№1. Практикалық (семинарлық) сабақ
Тақырыбы:
Педагогикалық іс әрекет оның құрылымы
Сабақ жоспары:
1. «Іс-әрекет» түсінігінің жалпы сипаттамасы
2. Педагогикалық іс-әрекеттің мәні
3. Педагогикалық іс-әрекеттің мотивациясы
4. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты
5. Оқытушы іс-әрекетінің мазмұны
Сабақтың мақсаты:
педагогикалық іс-әрекет туралы; мұғалімнің
теориялық және практикалық іс-әрекетінің мәнің, мотивациясының,
мақсатының, мазмұның ролі туралы білімді қалыптастыру.
Сабақтың мазмұны:
Педагогикалық іс-әрекет – мақсатты бағытталған адам іс-әрекетінің
ерекше түрі, себебі педагог өзінің алдына белгілі бір мақсат қоймауы мүмкін
емес: мысалы, географиялық картаны оқуды үйрету, патриотизм сияқты
тұлға қасиетін тәрбиелеу. Кең мағынада педагогикалық іс-әрекет
жинақталған адамзат тәжірибесін болашақ ересектерге беру мәңгі әлеуметтік
функциясын орындауға бағытталған. Осыдан шығатыны педагогикалық іс-
әрекет адам баласын қоғамдық өмірге кірістіру бойынша ерекше, әлеуметтік
және тұлғалық детерминацияланған іс-әрекет.
Берілген контекстте педагогикалық іс-әрекет оқытушы, тәрбиеленушінің
оқушы немесе оқушыларға оның тұлғалық, парасатты және іс-әрекеттік
дамуына бағытталған, әрі өзін өзі дамыту мен жетілдіру негізі ретінде
шығатын тәрбиелейтін және оқытатын әсер. Ол үшін педагогикалық мақсат
қоюшылық пен педагогикалық басқарушылық тән.
Іс-әрекеттің бұл түрі В.В. Давыдов белгілеген өсіп келе жатқан ұрпаққа
әлеуметтік қимыл іс-әрекет нормалары мен өнеркәсіптік іскерлік үлгілерін
(эталондарын) құру, сақтау мен беру сияқты қоғамдық маңызы бар есептерді
шешу барысында өркениет таңының атуында пайда болды.
Өзінің дамуы барысында қоғам «бір бірімен тығыз байланысты
үйренуден», яғни балалар үлкендерден оларға еліктеуден класс, мектеп,
гимназияларды құруға дейін қадам басты. Әртүрлі елдерде әртүрлі тарихи
сатыларда білім беру мақсаты, мазмұны мен формаларында елеулі
өзгерістерді басынан өткеріп, мектеп негізгі тағайындалуы – тиімді
педагогикалық іс-әрекет ұйымдастыру болып келетін басты әлеуметтік
институт болып қалыптасты. Ескере кететіні, бұл іс-әрекетті маманды түрде
тек оқытушылар жүзеге асырады, ата-аналар, өнеркәсіптік ұжымдар,
қоғамдық ұйымдар, көпшілік ақпарат құралдары білім-тәрбиелілік үрдістің
ерікті немесе еріксіз қатысушылары болды.
Мамандандырылған педагогикалық іс-әрекет қоғаммен арнайы
ұйымдастырылған білім беру орындарында: мектепке дейінгі мекемелер,
маманды-техникалық училищелерде, орта арнайы және жоғарғы оқу
орындары, қосымша білім беру, квалификацияны жоғарылату мен қайта
дайындау мекемелері. Педагогикалық іс-әрекет адам іс-әрекетінің кез келген
түріне тән сипаттамаларға ие: мақсатқоюшылық, мотивтендіру, пәнділік.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін А.Н. Леонтьев белгілеген мақсат,
мотивтер, әрекеттер (операциялар), нәтиженің бірлігі ретінде оның
құрылымын талдау арқылы ашуға болады, сондай-ақ оның жүйе
құрылымдық сипаттамасы ретінде ол мақсатты санады.
Осылайша, педагогикалық іс-әрекет дегенде адамзат жинаған мәдениет
пен тәжірибенің үлкеннен кішіге беруге олардың жеке дамуы үшін
шарттарды құру мен қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді орындауға
бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін түсінеміз.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсінуге ыңғайлы болу үшін жүйелік
ыңғайды қолданып, мұғалімнің іс-әрекетін педагогикалық жүйенің бір түрі
ретінде елестетейік (7-сұлбаны қараңыз).
3. Педагогикалық іс-әрекеттің мотивациясы
Педагогкалық іс-әрекеттің маңызды құраушыларының бірі болып оның
мотивациясы саналады. Бұл термин «мотив» сөзінің туындысы болып
есептелінеді. Л.И. Божовичке сәйкес мотивке сыртқы орта заттары,
көріністер, идеялар, сезімдер мен толғаныстар – бір сөзбен айтқанда
қажеттілік көрініс тапқан барлық нәрселерді жатқызуға болады.
Мотивация түснігін бір ғалымдар «тұлғаның мінез-құлқы, іс-әрекетінің
сипаты мен бағыттылығын, мазмұнын анықтайтын мотивтер, түрткі болған
нәрселердің жиынтығы» ретінде тапшылайды. Басқалары, біз де олардың
көзқарасына қосыламыз, мотивацияны мотивтердің әрекетінің үрдісі,
басымдығы
бар
тұрақты
тұлғаның
бағыттылығын,
құндылықты
бағыттылықтар анықтайтын және тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын
мотивтер жиынтығы деп санайды.
Б. Н. Додонов 4 құрылымды құраушыны бөліп шығарған, мотивация
құрылымы қызығушылық туғызады: іс-әрекеттің өзінен ләззат алу, тікелей
нәтижесінің тұлға үшін мәнділігі, іс-әрекет үшін марапаттылықтың
мотивациялайтын күші, тұлғаға күштеу қысымы.
Мотивацияның жалпы аспектілері жайлы әңгімені аяқтай отырып, А.
Маслоудың «қажеттілік үшбұрышын» келтірейік. Онда, бір жағынан,
адамның әлеуметтік, интербелсенді тәуелділігі, ал басқа жағынан – оның
өздік бекіту мен байланысқан танымдық, когнитивті табиғаты (8-сұлбаны
қараңыз).
Жоғарыда аталғандай, педагогикалық мотивацияны, бір жағынан іс-
әрекеттің мотивтер әрекетінің үрдісі ретінде, басқа жағынан, басымдығы бар
тұрақты тұлғаның бағыттылығын, құндылықты бағыттылықтар анықтайтын
және тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын мотивтер жиынтығы деп санайды.
4. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты
Мақсат жалпы ғылыми мағынада мінез-құлық элементтерінің бірі,
санада, ойлауда іс-әрекеттің нәтижесі, оған жетудің жолдары, әдістерін
алдын сүйсіндіретін сипатталатын саналы іс-әрекеттің тікелей мотиві.
Осылайша, компоненттер (1 мен 6) өзара байланысы мақсаттың
анықтамасына қатысты және де бұл жағдай кері байланыстың сенімді
құбылыстың пайда болуына әкеледі, оның бар болуы педагог іс-әрекетінің
басқарушы құрамдас бөлігі жайлы сөз қозғауға мүмкіндік береді. Шынымен
де, мақсатқа жетуге бағытталған педагог іс-әрекеті мақсатпен сәйкес келетін
бір нәтижеге әкелуі керек. Тәжірибеде бұл бірден ешқашан бола қоймаған,
яғни күтілетін мен пайда болғанның арасында әрқашан бір саңылау болады,
және де оның өлшемі оқытушының кейінгі қимыл-іс-әрекетінің стратегиясын
анықтайды. Мақсатқа жету үрдісі циклдық сипатта болып, мақсат пен нәтиже
арасындағы айырмашылық едәуір өлшемге ие болғанша жалғаса береді.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты үйлесімді дамыған тұлғаны
тәбиелеу мақсатын жүзеге асырумен байланысты пайда болады. Бұл жалпы
стратегиялық мақсат әртүрлі бағыттарда оқыту мен тәрбиелеу нақты
есептерін шешу үрдісі кезінде орындалады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты адамның рухани және табиғи
мүмкіндіктерін, сондай-ақ қоғамдық дамудың негізгі бағыттарын ескере
отырып, әрбір адамға әлеуметтік талаптардың жиынтығы ретінде құрылады.
Мақсатқа оралған түрде, бір жағынан, жеке тұлғаның қажеттіліктері мен
тырысулар, басқа жағынан, әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтардың
қызығушылықтары мен күтулері бар. Тәрбиелеу мақсаттары мәселелерін
зерттеуге үлкен күш жұмсаған әйгілі педагог А.С. Макаренко «үйлесімді
тұлға», «адам-коммунист», және т. с. с. тәрбие мақсаттаының аморфты
анықтамаларына қарсы шыққан.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын ол тұлға дамуы программасын
құру мен жеке түзетулерде көрді.
Мақсат құрушылыққа мұқият ғылыми ыңғай үшін В. П. Беспалько
тұрды. Ол ПЖ-де (педагогикалық жүйеде – В. М.) жүйеқұрушы болатын
мақсатқұрушылық пен тәрбиелілік элементі оны анықтау әдісіне байланысты
барлық ПЖ-ның бүтінділік немесе борпылдақтық дәрежесіне әсер етеді деп
санады. ПЖ дұрыс жұмыс істеу мақсаттарын құруға қажетті және жетерлік
талап – олардың диагностикалығы, яғни білім беру мен тәрбиелеу
мақсаттарына
жету
дәрежелерін
анықтау
үшін
объективті
қамтамасыздандырылуы.
Педагогтың кәсіби іс-әрекетінің мақсаты: қазіргі кезде «Адамға лайық
өмір құра алатын тұлға» мақсат жолындағы саты, мақсатты бағытталған іс-
әрекеттің аралық нәтижесі (9-сұлбаны қараңыз) ретінде келтірілетін тәрбие
мақсаты болып табылады. Мақсаттың жалпы сипаттамасы педагогқа оны
жағдайлардың әркелкі келулерінде жүзеге асырып, одан аса жоғары
кәсіпқойлық пен асқан педагогикалық шеберлікті талап етеді. Мақсатқа жету
біз бен мақсаттың бір бөлігі ретінде түсінетін пайда болған есептерді шешуге
бағытталған іс-әрекетте жүзеге асырылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің жүзеге асырылуы тәрбие беру ортасын құру,
тәрбиеленушілер іс-әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелеу ұжымын құру, жеке
тұлға дамуы секілді әлеуметтік мәселелерді шешумен байланысты.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – тек тарихи емес, сондай-ақ
динамикалық құбылыс. Қоғам дамуының объективті тенденцияларының
шағылуы ретінде пайда болып педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны,
формалары мен әдістерін қоғам қажеттілііктеріне келтіре отырып, ол жоғары
мақсат – тұлғаның өзімен және қоршаған ортамен үйлесімді дамуына сатылы
жылжу программасына келтіріледі.
5. Оқытушы іс-әрекетінің мазмұны
Мақсат құрышылық оқытушы іс-әрекетіне оның кәсіби еңбегінің
ажырамас бөлігі ретінде кіреді. Мақсат құрушылық:
- өз өмірін құрып, қазіргі заман мәдениеті мен өмір сүре алатын қазіргі
адам тұлғасын дамытудың қандай да бір дәрежесіне жету объективті,
әлеуметтік-психологиялық және мәдени қажеттілігін кәсіби тұрғыда
ойластыру жүйесі;
- мұндай адамның идеал бейнесін максималды дұрыс анықтамасын іздеу
– бұл балалық шақтың тұлға дамуының мәні мен жекелік табиғатының
тәрбиелеу мақсатын қабылдауды рұқсат ететін шаралар ретінде
аналитикалық бағасы;
- нақты бала бар болған нақты жағдайларды талдау жүйесі және
қойылған тәрбие мақсаты мен мазмұнымен сәйкестендіру.
Оқытушылық іс-әрекеттің мазмұны дамудың негізі мен шарты болатын
пәндік әлеуметтік-мәдени тәжірибені меңгеруге бағытталған оқушылардың
оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үрдісі мен өзінің іс-әрекетін ұйымдастыру
үрдісі болып келеді.
Оқытушы іс-әрекетінің құралдары:
- негізі мен көмегімен оқушылар тезаурусы құрылатын ғылыми
(теориялық және эмпирикалық) білім;
- білімдерді тасымалдаушылар ретінде оқулықтар мәтіндері немесе
оқытушы ұйымдастырған оқушының бақылауы кезінде (лабораториялық,
тәжірибелік сабақтар, алаң тәжірибесінде) алынатын, меңгерілетін пәндік
шындықтың фактілері, заңдылықтары, қасиеттері бола алады;
- қосымша құралдар ретінде техникалық, компьютерлік, графикалық
және т.б. келтіріледі.
Оқытушының іс-әрекетте әлеуметтік тәжірибені беру әдістері болып
түсіндіру, көрсету, бірігіп жұмыс істеу, оқушының тікелей тәжірибесі
(зертханалық, алаңдық), тренингтер табылады. Оқытушылық іс-әрекеттің
өкілі болып оқушыда пайда болатын аксиологиялық, этикалық, эмоционалды
мағынасының, пәндік, бағалық құрамдас бөліктері жиынтығының жеке
тәжірибесі. Оқытушылық іс-әрекеттің өнімі емтихан, зачет, есептердің шешу
критерийлері, оқу бақылау әрекеттерінің орындалуы бойынша бағаланады.
Оқытушылық іс-әрекеттің оның негізгі мақсатының орындалуы нәтижесі
болып оқушының дамуы, оның жекелік, парасаттылық, жетілдірілуі, оқу іс-
әрекетінің субъектісі ретінде дамуы. Нәтиже оқытудың басында, оның адам
дамуының барлық жақтарында оқушы қасиеттерін сәйкестендіруде
диагностикаланады.
Соңғы кезде, білімді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық принципті
жүзеге асыру нақты көрініс таба бастаған кезде,
Достарыңызбен бөлісу: |