Сабақ және оның құрылымы


Оюластырып кестелеу немесе оюластырып жапсыру



бет51/74
Дата29.12.2023
өлшемі0,73 Mb.
#144805
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   74
Оюластырып кестелеу немесе оюластырып жапсыру – маталарды бөлек–бөлек кестелеп, оюластырып жапыстыру. Бұлар бірыңғай матаға біртұтас мазмұндағы бірнеше ою–өрнектердің жиынтығынан, үйлескен тұтас желісін жасау негізінде тігіледі. Бір матаның бетіне екінші матадан қиылған фигура салынып шет жақтары әртүрлі кесте тігістерімен тігіліп, сәнделеді. Көбінесе торлау әдісі қолданылады. Кестенің бұл түрі шапшаң орындалады, нітежиесінде кестелейтін бұйымның бетінде әдемі бедерлі өрнек пайда болып, көздің жауын алады. Кесте тігер алдында қиылып алынған өрнекті мата бетіне көктеп алып шеттерін бүгіп кестелеуге болады немесе салынатын өрнекті маталарға арналған желімдермен үтіктеп бекітіп алады. Матаның созылмайтын тығыз тоқылған түрін таңдаған дұрыс.
Маржандап,моншақтап кестелеу-Әйелдердің бас киімдеріне, тақия, сәукеле, өңір, қол дорба қамзолдар және салтанатты киімдерді ғана маржандап, моншақтап кестеленеді
Айқастыра кестелеу – бұл ортасынан кесе басып айқасатын тігіс. Айқастыра кестелеу
1) тоқыма матадан; 2) канвада орындалады.
Айқастыра кестелеу техникасы кестелеу әдісіне байланысты:

  • Көлденең

  • Тігінен

Мата түрлері және олардың қасиеттері
Мата (лат. textile — мата, материя) — химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді.
Маталардың қасиеті олардың талшықтық құрылымына, өрілу әдістеріне және өңдеу ерекшіліктеріне байланысты болады.
Матаның негізгі қасиеттеріне жатады:
1.Физикалық
2. Механикалық
3.Гигиеналық
4.Технологиялық. Бұл қасиеттер бұйым фасонын және оны өңдеу әдістерін, сонымен қатар ылғалды - жылумен өңдеу кезінде ескеріледі.
Физикалық - механикалық қасиеттерге жатады:
1.беріктігі
2.қыртысталуы
3.шаршаулануы
4.төзімділігі.
Беріктік - бұл матаның жыртылуға қарсы тұру қасиеті. Матаның беріктігі талшықтардың беріктігіне, жіп пен матаның құрылымына, өңдеу сипатына байланысты болады.
Қыртысталуы - матаның қысқанда немесе қысым түсіру кезінде пайда болатын ұсақ қатпарлар құруы. Қыртысталуы талшықтардың серпімділігі мен иілімділігіне және жіпті иіру дәрежесіне байланысты.
Шаршаулануы- бұл матаның ілініп тұрған кезде жұмсақ қатпарлар құру қасиеті. Жұмсақ сонымен бірге ауыр маталар да жақсы шаршауланатын қасиеттерге ие болады. Бұл табиғи жібек және жүн маталарға тән.
Тозуға төзімділік - бұл матаның үйкелу, созылу, қысылу, ылғал, жарық, темпер/а, тер әсерлеріне қарсы тұру қасиеті. Тозуға төзімділік талшықтардың беріктігіне байланысты.
Маталардың гигиеналық қасиеті - бұл маталардың жылуұстағыштық, шаңсіңіргіштік, гигроскопиялық қасиеті, ауа өткізгіштігі жатады. Жылуұстағыштық - матаның адам денесінің жылуын сақтау қасиеті. Бұл матаның талшықтық түрі, жуандығы, тығыздығы және өңдеу түріне байланысты болады.
Шаңсіңіргіштік - бұл матаның шаң сіңіру, ластану дәрежесінің көрсеткіштері. Шаңсіңіргіштік матаның өң жағының талшықтық құрамына, тығыздығына және сипаттамасына байланысты болады.
Технологиялық қасиеттері - бұл тігін бұйымдарын дайындау кезінде о/ы өңдеуге әсер ететін матаның қасиеті яғни, матаның отыруы, сырғанақтығы, тарқатылуы жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет