Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.1AVI – IX ғғ. Қазақстан
|
Мектеп: «Қ.Сәтбаев атындағы № 48 жом» кмм
|
Күні: 12.09.2022 ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: О. Калыбаев
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер
|
Зерттеу сұрағы
|
VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.3.2.2 – ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
6.2.1.3 – тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттау үшін «Ұлы Дала» ұғымын қолдану.
|
Сабақ мақсаты
|
Оқушылар VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің сыртқы саясатын талдап, елдің дамуындағы қағандардың рөліне баға береді.
|
Бағалау критерийлер
|
Түрік қағанаттарының сыртқы саясатын талдайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсат
Түрік қағанатының құрылуы туралы мәтінмен жұмыс (оқылым)
Тақырып бойынша сыныпта өзара пікір алмасады(айтылым)
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Қағанат, ішкі-сыртқы саясат, қаған, жабғу.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Түркі қағанаттарынының сыртқы саясатының негізгі бағыттары...
...деректің негізінде келесі қорытындыларды шығаруға болады...
Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени болып табылады.
оған қарағанда маңыздырақ болды, өйткені…
Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…
|
Құндылықтарды дарыту
|
«Мәңгілік Ел» идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығын түркілер жайлы әңгімелеу барысында жүзеге асады
НЗМ құндылықтарынан «Функционалды сауаттылық», «Құрмет пен ашықтық» сабақ бойы іске асады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүние жүзі тарихы пәнінен алған білімдері мен дағдыларын Түрік қағанатының құрылу маңызын талдау кезінде және мемлекеттерді салыстыруда қолданады.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интернет материалдарын қосымша ақпарат ретінде қарастыра алады.
|
Бастапқы білім
|
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының кезеңдері мен ерекшеліктерін біледі.
|
|