Сабақ барысында оқушыға бақылау жасау хаттамасы



бет1/3
Дата17.12.2022
өлшемі41,96 Kb.
#57852
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
айтжанқызы




Сабақ барысында оқушыға бақылау жасау хаттамасы

(бірнеше күн ішіндегі ағымдағы баға)


Оқушының аты-жөні________________________


Мұғаліммен мамандар (логопед, психолог, арнайы педагог) хаттамада көрсетілген критерийлерді пайдалана отырып, мінез-құлықтың немесе қызметтің бірде-бір белгісін жібермей оқушының сабақ барысындағы әрекеттерімен мінез-құлқын жеке қадағалайды.


Егер көрсетілген белгі әлсіз көрінсе, онда тиісті бағанда "1" қойылады, егер белгі елеулі дәрежеде көрінсе, онда "2" қойылады. Егер кестеде сипатталған мінез-құлық сипаттамасы байқалмаса, онда баған бос қалдырылады.


Егер баланың мінез-құлқының қандай да бір сипаттамасын қалай атап өтуге болады деген күдік туындаса, баланың таяуда өзін қалай ұстағанын еске алу керек. Бақылау бірнеше күн бойы жүргізіледі, бақылау түрлі сабақтарда жүргізіледі.








Бақылау күні.

Бағалау сипаты

Оқу пәні.



I. Сыныпта өзін-өзі ұстау (мінез-құлқы)

Сабақтарда тынымсыз, зейіні тұрақсыз, істі аяғына дейін жеткізбейді.


Тапсырмаларды бірнеше рет қайталауды және ересектің тұрақты бақылауына мұқтаж.


Мұғалімнің нұсқаулықтарын, талаптарын бірден емес, баяу қабылдайды. Артта қалушылық. Жұмысқа бірден қосылмайды, ұзақ «ойланады».


Мұғалімнің талабын, сыныптың күнделікті күн тәртібін орындамайды.


Мұғалімнің фронтальды нұсқаулықтарын қабылдамайды, сынып жұмысына өз бетінше кірмейді (өзін жоқ деп са-найды) және сынып тапсырмаларын ересек адамның көмегінсіз орындамайды.





  1. Қызмет қарқыны

Баяу, жайбасар, басқа балаларға ілесе алмайды, үлгермейді.


Жұмыс қарқыны тұрақсыз. Тез шаршап, әлсірейді: енжар немесе керсінше, ширақ болу.


Ынтамен жұмыс істемейді, көп қателіктер жібереді, сабақ барысын қадағаламайды, көп алаңдайды.


Жұмыс қарқыны жылдам, бірақ ретсіз және «орынсыз»жұмыс істейді.





  1. Танымдық дамуы

Жеткілікті деңгейде зерек емес: қарапайым тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беруге қиналады.


Жиі қосымша көмек пен түсіндіруге мұқтаж.


Оқу үшін білік пен дағды, қоршаған орта туралы білім көлемі жеткіліксіз.


Көру арқылы ақпаратты қабылдаудағы қиындықтар: суреттен қажетті белгілерді бірден көрмейді, дәптердің, жазулардың, оқулықтың кеңістігінде нашар бағдарланады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет