелеу бағытымен қабаттас жүріп 
жатты. Германияда, Америкадағы сияқты, Кейнстің 
дағдарысқа қарсы әдістері қолданылды. Алайда гер-
ман экономикасының стратегиялық мақсаттары мен 
экономикаға тоталитарлық күштердің әсер етуінің нақты 
формалары АҚШ-қа қарағанда өзгеше болды. Елдің 
экономикалық күш-қуаты тоталитарлық мемлекеттің 
және корпорация басындағылардың қолында болды: 
олар Германияны біртұтас әскери лагерьге айналдыруға 
тырысты, сөйтіп, соғысқа дайындалуға кірісті. Экономи-
каны милитаризациялау Германияның экономикалық 
дағдарыстан шығуының басты ерекшелігі болды.
1933—1935 жылдары мемлекеттік реттеу тетігінің 
құқықтық негізін құрайтын бірқатар заңдар қабыл-
данды. Мемлекеттің экономикалық өмірін неміс ша-
руашылығының Бас кеңесі басқаратын болды. Оның 
құрамына аса ірі 18 корпорация мен банк жетекшілері 
кірді. Өндірісте “фермерлік” жүйе таратылды. Өндіріс 
иелерінің мемлекеттік билік өкілеттігі болды. Олардың 
шешіміне бағынбау ұлттық тәртіпке сатқындық актісі 
ретінде қаралды.
Ұлтшылдар алдыңғы қатарлы неміс корпорациялары-
ның күшін нығайтумен қатар экономиканың мемлекеттік 

35
секторын арийландыру дамытылды, ол еврей ұлтының 
жекеменшігін тәркілеу арқылы жүргізілді.
Ауылшаруашылық өндірісін реттеумен “Азық-түліктік 
теңқұқылы топтар” атты меншікті құрылым айналыс-
ты. Ол ауылшаруашылықтағы барлық ұйымдарды өзіне 
қаратты. Ауылшаруашылық өнімдерін жүйелеп қана 
қоймай, оны алғашқы өңдеуден өткізді. Фашистер жерсіз 
шаруаларды Германия Шығыстағы “өмірлік кеңістікті” 
жаулап алғанда, жер береміз деп сендірді.
Германия шаруашылығын қажетті жұмысшы күшімен 
қамтамасыз ету мақсатында таратылған кәсіподақ орнына 
Неміс  еңбек  майданы  құрылды.
1934 жылғы “Ұлттық еңбекті ұйымдастыру туралы” 
Заң 18 бен 25 аралығындағы жастар үшін екіжылдық 
еңбек міндеттілігін енгізді. Жұмыс күні 10—14 сағ-қа 
ұзартылды. Еңбек нарығына мемлекеттік тұрғыдан әсер 
етудің бұл шаралары жұмыссыздықты жоюға және әскери 
өндірістің қарқынды өсуіне жәрдемдесті.
Германияның соғысқа дайындығын аяқтау мақсатында 
ұлттық басшылық төртжылдық жоспар дайындады. Бұл 
жоспардың басты бағыты — күшті әскери-техникалық 
машиналар жасау, сондай-ақ әскери өндіріс қажеттілігін 
жан-жақты қамтамасыз ету үшін жергілікті шикізат ба-
засын жасау болды. 
Фашистік Германияның сыртқы саясаты. 30-жылдары 
дүниежүзілік соғысты өршітуге айрықша қадамдар жасал-
ды. 30-жылдардың бірінші жартысында Германия Версаль 
келісімінің қарулануды шектеу туралы баптарын бұза 
бастады. Жапония 1931 жылы осындай бағдармен Қиыр 
Шығыста Манчьжурияны басып алды. Соғыстың басты 
екі ошағы кеңейе түсті, ал оларды ұйымдастырушы — 
Германия, Жапония, Италия мемлекеттері бір-бірімен 
жақындаса бастады. 1936 жылдан бастап Германия Еуропа 
мемлекеттеріне қарсы тікелей жаңа басқыншылық жолға 
түсті. Германия мен КСРО 1939 жылы тамызда құпия 
келісімге қол қойды. 
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.  Веймар Республикасы кезіндегі Германия қалай дамыған? 
2.  Мемлекеттің экономикалық және саяси орнығуы неліктен қиындық­
пен өтіп, ұзаққа созылды?

36
3.  1930 жылдардағы Герман экономикасындағы дағдарыстың ерекше­
ліктері және оның салдары қандай? Елдегi саяси күштердің арасал­
мағын ашып көрсетіңдер.
4.  Неліктен демократиялық күштер фашистердің билікке келуіне тойта­
рыс бере алмады?
5. Фашистік Германияның сыртқы саясатын айқындап беріңдер. Неге 
Сталин тобы Германиямен жақындасуға барды?
§ 6. ИтАЛИя
Соғыстың зардабы. Италия Бірінші дүниежүзілік 
соғыстан ауыр қиыншылықтармен шықты. Алғашқыда 
Үштік одаққа кіріп, 1915 жылы Антанта жағына шығып 
соғысқан Италия жеңіске жеткендер қатарында болды. 
Италия өзіне берілуге тиісті аймақтың тек азғана бөлігін 
(Солтүстіктегі Трентино облысын және Оңтүстік Тироль, 
Адриат жа ғалауындағы Истрия шығанағын Триестпен 
бірге) иемдене алды. Италия “жеңгендердің ішіндегі 
жеңіліске ұшыраған” елдің жағдайында болды. Соғыс 
жылдары қатты шығынданған (алтынмен 65 млрд лир) 
Италияның шетелдерге қарызы тым көбейіп кетті. 
Соғыс шырғалаңы құнсыздануды өсірді, жұмыссыздық 
етек жайып, соғыстан қайтқан солдаттар жұмысқа орна-
ласа алмады. Мемлекетте революциялық бүліншіліктер 
шыға бастады, әлеуметтік-саяси дағдарыс туындады. 
Мемлекеттік жүйе елдің алдында тұрған қиын мәсе-
лелерді жөнге келтіре алмады. Мемлекет пен халықты 
байланыстырудың тетігі болмады.
Саяси партиялар мен қозғалыстар. Соғысқа дейінгі 
Италияның саяси өмірінің ерекшелігі — белгілі бағдар-
ламалы бұқаралық саяси партиялары мен дамыған  нақты 
ұйымдық құрылымы болмады. Италия парламентіндегі 
буржуазиялық саяси ағымдар әртүрлі топтардан (либе-
ралдар, республикашылдар, радикалдар және т.б.) тұрды. 
Олар өздері сайланған аудандармен байланысы  нашарла-
ған соң басшылық маңына топтасты. Осы топтардың  ішін-
де Италияның Социалистік партиясы нағыз  саяси партия 
болды. 1919 жылы Ватиканның қолдауымен католиктік 
топтарды жақтаушы тұңғыш буржуазиялық Халықтық 
партия құрылды.
Түрлі қозғалыстар мен ұйымдардың ішінде фашистік 
топ алғашында онша көзге түспеді. Кедейленген ұсақ 

37
және орта буржуазия есебінен, ұсақ буржуазия арасынан 
шыққан байырғы майдангерлер есебінен саны толыққан 
фашистік қозғалыс бірте-бірте ұлғая берді.
Италия либералдық мемлекетінің әлсіздігі, демо-
кратиялық оппозиция күшінің бөлшектенуі Италия 
фашизмінің үкімет басына келуін жеңілдетті.
Италияның фашистік ұйымдары 1919 жылдың көк-
темінен құрыла бастады.
1920—1921 жылдардағы Италиядағы соғыстан кейінгі 
экономикалық дағдарыс жағдайында фашистік қозғалыс 
кең қанат жайып, бүліншілік әрекеттерін жиі көрсетті.
Фашизм терминін Бірінші дүниежүзілік соғыстан 
кейін қарулы фашистік топтар наразыларға қарсы күресте 
қолданды. 1919 жылы наурызда Милан қаласында бірінші 
жалпыұлттық фа шистік жиын өтті. Онда Фашистік  
әскери  отрядтар  одағы құрылды. Фашистер одақтары — 
кез келген қылмысқа даяр тұратын бұзақылар мен қыл-
мыскерлерден, азғындаған элементтерден құралды. 
Буржуазия мен помещик топтарының өкілдері күшті 
билік керек дегенді сылтау етіп, фашистік топтарды 
ашықтан-ашық қолдады. Фашистік топтарды, ал кейін 
фашистік партияны құрумен Бенито Муссолини айна-
лысты. Ол жалаң сөздермен қала мен қыстақтардан ұсақ 
буржуа зияны, жұмысшылардың артта қалған топтарын 
өз қатарына тарта білді.
Фашистер “Жер шаруаларға берілсін!”, “Сұрқия бур- 
жуазия мен ұлттық қанаушылар жойылсын!” деген ұран-
дар көтерді.
1920—1921 жылдардағы Италияның соғыстан кейінгі 
экономикалық және саяси дағдарыс жағдайын  пайдалан-
ған фашистік қозғалыс лаңкестік әрекетке көшіп, тез 
қарқын ала бастады. Жұмысшы ұйымдарының мекен-
жайын өртеу, солшыл партияшылдар мен кәсіподақ 
белсенділерін өлтіру, өкіметтің жергілікті органдарын қу-
далау күшейе түсті. Муссолини өнеркәсіп иелері  мен  жер 
иесі ақсүйектер жағынан күшті қолдау тапты. Либералдық 
буржуазияның орта бөлігі және оның Джо литти секілді 
басшылары фашистерді революциялық күштерге қарсы 
айдап салудан тартынбады.

38
Фашистер үкімет басында. 1922 жылы қазанда фа-
шистер съезі үкіметтен бірқатар министрлік портфельдер 
берілуін талап етті. Ватиканның бейтарап қалуына сүйене 
отырып, ірі капитал жағынан қолдау тапқан, сондай-ақ 
III Виктор-Эммануил корольдың отбасы  жылы қарсы ал-
ған Муссолини 1922 жылғы 28 қазанда фашистік топтарды 
Римге қарсы жорыққа бастады. Үкімет өз еркімен кетуге 
мәжбүр болды. Король фашистерге қарсы әскер жіберуден 
бас тартып, Муссолиниге жаңа үкімет құруды жүктеді 
және фашистерге жаңа кабинеттен 4 портфель беруге 
келісім берді. Үкіметке, сондай-ақ Халық партиясы мен 
либералдар өкілдері де кірді. 
“Маттеоттидің күйреуі”. 1923 жылы Халық партия-
сының жетекшісі Джакомо Маттеотти фашистерді сынап, 
сайлаудағы заңсыздық әрекеттерін әшкерелеген болатын. 
Оны Муссолинидің бұйрығымен лаңкестер өлтірді.
Үкімет фашистер партиясының, оңшыл экстремистер-
дің қолында қалды. Муссолинидің үкімет басына келуі 
елде фашистік диктатура орнатудың бастамасы болды. 
Сөйтіп, буржуазиялық демократия орнына тоталитарлық 
диктатура келді.
Фашистік лаңкестіктің ашық диктатураға өтуі. 1924—
1926 жылдары конституциялық монархия лаңкестік 
диктатураға ұласты. 1926 жылдың қараша айында бар лық 
азаматтық және саяси бостандықтар жойылды, халық 
қарапайым азаматтық құқығынан айырылды. Ұйымдарды 
және оппозициядағы партия газеттерін фашизмнің екінші 
толқыны шарпып өтті. 1926 жылдың қарашасында бірне-
ше төтенше заңдар қабылданды. Оппозициялық партиялар 
таратылып, антифашистік баспасөзге тыйым салынды. 
Антифашистер жер аударылды. Король мен оның отбасы-
на, Муссолини өміріне қатер төндірушілерге өлім жазасын 
кесу енгізілді.
Мемлекеттік аппарат фашистік партиямен бір меха-
низмге айналды. Италия фашистері “Барлығы мемлекет 
үшін, мемлекеттен тыс еш нәрсе жоқ” деген қағиданы ой-
лап тапты. 1927 жылы фашистік диктатураның маңызды 
жазалаушы органы — Ерекше  трибунал  және  құпия  
саяси  полиция  құрылды.

39
Фашизм идеологтері Италияда ерекше “корпоративті” 
мемлекет құрылады деп мәлімдеді. Онда түрлі өндіргіш 
таптар мен капиталистердің мүдделері үйлеседі деп 
уағыздады. 1927 жылдың көктемінде фашистік корпо-
ративтіктің негізгі қағидасы жарияланған “Еңбек хар-
тиясы” қабылданды.
1929 жылы Италия мемлекеті мен католиктік шіркеу 
арасындағы ескі тартыстар реттелді. Келісім бойынша, 
Италия Ватикан мемлекетінің егемендігін мойындады. 
Сөйтіп, фашистік режім шіркеуден идеологиялық қолдау 
тапты.
Фашистік Италияның сыртқы саясаты өзінің озбыр лық 
бағытымен ерекшеленді.
Италия Африка шеңберіндегі отарларды өзгерту 
талаптарын ашықтан-ашық білдіре бастады. Жерорта 
теңізін Италияның ішкі “көліне” ай налдыруды көздеді. 
Германияның ашық қолдауын, Франция мен Англияның 
жасырын қолдауын ескеріп, Италия 1935 жылы қазанда 
соғыс қимылдарын бастады. Эфиопияның Ұлттар Ли-
гасына шағымдануы еш нәтиже бермеді. Басқыншылар 
елді ойрандап, қанға батырды. Эфиопия Италия отарына 
айналды. Одан соң Германиямен біріге отырып, Испанияға 
қарулы интервенция жүргізді.
Италия мен Германия арасындағы алғашқы қатынастар 
түсінбеушілік, жауластық сипатта болды. Өйткені екеуі-
нің де Австрияға, Дунай бассейніне, Балқанға қатысты 
өз мүдделері бар еді. Бірақ Муссолини Гитлердің серігіне 
айналып, немістердің Австрияны, Чехословакияны, Поль-
шаны басып алуын қолдады. Ал өзі Албанияны жаулап 
алумен (1939 ж., сәуір) шектелді. Кейін Италия Екінші 
дүниежүзілік соғыста Германия жағында болды.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Италияға әкелген зардаптары 
қандай?
2. Соғыстан кейінгі саяси күштерге сипаттама беріңдер. Италия 
да 
буржуазиялық партиялардың кеш қалыптасқанын немен түсінді руге 
болады?
3. 1920 жылдардың басында фашистік топтар мен партиялардың 
белсенділігі не себептен арта түсті? Фашизмнің өкімет басына келу 
себебін түсіндіріңдер.

40
§ 7. КЕҢЕС  ОДАҒЫ
1918—1920 жылдардағы азамат соғысы. Большевик-
тердің Уақытша үкіметті құлатып, Құрылтай жиналы-
сын күшпен таратуы және саяси-әлеуметтік шаралары 
дворяндарды, буржуазияны, зиялыларды, дінбасыларын, 
офицерлік топтарды, ауқатты шаруаларды Кеңес үкіметі-
не қарсы қойды.
Жер қорын және помещиктер иеліктерін жаппай 
тәркілеу бұл топтардың қарсылығын тудырды. Буржуа-
зия топтары тәркіленген фабрика-зауыттарын қайтарып 
алуды аңсады. Тауарлы-ақшалай қатынастарды жойып, 
азық-түлік және өндіріс тауарларын тікелей мемлекет- 
тің бақылауымен бөлісу орта және ұсақ буржуазия топта- 
рының жағдайын қиындатты. Биліктен айырылған тап-
тардың жекеменшік мүлкі мен ерекше жеңілдік құқық- 
тарынан айырылуы азамат соғысының қосымша себептері 
есебінде болды. Бірпартиялық саяси жүйені және проле-
тариат үстемдігін орнатуға (шынында, РК(б)П Орталық 
Комитетінің үстемдігін) ел ішіндегі ұсақ со циалистік пар- 
тиялар қатысса, демократиялық қоғамдық ұйымдар боль-
шевиктерден алыстатылды.
“Әскери коммунизм” саясаты. Кеңес үкіметінің 
1918 жылдың жазынан бастап 1921 жылдың басына 
дейінгі ішкі саясаты “әскери коммунизм” деп аталатын 
төтенше шараларды жүзеге асыру дәуірі болды. Аталған 
саясаттың алғышарттары өндірісті мемлекет қарамағы-
на өткізу және бір орталықтан басқаратын мемлекет-
тік аппаратқа, азық-түлікке бақылау орнатумен қатар, 
ауылдарды әскери-саяси қысымға алу тәжірибесімен 
анықталды.
“Әскери  коммунизм” саясаты экономикалық және сая-
си-әлеуметтік салаларды қамтитын кешенді іс-шаралар-
дан тұрды. Аталғандардың ішінде ең бастысы өндірістік 
құралдарды мемлекетке өткізу, орталықтандырылған 
басқаруды енгізу, еңбек өнімдерін теңгермешілік негізде 
бөлісу және большевиктер партиясының үстемдігін бекіту 
болды.
1918 жылдың 28 маусымында Кеңес үкіметі барлық 
ірі және орташа кәсіпорындарды мемлекет меншігіне 
алу туралы Декрет қабылдады. Келесі жылдарда ұсақ 

41
кәсіпорындар мемлекетке өтіп, ел ішіндегі өндіріс сала-
сындағы жекеменшік кәсіпорындар  жойылды. Соны-
мен қатар өте қатаң салалық басқару түрлері енгізілді. 
1918 жылдың көктемінде сыртқы сауда саласында да 
мемлекеттік монополия тәртібі енгізілді.
Мемлекеттің азық-түлік үстемдігін барынша кеңейту 
үшін азық-түлік салығы азық-түлік салғыртымен ауысты-
рылды. Ол бойынша шаруалардың күнкөрісінен артылған 
азық-түлік қоры әскерлер мен өндіріс жұмысшыларын 
қамтамасыз ету үшін ешбір өтеусіз алынды. Азық-түлік 
салғырты ірі, орта және ұсақ кәсіпорындарды жаппай 
мемлекеттендіріп, сауда-саттыққа, нарыққа тыйым 
салып, ақша айналымын тоқтатып, жұмысшылардың 
еңбекақысын нан, ет, май, картоп түрінде төлеумен бірге 
жүргізілді. Күшпен алынған өнімдер үшін шаруаларға 
түбіртек қағаз және құнсызданған ақша берілді. Үкімет 
бекіткен азық-түлік бағасы базардағы нарықтық бағадан 
40 есе төмен болды. Шаруалардың қарсылығын басу үшін 
ауылдарға қаруланған жұмысшы жасақтары жіберіліп, 
ауыл тұрғындарының азық-түлік қорлары еріксіз түрде 
тартып алынды. “Әскери коммунизм” саясаты тауарлы-
ақшалы қатынастардың жаппай жойылуына әкелді. 
Өндірістік және азық-түлік тауарлар жалақы түрінде 
тепе-тең бөлінді. Мұндай жағдай қоғамдық топтар ара-
сында жалған әлеуметтік теңдіктік пікірді тудырды. 
Бұл саясаттың дәрменсіздігі “қара нарық” ошақтарын 
көбейтіп, қоғамдағы алыпсатарлықтың етек алуына жол 
ашты.
1918 жылдан бастап бұрынғы қанаушы таптар өкілдері 
еңбектік міндет тәртібіне тартылды, ал 1920 жылы жаппай 
еңбекке араласу міндеті енгізілді.
Еңбекшілерді еркінен тыс жинау үшін еңбек армия-
лары құрылып, олардың басым бөлігі көлікті жөндеуге, 
құрылыс жұмыстарына жұмылдырылды. Жалақының на-
туралды түрі басым болғандықтан қаладағы тұрғын үйлер, 
байланыс, көлік, пошта және телеграф қызмет көрсету 
салалары ақысыз қызмет көрсетті.
“Әскери коммунизм” саясаты кезеңінде саяси салада 
РК(б)П-ның шексіз үстемдігі орнатылды. Ресей больше-
виктік партиясы таза саяси ұйым ережесінен шегініп, 
партия аппараты біртіндеп мемлекеттік ұйымдар ға айнал-

42
ды. Бір партияның үстемдігін мойындамаған басқа саяси 
топтар — кадеттер, меньшевиктер, эсерлер — іс-әрекетіне 
тыйым салынды. Кейбір көрнекті қоғам қайраткерлері 
шетел ауып кетсе, басқалары қуғын-сүргінге ұшырады.
Кеңестік атқару ұйымдары большевиктер партиясы-
ның нұсқауын мүлтіксіз орындап отырды. Партияның 
бақылауындағы кәсіподақ ұйымдары да тәуелсіздігінен 
айырылды. Олар жұмысшылардың мүддесін қорғаудан 
қалды. Пролетариат өз мемлекетіне қарсы шыға алмайды 
деген нанымды жақтап, жұмысшылар ереуілдеріне тыйым 
салынды. Сөз және баспасөз бостан дығы жөніндегі ереже-
лер орындалмады. Большевиктік емес баспасөз органдары 
түгел жабылды.
“Әскери коммунизм” саясаты Ресейді экономикалық 
күйреуден құтқара алмады. Бірақ орталықтың қатаң бас-
қару жүйесі арқасында барлық қорларды шоғырландырып 
большевиктер үкіметі азамат соғысы жағдайында саяси 
билікті сақтап қалды. “Азамат соғысы жылдарындағы 
революцияға қарсы шыққан басшыларды тұтқындау” 
(1917 ж., қараша) және “Қызыл террор” заңдарына сүйе-
ніп большевиктер үкіметі өзінің саяси дұшпандарын 
зорлықпен жоюға мүмкіндік алды. Сондықтан меньшевик-
тер, оңшыл және солшыл эсерлер, анархистік топтар жаңа 
үкіметпен келісе алмай, азамат соғысы жылдарында Кеңес 
үкіметінің қарсыластары қатарына қосылды.
Iшкі және сыртқы саясат. Ресей тарихында Кеңес 
үкіметі қарапайым адамдар үшін бостандықпен қатар 
аталатын ұғым болды. Шала білімі бар жұмысшылар 
мен  шала сауатты шаруаларда коммунистік сана-сезім 
бірден үйлесе қоймады. Кеңес үкіметі бейбіт еңбек ету 
жолына көшті. Елдің жағдайы қиын болды. Ресей әлемдік 
экономикалық қатынастар жүйесінен шығып қалды.
Азамат соғысы жылдарында саяси биліктің сипаты 
едәуір өзгеріске ұшырады. Мемлекеттік және партиялық 
билік органдары қосылып, төрешілдік ықпалы барынша 
өскені байқалды.
Бүлінген, ашыққан, сарқылған ел жол салынбаған 
социалистік құрылысты іске асырудың қарсаңында 
тұрды. Әлемдік социалистік революция іске аспай, Ре-
сей саяси оқшаулануға ұшырады. Ұлттық шекараның 
қауіпсіздігін ойлап Кеңес басшылары көршілес елдермен 

43
байланыс жасау әрекетіне кірісті. 1920 жылы бұрынғы 
Ресей империясының құрамында болған Эстония, Литва, 
Латвия, Финляндия мемлекеттерімен жақындасып, Иран, 
Түркия, Ауғанстанмен достық қатынастар орнықтырды. 
1921 жылдың ақпанында осы елдермен жасалған келіс-
сөздер негізінде Ресей олардың патша үкіметі кезіндегі 
қарыздарын кешіріп, ерекше артықшылық құқығынан бас 
тартты. Кеңес үкіметі Моңғолия елімен достық қатынастар 
орнатып, Германия, Италия, Норвегия елдерімен сауда-
саттық келісімдеріне қол қойды.
Азамат соғысының аяқталуы халық шаруашылығын 
қалпына келтіруге жол ашты. Дәл осы кезеңде Ресейде 
жаппай электрлендіру бағдарламасы жарияланды.
Жаңа экономикалық саясат. Азамат соғысы және 
“әскери коммунизм” саясаты елдің жағдайын қатты на-
шарлатты. Шаруалар ауыр азық-түлік салғыртымен 
келіспеді. Өйткені шаруалардың артық азық-түлік қоры 
өтеусіз күшпен алынды. Аштық пен мұқтаждықтан 
қажыған жұмысшылар арасында да наразылық байқал-
ды. Украинада, Тамбов облысында, Еділ бойында, Сібірде 
антикеңестік көтерілістер ұйымдастырды.
Саяси дағдарыстың көрінісі 1921 жылғы Кронштадт 
көтерілісінен байқалды. Ел ішіндегі шаруалар қобал-
жулары Кронштадтағы матростарға әсерін тигізді. Бір кез-
де Кронштадт бекінісінің теңізшілері Қазан төң керісінің 
тірегі болған топтардың қатарында болған еді. Кеңес 
үкіметі бұл қозғалысты аяусыз басып, жазалады.
Шешуші экономикалық өзгерістер РК(б)П-ның 
Х съезінде (1921 ж., наурыз) айқындалды. Съезд “әскери 
коммунизм” саясатынан бас тартып, жаңа экономикалық 
саясатқа (ЖЭС) көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға 
шешім қабылдады. Салықтың мөлшері  салғыртқа  қара-
ғанда екі есе аз болды. ЖЭС ауыл-селолардың қалалармен 
байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар артық 
өнімдерін қалаға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеу-
ге, қауымнан тыс жеке шаруашылық құруға, жерді өз 
қалауынша пайдалануға, жалдамалы жұмыс күшін тар-
туға, жерін жалға беруге мүмкіншілік алды. Тұтыну, 
өндірістік және қарыз беру кооперативтерін ұйымдасты-
руға еркіндік берілді. Қала тұрғындары да өндірістік және 
сауда-саттық кәсіпорындарын ашуға құқық алды. “Әскери 

44
коммунизм” кезіндегі ақы төлеудегі теңгермешілік және 
жаппай еңбек міндеттілігі жойылды. Жалақы жұмыс 
иесінің шеберлігі мен өндірген өнім үлесіне қарай төлене-
тін болды. Халық шаруашылығын басқарудағы тым қатал 
орталықтандыру әрекеті едәуір жұмсарды. Жалақыны 
табиғи өнім түрінде бөлу тоқтатылып, жаппай ақша 
түріне көшірілді. Жаңа экономикалық саясат нарықтық 
қатынастарды дамытып, өндіріс пен сауданы дамытып, 
бүлінген шаруашылықты қалпына келтіруге көмегін 
тигізді. Жаңа экономикалық саясат барысында Кеңес 
үкіметі мынадай міндеттерді іске асыруға бел байлады:
—  қала мен ауыл арасындағы экономикалық байла-
ныстарды реттеу;
—  электрлендіру негізінде өндірісті дамыту;
—  барынша есепті шаруашылыққа көшу, еңбектің 
нәтижелі болуына әр адамның мүдделігін арттыру;
—  мемлекеттік жоспарлау және басқару ісін жетіл- 
діру;
—  бюрократизм және әміршіл-әкімшіл жүйемен 
күресу;
—  барлық салаларда азаматтың мәдениет деңгейін 
көтеру.
Бірақ мемлекет экономиканың басты салаларын 
мықтап бақылап жекеменшік иеліктің еркін дамуына 
мүмкіндік бермеді. 1923—1928 жылдары ЖЭС әміршіл-
әкімшіл жүйенің қыспағына оралып, дағдарысқа ұшы-
рады. Оның орнына коммунистік партия жолдаған жаппай 
ұжымдастыру, қарқынды индустрияландыру саясаты іске 
асырылды.
КСрО­ның құрылуы.  1922  жылы  30  желтоқсанда  
Мәскеуде  өткен  Кеңестердің  Бүкілодақтық  съезі  Кеңес  
Социалистік  Республикалар  Одағы  құрылғанын  жа-
риялады. В. И. Лениннің талабы бойынша КСРО елдері 
өзара теңқұқылы мемлекеттердің федерациялық одағы 
деп мойындалды. Бастапқы кезде КСРО-ның құрамына 
РКФСР, Украина, Белоруссия және Закавказье Федера-
циясы біріккен еді. Оның құрамына одақтас республика 
ретінде Өзбек және Түрікмен, Тәжік, 1936 жылы Қазақ 
және Қырғыз республикалары қосылып, КСРО көпұлтты 
елдердің федерациялық бірлігіне айналды.  1924 жылы 
КСРО-ның  Конституциясы  бекітілді.

45
КСрО­дағы индустрияландыру саясаты. 1925 жылы 
желтоқсанда БК(б)П-ның ХIV съезі  елді  индустрияланды-
ру бағытын жариялады. Индустрияландыру өндіріс құрал-
жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарлар ды 
шығаратын зауыт, фабрикаларды салуды қолға алуды та-
лап етті. Кеңес үкіметі 1926—1928 жылдарда ескі зауыттар 
мен фабрикаларды жөндеуге және жаңа кәсіпорындарды 
салуға арналған қаржыны 3 есе көбейтті. Оның көбін жаңа 
әскери өндіріске жұмсады. Индустрияландыру бағыты 
бірінші және екінші бесжылдық жоспарлардың іске асы-
рылуымен қабаттасып, ауыр индустрия кәсіпорындары-
ның жаңа түрлерін салуға жоспарланған қаржының 
84%-ы  ғана игерілді.
Қысқа мерзім ішінде машина жасау, қорғаныс өнер-
кәсібі, сол кезеңге сай химия өндірісі жаңадан құрылды. 
Магнитка, Кузбасс, Днепр СЭС-і, Уралмаш, Хибин ком-
бинаты, Мәскеу мен Горькийдегі автомобиль, авиация 
зауыттары, Түрксіб теміржолы мен Үлкен Ферғана ка-
налы, Қарағанды көмір алабы, Ембі мұнай кәсіпшілігі, 
Қарсақпай мыс қорыту комбинаты, Шымкент қорғасын 
зауыты іске қосылды. Индустрияландыру Қазақстанның 
тез дамуына игі әсерін тигізді.
Алайда индустрияландыру қатаң тәртіппен жүргізілді. 
Шаруалар тоналды. Миллиондаған адамдар жазықсыз ай-
далып, ірі құрылыстарда құлдар қатарында жапа шекті. 
1929 жылы қала тұрғындарына азық-түлік тек арнайы 
талонмен таратылды.
1930 жылдардың соңында Кеңес Одағы өнеркәсіп 
өнімін шығару жөнінен Еуропада бірінші орынға және 
дүниежүзінде екінші орынға шығып, индустриялы-аграр-
лы елге айналды. Жұмыссыздық жойылды, қалалар мен 
селолардың тұрмыс-тіршілік бейнесі өзгерді.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. БК(б)П-ның 
ХV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру міндетін 
алға қойды. 1920 жылдардың екінші жартысында жаңа 
экономикалық саясат негізінде қалыптасқан бағыт 
түбірінен өзгерді. Индустрияландыруға қажетті қаражат-
қорды жинауды шаруалар қауымы есебінен жүргізу 
көзделді. Шаруаларды жаппай ұжымдастыру науқаны 
басталды. Ол Сталиннің 1929 жылғы 7 қарашадағы “Прав-
да” газетінде “Ұлы бетбұрыс” деп аталатын мақаласының 

46
шығуымен басталды. 1928 жылы ұжымдастыру қарқынын 
тездету үшін МТС-тер ұйымдастырылды. Ресей аумағы 
бірнеше аймаққа бөлініп, әр аймақтардағы шаруалар-
ды ұжымдастырудың мерзімі бекітілді. Шаруаларды 
ұжымдастыру кезінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап 
ретінде жою шаралары іске асырылды. Ұжымшар құру 
қағидаларын өрескел бұзу жаппай сипат алды. Халықтың 
тұрмысы нашарлап, қайыршылану көбейді. Мұның өзі 
шаруалар бұқарасының наразылығын тудырды. Көптеген 
аймақтарда болған шаруа көтерілістері 700 мың адамды 
қамтыды.
Жаппай ұжымдастыру кезеңінде жаңадан серпін ал- 
ған әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі КСРО-ның бүкіл 
қоғамдық-саяси өміріне әсерін тигізіп, 1932—1933 жыл-
дарда елді ашаршылыққа ұшыратты. Украинада, Едiл 
бойында, Қазақстанда сансыз адам қырылды. Қазақ ұлты 
2,5 млн-нан астам адам шығынын шекті. МТС-тер құра-
мында ұйымдастырылған бөлімшелер ауылдағы таптық 
жат элементтерді жойып, шаруаларды ұжымшарларға 
толық тарту жұмысын аяқтады. 1937 жылы шаруалардың 
93%-ы ұжымшар қатарында болды.
Елдің қоғамдық­саяси өмірі. тоталитарлық жүйе және 
жекебасқа табыну. 1920 жылдардың екінші жартысынан 
бастап И. В. Сталиннің басқаруымен қалыптасқан әмір-
шіл-әкімшіл басқару жүйесі өркениетті елдердің басқару 
құрылымынан өзгеше болды. Бұл жүйе адам бостандығын 
аяққа басу, оның құқығын елемеу, еңбекшілерді өндіріс 
құралдарынан ажырату, оларды саясат пен мемлекетті 
басқарудан шеттету сияқты құбылыстармен ерекшеленді. 
КСРО-да И. В. Сталиннің жекебасына табыну белең алды. 
Партия органдары қоғам өмірінің барлық салаларына таза 
әкімшілік бұйрық арқылы араласып отырды. Партия мен 
кеңес органдары мемлекеттік аппаратта біріге бастады. 
1936  жылы  5  желтоқсанда  Кеңестердің  Жалпыодақ-
тық VI төтенше съезі жаңа Конституция қабылдап, Кеңес-
тер Одағы жұмысшылар  мен шаруалардың социалистік 
мемлекеті  деп  жарияланды.  Одаққа  11  республика  
бірікті.
Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында сая-
си өмір мен мәдениеттің өрлеу және құлдырау көріністері 

47
қатар байқалды. Мәдени революцияның табыстарымен 
қатар, қоғамның барлық салаларында қуғын-сүргін етек 
алып, көрнекті ғалымдар, жазушылар, өнер адамдары 
жазықсыз жазаланды немесе елден қуылды.
1937—1938 жылдары елде жаппай қуғын-сүргін белең 
алды. Партия, үкімет басшылары бір кезде өздерін сына-
ған партия және мемлекет қайраткерлеріне халық жауы 
деген кінә тағып, жазалауға бұйырды. Iле-шала бүкіл елде, 
республикаларда белгілі зиялыларға “ұлтшылдардың, 
байлардың, феодалдардың тұқымдары”, “герман-жапон 
тыңшылары” деген және т.б. айыптар тағылған қуғын-
сүргін науқаны басталды.
Қазақстанда Алашорда үкіметін қолдағандар ескіні 
жақтаушылар  тобына  жатқызылып,  беделді  ғалымдар,  
жазушылар,  саяси  қайраткерлер,  тіпті  қарапайым  адам-
дар жазықсыз жазаға ұшырады. Олардың саны  100 мың-
нан асып түскен. Тоталитарлық жүйенің қылмыстарын 
іске асырған Iшкі істер Халық Комиссариаты (НКВД) және 
Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті (КГБ) болды.
1930 жылы лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, 
кейін ол ГУЛАГ ОГПУ атала бастады. Қазақстанда 
1930 жылдардың басында лагерьлер жүйесі қалыптасты. 
“Қарлаг”, “Степлаг”, “АЛЖИР” деген атпен белгілі болған 
лагерьлер осы ГУЛАГ жүйесінің бөлімшелері болып та-
былды. 1934 жылы КСРО-да НКВД-ның еңбекпен түзету 
лагерьлері жүйесін басқаратын 56 бөлімшені біріктіре 
жұмыс істеді. Тұтқындар аса ауыр жағдайларда ұсталды. 
Кеңестік биліктің қуғын-сүргін саясаты 1937—1938 жыл-
дары өзінің шарықтау шегіне жетті.
1917—1934 жылдары 32 саяси бюро мүшелері болған  
32 адамның 75%-ы қуғынға ұшырады. Қызыл Армияның 
ең жоғары шенді қолбасшылары қатарынан 5 маршал,  
3 армия генералы, 401 полковник жөнсіз кінәланып, 
жауапқа тартылды. ГУЛАГ термині НКВД түрмелері мен  
лагерьлерінің, жалпы тоталитарлық жүйенің тұтас бір 
синониміне айналды.
20—30-жылдары КСРО-ның сыртқы саясатында кере-
ғарлық үрдістер байқалды. Бұл Германия мен Жапония 
елдеріне қатысты қарым-қатынастарда айқын көрінді. 
Бейбітшілікті қолдап, озбырлыққа және фашизмге қар-

48
сы күрес жүргізе отырып, КСРО 1921—1933 жылдар 
аралығында Германиямен жасырын келіссөздер жүргі-
зіп келді. Ал 1939 жылы А. Гитлермен келісімшарт жа-
састы. 1930 жылы Жапонияның МХР мойындағанына 
жауап ретінде Маньчжоу-Го үкіметін ресми түрде таны-
ды. 1939 жылдың соңында Польша мен Финляндияға 
басқыншылық жасады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.  Азамат соғысы қарсаңындағы Ресейдегі жағдайды сипаттаңдар. Аза­
мат соғысы және “әскери коммунизм” саясатының шығу себеп терін 
атаңдар. 
2.  Жаңа экономикалық саясаттың мәні неде?
3.  КСРО қай кезде құрылды және оның құрамына қандай мемлекеттер 
кірді?
4. Елді индустрияландырудың маңыздылығын әңгімелеңдер. КСРО­
дағы ауыл шаруашылығын ұйымдастыру қажеттілігі неден туын­
дады?
5. Жекебасқа табыну және қуғын­сүргіннің болуы қандай жағдайға 
байланысты болды?
6. КСРО­дағы әміршіл­әкімшіл жүйе қалай дамыды және зардаптары 
қандай болды?

Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін
upload -> Серіктестігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет