3
1-сабақ
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
1.
Тапсырма. Мәтіндерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне
аударыңыз.
Қазақ тілін үйренейік.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – халық
тарихымен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы
ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы
мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында
республикада білімді, ғылымды, техниканы үйрену тілі,
мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері
тобына
қырғыз,
қарақалпақ,
өзбек,
ұйғыр,
түрікмен,әзірбайжан, түрік, татар, башқұрт, тува, хакас,
якут т.б. халық тілдері кіреді.
Қазақ халқының тілі - әрі бай, әрі көркем.
Қос тіл – қос қанатың.
Қазақстанның
экономикасын,
даму
тарихын,
мәдениетінің тарихын білу басқа ұлт жастарына да парыз.
Парыз ғана емес, әбден қажетті нәрсе.
Сонымен, көп ұлттылық, көп тілде сөйлеу тарихи факт
болып отырған біздің елімізде басқа ұлт студенттері
өздері қатынас жасайтын ұлттың тілін, оның тарихын,
мәдениетін білулері керек.
Егер сендер орыс тілі мен орыс мәдениетінен басқа
ештеңе білмейтін болсаңдар, әрине, жақсы емес. Егер
сендер өздерің жүретін ортада, өздерің тұратын қалада, өз
республикаңда, мысалы, біздің Қазақстанда жасалған
мәдени байланыстарға қызықпайтын болсаңдар, ол –
кешірілмейтін кінә.
4
Сондықтан мәдениет үстіне мәдениет, білім үстіне
білім жалғай түскілерің келсе, ең бастысы достығымызды
әрі тереңдете бергілерің келсе, сендер қазақ тілін білуге,
Қазақстан тарихын білуге тиістісіңдер. Қазір нақ осыған
ұмтылатын шақтарың.
(М.Әуезовтен)
қос тіл – қос қанатың – два языка – два крыла
жетік – знаток
парыз – долг
кешірілмейтін кінә - непростительная вина
жалғай түсу – дальше продолжать
ең бастысы – самое главное
тереңдете беру – дальше углублять
тиістісіңдер – должны
нақ осыған – как раз к этому
ҚР тілдер туралы Заңы
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, қазақ баласына
ананың сүтімен сіңген тіл. Қазақ тілі түркі тілдері тобына
жатады. Түркі тілдері тобына қырғыз, түрік, татар,
башұүрт, тува, хакас, якут т.б. халық тілдері кіреді. Бұл
тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары – ноғай,
қарақалпақ, татар, башқұрт тілдері. Қазіргі қазақ тілі –
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні «ҚР-дағы тілдер
туралы» Заң қабылданып, қазақ тілі ҚР-ның мемлекеттік
тілі мәртебесін алды. Кейін, 1993 жылы қаңтардың 22-сі
күні бұл статус ҚР-жаңа Конституциясында тұрақталып
бекітілді.
1997 жылы Тіл Заңы Парламентте ҚР Президентінің
Жарлығымен бекітілді. Бұл Жарлық қазақ тілінің
мемлекеттік статусын сақтады. Сол 1997 жылы шілденің
5
7-сі күні «ҚР-ндағы тілдер туралы» жаңа Заң қабылданды.
Бұл Заң бойынша қазақ тіл ҚР-ның мемлекеттік тілі, қазақ
халқының ұлттық тілі болып есептеледі.
Ұмытпаңыз! Қазақ алфавитінде 42 әріп, 37 дыбыс бар.
2.
Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша
жауап беріңіз.
1)
«Қос тіл – қос қанатың» деген нақыл
сөзді қалай түсінесің? Ол туралы
жолдастарыңызбен пікірлесіңіз.
2)
Жазушы М.Әуезовтің қазақ тілін
үйренуге байланысты айтқан сөзіне
пікіріңіз қандай?
3.
Берілген мақал-мәтелдерге, нақыл сөздерге екпін
қойып оқып, жаттап алыңыз.
Сөйлей білген – үйлесе біледі.
Сөздің көркі – мақал
Атасы – ақыл,
Анасы – тіл.
Білім кілті – тіл.
Жақсының үлгісі –
Жанып тұрған шамдай.
Шешенннің сөзі –
Ағып тұрған балдай.
Ана тілің – арың бұл.
6
Ана тілі бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
Қос тіл – қос қанатың.
.
Тіл - тас жарады,
Тас жармаса – бас жарады.
Сөздің көркі – мақал
Атасы – ақыл,
Анасы – тіл.
Арқанның ұзыны,
Сөздің қысқасы жақсы.
4.
Тапсырма. Қалаған өлеңіңізді жаттап алыңыз.
Ана тілің – арың бұл
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс ұнім.
Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тілменен әдетті мен жаттадым.
Ең бірінші сол тілменен сыртқа шықты
Сүйгенім, ұнатқаным, жек көргенім.
/ С.Торайғыров/
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар
/Д.Әбілев/
7
Ұқпасам өз Тіл – анамды,
Ұлыңмын деуім әңгілік.
Сәуле боп тұрсын санамда
Әлдиі үні мәңгілік.
Білмесін – білсін түсімнен,
Ұқпасын – ұқсын түрімнен.
Танысын дүние ісімнен
Танысын туған тілімнен.
/Ж.Молдағалиев/
5.
Сұрақтарға жауап беріңіз, соңынан анкетаны
толтырыңыз.
-
Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?
-
Әке-шешеңіз кімдер?
-
Ұлтыңыз кім?
-
Еліңіз алыс па? Оған қалай барасыз?
-
Бұл жаққа не үшін келдіңіз?
-
Қазір қайда тұрып жатырсыз?
-
Қай топта оқисыз?
-
Қазақ тілін білесіз бе?
-
Қазақ тілін терең білгіңіз келе ме?
-
АНКЕТА
Тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты............................................
Туған жеріңіз, жылыңыз....................................................
Ұлтыңыз.................................................................................
Біліміңіз.................................................................................
Қазақ тілін қаншалықты білесіз ( жақсы, орташа,
нашар).....................................................................................
Мекен-жайыңыз.....................................................................
8
2-сабақ
Қазақстан экономикасы
1. Тапсырма. Мәтіндерді оқып, орыс тіліне аудырыңыз.
Қазақстан экономикасы – 2030
Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады.
Экономика да табиғатта объективті. Экономика заңдары
табиғат заңдары сияқты объективтік сипат алады. Егер
табиғатты түсінбесек, табиғат байлығын игере алмайсыз.
Экономикада солай. Егер экономиканы жақсы білсек, ол
бізге байлық, пайда әкеледі.
Экономика – бұл үй шаруашылығын басқару өнері
дегенді білдіретін көне грек сөзі. Өте қарапайым тілде
айтатын болсақ, экономика дегеніміз - өзіміздің
тұрмысымыз.
Экономика сіз өмірге келген күннен бастап-ақ сіздің
өміріңізге араласа бастайды. Жігіт үйленеді, қыз тұрмысқа
шығады, кішкентай мемлекет пайда болады. Ал кішкентай
мемлекетіміздің шаруашылығын басқару үлкен өнер.
Сонымен
сіздің
күнделікті
тұрмысыңыздың
бәрі
экономикадан тұрады. Егер болашағымыз бала десек, сол
балаға нені қалдырамын, ұрпағым нені жалғастырады деп
ойлау да – экономика.
Қазақстан - өте бай мемлекет. Еліміздің байлығын
толығымен игеру – бұл үлкен мақсат.
Егемен Қазақстанның экономикасы қуаттанып,
әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен терезесі тең ел болуы
үшін мемлекет тарапынан қабылданған реформалардың
іске асуы керек. Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан – 2030 бағдарламасы» Қазақстанды жарқын
болашаққа апаратын жолды айқындаған бағдарлама. Өзінің
9
ұрпағының
мақсат-мүддесін
Қазақстанмен
байланыстыратын әрбір азамат ел экономикасының
қуаттауына үлесін қосуға тиіс. Экономиканың дамуына
Қазақстаннның мол шикізат базасы, табиғи ресурстары,
еңбек қорының көптігі мүмкіндік бере алады.
Оңтүстік
Қазақстанды
(Қызылорда,
Оңтүстік
Қазақстан, Жамбыл, Алматы) тамақ өнеркәсібі мен жеңіл
өнеркәсіп салаларын дамытуға, жеміс, көкөніс, күріш
өсіру, мал шаруашылығы өркендетуге және машина жасау
өндірісін дамытуға негіз болса, Солтүстік Қазақстанда
(Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола
облыстары) қалыптасқан астық өндіру, май шайқау, ұн
тарту өнеркәсіп дамытуға болады.
Солтүстік Қазақстан экономикасының дами түсуі
үшін мұнай құбыры тартылып, Павлодардан мұнай
өндейтін зауыт салынуы керек. Бұл мұнай өнімдерін өте
көп тұтынатын Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық
техникасының тоқтап қалмауын қамтамасыз етеді.
қуаттану – подкрепиться
терезесі тең – равный
айқындау – выяснить
шикізат – сырье
өркендету – процветать
мұнай – нефть
тоқтап қалмауңын – не остановиться
қамтамасыз етеді – обеспечивает
табиғат заңдары – законы природы
экономика заңдары – законы экономики
үй шаруашылығы – домашнее хозяйство
шарашылығын басқару – управлять хозяйством
болашақ – будущее
өнер – искусство
10
Қазақстан экономикасы
1. Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен және адам
ресурстарымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып
есептеледі.
2.
Тәуелсіздік
алуына
байланысты,
Қазақстан
экономикасында демократиялық қоғам жағдайында, нарық
еркіндігін жасау межеленіп отыр.
3. 1992 жылдан бастап елімізде мемлекеттік мекемелерге
жекешелендіру жүргізілді.
4. Нарық жағдайындағы Қазақстанның жекеменшік
секторы еліміздің болашақ экономикалық тұрақтылық
базасын қалыптастыруда орасан зор биіктерге көтерілу
үстінде.
5. Қазақстан экономикасы үшін шет ел инвестициясына
жол ашық.
6. Өтбелі кезеңнің қиындығына қарамастан, Елбасының
«Қазақстан – 2030» бағдарламасы елімізді өркендеген
елдердің бірі ететін, экономикасы дамыған демократиялық
қоғамға айналдыруға кепілдік береді.
2. Тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
Экономикалық
ақпарат,
экономикалық
заңдар,
экономикалық
дағдарыстар,
экономикалық
саясат,
экономикалық реформалар, экономикалық болжам.
дағдарыс – бонкрот
болжам – прогноз
3. Тапсырма. Даналық сөздерді жаттап алып, есте
сақтаңыз.
11
«Егер әрбір адамы экономиканы жақсы білсе, сол
мемлекет күшті»
Аристотель.
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым,
ар, мінез деген нәрселермен озады, одан басқа
нәрселермен
оздым
ғой
демектің
бәрі
ақымақшылық.
Абай
4. Тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз.
Сәкен Сейфуллин (1894-1938) – елімізге еңбегі
сіңген мемлекет және қоғам қайраткері. Сәкен – ақын,
жазушы, сыншы, ғалым. Ол «Көкшетау», «Альбатрос»
поэмаларының, « Тар жол, тайғақ кешу» романының
авторы.
ТУҒАН ЖЕР
Кеңсің дала,
Туған ана,
Көйлегің кең, көк ала.
Жан беретін,
Тән беретін
Мейіріміді ана, сен ғана.
(Сәкен Сейфуллин)
5. Тапсырма. «Бүгінгі Қазақстан» тақырыбына шағын
әңгіме құраңыз.
12
3-сабақ.
Қазақстанның табиғи байлықтары. Байлықтарды сақтау
үшін қаржы қажет пе?
1. Тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз..
Қазақстанның жер көлемі 2 756 000 шаршы
километр. Оның 40 пайызы - өзен, көл, теңіз. Жерінің 50
пайызын шөл және шөлайт аймақтар алып жатыр. Ал 10
пайызы таулы жер.
Осы ұлан - байтақ республика жерінің ауа-райы, жер
бедері, геологиялық құрылысы, өсімдік құрамы, топырағы,
жануарлары алуан түрлі болып келеді.
Республика жерінде Д.И.Менделеевтің периодтық
жүйесіндегі элементердің бәрі де бар.
Қазақстанның батысы Астрахань далалары мен
Каспий теңізінен басталады. Ал шығысқа қарай Алтай
тауларына, Қытай шекарасына дейін 3 000 шақырым.
Солтүстік Батыс Сібір ойпатынан басталады.
Солтүстігі Тянь-Шань тауларынан Орта Азия
республикаларына дейін 1 900 шақырымға созылып
жатыр.
Республиканың
барлық
шекарасы
15 000
шақырымнан астам. Оның 12 000 шақырымы құрлық, 3 300
шақырымы Каспий мен Арал теңіздері арқылы өтеді.
көлем – объем
бедер – рельеф
топырақ – почвы
алуан – множество
шөл –пустыня
ұлан-байтақ – обширная
құрлық – суша
ойпат – низменность
13
2.Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1)
Қазақстанның жер көлемі неше шаршы метр?
2)
Қазақстанның жері қандай?
3)
Республика жерінде не бар?
4)
Қазақстанның батысы қайдан басталады?
5)
Шығысы қай елмен шектеседі?
6)
Солтүстігі неден басталады?
7)
Республиканың
барлық
шекарасы
неше
шақырым?
8)
Оның
неше
шақырымы
құрлық,
неше
шақырымы теңіздер арқылы өтеді?
9)
Ол қандай теңіздер?
3. Тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз.
ҚАЗАҚСТАН КАРТАСЫ
Ақтөбе - өлке, ақ тарысы – мол ырыс.
Атырау – мол Қазақстан мұнайы.
Жамбыл – жайлау, қазыналы, шұрайлы.
Жезқазған – кен, бұзылмаған қаймағы.
Көкшетау - көп көгілдір көл аймағы.
Қарағанды – қара алтынның қоймасы.
Қостанай – құт, қызыл бидай қамбасы.
Қызылорда – күрішті Сыр ағасы.
Орал – көне Ақ Жайықтың жағасы.
Өскемен - өр шығыста Алтай аясы.
Павлодар – Кара Ертістің саясы.
Петропавл – солтүстігім орманды.
Семей – аңыз, Шыңғыстаудай қорғаны.
Талдықорған – жер жанаты, көк бағы.
Ақмола – Арқада астық алқабы.
14
Шымкент – ыстық солтүстігім мақталы.
(Е.Өтетілеуов)
қазыналы, шұрайлы – богат и плодороден
бұзылмаған қаймағы – нетронутые богатства
көгілдір көк аймағы –край голубых озер
қызыл бидай қамбасы – богат красной пшеницей
күрішті Сыр ағасы – рисовый край Сырдарьи
солтүстігім орманды – лесистый север
астық алқабы – хлебный край
4. Тапсырма. Көшіріп жазып, бастауыш пен баяндауыштың
астын сызыңыз.
Бірінші Алматы вокзалынан Абай даңғылына дейін
созылатын үлкен көше бар. Бұл көше қаланы қақ жарып
өтеді. Ол – Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің көрнекті
қайраткері. Дауылпаз ақын әр ұрпақтың есінде қала
бермек.
Есте сақтайық! Бастауыш пен баяндауыш – сөйлемнің
тұрлаулы мүшелері
5. Тапсырма. «Елімнің байлығын сақтау үшін қаржы қажет
пе?» тақырыбы бойынша сұхбат құрыңыз.
4-сабақ.
Қазақстанның өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы
1. Тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Қомақты қаржы қарастырылуда
15
Елімізде тұрғын үй құрылысын дамытуға мән
беріліп отыр. Осы мақсатта келесі жылға арналған
республикалық
бюджетте
қомақты
қаржы
қарастырылуда.
Айталық «2007 жылға арналған республикалық
бюджет туралы» заң жобасының 25-бабында Қазақстан
Республикалық тұрғын үй құрылысын дамытудың
2005-2007
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасын іске асыруға облыстық муникациялық
инфрақұрылымды дамытуға және орналастыруға 30
млрд.теңге сомасында нысаналы даму трансферттері
көзделетіні жазылған.
Көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу және
оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының
үкіметі айқындайды.
2007 жылға арналған республикалық бюджет
жобасының
27-бабында
тұрғын
үй-құрылыс
жинақтарына салымдар бойынша сыйақылар төлеуге
346 млн.700 мың теңге сомасында қаражат көзделеді.
Сонымен бірге республикалық бюджет жобасының
28-бабында
«Тұрғынүй – құрылысбанк» жабық
акционерлік қоғамы арқылы алынған жеңілдікті тұрғын
үй қарыз алушыларының 2006 жылғы төлемдері
бойынша бағамдық айырманы төлеуге 42 млн. 884 мың
теңге қаржы бөлу жоспарланып отыр.
тұрғын үй құрылысы – жилищное строительство
заң жобасы – проект закона
айқындайды – определяет
мемлекеттік бағдарлама – государственная программа
қарыз алушылар – кредиторы
жоспраланып отыр – планируется
16
2. Тапсырма. Сұрақтар бойынша «Қазақстанның
өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы» тақырыбына әңгіме
құраңыз.
1)
Қазақстанның экономикасы жайында
не айтасыз?
2)
Өнеркәсіппен ауылшаруашылықтың
дамуы неге байланысты?
3)
Жалпы шаруашылықтың дамуына
қандай көңіл бөлінуде?
4)
Шаруашылықты дамытуға білімді
мамандар қажет пе?
5)
Аыулшаруашылығына
қандай
мамандар қажет?
6)
Қазіргі заманда оларға жақсы жұмыс
жасауға жағдай туғызуға бола ма?
7)
Оған кім жауапты?
8)
Өз үлесіңде қосар ма едің?
9)
Ауылшаруашылығын дамыту үшін
міндетті түрде ауылда тұру керек пе?
3. Тапсырма. Аңызды оқып, мазмұнын айтыңыз. Сұраққа
жауап беріңіз.
...Өмірден өз орнын таба алмай ренжіп жүрген жас жігіт
кездейсоқ қарт кісіге жолығып, сәлем береді. Қарт кісі
Қызыр баба еді.
-
Қызыр баба, сізден сұрайтын тілегім бар, - деді жас
жігіт.
-
Айта ғой, - деді қарт.
-
Таусылмас қазынаға қолым жетіп қуансам деген
арманым бар, - деді ол.
17
-
Тілегің қабыл болады. Бірақ біліп қой, қазына сені
іздеп келмейді. Оны өзің іздеп табуың керек.
Асықпай тыңдап ал. Қазына жетеу.
Бірінші қазына білімде, екінші қазына - өнерде,
үшінші қазына – тілде, төртінші қазына – диірменде,
бесінші
қазына
саудада,
алтыншы
қазына
–
шаруашылық, диқаншылықта, жетінші қазына – ит
болады.
Табиғи дарының мен қабілетіңе қарай, өзіңе
лайығын таңдап ал. Жігіт өз қабілетіне қарай
шараушылық, диқаншылықты таңдапты. Жігіт еңбектің
арқасында бай болыпты, қазыналы болыпты.
Сіз қандай қазынаны таңдар едіңіз? Айтыңыз, жазыңыз.
(«Жас
алаш»,
2002,
ақпан)
4. Тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз
Ілияс Жансүгіров (1894-1938) - аса көрнекті қазақ
ақыны. Көптеген өлең, поэма жазған. Оның «Дала»,
«Күй»,
«Күйші»,
«Құлагер»
поэмаларының
қазақ
әдебиетінің тарихында орны өзгеше.
ДАЛА
Жүрегім, сырым сенікі,
Келісті далам, кең далам.
Тудым, өстім, есейдім,
Ен далам – анам, мен – балаң.
(Ілияс Жансүгіров)
ен далам – бескрайняя степь
18
өзгеше – особенный
есейдім – возмужал
жырым – моя песня
өстім – вырос
5. Тапсырма. «Менің қалауым – ауылшаруашылығы»
тақырыбына сұхбат құрыңыз.
5-сабақ
Қорытынды сабақ «Елім менің – Қазақстан»
1. Тапсырма. Оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Отан деген не? Бұл сөзді күн сайын естіп жүрміз.
«Отан – от басынан басталады», - дейді қазақ. Отан
дегеніміз – адамның туып өскен жері, туған-
туысқандарымен,
жақындарымен
бірге
тұратын
атамекені . Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны –
Қазақстан Республикасы.
Қазақ халқының атамекені – көне замандардан
қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге,
шығысы мен терістігі – Сібірге және Алтай тауларына,
күнгейі
Қырғызстан,
Өзбекстан,
Түрікменстан
республикаларына шектеседі. Көлемі бес Францияға, он
екі Бельгияға парапар елдің жерінде алуан түрлі
өсімдіктер, жан-жануарлар бар. Менделеев ашқан
химиялық кестесінде көрсетілгендердің бәрі қазақ
даласынан табылады.
1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан тәуелсіз
республика болып жарияланды. 1991 жылы 1
желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы – Президентін
19
сайлау болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесінің сессиясы Республиканың Елтаңбасын,
Мемлекеттік Туын және Әнұранын бекітті, 1995
жылы тамыздың 30-ында Қазақстан Республикасының
Конституциясы қабылданды.
Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты
бастан кешірді. Өйткені ол соңғы үш жүз жыл бойы
тәуелсіздіктен айырылған еді. Екі жүз жылға жуық
патшалы Ресейдің отары болды.
Дербес тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт? Елдің
өз құқығы өз қолында. Дүние жүзінің жүзден астам елі
Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп таныды. Қырықтан
астам елмен жан-жақты қарым-қатынас жасап отыр.
Қазақстан нарықтық экономикаға біртіндеп көшіп
келеді.
Жекешелендіру,
кәсіпкерлік,
сыртқы
экономикалық байланыстарды нығайту жолында
шашуші қадамдар жасала бастады.
«Қазақстан тарихынан»
атамекен – земля предков
күнгей-юг
терістік – север
құт мекені – счастливое местожительство
тұңғыш Президент – первый Президент
кәсіпкер – предприниматель
жекешелендіру – приватизация
дербес- самостоятельный
сыртқы – внешний
2. Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жазыңыз.
20
Отан деген не?
Қазақстан қай жылы тәуелсіз мемлекет болып
жарияланды?
Қазақстан қай жылы Елтаңбасын, Туын және
Әнұранын бекітті?
3.Тапсырма. Мына мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.
Ер дәулеті – еңбек
Ердің атын еңбек шығарады
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
4.
Тапсырма. Үлгі бойынша «Сөздік» ойынын
жалғастырыңыз
Үлгі:
эпоха – дәуір
ничего- тәуір
доклад- баяндама
остановка - аялдама
полуостров – түбек
шелк-жібек
приходи – кел
21
ветер-жел
пища- тамақ
расческа – тарақ
6.
Тапсырма. «Елім, жерім» тақырыбына жұмбақ
құрастырыңыз.
Үлгі:
ЖҰМБАҚ ШЕШЕЙІК
Өлшеусіз піштім,
Жіпсіз тіктім.
Зер – зер кілім, зер кілем.
Көтерейін десем зор кілем.
Сатайын десем, ауыр кілем,
Сатпайын десем, тәуір кілем.
(Жер)
6-сабақ.
Салт – дәстүр. Оның экономикалық, қаржылық жағы.
1.
Тапсырма.
Салт-дәстүрге
байланысты
орыс
тіліндегі мәтіндерді оқыңыз.
ЖЕНИТЬБА
ЗАМУЖЕСТВО
Достарыңызбен бөлісу: |