1.1.1.1 Қазақ ұлттық және әлемдік мәдениет өнерінің түрлі туындыларымен танысу
Сабақтыңмақсаты
«Бейнелеу өнері» ұғымымен және оны зерттеудің маңыздылығымен танысу
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/уақыт
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.
Бүгін біз « Бейнелеу өнері » деп аталатын жаңа оқу пәнімен танысамыз. Бейнелеу өнері сабағында сендер түрлі пішіндер мен сызықтар, бояулар әлеміне саяхатқа шығасыңдар.Сурет салуды, құрастыруды, аппликация және табиғи, жасанды заттардан көптеген бұйымдар жасауды үйренесіңдер. Ұлттық және әлемдік мәдениет өнерінің туындыларымен танысасыңдар.
Бейнелеу өнері оқулығы
Ортасы
Мұғалім:
– Бүгін біз бейнелеу өнерінің алғашқы сабағын өтеміз.
Бейнелеу өнері дегеніміз– айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі. Бейнелеу өнер түрлері: кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, сәндік-қолданбалы өнер.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Интербелсенді тақта
Бейнелеу өнері сабағына әртүрлі құрал-жабдықтар қажет.Сурет салуға арналған жәй қарындаштар қатты және жұмсақ болып екі топқа бөлінеді. «Т» «Н» - қатты,
«М» «В» - жұмсақ.Сурет салуға ең қолайлы және өшіруге көнгіш қарындаштар «Т,М, ТМ» болып табылады.
Сурет салатын қағаздар жұқа, қалың, тегіс, бұдыр болып бірнеше түрге бөлінеді. Қарындашпен сурет салуға қатты және тығыз қағаздар ыңғайлы. Сонымен қатар сурет альбомын пайдалануға болады. Қолданылатын бояу түрлері: субояу(акварель), гуашь, тушь. Бояумен жұмыс істеуде ең басты құралдардың бірі- қылқалам.Жұмыс соңында қылқаламды жуып, құрғатып қою керек.
Өшіргіш- қарындашпен сурет салуда қате кеткен сызықтарды түзеу үшін қажетті құрал. Мольберт – сурет салуда пайдаланылатын өте ыңғайлы және қолайлы жабдықтың бірі.
Бүгінгісабағымыздыңтақырыбы«Мұражайғасаяхат » деп аталады. Мұражайда болғандарың бар ма?
Мұражай – ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми- танымдық қызмет атқаратын мекеме. Мұражайдың түрлері: тарихи мұражай,
көркемөнер мұражайы, техникалық, мемориалдық мұражайлар. Бүгін біз ҚР Ұлттық мұражайына виртуалды саяхат жасаймыз.
Бейнеролик көрсету
https://www.youtube.com/watch?v=wienjjhp7ic Ширатутапсырмасы
Оқушылар мұражайдан алған әсерлерімен бөліседі.
«Көршіңеәңгімелепбер»әдісі
Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін қолданылады. Оқушыларға бейнеролик бойынша сұрақтар қойылады,оқушылар өз ойларын көршілерімен
бөліседі.
-Қазақтың дәстүрлі мәдениеті залында қандай заттармен таныс болдың?
-Қазақ халқының ұлттық киімдері, зергерлік бұйымдары жайлы не білдің?
-Этнография залында не көрдің? Киіз үй неден тұрады?
-ҚР Мемлекеттік рәміздеріне арналған залдан не көрдің? Мемлекеттік рәміздер жайлы не білдің?
Оқушылар өз ойларын көршілерімен бөлісіп, дауыстап айтып береді.
Қорыта айтқанда, мұражай бұрынғы мен қазіргі мәдениетті сақтап, насихаттайтын киелі орын.
«Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың дегендей, мұражай өткен мен болашақты жалғастырушы түйін болып табылады.
«Ашық микрофон» әдісімен сабақты қорытындылау.