Сабақ жоспары мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова Дания Жаксыбаевна Пән/Сынып: қазақ әдебиеті, 9-сынып



бет1/2
Дата06.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#71866
түріСабақ
  1   2

ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сулейменова Дания Жаксыбаевна

Пән/Сынып:

қазақ әдебиеті, 9-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

Тоқсан 3, апта 2, №4 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

3 - бөлім: «Адам жанының құпиясы»

Сабақтың тақырыбы:

Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

Оқу мақсаттары:

9.2.3.1– шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.

Сабақ мақсаты:

шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтайсыз.



Бағалау критериі:

  • өлеңнен көркемдегіш құралдарды табады.

  • көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут





Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме?
9-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
Сабатың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасы
Сенің білетінің: Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасының стилі
Сенің меңгеретінің:

  • өлеңнен көркемдегіш құралдарды табу;

  • көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтайды.




Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.

3-5 минут

Жаңа сабақ


4 - слайд

Ой қозғау.

Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер»


шығармасы, Ақан Серінің суреті,
Сәкен Жүнісовтің «Ақан Сері» кітабы ,
«Құлагер» фильмінен көрініс бейнеленген
Әр кейіпкер әр ғасырдың тұлғалары.
Суретке түсінік бере отырып
сабақтың тақырыбы айқындалады





1-3 минут

Жаңа сабақ
5 - слайд

Теңеу - заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын өзге затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы көрсететін көркемдік ұғым. Олар –дай, -дей, -тай, -тей,- дайын,-дейін, -ша, -ше жұрнақтары мен секілді, сияқты, тәрізді, бейне, тең, ұқсас сөздерінің көмегімен жасалады.


Эпитет– заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым. Мысалы:
Қараңғы түнде тау қалғып... «қараңғы» – эпитет, түннің қандай екенін ерекшелеп тұр.


Метафора - троптың бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Мен-ақсұңқар құстың сойы едім...

  1. Махамбет кім? «Ақсұңқар құстың сойы».

  2. «Ақсұңқар құстың сойы» кім? Махамбет. Екеуі бірінің орнын бірі алмастырып тұр.



Метонимия –троптың бір түрі, ауыстыру,қайтадан атау.Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану , құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету . әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады.
Синекдоха –мегзеу, бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны қолдану. Мысалы , «тайлы –тұяғы қалмай келді», «бағар көбейсін»








1-3 минут

Тапсырма
6, 7 - слайдтар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет