Сабақ. Қатерлі ісік дамуының молекулалық механизмдері Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар



бет3/6
Дата05.01.2023
өлшемі217,41 Kb.
#60432
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Протоонкогендер жасушалардың бөлінуін, жіктелуін, жасуша рецепторларының қызмет атқаруын, ДНҚ репарациясын және сырттан келетін сингалдарға жауап реакцияларын қамтамасыз ететін маңызды гендер тұқымдастары болып табылады. Бұл гендердің өнімдері өсу факторлары деп аталатын ақуыздар болып табылады.
Протоонкогендер жасушалық онкогенге екі жолмен айналуы мүмкін. Олардың бірі онкоген өнімінің шамадан тыс көбеюі, екіншісі протоонкогеннің кодтаушы бөлігіндегі қатарлардағы мутациялар арқылы іске асады.
Онкоген өнімдерінің артуы, инсерцтік мутация және геннің амплификациясы арқылы да болады.
Ретровирустар онкогендері қожайын геномындағы онкогендер жанына немесе тікелей генге ену арқылы геннің промоторы ретінде әсер етіп, оның қарқынды экспрессиясына алып келеді. Бұл құбылыс «ендірме» канцерогенез деген атауға ие.
Сонымен қатар, жасуша үшін күйзеліс жағдайында протоонкогендердің амплификациялануы жүреді. Бұл құбылыс - протоонкогеннің амплификациясы (көшірмелерінің көбеюі) олардың белсенділігін артырып, протоонкоеннің онкогенге айналуына алып келеді.
Хромосоманың транслокациясы арқылы протоонкогенге жаңа транскрипциялық промотордың жалғануы нәтижесінде протоонкоген тоқтаусыз жұмыс істеп, ақуыздар үнемі бақылаусыз синтезделіп, онкогенге айналады.
Кейбір гендік (нүктелік) мутациялар протоонкогенмен синтезделетін ақуыз құрылымын өзгертеді, мысалы оның қызметін бақылайтын ингибиторлармен байланысу орталығының өзгеруіне алып келеді. Ақуыз үнемі белсенді болуы үрдістің бақылаусыз жүруіне жағдай жасайды.
Осылайша, протоонкогеннің онкогенге айналуының ең басты және жалпы механизімің негізінде, протоонкогеннің белсенділігі мен бақылауының қалыпты үрдісінің бұзылуы жатыр.
2-сурет.
2-сурет. Протоонкогеннің онкогенге айналуы

ПРОТООНКОГЕН



нүктелік мутация

амплификация

инсерцтік мутация

хромосома транслокациясы



Протоонкогеннің жасушалық онкогенге айналуы



Онкоақуыздың қарқынды синтезделуі

Жасушаның қарқынды бөлінуі және жіктелуінің бұзылуы



Ісіктік трансформация, инвазивті өсу,
метастаз беру

Жасушаның ісіктік трансформациясында онкогендерден басқа да гендер қатысады.


Геномда ағзаны және оның жасушаларын канцерогендік факторлар әсерінен, сонымен қатар олардың ісіктік трансформациясынан қорғайтын гендер де бар. Оларды ісіктің супрессорлық гендері немесе антионкогендер деп атайды. Ісіктің супрессорлық гендері қалыпты жағдайда, онтогенездің белгілі кезеңдерінде жасушаның пролиферациясын бастырмалайды, яғни протоонкогендердің экспрессиясын реттейді (тежейді).
Супрессор гендердің мутациялары құрылымы мен қызметі бұзылған ақуыздардың синтезделуіне және түрлі мүшелер мен жүйелердегі ісіктік трансформацияның басталуына әкеледі.
Қазіргі уақытта 20-ға жуық ісіктің супрессорлық гендері анықталған. Олардың мутациялары ісіктің дамуына алып келеді. Супрессорлық гендерде жиі кездесетін мутациядардың түрлері - геннің кодтаушы бөлігінде жүретін миссенс мутациялар және нүктелік делециялар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет