Сабақ Дене даму қасиеттері Күш Төзімділік Ептілік Жылдамдық Икемділік



бет1/4
Дата21.05.2023
өлшемі1,33 Mb.
#95653
түріСабақ
  1   2   3   4

Дене қуаты қасиеттері, оны дамыту әдістемесі
Ашық сабақ
Дене даму қасиеттері
Күш
Төзімділік
Ептілік
Жылдамдық
Икемділік
Саптағы жаттығулар:
Дене қуаты дайындығы
Спорттық жаттықтырудағы дене қуаты дайындығы спортшының ағзасының мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, олардың қызметтік мүмкіншіліктерін жоғарлатуға , дене қуаты қасиеттерін дамытуға бағытталған. Дене қуаты дайындығы жалпы және арнайы деп бөлінеді. Арнайы дене қуаты дайындығы алдыңғы және негізгі арнайы дайындық деген екі бөлімге бөлінеді. Алдыңғы арнайы дайындық бөлімі негізгі бөлімге фундамент ретінде қаланса, негізгі бөлімі спорт түріне бағыттылған қимыл дайындығын кең мөлшерде қамтамасыз етуге қолданылады. Жаттықтыру үрдісінің үлкен циклінде алдымен жалпы дене қуаты дайындығы жүргізіледі.
Дене қуаты дайындығы
Сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық, ет 
көмегі арқылы оған қарсылық көрсетуді күш дейміз.
Спортшы күш даярлығының негізгі міндеттері мыналардан құрылады:
1) спорттың таңдаулы түріндегі жетілдірудің жалпы алғы шарты болып табылатын күш мүмкіндігін арттыру және олардың машықтандыру кезеңіндегі өзгешеліктерге және көптеген жылға созылатын спорттық жетілдірулер сатысына қолдануға қажетті шамада сақтап қалуды қамтамасыз ету;
2) спорттың таңдаулы түрінің талабына жауап бере алатын күш қабілетін тәрбиелеу, мұнда оларды мақсат еткен нәтижеге жетуге қажетті шамада дамытып, тиімді пайдаланудағы қамтамасыз ету.
Күш және оны дамыту әдістемесі. 
Бұл міндеттің біріншісі, көбінесе жалпы күш даярлығына қатысты алынады.
Жалпы күш даярлығы қимыл мүшесінің бұлшық ет топтарының жүйесі ретінде барлық жағынан дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Оны арнаулы күш даярлығымен тиімді үйлестіре білсе, «күштің үйлесімді орналасуын»- әр түрлі бұлшық ет топтарындағы күш қабілетінің арақатынасын орнықты қалыптастыруға мүмкіндік болады, мұның өзі барынша келісімді және спорттық мамандану өзгешіеліктеріне сәйкес келер еді. Спортшының жалпы күш даярлығында күш қабілеттерін «көшіру» тиімділігі кең пайдаланылады.
Спортшының арнаулы күш даярлығы күш қабілеттерінің дамуын спорттық мамандану арасына бағыттайды десе де болады. Оның мақсаты арнаулы тәсілдік даярлықтың міндеттерін жүзеге асыру мен тікелей байланысты шешіледі.
Қимыл жылдамдығы таза түрінде, іс жүзінде байқала бермейді. Оның тәрбиелеу міндетінің ерекшелігі-қимыл жылдамдығын тәрбиелеу, қимылдың шектік жылдамдығы тіклей тәуелді болатын қимылдатушы қабілеттердің дамуына бағыт беруді қамтамасыз ету керек.
Негізгі құралдарының қызметін сыртқы мардымсыз ауырлық түсіретін немесе онсыз –ақ шектеулі немесе шектелу маңындағы жылдамдықтың біраз созылуымен /20-30 сек/ орындалатын жаттығулар атқарады. Жалпы даярлық жаттығулары ретінде спринттік және секіру жаттығулары, шапшаңдық сәті анық білінетін ойындар пайдаланылады. Алайда олардың жылдамдығын спорттың таңдаулы түріндегі жарыс әрекетіне тікелей алмастыру арқылы біршама үйлесімді құрылымы ортақтасқанда даярлықтағы тез орындалатын жаттығуларды таңдағанда ерекше ұқыптылықпен қадалаған жөн. Әдістер мен әдістемелік тәсілдер. Қимыл жылдамдығын қалыптастыру әдісі машықтандырудың барлық негізгі тәсілдерін: қатаң тәртіппен белгіленген жатығуларды, жарыстық және ойын жаттығуларын кеңінен қолдануды көздейді. Жылдамдық- күш жаттығулары сабақтарының барысында жарыс әдісі күш түсетін даярлық барысынан гөрі әлдеқайда жиі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет